Интернет- журналистика

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Интернет- журналистика

Материал туралы қысқаша түсінік
Интернет журналистика – XX ғасырдың соңында интернеттің дамуы мен өркендеуінің нәтижесінде пайда болған журналистиканың жаңа түрі. Интернет желісі, кең аудиторияға дереу әрі сапалы ақпарат таратудың жаңа әдісін ойлап тапты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Интернет журналистика

Интернет журналистика – соңғы уақыттағы журналистика саласына енген үлкен жаңалық. Бүгінгі таңда журналистиканың жаңа түрі көптеген өзгеріс алып келгені рас. Қазіргі таңда әлемдік БАҚ жаппай интернеттенуге көшті. Еркін ойдың аймағы саналатын интернет әлемі дәстүрлі БАҚ-тың нағыз бәсекелесіне айналды. Елімізде ғаламторды пайдаланушылар саны да едәуір арта түскен. Дәстүрлі ақпарат құралдарындағы тұтынушылардың көпшілігі жаңа медианың жаңалығына мойын бұрды. Ал, жаңа медианың ақпарат таратудағы жылдамдығымен ерекшеленіп тұр. Дәстүрлі журналистикамен қатар интернет журналистика да қоғамда өзіндік орнын айқындай бастады. Интернет журналистика – XX ғасырдың соңында интернеттің дамуы мен өркендеуінің нәтижесінде пайда болған журналистиканың жаңа түрі. Интернет желісі, кең аудиторияға дереу әрі сапалы ақпарат таратудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл тұрғыда, кез келген интернет пайдаланушы адам өзіндік бұқаралық ақпарат құралын құруға үлкен мүмкіншілікке ие болды. Интернет басылымдардың өзінің ресми БАҚ беделі болуы мүмкін, ал кей жағдайларда болмауы да мүмкін. Интернет басылымда қызмет ететін журналист (интернет - журналист) дәстүрлі журналистиканың жұмыс істеу техникасымен көп кезіге бермейді. Мәселен, полиграфия, телетүсірілім немесе аудиожазбаның арнайы аппаратуралары.Ал интернет журналисттің қызметіндегі ең бастысы әрі маңыздысы – оның интернеттегі құқылық аспекті. Дәлірек айтсақ, журналист интернет желісіне жариялаған әрбір мақаласына жауапты, бірақ практика жүзінде бұл жағдай көбінде іске аспайды. Соңғы жылдары интернеттің индивидуализациялануы кең ауқымды танымалдылыққы ие болды. Кез келген тұлға өз алдына ешқандай да шектеусіз әрі бақылаусыз ақпараттың құрастырушысы және таратушысы. Соған орай , блогосфера ұғымы уақыт өте келе үлкен сұранысқа ие болып, өркендеу үстінде. Тіпті , ғылыми ортада осы блогосфера дәстүрлі БАҚ ты ығыстырып тастауыда мүмкін деген пікір қалыптасты. Қазіргі таңда, халықтың көпшілігі тәжіриебелі журналистика мен блогосфера бір – бірін барлық бөлімдер бойынша жақсы толықтырады деген ойға тоқталады – мыс. Блогты интернет журналистика дамуының тағы да бір баспалдағы ретінде қабылдасақ болады. Ол интернет өркендеуінің бірден –бір дәлелі болмақ. Интернет – журналистика – дәстүрлі журналистиканы эволюциясы, жаңа ғасырдың жаңалығы. Интернет журналистиканың басты спецификасы – ақпарат таратудағы мәтіннің ерекшелігі. Интернет ақпарат таратушыға шексіз мүмкіндіктер сыйлайды, бірақ сол мүмкіндік пен арнайы бағдарламаларды сәтті қолдана білу маңызды болмақ. Мәселен, фото мен видеоны жүктеудегі ескеретін жайттар. Егер мәтін өзекті тақырыпты қамтып тұрса, оған жұртшылықтың назарын аудару үшін сәтті таңдалған фото-видеолардың атқаратын қызметі жоғары. Болған оқиғаны суреттеп жазу үшін, оған сәйкес видеожазба немесе фото керек. Сондықтан, кәсіби журналистердің қасына оператор, фотографтарды алып жүретіні белгілі. Ал ондай кәсіби фотограф пен оператор болмаса, соңғы уақытта бұл кәсіп түрін де журналистер өздері меңгеруге тура келіп отыр. Сурет сапасы жоғары болуы маңызды болғандықтан, журналист тек кәсіби мамандармен серіктес болғаны жөн.

Журналист – әмбебап мамандық. Дамып келе жатқан мобильдік жүйе интернет журналистиканың тағы бір ерекшелігін айқындап отыр. Ол – әртүрлі форматтағы бағдарламалармен жұмыс жасай білу, аудиторияны кеңейту. Видеожазбалар мен аудиофайлдар ұялы телефон үшін ақпарат таратуда үлкен рөл атқарады. Ақпараттың көзі болып табылатын ұялы телефонның да қоғамда өз орны қалыптасты. Әлеуметтік желілерді дұрыс әрі ұтымды қолдана білу де журналистің бүгінгі міндетіне айналғаны шын. Себебі ақпараттың көзі болып табылатын құрал ретінде интернеттегі сайттан гөрі, қарапайым халық әлеуметтік желіні көп тұтынады. Сондықтан әрбір әлеуметтік желінің өз заңдылықтары мен ерекшеліктерін білуіміз шарт. Журналист үшін қолдану әдістері мен ұтымды тұстарын назардан жіберіп алмау қажет болады. Мұнда әлеуметтік желінің коммерциялық бағыты, жас ерекшеліктері мен әлеуметтік топтар, сондай-ақ, қызығушылықтар жатады. Ең алдымен журналист кең танымал, стандартты түрлерін емес әлеуметтік желінің басқа да артықшыларын орынды қолдана алғаны дұрыс. Мысалы, GIF-анимацияның әлеуметтік желідегі қолданысы. Философиялық сұрақтарға жауап іздеудің орнына, GIF-файлдарды жаңалық деп тануға болады ма, оған мән берудің маңызына назар салған жөн. Сонымен қатар, интернет журналист өз өзіне заңгер. Олай дейтініміз, интернет журналистикада ақпарат таратудың ережелері мен сақтау керек заңы бар. Әсіресе оны халыққа жеткізуде ескеру керек бірнеше талаптарды естен шығармаған абзал. Демек, «жеті рет өлшеп, бір рет кес» демекші, ақпаратты ғаламторда жарияламас бұрын бәрін мұқият тексеруі қажет. Өйткені таралған әрбір материалға журналистің жауапты екенін ескерсек, бұл өте қауіпті. Яғни, заңды білу журналистке жүктелген міндет десек артық емес.

Сонымен интернет журналистикада журналистке қажетті кеңестер:

- Өте белсенді серіктестік құру. Яғни видео-операторлар мен фотографтардың кәсіби-сапалысымен жұмыс жасау;

- Медиафайлдарды дұрыс қолдану мен кең пайдалана алу;

- Таратылған ақпарат мәтінінің құрылымы, заңға сәйкестігі, журналист жауапкершілігі.

Интернетте материал берудегі бірнеше заңдылықтарға да тоқталып көрейік. Тәжірибе көрсеткендегідей, өмірде болған оқиға мен ойдан шығарылған оқиғалар назарға тез ілігеді. Құрғақ сараптамаларға қарағанда дер кезінде жеткізілген оқиғаларға көп көңіл бөлінеді. Аудиторияның қызығушылығын ескеру керек. Қандай ақпаратты жиі оқып, қарайтынын саралап, мәтіннің де стилі мен жазылу ерекшелігіне де мән берген абзал. Ақпарат өз мақсатты аудиториясын дұрыс табуы үшін уақыт пен кеңістік маңызды екенін ұмытпау қажет.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2023
235
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі