«Ион алмасу реакциялары». Практикалық жұмыс №1 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ион алмасу реакциялары». Практикалық жұмыс №1 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.1A Электролиттік диссоциация

Мектеп:

Күні:


Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сынып: 9

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы:

«Ион алмасу реакциялары». Практикалық жұмыс №1


Мақсаттары:

9.2.2.1-алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру

9.2.2.2 - ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіру

Жетістік критерийлері

  • Техника қауіпсіздігі ережелерін біледі

  • Нұсқау бойынша жұмыс жасай алады

  • Болжам бойынша жұмыс жүргізіп, қорытынды жасай алады

  • Алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастырады

  • Ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіреді

  • Химиялық қосылыстарды дұрыс оқи алады.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Графикалық диктант, сұрақ – жауап, слайд көрсету, тәжірибе, топтық жұмыс,жұптық жұмыс,жеке жұмыс ,кері байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

презентация

Пәнаралық байланыс


Физика,биология

Бастапқы білім

8 сынып Иондардың түзілуі,иондық байланыс

Сабақ барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 минут






2-10 минут


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу. 3 топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру-көңіл-күйін сұрау,қол соғу

Үй тапсырмасын тексеру- Сыныппен жұмыс

Графикалық диктант
Иә- ^ Жоқ-¯
1. Латынша “диссоциация” “ыдырау”деген сөзді білдірмейді
2. Сілтілер- суда еритін негіздер
3. Спирт,қант, оттек,сутек –тоқ өткізетін электролиттер
4. Тұз, сілті, қышқылдар- ионға ыдырамайды
5. Теріс зарядталған иондар аниондар деп аталады
6. Тұз, сілті, қышқылдар- тоқ өткізетін электролиттер
7. Оң зарядталған иондар аниондар деп аталады
8. Су молекуласы екі ионнан тұрады

Жұпта тексереді-жауабы тақтаға шығады

Кері байланыс: Қателіктер айтылып жөнделінеді

Бағалау: жұпта бағалау-бағалау парағына қою

«Серпілген сауал»

Ион алмасу реакциясының жүру жағдайлары қандай?

Егер тұнба,газ,су түзілсе реакция соңына дейін жүреді. Осыған көз жеткізу үшін практикалық жұмыс орындаймыз

Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсаттары оқушылармен бірге анықталады.

Қауіпсіздік ережелерін қайталау




Презентация


Сабақтың ортасы

10-35 мин

































Сабақтың соңы

35-40 мин




Топтық жұмыс

Тапсырма,бағалау парақтарын тарату , жұмысты дәптерде орындау.

Бағалау критерийлері:

  • Техника қауіпсіздігі ережелерін біледі

  • Нұсқау бойынша жұмыс жасай алады

  • Молекулалық теңдеулерін дұрыс жазып, теңестіре алады.
    ЭДТ тұрғысынан толық-иондық, қысқартылған-иондық теңдеулерін дұрыс жазып, катион мен анионды дұрыс көрсете алады.
    Химиялық қосылыстарды дұрыс оқи алады.

  • Болжам бойынша жұмыс жүргізіп, қорытынды жасай алады

Қауіпсіздік техникасының ережелері:

  • Шыны ыдыспен жұмыс істегенде, пробиркаларды штативқа бекіткенде өте сақ болыңдар, өйткені шыныдан жасалған құралдар өте сынғыш

  • Қышқылдар ерітінділерімен жұмыс жасағанда өте абай болыңдар, егер қышқыл қолға тисе, тез арада сумен жуып, мұғалімге айтыңдар.

  • Спиртшамды қолдағанда жанып тұрған спиртшамды басқа партаға апармаңдар.

  • Тәжірибелерді бітірген соң жұмыс орындарын тазалыққа келтіріңдер,қол жуыңдар

Тәжірибе нәтижесін бақылап, кестеге жазыңыз.

Тақтаға теңдеуді жазыңыз

Кері байланыс.

Тәжірибе нәтижесі оқушылармен талқыланады.

Бағалау: Оқушы бағасы -бағалау парақтарына қойылады

Мұғалім бағасы-Оқушылардың дәптерде жазылған теңдеулері тексеріліп, келесі сабақта қателіктері айтылады.

Рефлексия

Нені меңгердіңіз?

Сабақта ұнаған 2 тәжірибе

Топ жұмысы қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз? Өз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба?


Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады.

Қорытынды.

Үй тапсырмасы: Қайталау §10-11 Есеп: 52 бет, №2,4

Шығармашылық тапсырма

1.Қыста жол тайғақ болғанда жолға тұз себеді. Неге?

2.Әк, бор жейтін кісілердің асқазанында қандай газ түзіліп, бауыр мен бүйрегіне қандай тас жиналады?

3.Кола сусынын көп ішкен адамның ағзадан қандай иондары жойылады? Реакциямен дәлелде




түрлі металдар тұздарының ерітінділері (мыс,темір,натрий,калий, кальций); қышқыл ерітіндісі, сілті, металдық мырыш; сынауықтар, тұрғы,спиртшам, су,сіріңке,қасық

Дәптер,оқулық

Тапсырма ,бағалау парақтары



Презентация





сынауықтар, ерігіштік кестесі, тұз қы


шқылының ер темір хлориді, темір сульфаты, металл-мырыш,индикаторлар.




Практикалық жұмыс №1

Тақырыбы: «Ион алмасу реакциялары»

Жұмыс мақсаты: Электролит ерітінділері арасындағы ион алмасу реакциясы иондар арасында жүретінін эксперимент жүзінде дәлелдеу

Құрал-жабдықтар мен реактивтер: түрлі металдар тұздарының ерітінділері (мыс,темір,натрий,калий, кальций); қышқыл ерітіндісі, сілті, металдық мырыш; сынауықтар, тұрғы,спиртшам, су,сіріңке,қасық

Болжам:-------

  • Жетістік критерийлері:

    Техника қауіпсіздігі ережелерін біледі

    • Нұсқау бойынша жұмыс жасай алады

    • Болжам бойынша жұмыс жүргізіп, қорытынды жасай алады

    Алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастырады
  • Ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіреді

Химиялық қосылыстарды дұрыс оқи алады.

Қауіпсіздік техникасының ережелері:

  • Шыны ыдыспен жұмыс істегенде, пробиркаларды штативқа бекіткенде өте сақ болыңдар, өйткені шыныдан жасалған құралдар өте сынғыш

  • Қышқылдар ерітінділерімен жұмыс жасағанда өте абай болыңдар, егер қышқыл қолға тисе, тез арада сумен жуып, мұғалімге айтыңдар.

  • Спиртшамды қолдағанда жанып тұрған спиртшамды басқа партаға апармаңдар.

  • Тәжірибелерді бітірген соң жұмыс орындарын тазалыққа келтіріңдер,қол жуыңдар


Жұмыстың барысы

1.Критерийі:

1. Ион алмасу реакциясының қандай жағдайларда соңына дейін жүретінін біледі

І топ: 1-есеп.

1.Мына заттар ерітінділері арасында жүретін реакцияны тәжірибе жүзінде іске асырып, қадағалаңдар:

а) калий карбонаты мен тұз қышқылы 1-жұп
ә) темір сульфаты мен натрий гидроксиді-2-жұп
б) натрий гидроксиді мен тұз қышқылы -3- жұп
Реакция теңдеулерін молекулалық, толық, қысқартылған иондық реакция түрінде жаз. Нені байқадың? Кестеге жаз

Дескриптор: Ион алмасу реакциясының жағдайларын сипаттайды.

2.Топпен жұмыс

Критерийі: белсенді метал қышқылмен әрекеттескенде сутек бөлінетінін біледі

2–есеп

1. Мырыш+тұз қышқылы ( Газ түзілгенін дәлелде) Нені байқадың?

Дескриптор:метал мен қышқыл арасындағы реакцияны сипаттайды

Бақылаулар мен нәтижелер

Тақырыбы

Не істедің Не байқадың

Қорытынды









Тәжірибелік мәліметтер негізінде қорытынды жаса.

1.Ион алмасу реакциясы мына жағдайларда соңына дейін жүреді-

2.Ион алмасу реакциясы қандай бөлшектер арасында жүреді?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2021
2538
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі