INTERNATIONAL WEEK:"ӨНЕРДЕ ТІЛ ЖОҚ" АПТАЛЫҚ КЕШІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

INTERNATIONAL WEEK:"ӨНЕРДЕ ТІЛ ЖОҚ" АПТАЛЫҚ КЕШІ

Материал туралы қысқаша түсінік
"INTERNATIONAL WEEK" ("ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АПТАЛЫҚ") жобасы аясындағы "Өнерде тіл жоқ" апталық кешінің мақсаты: әр түрлі халықтардың өнерлерін (ән, би, кино т.б) ортаға салып, салт-дәстүрлерінен үзінді көрсету. Әлем халықтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына, мәдениеті мен өнеріне арналады. Халықтардың достығын насихаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы

«Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»



















ӨНЕРДЕ ТІЛ ЖОҚ” АПТАЛЫҚ КЕШІ

INTERNATIONAL WEEK” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
















Тәрбиешілер: Канапина Н.Б










2023-2024 оқу жылы

ӨНЕРДЕ ТІЛ ЖОҚ” АПТАЛЫҚ КЕШІ

International week” жобасы аясында


Өтетін орны: Акт залы

Қатысушылар: 7-12 сынып оқушылары


Мақсаты: “International week” (халықаралық апта)жобасы негізінде әр түрлі халықтардың өнерлерін ортаға салып, салт-дәстүрлерінен үзінді көрсету


Жоспары:

1 жүргізуші Айым: Қайырлы кеш, бүгінгі кештің қонақтары!

2 жүргізуші Амирлан: Армысыздар достар, құрметті тәрбиешілер!

1 жүргізуші Айым: “International week” жобасы аясындағы “өнерде тіл жоқ” апталық кешімізге қош келдіңіздер!

2 жүргізуші Амирлан: Бүгінгі “шығармашылық кешіміз” әлем халықтардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына....

1 жүргізуші Айым: Мәдениеті мен өнеріне арналады!

2 жүргізуші Амирлан: Құрметті көрермен біз бүгін біраз елге саяхат жасаймыз!

1 жүргізуші Айым: Амирлан, сен өзің қай елге саяхат жасағың келеді?

2 жүргізуші Амирлан: Мен Италияға барғым келеді. Себебі Италия – адамзаттың дамуына үлкен әсерін тигізген және қуатты Рим империясының бөлігі болған ел. Италия аумағының 80 пайызы таулы аймақ. Әлемнің мәдени мұрасының 60%-ы, осы мемлекетте орналасқан.

1 жүргізуші Айым: Итальяндықтар виолончель, скрипка және фортепиананы ойлап тапты.

2 жүргізуші Амирлан: Италияндық әнші, компазитор Сон Паскаль қазақша әндер жазған, және оның әндері бүгінде хитке айналған.

1 жүргізуші Айым: Сахнада ән “мен сені сүйемін” авторы Сон Паскаль, орындайтын Закия, Диляра қарсы алыңыздар!

2 жүргізуші Амирлан: Айым, туристер арасындағы аса танымал, әрі өте көп сұранысқа ие елдердің бір қай ел екенін білесің бе?

1 жүргізуші Айым: Мүмкін көрерменнен сұрап көреміз.

Амирлан: Әлем халықтарының жүрегін жаулап алған ерекше ел -Испания екен!

Айым: Ол елдің ерекшелігі неде екен?

2 жүргізуші Амирлан: Испанияда сіз естіп білмеген талай қызықтар бар, ежелгі дәстүрлер мен көрікті мекендердің өзі бір бөлек әңгіме. Испания-Еуропаның ең таулы аймағында орналасқан ел.

1 жүргізуші Айым: Керемет! Сахнада Испан биі-Макарена! 1 топтың ұлдары қарсы алайық

Айым: Амирлан, - Қазақстан көпұлтты ел екені белгілі, білесің бе, қазақ жеріне ең алғаш қоныс аударған ұлтттардың бірі поляктар екен.

2 жүргізуіші Амирлан: Ия, сахнада Поляк халық әні “сұлу қыз” Айым, Шарафат, Сая, Айғаным, Алинур

1 жүргізуші Айым: Тау халық­тары­ның табанды күш-жіге­рін көрсететін өткір би. Қаны қызу кавказдықтардың ұлт­тық нышанына айналған өнердің түрі

2 жүргізуші Амирлан: Лезгинка! 2 топтың ұлдары

1 жүргізуші Айым: Алдарыңызда қазақ биі 3 топтың қыздары қарсы алыңыздар!

2 жүргізуші Амирлан: Үндістан бай мәдениеттің отаны, Үндістан –ертегілер мен ғажайыптар елі!

1 жүргізуші Айым: Сенімен келісемін Амирлан, Әлемде ешбір елде Үндістан сияқты, көп мереке мен фестиваль болмайтыны мәлім.

2 жүргізуші Амирлан: Әлемнің ең үлкен кино өнеркәсібі «Болливуд» Мумбай қаласында орналасқан

1 жүргізуші Айым: Сахнада Үнді мұхиты жағалауындағы романтика. Саида, Жанель, Нурзат

2 жүргізуші Амирлан: Бұл ел-өте қауіпсіз мемлекет, қыз бала түнде өзі жалғыз еш қорқынышсыз серуендей береді екен.

1 жүргізуші Айым: Қызық, бұл қай ел болды екен?

2 жүргізуші Амирлан: Бұл көпшіліктің жүрегін жаулаған ел-Корея! Бай мәдени мұрасы бар әдемі ел. Әлемдегі ең дамыған елдердің бірі.

1 жүргізуші Айым: Сарапшылардың айтуынша, Оңтүстік Корея халқы әлемдегі ең жоғары IQ көрсеткішіне ие!

2 жүргізуші Амирлан: Келесі Корей өнері, корей биі. Сахнада 5 топтың өнерлі қыздары мен ұлдары

1 жүргізуші Айым: Қазақ елі қашанда қонақжай көңілі дархан халықпыз. Қазақстан бүгінде әлемге толеранттылықтың символына айналды.

2 жүргізуші Амирлан: Қазақстан бүгінде 200 ден астам мемлекетпен дипломатиялық бейбіт қарым- қатынас орнатқан.

1 жүргізуші Айым: Сахнада би попури Айым, Шарафат

2 жүргізуші Амирлан: “Халықаралық апта” жобасы аясындағы “өнерде тіл жоқ ” апталық кешіміз өз мәресіне жетті.

1 жүргізуші Айым: Құрметті бүгінгі кештің қонақтары алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір алғыс!

2 жүргізуші Амирлан: Баршаңызды келе жатқан тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Қорытынды: Жатаққханада “Өнерде тіл жоқ” атты “international week” апталығының қортынды кеші өтті. Мерекелік кеш барысында балалар әр түрлі ұлттардың өнерлерін ортаға салып, салт-дәстүрлерінен үзінді көрсетті. Кешті Закия мен Диляра композитор, әнші Сон Паскальдің әні “мен сені сүйемін” әнімен ашты. Би алаңының жұлдыздары- 1 топтың ұлдары Испания елінің ұлттық Макарена биін әсерлі биледі. Тумырза Испания елі туралы деректер келтіріп, испан тілінде сөйледі. Ән әлемінің жұлдыздары, 4 топ қыздары Айым, Шарафат, Сая Поляктың халық әні “Сұлу қыз” әнін орындады. Алинұр мен Айғаным “сұлу қыз” әніндегі қыз бен жігіттің рөлін сомдады. 2 топтың ұлдары мен Сая Кавказ елінің ұлттық нышанына айналған “Лезгинка” биін билеп, керемет көрінісімен үйлестірді. Саида мен Нұрзат Үнді мұхиты жағалауындағы “үнді романтикасын” көрсетті. 5 топтың өнерлі ұл қыздары Корей биін билеп, көрінісін әдемі қойды, корей иероглифтерін бейнеледі. 3 топтың биші қыздары қазақтың ұлттық биі –қамажайды биледі. “Өнерде тіл жоқ” атты “international week” апталығының шығармашылық кешін Айым мен Шарафат әр түрлі ұлттардан құралған папури биімен аяқтады.


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.04.2024
108
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі