Материалдар / "Интернетсіз бір күн" сынып сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Интернетсіз бір күн" сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемдегі интернеттің пайдасы мен зиянынын оқушыларға түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Тамыз 2019
21088
54 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Мен интернетсіз күнді қалай өткіземін

Мақсаты:Оқушылар  өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;Оқушыларға интернет туралы толық ой қалыптастыру,білімгерлерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары.          

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгін де,-демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің қыр сырын білгенге не жетсін.

Кіріспе

І. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі. 
Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті  Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша Internet – желі аралық байланыс дегенді білдіреді.
Интернеттің қызметтері:
1. Интернет поштасы.                 2. Телеконференциялар.                3. Web (WWW ) қызметі.


Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.
Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

1970 жылдары Internet (желілер желісі) – желілерді біріктіру термині пайда болды
Негізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж. Желілердің физикалық негізі болып табылатын TCP/IP протоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғана жүзеге асырылды.
2001 ж. деректерге сүйенсек, желілер географиясы дүниедегі 230 елді қамтиды екен.
1993 - 1996 жылдар аралығында жыл сайын Интернетке қосылушылар саны 3 есе өсіп отырды. 1997 ж. бастап бұл көрсеткіш жыл сайын – 1,5 есеге өсіп келеді.

Қазақ телеком ұсынған тариф – Megaline. 2006 жылдан бастап қолданылады. Жылдамдығы: 128 – 256 Кбит/с

        



Психологиялық тренинг.

Шарты: Оқушылап өздеріне қалаған түстерін таңдайды. Сіздің таңдаған түстеріңіз сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады.

 



"Компьютердің пайдасы мен зияны" (пікір - талас) ойыны

1-оқушы:

«Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

Оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастады. Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
 
2-оқушы: Интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.
 
3-оқушы:
Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана-сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар жасауға;

4-оқушы: Интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек . Ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мұғалімдер берген тапсырманы интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор

5-оқушы:Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние. Мұғалім:Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнаса, оның психологиясына жаман әсер береді. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.


Сұрақ жауап кезеңі. (оқушылар өз сұрақтарын қояды)

Ой толғау. ТЖ. Мен интернетсіз күнді қалай өткіземін?

Әр топ интернетсіз өз күн тәртібін құрады.

Қорытынды сөз

Қорыта келе, Интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Асыл тастан, өнер жастан – демекші,–қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді ұрпақ интернет
ті дұрыс пайдаланып,   Қазақстанға өз үлесін қосады деп сенемін!













Қазақ мектеп гимназиясы







«Мен интернетсіз күнді қалай өткіземін»

Тәрбие сағаты



Өткізгендер: 3-сынып мұғалімдері

Ақышова Б.Т.

Кайсенова А.С

Жумагулова Г.А.

Майсатаева Л.К.

Жамантикова А.М.

Жулдугулова С.М.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!