IQ-PEDAGOG

Тақырып бойынша 11 материал табылды

IQ-PEDAGOG

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайысқа арналған сценарий. Интеллектуалды ойынның ережесі мен өткізілу тәртібі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«КЕЛІСЕМІН»

Білім бөлімінің басшысы

_____________ Т.Дурманов

« »_________2024 жыл

«БЕКІТЕМІН»

«Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Шу аудандық комитетінің төрайымы _______________А.Бекмурзина

« » __________2024 жыл



«IQ-PEDAGOG» атты танымдық,

интеллектуалды-зияткерлік ойынының

ЕРЕЖЕСІ


І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ:

«IQ-PEDAGOG» атты танымдық, интеллектуалдық-зияткерлік ойыны (бұдан әрі – интеллектуалдық ойын) Жамбыл облысының 85 жылдығына және Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Шу аудандық комитетінің ұйымдастыруымен өткізіледі.


ІІ.МАҚСАТЫ:

- Интеллектуалды дамудың жоғары деңгейі бар, рухани-адамгершілікті, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетке ие, заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларды игерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін талантты жастарды-кәсіподақ мүшелерін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды, балалар мен жасөспірімдердің үздіктерін анықтау және мәдени мұраны сақтау және насихаттау, мәдени бірегейлікті қалыптастыру, жастар арасында мәдени саланы насихаттау және кәсіподақ ұйымдарының беделі мен шығармашылық белсенділігін арттыру, кәсіподақ мүшелері арасында Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу, кәсіподақ ұйымдары арасында шынайы бәсекелестікті дамыту мен кәсіподаққа мүшелікке ынталандыру.

.


ІІІ. МІНДЕТТЕРІ:

  • Бірлескен шығармашылық, ынтымақтастық атмосфера құру;

  • Аудандық деңгейде оң педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату;

  • Шығармашылық ізденістерін ынтыландыру;


IV. ОЙЫНДЫ ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ

  1. Ойынға топ болып қатыстырылады: жалпы қатысушы саны -5 (1-қосымша)

  2. Мектеп директорының қатысуы міндетті;

  3. Қалған 4 қатысушы 29 жасқа дейінгі мұғалім болуы шарт;

  4. Ойын барысында тек қалам мен қағаз пайдаланылады;

  5. Жалпы 4 кезеңдік ойында әдебиет, тарих, салт-дәстүр, әлемдік заманауи техникалық және негізгі басымдық логикалық сұрақтарға беріледі.

  6. Ойын жеңімпазы мен жүлдегерлері жинаған ұпайына қарай байқау соңында марапатталады;

  7. Қатысушылар туралы мәліметті 11.10.2024 жылға дейін aida_111@mail.ru электронды поштасына 1-қосымшаға сәйкес жолдауы керек.


V. ОЙЫН КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БАҒАЛАУЫ:

1-кезең: 8 логикалық сұрақ экраннан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай жазылады. Қосымша 1 минут ақылдасуға беріледі.

2-кезең: Арнайы карточкаларда қиын (3 ұпай), орташа (2 және 2,5 ұпай), оңай (1 ұпай) сұрақтар беріледі. Карточкаларды таңдау құқығы еркін. Ойлану уақыты 30 секунд.

3-кезең: Кино, жарнама және музыка үзінділері экраннан сұрақ арқылы беріледі. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай. Қосымша 1 минут ақылдасуға беріледі.

4-кезең: Жүргізуші 7 факт оқиды. Олардың дұрыс немесе дұрыс еместігін арнайы жауап парағына белгілеп, жауап береді. Бұл кезеңдегі дұрыс жауаптар +2, қате жауаптар -2 ұпаймен шегеріледі. Қосымша уақыт 1 минут.



VІ. ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ:

Интеллектуалдық ойын Төле би ауылы, М.Әуезов атындағы орта мектептің АКТ залында сағат 10:00-де өткізіледі.


VІІ. МАРАПАТТАУ

Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан арнайы диплом мен бағалы сыйлық табысталады. Ойын туралы мақала өңірлік газетке мақала ретінде жарияланады.


Анықтама телефоны: +7701 627 5741











1-қосымша

«IQ- PEDAGOG» атты танымдық, интеллектуалдық-зияткерлік

ойыны қатысушыларының

ӨТІНІМ ПАРАҒЫ


Аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

Жұмыс орны

Лауазымы

Байланыс телефоны

Әлеуметтік желідегі парақшасы

(болған жағдайда)

1







2







3







4







5








Жауапты тұлға ретінде қосымша телефон номерін қалдыруды ұмытпаңыздар!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
87
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі