ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖАСТАР.
Семей қаласы. КМҚК «Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы» Педагог -психолог
МАДИЕВА ЛЯЗЗАТ
Электронды техника.. ақпараттық технология.. компьютер.. ұялы байланыс телефондары...интернет...әлеуметтік желі сияқты сөздер мбізге мүлдем таңсық емес. Тіпті күнде естіп, көріп, қолданып жүрміз десек қателеспейміз. Қазіргі таңда ұялы телефонды еңбектеген баладан бастап қартайған апа-аталарымызға дейін интернетте отырып, жаңалықтың барін сол арқылы біліп отырады.
БҰҰ шешімімен «21 ғасыр- ақпараттандыру ғасыры»- деп шешуінің өзінде мән жатыр.
Біз болашақтың кілті жастардың қолында, біз жастарға сенеміз, жастарымыз ақпараттық технологияны жетік меңгерген, шет ел тілін меңгерген деп көкке көтереміз. Бірақ, осы ақпараттық технология, ұялы телефон, интернет- біздің жастарымыздың, балаларымыздың санасын улап жатпасына кім кепіл?! Мектептің оқушысының интернет желілері арқылы, әлеуметтік желілер арқылы кімдермен, қандай адамдармен виртуалды байланыс жасап жатқанын әрбір ата-ана қадағалап қарамайды да. Не себепті балалар арасындағы қатыгездік, мейірімсіздік, бірін-бірі аямау сияқты психологиялық жарақаттар пайда болды? Не себепті біздің балаларымыз өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады? Неліктен біздің балаларымыз ата-аналарын қарттар үйіне, далаға теуіп жатыр? Неліктен бізде мектеп оқушылары жүкті болып, балаларын далаға лақтырады, жетімдер үйінде қалдырады? Неліктен ?
Қазіргі таңда интернет желісі арқылы мультипликациялық кинолар, көптеген басқа шет ел телевидениелерінен аударылған бағдарламалар көп. Қазіргі әлеуметтік желілер арқылы неше түрлі сайттар, неше түрлі қылмысқа, суицидке итермелейтін ойындар көбейіп кетті. Жастар арасында былтрғы жылы жаппай белең алған, қаншама жас балалар өздеріне қол жұмсаған «Синий кит» ойыны барлықтарымызға мәлім. Қазіргі таңдағы телеарналардан кісі өлтіретініде, соятыны тда, жейтігні де бар кинолар мен мультфильмдер. Осындай бағдарламаны, мультсериалды көрген баланың психологиясы басқа жаққа бұрылып кетеді. Балалық сана- менде сондай болсам екен деген еліктеушіліктен пайда болған қатыгездік, аямаушылық, қатыгездік, теріс мінездер, теріс әдеттер ертеңгі күні сан соқтыратынын сезсін бе?. Қазақ халқы өте еліктегіш халықпыз ғой. Бірақ еліктеудің соңы не боларын, неге әкеліп соғатын кеш түсінеміз. Сондықтан әр қадамыңды аңдап бас, әр сөзіңді аңдап сөйле.
Қазақта «Қызға қырық үйден тыю», «Қыз өссе, елдің көркі», «Қызым үйде, қылығы түзде»- деген мақал-мәтелдер бекер айтылмаса керек. Қазіргі таңдағы виртуалды байланыста қыздарымыздың кіммен, қандай адаммен тілдесіп, қандай адамдармен араласатынын да біле алмай жатамыз.
Қазақ халқы «Жетімін жылатпаған, жесірін жат қолына қаратпаған»- деген мақалдың түбі тереңде. Қаным басқаның қолында құл болмасын, ертең өз қаным жау боп шауып өкшемнен тілмесін деп, жетімі мен жесірін аялаған.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Интернет және жастар
Интернет және жастар
ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖАСТАР.
Семей қаласы. КМҚК «Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы» Педагог -психолог
МАДИЕВА ЛЯЗЗАТ
Электронды техника.. ақпараттық технология.. компьютер.. ұялы байланыс телефондары...интернет...әлеуметтік желі сияқты сөздер мбізге мүлдем таңсық емес. Тіпті күнде естіп, көріп, қолданып жүрміз десек қателеспейміз. Қазіргі таңда ұялы телефонды еңбектеген баладан бастап қартайған апа-аталарымызға дейін интернетте отырып, жаңалықтың барін сол арқылы біліп отырады.
БҰҰ шешімімен «21 ғасыр- ақпараттандыру ғасыры»- деп шешуінің өзінде мән жатыр.
Біз болашақтың кілті жастардың қолында, біз жастарға сенеміз, жастарымыз ақпараттық технологияны жетік меңгерген, шет ел тілін меңгерген деп көкке көтереміз. Бірақ, осы ақпараттық технология, ұялы телефон, интернет- біздің жастарымыздың, балаларымыздың санасын улап жатпасына кім кепіл?! Мектептің оқушысының интернет желілері арқылы, әлеуметтік желілер арқылы кімдермен, қандай адамдармен виртуалды байланыс жасап жатқанын әрбір ата-ана қадағалап қарамайды да. Не себепті балалар арасындағы қатыгездік, мейірімсіздік, бірін-бірі аямау сияқты психологиялық жарақаттар пайда болды? Не себепті біздің балаларымыз өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады? Неліктен біздің балаларымыз ата-аналарын қарттар үйіне, далаға теуіп жатыр? Неліктен бізде мектеп оқушылары жүкті болып, балаларын далаға лақтырады, жетімдер үйінде қалдырады? Неліктен ?
Қазіргі таңда интернет желісі арқылы мультипликациялық кинолар, көптеген басқа шет ел телевидениелерінен аударылған бағдарламалар көп. Қазіргі әлеуметтік желілер арқылы неше түрлі сайттар, неше түрлі қылмысқа, суицидке итермелейтін ойындар көбейіп кетті. Жастар арасында былтрғы жылы жаппай белең алған, қаншама жас балалар өздеріне қол жұмсаған «Синий кит» ойыны барлықтарымызға мәлім. Қазіргі таңдағы телеарналардан кісі өлтіретініде, соятыны тда, жейтігні де бар кинолар мен мультфильмдер. Осындай бағдарламаны, мультсериалды көрген баланың психологиясы басқа жаққа бұрылып кетеді. Балалық сана- менде сондай болсам екен деген еліктеушіліктен пайда болған қатыгездік, аямаушылық, қатыгездік, теріс мінездер, теріс әдеттер ертеңгі күні сан соқтыратынын сезсін бе?. Қазақ халқы өте еліктегіш халықпыз ғой. Бірақ еліктеудің соңы не боларын, неге әкеліп соғатын кеш түсінеміз. Сондықтан әр қадамыңды аңдап бас, әр сөзіңді аңдап сөйле.
Қазақта «Қызға қырық үйден тыю», «Қыз өссе, елдің көркі», «Қызым үйде, қылығы түзде»- деген мақал-мәтелдер бекер айтылмаса керек. Қазіргі таңдағы виртуалды байланыста қыздарымыздың кіммен, қандай адаммен тілдесіп, қандай адамдармен араласатынын да біле алмай жатамыз.
Қазақ халқы «Жетімін жылатпаған, жесірін жат қолына қаратпаған»- деген мақалдың түбі тереңде. Қаным басқаның қолында құл болмасын, ертең өз қаным жау боп шауып өкшемнен тілмесін деп, жетімі мен жесірін аялаған.
шағым қалдыра аласыз













