Интернет технология

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интернет технология

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада интернеттің қыр сыры таным түсінігі айтылады,жалпы түсінік.Интернет тарихы мен болашағы жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯ

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледжі

Студент:Аймұрза Айдын

Жетекші:Боранбаева Жұлдыз Бекахметқызы

Физика-информатика пәнінің оқытушысы

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet — International Network) — компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Интернеттің бір аумағы бағдарларының бейнелеуі.

Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.

Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.

Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.

Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі.

Тарихы

Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану - алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, электрондық почта өте қолайлы жене аса қымбат емес.

Интернет тарихы компьютерлік құрылғылар жұмыс жасай бастаған уақыттан басталады (1950-1960 жылдар аралығы).

Желілердің пайда болуы

1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырып, космостық кеңістікте бірқатар алға шыққан болатын. Бұл өз кезегінде АҚШ-та біршама алаңдатушылық тудырып, АҚШ Қорғаныс Министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жобаларды зерттеу агенттігі (ARPA) компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру ісі Лос-Анджелестегі Калифорния университеті, Стэнфорд зерттеу орталығы, Юта штатының университеті және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университеттеріне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. ARPANET желісінің даму қарқыны өте жылдам болды, оны әртүрлі ғылым саласындағы зертеуші-ғалымдар да кеңінен қолдана бастады.1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат ие болды.

1970-жылдары интернет желісі тек электронды почта арқылы ақпарат жіберу үшін ғана пайдаланылды. Бірақ, бір кемшілігі, интернет желісінің басқа техникалық стандарттарға негізделген желілермен байланыс орнату мүмкіншілігі болмады.

1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары үлкен қарқынмен тарала бастады. 1982-83 жылдары бұлардың барлығы бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді. Бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіруде кеңінен қолданылады. 1983 жылы ARPANET желісіне қатысты айтылатын «Интернет» термині пайда болды.

1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.1984 жылы ARPANET желісінен бөлек жаңа желілер пайда бола бастады. Солардың бірі АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) өз ішіне көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірген университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрды. Бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін және URI идентификаторларын ойлап тапты.

Интернеттің шығуы Өңдеу 1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті (Dialup access).

1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді Интернеттің барлық трафигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды. Бүкіләлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына әсер етті деп айтуға болады. 1996-жылдан бастап Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті.Қазіргі кезде Интернет желісіне тек қана компьютерлік желілерден бөлек, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады. Компьютер-серверлер және компьютер-клиентт

Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі типке бөледі, олар :серверлер және клиенттер. Бір компьютерде серверді де және клиентті де орнату мағынасында бөлу онша қатаң жүргізілмейді. Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған қарамастан, дәл осы компьютерде браузермен және почталық клиентпен де жұмыс жасауға болады. Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер

Компьютерлерді серверлер мен клиенттер деп атағаннан гөрі, оларды бағдарламалық қамсыздандыру деңгейіндегі клиенттер немесе серверлер деп атаған жөн. Бір бағдарлама клиент есебінде, ал екіншісі сервер есебінде іске қосылатын қосымшалардың өзара байланысы клиент-сервер архитектурасы деп аталады.Сервердің басты тапсырмасы – сервиске қайсыбір клиент сұраныс жібермейінше әр кезде жұмыс жасап және күту жағдайында болу болып табылады.Серверде сұраныстардың көптігінен оның жұмысы баяулап және белгілі бір сұраныстарға қызмет көрсетуді тежейді. Серверге сұраныс белгілі бір протокол шегінде болады – бұл Желіде компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін стандарттар жиыны. Серверлік бағдарламалар клиенттік бағдарламаларға қызмет көрсету үшін компьютердің аппаратты ресурстарын қолданады. Клиент-бағдарлама сұраныс құрып, оны Желі арқылы белгілі бір адреске жібереді және алдын ала белгіленген протокол арқылы сервер-бағдарламамен өзара байланысады. Сол бір компьютерде бірнеше серверлік бағдарламалар орналаса алады. Клиенттік қосымша серверлік қосымша орналасқан компьютерде де, сонымен қатар, серверден керегінше жойылған компьютерде де орналаса алады, бірақ олар Желімен байланысса, бұл айырмашылық тек уақыт бойынша жауаптың кідіруіне сәйкестеледі.

Провайдерлер және олардың желілері

Интернетке қарап, біз интернет-провайдерлердің қызметтерін пайдаланамыз және ISP(Internet Service Provider – Интернет қызметін жеткізуші). Көбіне ISP – бұл өзіндік желісі бар арнайы ұйым (магистральды деп аталады), оған клиенттердің көптеген саны қосылады. Провайдердің желісі ғаламның кез келген нүктесімен байланысуды қамтамасыз ететін жер жүзінің басқа да желілерімен байланысуы мүмкін. Қалыпты жағдайда ISP-провайдерлер – бұл белгілі бір аймақтарда өзіндік орналасу нүктесі (POP — Point of Presence) бар ірі компаниялар, бұл нүктелерде клиенттерінің Интернетке қосылуын қамтамасыз етуге арналған провайдердің аппаратты қамсыздығы. Ірі провайдердің әртүрлі қалаларда өзінің орналасу нүктесі мен мыңдаған клиентері болады. Бірнеше қалаларда орналасу нүктелері бар провайдерлермен қатар, бір қалада орналасу нүктесі бар провайдерлерді де атап көрсетуге болады. Телефон линиясы арқылы ISP мен байланысуды ұйымдастыру: ДК қолданушысы драйверге хабарласады және модем жинақтарының ішіндегі провайдер модемдерінің бірімен байланыс орнатады (модемді пул деп атауға болады). Қолданушы өзінің ISP не қосылғаннан кейін, ол оның желісінің бір бөлігі болып табылады. Провайдерлердің желілерін біріктіру

Кейбір провайдерлердің клиенттері, мысалы, ISP-A бір бірімен өздерінің жеке желілері арқылы өзара байланысады, ал басқа ISP-В компаниясының клиенттері өздерінің, бірақ егер ISP-A және ISP-B желілерінің арасында байланыс болмаса, онда А компаниясының клиенттері және В компаниясының клиенттері бір бірімен байланыса алмайды. Өздерінің клиенттерін бір желіде біріктіру мақсатында А және В әр қалада желілік кіруді (NAP — Network Access Points) қамтамасыз ететін нүктелер арқылы өз араларында тікелей байланысты орнатады. Осылайша, басқа провайдерлердің магистральды желілеріне қосылу құрылады, нәтижесінде жоғары деңгейлі көптеген желілердің бірігуі болады.

Провайдерлер желілерінің иерархиясы

Әр түрлі елдерде халықаралық, ұлттық және аймақтық болып бөлінетін жүздеген провайдерлер бар.

Аймақтық провайдерлердің желілері (екіншілік) ұлттық провайдерлердің желілерімен (біріншілік) жоғары жылдамдықты каналдар арқылы байланысады. Мысалы, АҚШ-та Т1стандартты мәліметтерді беру жылдамдығы 1,544 Мбит/с арна немесе жылдамдығы 44,74 Мбит/с жететін ТЗ арнасы.

Интернет коммуникациясының моделі

Коммуникацияның Pull- және Push-моделі. Интернет сервисінің коммуникациялық мінездемелері (сипаттамалары).

Интернет коммуникациялық мінездемелерін қарастырайық. Дәстүрлі коммуникациялық модель негізінде «бірге бір» ережесі жүреді. Коммуникациялық құрылымға байланысты ақпарат статикалық (мәтін, графика) және/немесе динамикалық (аудио, бейне, анимация) күйінде көрсетіледі.

Бұл модельден ерекше Интернет негізінде екі басқа принциптер жатыр.Біріншіден, Байланысқа өз үлесін қосатын Интернетке коммуникация кезінде оның арнасы арқылы өтеді. Бұл модель бастапқы байланыс жіберуші мен қабылдаушы арасында емес, негізінде қолданушы мен коммуникациялық ортадағы бір кеңістік арасында болатынын көрсетеді, сонымен байланыстың екі қатысушысы да жіберуші де, қабылдаушы да болып табылады.

Интернет ортасының моделі ашық көрсетілген кері байланыстарды көрсеткенде, жалпы коммуникацияның дәстүрлі әдістері үшін коммуникациялық модельде кері байланыс контуры болмайды. Тұтұнушымен кері байланысты жүзеге асыруға мысал ретінде электронды почтаны, қолданушылар тіркеу туралы мәліметтер, «cookie» файлдары, Web-серверлерде жазылу немесе тіркелу. Кері байланыстың болуы өзара байланыстың коммуникациялық әдістерін қолдану тиімділігін және ішкі және сыртқы ортада болатын оқиғаны қалыпты қабылдауды жоғарылатады.

Интернет коммуникациясының Pull- және Push-модельдері

Жалпыға бірдей қызмет көрсетудің дәстүрлі әдістері тұтұнушыларға ақпаратты жеткізуші push-модельді жүзеге асырады, бұнда тұтұнушылар пассивті роль атқарады және ақпараттың каналдарын таңдаудың шектеулі мүмкіндіктерінің болуы.

Ақпаратты жеткізудің дәстүрлі push-моделіне қарсы Интернет негізінде, ақпаратты сұраныс бойынша жеткізетін (demand pull) pull-моделі жатыр. Бұл Интернет ортасының ерекшелігі ақпаратты іздеуде бақылаумен негізделген және іздеу механизмін қолдануда навигация бейнесі немесе басқа да URL (uniform resource locator) бастауларына байланысты тұтұнушылардың тікелей қатысуымен байланысты. Интернетте сонымен қатар push-моделін іске асыру мүмкіндігі бар. Интернет бұл модельмен push-технологиясы арқылы жүре алады, соған байланысты қолданушыларға Интернетте ақпаратты іздеп жатудың қажеті жоқ, ол тек керекті тақырып бойынша қажетті каналға жазылса болғаны, кейін ақпарат канал жазылушыларының компьютерлеріне автоматты түрде жемкізіліп тұрады.

Интерактивтілік.

Internet ортасының басты сипаттамасы оның интерактивтілігі болып табылады. Интерактивтілік – бұл коммуникациялық хабарламалардың бір біріне қатысты орналасуын білдіретін, коммуникация процесінің жүзеге асуын көрсететін сипаттама. Интерактивтік өзара байланыс үшін ақпараттың немесе хабарламаның келуіне жауапты іс- әрекеттің болуы тән, сонымен қатар, жауап алдындағы хабарламаның контекстінде болуы қажет.

Жоғарыда айтылғанға орай, Интернет ортасы үшін интерактивтілікті қолданушыға ² жауап қайтару² мүмкіншілігі есебінде түсінуге болады. Осайша, интерактивтілік компьютердің қолданушының қимылын бағалап және осы бағаға байланысты жауап бере алатын мүмкіндігі бар, диалогқа қатысушы есебінде функциялық көрінісін кеңейтеді және толықтырады. Компьютерлік гиперортаны қолдану арқылы өзара байланысу процесінде клиентпен хабарласу қатынасты орнатудың ең бастапқы кезеңінде сол компьютерлік гиперортамен, клиенттің алдыңғы іс- әрекетке қалай қарағандығына байланысты жасалуы мүмкін. Internet негізінде жатқан құрамдық модельді қайта қарау барысында, Internet ортасындағы интерактивтілік енді орта арқылы жеке қатынас деңгейінде жүзеге аспай, нақты ортаның өзімен өзара байланысу деңгейінде жасалатынын көруге болады.

Гипермәтін

Internet ортасының гипермәтіндік табиғатының ерекшелігі аз емес. Гипермәтінге негіздерген дүние жүзіндегі ең алғашқы жүйені 5 0 жылдан астам уақыт бұрын ЭЕМ- нің алғаш құрушыларының бірі (Ванневар Буш) ұсынған. Бұл жүйе Метех деп аталады, ол қолданушының жеке кітаптарын, жазбалар мен коммуникацияларын сақтайтын құрылғы, оған жүктелу тез және оңай. 1967 жылы Нельсон (Nelson) гипертексті жүйелер көрсеткіштері мен ассоцация ретінде бейнелеп, адам ойындағы жеке мәліметтер бөліктерін ұйымдастыру және байланыстыру мүмкіндіктеріне теңеді. 1993 жылы Бомман (Bomman) гипертекстке мынандай анықтама берді: » Гипертекст концепцияның ретсіз жазба мәліметтерін құрайды, осыған орай қолданушы мәліметтер бөліктерін бір-бірімен көрсеткіштер мен байланыстар көмегімен байланыстырады. Гипертекстік жүйеде мәлімет түйін және байланыс түрінде беріледі.»

Мультимедиа

Мультимедияның пайда болуына байланысты динамикалық (аудио, видео, анимация) және статикалық (текст, графикалар, суреттер) құрамы бар кмпьютерлік интеграция мүмкіндігі туды. Түйіндер мен байланыстар комбинациясы гипертекстік жүйе мультимедиасында жңа ортаны құруға мүмкіндік берді.

Гипермедиа – бұл мәліметтер көрінісі және оған кіру әдісі. Оның концепциясы граф түрінде берілген мәліметтер кеңістігінің моделінде орналасады, түйіндерінде мәліметтер, ал семантикалық байланыс граф доғасында қамтылады.

Болу эффектісі

Интернеттің коммуникациялық моделінің басты мәселесі «болу эффектісі» болып табылады, қоршаған ортамен клиенттің араласу процесі: жағдай, бөлме, компьютерлік жұмыс орын және т.б., компьютерлік гиперәдіспен құралатын орта құрамына кіреді. Дәреже қатынасы мен клиентке әсер ету «болу эффектінің» дәрежесін анықтайды. Айта кеткен жөн ,»болу эффектісі» өзінің табиғатына сай, интерактивтік араласу мен компьютерлік гиперортамен тығыз байланысты.

Желілік навигация

Желілік навигация компьютерлік гиперортада өзіндік қозғалыс процесі болып табылады. Сызықты емес іздеуді және мәліметтерді талап ету құрамындағы әдісті клиентке еркін түрде береді.

Қолданушының Интернетке кіруі. Коммутация каналының желісі.

Модем.

Қолданушылардың көп бөлігі жоғарғы жылдамдықпен желіге кіру мүмкіндіктері провайдерге қарағанда жоқ. Абонентпен провайдердің болу нүктесі арасындағы болатын байланыс технологиясы технологияның соңғы милясы деп аталады. Бұл атау шартты түрде, ал практика жүзінде осы айтылған қашықтық бір миляға сәйкес келу қажет емес. Көп жағдайларда “соңғы миля” желіден компьютер қолданушысына ақпаратты жіберу тар жол болады. Интернетке жіберу соңғы миля технологиясы әртүрлі бола алады, бірақ “кіру жылдамдығы жоғары болған сайын, каналдарды қолдану ақысы жоғары болады” деген принцип әмбебеапты болып келеді. Бар инфраструктураны қолдануға мүмкіндік беретін көптеген технологиялар бар, олар — Интернетке кіру мүмкіндігіне арналған телефонды линиялар, кабельді теледидар желілері және басқалар.Интернетке кіру әртүрлі технологиялары: телефондық линия арқылы модеммен қосылу,радиоканал арқылы қосылу,кабельді теледидардың желісімен қосылу, және де,спутникті канал көмегімен.Интернетке қосылудың әртүрлі әдістеріне қарамастан,қолданушы үшін тек қосылу тұрақтылығы,мәліметтерді жіберу жылдамдығы және жауап беру уақытында ерекшеліктер бар.Интернеттің барлық ресурстары кіру мүмкіншіліктері бар,оның көмегімен ол провайдермен қосылады. Желіге қосылудың әртүрлі варианттарын қарастырайық.

Коммутаторлық телефон линиясы арқылы қосылу.

Коммутативті телефонды линияның модем арқылы қосылуы – бұл әзірше үйдегі Интернет қолданушылардың СНГ-да таралған қосылу әдісі.

Желінің коммутациялы каналдарымен.

Коммутациялы телефонды желінің немесе желінің коммутациялы каналдарымен жұмыс принципін айтайық.Сіз біреуге қоңырау шалған кезде,сіздің аралығыңызда белгілі бір физикалық байланыс каналы орналасады,олар коммутатор арқылы байланысатын жеке учаскелерден тұрады. Абоненттің әрбір учаскесі бірінші коммутаторға дейін бөлінбейтін болып келеді.Яғни әрбір абонент осы учаскелерді жеке өзі қолданады.Желіліердің қалған учаскелері коммутатор арасында ажыратылған болып келеді,дәлірек айтқанда әртүрлі уақытта әртүрлі қолданушылармен қолданылады.Бірақ,егер қайсыбір участок бір қолданушымен бос емес болса,онда келесі біреу оны осы уақытта қолдана алмайды.Коммутативті телефонды линиямен қосылу — бұл уақытша (сеансты) қосылу дейді. Телефонды линия телефонды әңгімемен немесе мәліметтерді модем арқылы жіберумен бос болмауы мүмкін.“Модем” сөзі “МОДулятор” и “ДЕМодулятор” деген сөздерден құралады. Модем телефонды линия арқылы мәліметтерді жіберуде қолданылады.Жалпы жоспарда модем — бұл қондырғы,цифрлық кодты әртүрлі екі жиелік дыбыстардың ауысу мен кері қайту – дыбыс тербелісін цифрлық ақпаратқа ауыстырады.Екі модем қосылғаннан кейін модулятор тұрақты тербеліс периодының басты сигналымен генерацияланады және болып жатқанды өзгертіп екінші сигналды қосады.Сонымен,жүріп жатқанның бір параметрі жіберу сигналының өзгеруіне байланысты.Демодулятор анализдайды, түсетін сигнал жүріп жатқан сигналдан қалай ерекшеленеді де басты сигналды қалыптастырады.Басқаша айтқанда,жіберуші модем болып жатқан жиелікті пайдалы сигналмен моделдейді және жоғарыжиеліктегі сигналды жібереді, ал модем-адресат сигналды ASCII кодына (American Standard Code for Information Interchange – ақпараттармен алмасудың стандартты коды – машиналық көріністегі латын алфавитінің әріптері,сандар мен басқа сисволдардан тұратын 128 код символ топтамасы, олардың әрбіреуіне 7-биттық екілік сан.Сегізінші бит жіберу кодының дұрыс контроліне жұмыс жасайды) сәйкес кері цифрлы формаға демодулдейді.

Бірінші модемдер Bell Laboratories зертханалық центрінде өңделген және Bell 103 атауын алды.Бұл қондырғылар екі сыңарлы жиелікті қолданды: сыңарлы жиелік бір модемге, және сыңар екіншіге.Жіберуші модем 1,07 және 1,27 кГц арасындағы жиеліктерге ауысуы арқылы, ал жауап беруші модем 2,025 және 2,225 кГц арасындағы жиелікте мәліметтерді жіберді.

Bell 103 модемдері 300 бит/с жылдамдықпен жұмыс істеді работали со скоростью 300 бит/с,солай минутына 30-ға жуық символ жіберуге болатын болды.Мұндай жылдамдық тек қана текстік хаттамалармен алмасқасқан кезде қолайлы,себебі бұл жылдамдық адамның оқу жылдамдығымен салыстырғанда артық.Мәліметтерді 300 бит/с жіберетін модемдер 1980жылға дейін өмір сүрді.Сөйтсе де, адамдар суреттерді жібере басталғалы ондай жылдамдық аздау екені айқындалды.

Интернеттегі web серверлер. Web – сервер жұмысының механизмі. Статистикалық және динамикалық беттер. CGI технологиясы.

Скриптер.

Браузердің адрестік жолындағы қажетті URLді теріп болған соң, браузер пайдаланған протокол (HTTP) жөнінде мәлімет және сервер атын алады. Сервер атын IP- адреске ауыстыру үшін браузер DNS серверіне- жүгінеді. Алынған IP- адрес негізінде браузер ізделінді Web- сервермен байланыс орнатады және HTTP протоколын пайдалана отырып ізделінді ресурсты сұрайды. Сервер браузерге серверде сақталатын HTML бетін жібереді. Браузер HTML- тэгтерін оқу нәтижесінде сіздің компьютеріңіздің экранында бет ашалады, одан сіз өз сұранысыңыздың нәтижесін көраласыз. Әдетте қарапайым Web беттерде тек текст қана емес графиктерден де тұрады, яғни әр түрлі типтегі бірнеше файлдан тұрады. Браузер ол файлдарды тану үшін, сервер қандай файлды (HTLM форматындағы текст немесе JPG форматындағы графика және т.б) жіберу керек жөнінде мәлемет береді содан соң файл мазмұны жіберіледі. Әдетте, Web беттер көптеген файлдардан түрғанына қарамастан бір рет сұраныс уақытысынды Web сервер тек қана бір файлды жібереді. Яғни, html текст алып одан графикалық элементке сілтеме тауып, браузер серверге жаңа сұраныс жібереді ( html текст келген серверге ғана жіберу міндетті емес). Әрбір жаңа файлды көшіріп алу үшін браузер жаңа HTTP сұранысын жіберу керек. Бұнда қазіргі серверлермен браузерлер көп потокты режімде жұмыс істейтіндіктен бір мезгілде бірнеше сұраныс орындалуы мүмкін. Егер берілген адресте сұранып отырған ресурс жоқ болса онда Web сервер мұнандай мәлімет береді 404/File not found ( файл табылмады).

Статистикалық және динамикалық беттер.

Статистикалық беттер Web сервер каталогында орналасқан файлдардың нақ копиясы болып табылады және өңдеуші өзі онда бір нәрсені ауыстырмайынша өзгермейді. Дегенмен беттер динамикалық түрде қалыптасады, яғни дискідегі дайын файлдан емес, белгілі бір программада сұраныстың өңделу уақытында. Осындай беттердің қалыптасуының бірнеше әдістері бар.

Тікелей Web серверде сұранысқа сәйкес қалыптастыру.

Web беттерді динамикалық қалыптастырудың мүмкіндігін жүзеге асыру үшін серверге мынадай бағыт берілуі керек, қандай файлдар “кәдімгі” болады, ал қандайы оның программалық өңделуіне нұсқаулары болады. Бұл жағдайда бетті сервердің өзі құрастырады ( арнайы командалар көмегімен немесе ішкі бағдарлама). Беттердің динамикалық қалыптастыратын командасы болатын программа мәтіні скрип деп аталады.

Тұтынушы компьютерінде қалыптастыру.

Бұл жағдайда программа мәтіні динамикалық web- парағын қалыптастыру үшін алдымен тұтынушының локальдық компьютеріне беріледі, бұнда браузер web- парағын алу және өңдеу үшін оған сәкес заттар шақыру керек. Динамикалық беттерді қалыптастыру үшін бірнеше технологиялар бар.

CGI- технологиясы.

Біздің сұранысымызға сәйкес дайындалған динамикалық беттер “жылдам қалыптасты”. Мысалы кез-келген пікірлер кітабы сізге белгілі бір форманы көрсетеді бұнда сіз өз мәтініңізді қосасыз, келесіде осы бетті ашсаңыз онда жаңа хабарлама тұрады. Web- парағына динамикалық мазмұнды қосуға мүмкіндік жасайтын технологиялардың бірі CGI (Comman Gateway Interface) болып табылады. Ол сол немесе басқа URL мен статистикалық документі емес программаны түсінуге мүмкіндік жасайды нәтижесінде нақты уақытта мәліметтер қалыптастырады. Мысалы егер сіз белгілі бір районда ауа райынын дер кезіндегі мәліметінін бергіңіз келсе онда сіз әр бір ретте жаңа бетті құруыңыз керек. Бұл CGI технологиясының негізінде жүзеге асыруы мүмкін. Серверде жұмыс істеу бастағанда CGI программасы қосылады, ол цифрлы өлшеуіш құралына айналып температура,қысым және т.б мәліметтер береді. Әр кезде осы адрестен мәлімет алу үшін байланысқаныңызда сіз сол уақыттағы мәліметті аласыз. Басқа мысал: егер сіз ізденіс жүйесінен белгілі мәлімет алғыңыз келсе онда CGI программасы жұмысының нәтижесін ізделінді адрестер жыйынтығы түрінде аласыз.

CGI программасын нақты уақыттағы Web сервердің бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Сервер тұтынушының сұрағын CGI программасына береді ол оларды өңдеп жұмыс нәтижесін тұтынушы экранына қайтарып береді. Клиент үшін адресте URL статистикалық құжат па немесе CGI программа ма еш қандай айырмашылығы жоқ. CGI программалары жұмысының нәтижесі статистикалық құжат сияқты форматта болады. CGI терминін тек қана программа емес протокол ретін де түсінуге болады. Бұл жағдайда CGI Web сервер үшін стандартты тәсіл болып табылады– тұтынушы сұранысын бағдарламаға беру және одан мәлімет алу. Сервер мен оның қосымшасының арасындағы бір біріне мәлімет жіберу жөніндегі CGI протоколы HTTP протоколының бір бөлігі болып табылады. CGI программасының үлкен бөлігі CGI скрипталары болып табылады. Скрип дегеніміз интерпритацияланатын немесе басқа программаларымен жұмыс жасайтын ережелер жинағы. Perl, javascript тілдері тура осы скрипталық тілдер түрінде ойлап табылған. Олар сценариилер жазу тілдері деп те аталады. Негізінен CGI программасы скрипталық тілде және де компилирлық тілде жазылуы мүмкін. C,C++,Delphi.

CGI альтернативті техналогиясы Micrоsoft компаниясының технологиясы болып табылады. Ол былай аталады Active Server Page (ASP) ол да сол принциппен құрылған: web- серверге қосылған скрипт, парақ тұтынушыға жіберуден бұрын серверде орындалады. Осы принциппен орындалатын басқа да бір қатар технологиялар бар. Динамикалық мазмұны сервер жағындағы қалыптасатын схемадан өзгеше динамикалық мазмұны тұтынушы жағында көрінеді. Соңғы жағдайда активті құжаттар web серверде және локольдік компьютерде сақталады. Онда белгілі бір есептеулер орындалады жіне осы есептеулер нәтижесі экранда көрсетіледі. Активті құжаттарды дайындауда түрлі технологиялар пайдаланады: бұл мәліметтер javascript-те Java апплеттерде.

Интернет ұдайы өзгеріп отыратын құбылыс. Əлеуметтік желілер мен мобильді технологиялар интернеттің қарқынды дамуына жол ашты. Интернеттегі эволюция адамдардың қарым-қатынасына жаңа тəсілдер енгізді. 2004 жылы дүниеге келген Facebook 2230 миллион белсенді қолданушысы бар бүкілəлемдік желіге айналды. Мобильді технологиялар интернет таралымын арттырып, қолданушыларды көбейтті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.https://kk.m.wikipedia.org

2.https://articlekz.com/kk/article/30063

3.https://topreferat.com.kz/referattar/informatika/11104-internet-tehnologiyalar-negizi.html


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2021
551
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі