Материалдар / Интернет ұғымдарымен және тарихымен таныстыру, желіге қосылуды үйрету.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интернет ұғымдарымен және тарихымен таныстыру, желіге қосылуды үйрету.

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік А) Ақпараттық: Интернет технологиясы, интернет өорлары туралы ақпарат беру. Интернетке қосылу жолдарын меңгерту Ә) Коммуникативтік: Нақты өмірлік жағдайларда өз міндетін шешу үшін компьютерлік коммуникацияның құралдарын қолдану Б) Проблеманы шешу: Әртүрлі жағдайда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болу Дамытушылық Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке,шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2021
256
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі

«Бекітемін»

Директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары

_______________А.Б.Ахметова


Сабақ жоспар

Сабақтың тақырыбы

Интернет ұғымдарымен және тарихымен таныстыру, желіге қосылуды үйрету.

Модуль /пән атауы

«Қолданбалы бағдарлама пакеттері»

Дайындаған педагог

Арнайы пән оқытушысы Түктібаева Л.Ө.

Күні, айы, жылы:

13.10.2021ж

І. Жалпы мәліметтер

Оқу жылы

2021/2022

Сабақ типі

теориялық

ІІ. Мақсаты, міндеттері

Білімділік

А) Ақпараттық: Интернет технологиясы, интернет өорлары туралы ақпарат беру. Интернетке қосылу жолдарын меңгерту

Ә) Коммуникативтік: Нақты өмірлік жағдайларда өз міндетін шешу үшін компьютерлік коммуникацияның құралдарын қолдану

Б) Проблеманы шешу: Әртүрлі жағдайда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болу

Дамытушылық

Білім алушылардың  өзіндік  ізденісін, шығармашылық қабілетін  арттыру, теориялық  білімін  практикада  қолдана  білуге  дағдыландыру, таңдаған  мамандығына  деген  қызығушылығын  арттыру.

Тәрбиелік

 Білім алушыларды  өз беттерімен  жұмыс жасауға, ізденіске,  жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке  тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке,шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету

2.1.Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Мамандық:

ІІІ. Сабақты жабдықтау

3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Сөздік/ауызша түсініктер,әңгіме, кітаппен жұмыс/ СӨЖ, сөздік /әңгіме,пікірлесу, лекция/,

көрнекілік/иллюстрация, оқытушының оқу әдістемелік жұмыстары, өзіндік оқу жұмысының әдістемесі,ауызша бақылау жұмысы, жазбаша бақылау жұмысы ж/е т.б

3.2. Техникалық құралдар, материалдар

Интерактивті тақта,ноутбук, электрондық оқулық, таратылатын карточкалар, видеоролик,әдістемелік оқулық.

ІҮ.Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Студенттермен амандасамын, түгелдеймін, сабаққа дайындығын тексеремін,студенттерді жаңа сабақ мақсатына бағыттаймын, жаңа сабақты баяндаймын.

2.Үй жұмысын жан жақты тексеру кезеңі.

3. Жаңа сабақты қабылдау кезеңі. Студенттер жаңа сабақ тақырыбымен желілік кабель таңдайды және құрылысы туралы танысады.Мазмұнды материалдарды конспектіге түсіреді.

Ауқымды компьютерлік (телекоммуникациялық) желі - бұл бір-бірінен қашықта тұрған жеке компьютерлердің және көптеген жергілікті желілердің бірігуі. Қазіргі уақытта 20-дан аса ауқымды желілер (СоmpuServe, Аmerica On Line, МS Network және басқалар) бар, бірақ олардың ең танымалысы – Internet желісі. Internet - миллиондаған компьютерлерді қосатын, көптеген жергілікті, аймақтық және корпоративті желілерді біріктіретін ауқымды компьютер желісі. Немесе Internet — бір-бірімен байланыс арналары және бірегей мәліметтерді беру, қабылдаудың бірыңғай стандарттары мен біріктірілген өзара байланысқан компьютерлер мен компьютер желілерінің жиынтығы. Ол жер шарын қамтитын ауқымды бүкіләлемдік ақпарат жүйесі болып табылатындығын білдіреді.

20-ғасырдың соңында ақпаратты  өңдеу, сақтау, беру ерекше орын  ала бастайды. Ақпараттарды алыс  жерлерге әр түрлі күйде беру  үшін (мәтін, сурет, дыбыс) радио, телетайп, телеарна сондай ақ әлдеқашан  пайда болған телекс, телефакс, компьютерлік коммуникациялар сияқты әртүрлі техникалық әдістер жасап шығарылған. Қазіргі уақытта ақпаратты дистанционды берудің бұл түрлерін “телекоммуникация” деп атайды. Гректің tele - алыс, қашық және латынның communicatio - қатынас деген сөздерінен шыққан. 60-жылдардың соңында мемлекеттік ұйымдардың компьютерлерді қолдану масштабының өсуіне байланысты барлық мәліметтерді ортақ пайдалану мүмкіндігін кеңейту қажеттігі туды. Осы мәселені шешу мақсатында ARPA (Advanced Research Projects Agency) ұйымы APRANET деп аталатын компьютерлер торабын құрды. Содан кейін ARPA және басқа үкіметтік ұйымдардың бірлесуі арқылы осы торапқа басқа да бір-бірінен үлкен қашықтықта орналасқан ұйымдар да қосылды. Бұл торап та APRANET деп аталды. Кейіннен осы торап Internet-тің бастамасы болды. APRANET торабындағы компьютерлер саны күннен күнге жоғары қарқынмен өсіп отырды. Internet-ке жақындатқан тағы бір қадам 80-жылдарда жасалды. Бұл кезде National Science Foundation (NSF) ұйымы әскери мекемелер мен басқа да ұйымдарға өздерінің суперкомпьютерлерінің ресурстарына кіруге мүмкіндік берген еді. Сөйтіп NSFNET торабы пайда болды. World Wide Web (немесе жай ғана Web) 60-жылдарда жасалған әлемдік компьютерлік торапта Internet-тің қолданылуын ыңғайлатады. Алғашқы кезде Internet-пен жұмыс істеу (сонымен қоса, осы торапқа қосылған компьютерлерден мәлімет алу) қолданушының көптеген командаларды білуін қажет етті.

Internet деген не және  ол не үшін қажет?

Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

Internet сөзі тікелей мағынасында  халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Internet – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген мүмкіндіктер ұсынады.

Internet-тегі ақпарат веб-сайттар  түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы – URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http://www.атауы.үйшік. Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы – http://www.akorda.kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы – http://www.government.kz.). Үйшік Internet желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ua – Украина, .uk – Ұлыбритания, .fr – Франция және т.б.) немесе қызмет саласын (.com – коммерциялық ұйымдар, .org – коммерциялық емес ұйымдар үшін, .edu – білім беру қор көздеріне арналған, т.с.с.) білдіреді. Желі қатысушыларының ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер сервер деп аталады.

Провайдер — бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания. Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған фирмалар да, ірі телефон компаниялары да қызмет істей алады. Әдетте провайдерлер біркелкі қызметтер жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызметі түріне және сапасына қарай ерекшеленетіндіктен, төлемақысы да әр түрлі болады.

Өз қажетіңізге лайықты провайдерді таңдай отырып, бірнеше шартты ескерген абзал:

· Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы – уақыт бірлігінде модем арқылы өтетін ақпараттың биттер саны. Ұсынылатын жылдамдық провайдер жабдықтарының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.

· Қосылым түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу – бұл Internet-ке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі. Қосылымның бұл түрі көптеген Internet-те жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ ақпараттың үлкен көлемін (дыбыстық файлдар, жан бітірілген сызбалық файлдар, бейне, интерактивті ойындар) жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Енді бір түрі – кабельді модем, DSL, жерсерігі арқылы кең жолақты қосылым болып табылады. Қосылымның бұндай түрі жоғарғы  жылдамдықпен байланысуға мүмкіндік беріп, шынайы уақыт режімінде аудио және бейне файлдарын жеткізуді қамтамасыз етеді.

Internet желісінде адасып  қалмау үшін шолғыш – браузер  деп аталатын арнайы бағдарлама  қажет.

Браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін Сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, Internet қор көздерін қарауға арналған бағдарлама. Windows амалдық жүйесінің құрамына Internet Explorer браузері кіреді.

Журнал – сіздің Internet-те жасаған саяхатыңыздың барысын қарап шығуға мүмкіндік беретін жүйе. Internet Explorer Сіздің Internet-те жасаған әрбір қадамыңызды өз бетімен тіркеп отырады. Сіз кіріп-шыққан әрбір веб-торапқа деген сілтемелері бар бұл жазбалар Журнал қалтасында сақталып тұрады. Ол қалтаны шақырудың ең оңай тәсілі – шолғыштың жоғарғы үстеліндегі Журнал батырмасын басу.

Чат (chat) сөзі ағылшын тілінде сөйлесу дегенді білдіреді. Internet желісіндегі Чат – бұл Сізге желінің өзге қатынаушыларымен шынайы уақыт режімінде тілдесуге мүмкіндік беретін қызмет.

Форумның міндетті қасиеті – ондағы хабарламалар тредтерге (ағылш. thread – «жіп») біріктірілуінде. Сіз форумдағы бір хабарламаға жауап берген кезіңізде, жауабыңыз бастапқы хабарламаға «байлаулы» болады. Осындай жауаптардың реті, жауапқа жауаптың реті тағы с.с. тредті құрайды. Нәтижесінде форум тредтерден құралған ағаш тәрізді құрылымға ие болады.  
Чаттарға қарағанда форумға жіберілген хабарламалар өте ұзақ уақыт сақталуы мүмкін және форумдағы жауап сұрақ берілген күні шығуы міндетті емес. ICQ қызметі – бұл Internet желісінде адамдардың тегін қарым-қатынас жасауы үшін тегін таратылатын бағдарлама. ICQ (ағылш. I Seek You – Мен сені іздеп жүрмін) бүкіл дүние жүзіндегі адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең оңай тәсілі болып табылады. ICQ бейнеконференциялар ұйымдастыру, интернет-телефония, файлдарды жеткізу, SMS-хабарламаларды жөнелту, поштаны тексеру сияқты тағы басқа да көптеген тапсырмаларды орындай алады.

Internet желісіне  қалай қосылуға болады?

Internet желісіне қосылу  үшін компьютерге желілік тақша  мен модем қажет.

Модем – бұл компьютерлерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.

Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер тауып, онымен Internet-те жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы тиіс. Осыдан кейін ол провайдерден пайдаланушы есімін, құпия сөз және өз компьютерін өз телефон консолі арқылы Internet-ке қоса алатын қашықтағы телефон нөмірін алады.

Компьютер провайдер желісімен байланыс орнату үшін телефон нөмірін тере бастайды. Осыдан кейін модемнің «әнімен» ұштасатын қосылысты орнату процесі басталады. Қосылыстың барлық сатылары қосылым терезесінде түсіндіріліп отырады. Егер деректер дұрыс көрсетілген болса, әдетте бір минут ішінде компьютер провайдермен қосылысып, желіге шығады.

Қосылыс орнағаннан кейін бейне беттің оң жақ төменгі бұрышында белгіше және қосылым сәтті орындалғаны туралы хабарлама пайда болады.  
Осы сәттен бастап, компьютер Internet-те болады, ал провайдер сервері компьютердің желіде өткізген уақытын (секундпен) есептей бастайды.  
Қарапайым модем арқылы уақыты төлемі бар қосылу кезінде Internet-те жұмыс істеп болғаннан кейін бірден желіден ажыратылу қажет. Internet-тен ажыратылу үшін тінтуірдің оң жақ пернесімен батырмасының мәтінмәндік мәзірін шақырып, Доғару әмірін таңдау керек.

4. Білім алушылардың жаңа материалды түсініп және белсенді игеру үшін бекіту кезеңі.

Студенттер сұрақ- жауап әдісімен арқылы өтілген материалдың және жаңа сабақ материалдың құрылыс өндірісінің ерекшеліктері бойынша сипаттама береді.

Ү.Сабақ бойынша рефлексия

Мен нені үйрендім?

Интернет технологияны білім беру үрдісінде қолданудың дидактикалық ұстанымдарын біледі.

Интернет технологияның компоненттерін біледі

Маған не жеңіл болды?

Термин-сөздіктермен танысу.

Маған не қиын болып көрінді?

Ақпаратты талдайды, шығармашылықпен жұмыстанады, өзіндік даму жүзеге асады.

Интернет технология ұғымымен таныс болады.

Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Интернет ұғымдарымен және тарихымен таныстыру, желіге қосылуды үйрету.

ҮІ. Үй тапсырмасы

  1. Р.Н.Авалуев пен Н.Г.Астафьева интернет-технологияға қандай анықтама берген?

  2. Интернет-технологияны білім беру үдерісінде қолданудың дидактикалық ұстанымдары дегеніміз не?

  3. Интернет-технологиялар оқыту үдерісін қандайдидактикалық мүмкiндiктермен қамтамасыз етеді?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!