Интернетте ақпарат іздеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интернетте ақпарат іздеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Интернет арқылы ақпарат іздеу, тапқан ақпаратты өзіне жүктеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімі: Кулажанова Ж.Е.


Тақырыбы:

Интернетте ақпарат іздеу

Сілтеме:

Ғаламтор, қосымша оқулықтар, мұғалімге арналған нұсқаулық, т.б.


Жалпы мақсаты:

Оқушының алған білімдерін жүйелеу. Ауқымды желіден ақпарат іздеуді үйрету,ақпарттық технологиялардың мүмкіндіктерін үйрету.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Оқушылар топқа бөлінуге, өз ойларын емін-еркін жеткізе білуге, өзін-өзі басқаруға, көшбасшы болуға үйренеді. Басқаның пікірін сыйлауды және тыңдауды үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

Топпен жұмыс жасауға дағдыланады. Сыни ойлау қабілеті, мазмұндап айту шеберлігі артады. Интернеттен ақпарат ала алады. Ғаламторда жұмыс істеуді жақсы меңгерді

Әдіс-тәсілдер:

Ой қозғау, топпен жұмыс, сұрақ -жауап ,ЖИГСО әдісі,постер сызу, кластер, көрнекілік стратегияларын пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, А4,А1 қағаз, бағалау парағы, ноудбук, ұялы телефон, суреттер, маркер, оқулық т.б.

Сабақтың барысы:


Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:

1 мин


Тренинг «Өзін-өзі жақсы көру»

Оң қолын созып сыйпайды. Сен маған көп көмектесесің менімен бірге болып барлық істерді атқаруыма жәрдемдескенің рахмет. Сол сияқты сол қолына, аяқтарына, рахмет айтып соңында өзін-өзі құшақтап «мен сені жақсы көрем» деп айту керек.

І.Білу

Миға шабуыл.

3 мин

Ашық,жабық сұрақтар қою .

1.Ауқымды желі дегеніміз не?

2.Интернет қай жылы,қай мемлекетте,не мақсатпен басталды?

3.Интернет деген сөз не мағына береді?

4.www-ға түсініктеме бер.

5.Гипермәтін деген не?

6.Хаттама деген не?

Үй жұмысына құрылған сұрақтарға белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты.

Топтастыру

әдісі:

2 мин.

Түстер арқылы топқа бөлу:

1 топ: «көк» 3 топ: «жасыл»

2 топ: « қызыл»

Балалар таратылған қима қағаздар арқылы топтарына бөлінеді.

ІІ. Түсіну Жаңа сабақ:

5 мин.

ЖИГСО әдісі бойынша жаңа сабақты оқушылар өздері түсінеді .Жеке оқиды , топта талқылайды сосын сарапшы болып басқа топтарға түсіндіреді. Түсіндіріп болған соң өз жанұясына оралады

А. Беттің мекенжайын көрсету

В .Гиперсілтемелер бойынша жылжу

С. Іздеу жүйесіне жүгіну


ІІІ. Қолдану

8 мин топтық жұмыс

Түсінгендерін постерге суреттейді және оны топпен қорғайды.

Оқушылар түсінгендерін постер бетіне салады жаңа тақырыпты өз бетінше оқиды және топта талқылап, постерге өз ойларын салады. Әр топ шығып өз жұмысын қорғайды.

ІҮ. Талдау Дағдыландыру жұмыстары.

10 мин.

Деңгейлік тапсырмалар беріледі

І деңгей.

1. WEB құжаттармен жұмыс

2.Компьютерге байланысты ақпараттар іздеу

3. Ізделінген нәтижені өз компьютеріңізге жүктеу

4. “Информатика” деген атпен сақтау

ІІ деңгей

1. Іздеу жүйесін жүкте

2. www.google.kz сайтын үй беті ретінде сақтап қой

3. Видеоролликті компьютеріңізге жүктеу

4. Интернеттен әуен жүктеп алып тефоныңызға

көшіріп алу.

Оқушылар деңгейлік тапсырмалар-ды ноудбукта өздерінің шамаларына қарай орындайды.

Сергіту сәті:

2 мин.

Оқушыларды сергіту мақсатында көзге, мойынға арналған жаттығуларды орындату.


Слайдтағы әуен бойынша қимыл қозғалыстар жасайды.

Ү. Жинақтау

Сабақты бекіту

4 мин.

Кластер сызады

Ортасына Интернет сөзінен іздеу серверлерін,домендер,геог. орнала-суы, мекенжайы бойынша тармақталады.

ҮІ. Сабақты бағалау

6 мин.

Эдуард де Боно-ның әдісі «Ақылдың алты қалпағы»


«Интернет бізге керек пе?» деген сұраққа алты түс алты түрлі пікір айтады.

Бағалау: 3 мин.

Кері байланыс парағын толытыру

Топ басшылары мен мұғалімнің бағалауы бойынша мадақтау.

Әр топ басшысы өз тобындағы оқушыны дұрыс бағалай білді.

Үйге тапсырма:

1 мин.

Электрондық пошта жайлы мағлұмат алып келу.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1013
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі