Іс -шара тақырыбы: "«Менің тұңғыш- Президентім!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс -шара тақырыбы: "«Менің тұңғыш- Президентім!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөліміндегі студенттер,мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері
Материалдың қысқаша нұсқасы

  Тақырыбы: «Менің тұңғыш- Президентім!»

Мақсаты: Елбасы туралы толық мағлұмат беру. Балалардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік, сезімдерін арттыру. Отанын сүюге тәрбиелеу, еліміздің тарихы туралы түсінік беру.

Міндеті: Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан тәрбие алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасы Н. Назарбаевтың суреті, рәміздер, интерактивті тақта,слайд, суреттер, үнтаспа

Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, санамақтар

Жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз

Елін сүйген Елбасы деп білеміз

Тең аталып Қазақстан –Нұрсұлан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп,

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армызысдар, ақ пейілді көпшілік!

-Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп, еліміздіңегемендігін, ынтымықты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналылығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз! 1 желтоқсан- Президент күніне орай өткізіп отырған «Менің тұңғыш Президентім!» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.
Балалар Ән ұранды орындайды. ( видео ролик көрсетіледі)

Жүргізуші сөзі:

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр сапандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік,

Елбасының құрметіне жиналған!

Балалар 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.

Бірінші желтоқсан Президент күні болып қабылданды.

Ендеше, балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін ойлаған, ынтымақтықты тұтастықты, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналылығына мән берген ар мен намысты биік ұстаған әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз.
Жүргізуші:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша

өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.: Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 


  Ән:«Отаным»


Жүргізуші: 
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер

Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
 
«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады. 
Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.


Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.
Қыздардың орындауында «Қазақ биі»


Жүргізуші:
 
Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
Нұрсұлтан бар деп, нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен, 
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, 
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
-    Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын, сендер оны шешесіңдер. Жақсы, келістік пе?
-    Иә!
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
    1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай?
    2. Біздің Елбасымыз кім?
    3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
    4. Біздің тіліміз қандай?
(Балалар сөзжұмбақты шешеді).


Балаларымызды өлең жолдарымен ортаға шақырайық

Нұрмухамбет

Туымызға көгілдір,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк Тудың астында,
Көгереміз, көктейміз.

Санжар

Халқы үшін Елбасы,

Әскер үшін Қолбасы.

Тар жол тайғақ кешуде,

Туған жұрты қолдасын.

Ильяс

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Жанша

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Умар

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Аружан

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

Нұржігіт

Ауыр күнді артымызға тастауы

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы




Назгүл

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Қарақат

Қазағымның туын тіккен — Елбасы,

Ұл-қызынан үміт күткен — Елбасы,

Қазақ елін аялаған — Елбасы,

Қиындықта сая болған — Елбасы.


Әмірбек

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Абылай
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

Александр

Мы трудиться не устанем
Дружбу верную храним,
Ведь такими же, как Назарбаев
Все мы вырасти хотим!

Жүргізуші: 
Нұрсылтанға рух берген - кәрі тарих парағы.
Дара шыңы қазақтың,
Дана басып тудың, халық – алыптан.
Топырағы ол туған жердің киелі.
Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндік, бауырлар,
Басшымыздың бүгін туған күні деп.


-    Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды «Қара жорға» биімен аяқтайық.

«Хан алшы» ойыны «Ханталапай» ойыны





























МКҚК «Бәйтерек» бөбекжайы





Іс-шара

Тақырыбы: «Менің тұңғыш Президентім!»

«Бірлік» ІІ кіші тобы





Тәрбиешілер:Утепбергенова С.А.

Сатыбалдиева А.М.









2018жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2018
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі