іС- ТӘЖІРИБЕ.Қазақ әдебиеті пәнінен 9-11 сыныптарға арналған шығарма жинағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

іС- ТӘЖІРИБЕ.Қазақ әдебиеті пәнінен 9-11 сыныптарға арналған шығарма жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 9-11 сынып оқушыларына қазақ әдебиеті пәнінен қолдануға арналған көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы







































Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі





Қазақ әдебиеті пәнінен 9-11 сыныптарға арналған шығарма жинағы



( Қуағаш орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмағалиева Мирамгүл Қайыржанқызының іс-тәжірибесінен)







Шыңғырлау , 2016

Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің эксперттік кеңесінің отырысында қаралып, аудан көлемінде таратуға ұсынылды.

Хаттама № 3 18 тамыз 2016 жыл





Құрастырушы: Жұмағалиева Мирамгүл Қайыржанқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ІІ санатты мұғалімі



Сарапшылар:

Сатыбалдиев М.Ж - Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері.

Дауленова Б.Б – Қуағаш орта жалпы білім беретін мектебінің оқу ісі меңгерушісі.







Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 9-11 сынып оқушыларына қазақ әдебиеті пәнінен қолдануға арналған көмекші құрал.













































































Мазмұны:

Алғы сөз---------------------------------------------------------------5

Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар-----------------6

Анамның тілі - ардақтым менің--------------------------------10

Тәуелсіздік – еркіндігің, елдігің

Елің дербес өзге елдермен тең бүгін---------------------------14

Туған жер тұғырың------------------------------------------------19

Мұхтар Шахановтың шығармаларындағы

махаббат тақырыбы-----------------------------------------------23

Сәбит Мұқанұлының «Ботагөз» романындағы

Амантай мен Асқар бейнесі--------------------------------------30

Сан қырлы санаткер-----------------------------------------------34

Астана ЕХРО – 2017-----------------------------------------------40

Ұлы Отан Соғысына – 70 жыл!---------------------------------42

Ассамблея – татулық темірқазығы-----------------------------47

Менің сүйікті кейіпкерім-----------------------------------------51

Абай қара сөздерін адам тәрбиесінде пайдалану------------53

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде---------------55

Мәңгілік еліміздің – мәңгілік тілі-----------------------------58

Отбасы – Отанымыздың ошағы-------------------------------62

Қорытынды--------------------------------------------------------70

Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------71





































































































Алғы сөз


Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен , дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой–пікірін, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.

Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкіндігіне қарай, міндетті емес), кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды сонымен бірге материалды баяндау әдісі мен оның ретті жүйесі сияқты мәселелерден тұрады.

Ескерту: Еркін тақырыпқа жазылатын шығармаларды ғана өлеңмен жазуға ғана болады. Өйткені, еркін тақырып оқушыдан ерекше қабілет–дарынды, терең білімді, көркем әдебиетті көп оқуды талап етеді. Ерікті тақырыпқа шығарылған шығарманы бағалау оқушымен қатар мұғалімге де үлкен сын. Өлеңмен жазылған шығармаға өте жоғары талап қойылады. «Өлең – сөздің патшасы...» болғандықтан, онық бағасын төмендетпей, өлең құрылысына қойылатын талаптарды (буын, бунақ саны, тармақ, шумақ өлшемі, ұйқас түрі, тегі, т.б) ескеру керек. Өлеңмен жазылған шығарманың бәрін бірдей жоғары бағалау оқушыларды әдеби талғамсыздыққа, өрессіздікке тәрбиелейді, өлеңнің қадірін қашырады.

Жинақтың соңында берілген кейбір тақырыптар шығарма жазу талабына сай келмейді. Бұл материалды шығарма жазуда қосымша ретінде пайдалануға болады,

өйткені онда жазушы, ақындар туралы қосымша мәлімет, олардың шығармашылығына талдау жасалып ұсынылған.



5

Шығарманы жазуға қойлатын негізгі талаптар

  1. Тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы(оқулықтан көшірмей) толық аша білу.

  2. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай , оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  3. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу.

  4. Шығарманың барлық бөлімдерінің бір – бірімен тақырып, негізгі ой арқылы шебер байланысуы.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап , тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

  6. Шығарманың кіріспе және қорытынды бөлімдері қоса алғанда тұтас жұмыстың ¼ бөлігіндей болу қажет.

  7. Шығармада жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына , тарихи оқиғаларға , кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек.

  8. Оқушының жұмыс стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай (сөздік қоры , сөйлем құрылысы, материалды берудегі көрікті ой , көркем тіл, тілінің обарздылығы, ой сергектігі, сезімталдығы) бағаланады.

Шығарма көлемі мен уақыты төмендегідей болады:

9 – сынып- 3-4 бет, 10- сынып – 4-6 бет,

11- сынып – 6-8 бет, (оқушы дәптерінің беті)

6









































































Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесінің қатарынан екі сағат беріледі.

Шығарма жазудың ең басты мақсаттары

  1. Бала білімін бақылау, білім деңгейін тексеру.

  2. Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу.

  3. Ойлау еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін салысытру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

  4. Оқушылардың қабілеті , дарынына әсер ету, шығармашылық жұмысқа баулу.

  5. Шығарманың бағалануы туралы

Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен төрт салаға бөліп қарайды:

  1. Мазмұндылығы мен идеялылығы

  2. Ой–пікірдің жүйелілігі

  3. Стильі

  4. Грамматикалық сауаттылығы

Бұлардың қай–қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Шамамен алғанда , шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығы оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыстығы мен бұрыстығы, дәлелдігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады. Пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі , әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы т.б. енеді. Стильге тақырыпты ашуға байланысты ойын

7

қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің орамдылығы, сөз қолданысы, дәйексөзді қолдана білуі, сөйлемді дұрыс құра білуі.

Әдебиет бойынша

«5» деген баға:

  • әдеби материалды терең ұғынып, өте жақсы түсінсе, оны тақырыпты ашу үшін дұрыс қолдана білсе;

  • тақырыпқа толық әрі нақты жауап берсе;

  • ойын жүйелі желімен жаза білсе;

  • тілі бай әрі әдеби тіл нормаларына сай болса;

  • фактілік қателер болмаса;

  • қорытынды пікір орыны, тиянақты болса.

Мазмұнында 1 , тілінде 1 елеусіз қате болуы мүмкін.

«4» деген баға:


  • жұмыс мазмұны негізінен тақырыпқа сай болса;

  • әдеби тілмен жазса, бірақ ойын баяндауда бірен – саран дәлсіздіктер жіберсе;

  • қажетті қорытындылар мен түйіндеулерін дұрыс жасай алса;

  • стиль бірлігі сақталған, сөйлем құрылысы алуан түрлі, бай болса.

Мазмұнында 2, тілінде 2-3 кемшілік болуы мүмкін.

«3» деген баға:


  • тақырыптан айтарлықтай ауытқан болса;

  • материалды баяндау негізінен дұрыс, бірақ жекелеген фактілік дәлсіздіктер кездессе;

8

























































































































  • баяндау желісі аздап бұзылса;

  • сөздік қоры жұтаң, сөйлем құрылысы бір үлгіде, біркелкі болса, сөзді орнымен қолдана алмаса;

  • Стиль бірлігі сақталмаса, тілі солғын болса.

  • Мазмұнында 4, тілінде 5 кемшілік болуы мүмкін.

«2» деген баға:

  • жұмыс тақырыпқа сай келмесе;

  • көптеген фактілер бұрмаланса

  • шығарманың барлық бөлімдерінде баяндау жүйесі бұзылса, жоспарға сәйкес келмесе;

  • сөздік қоры өте жұтаң , сөйлемдері қысқа, біркелкі, өзара байланыспаса, сөздің орнымен қолданбау жиі кездессе;

  • стильдік біркелкілік сақталмаса.

Мазмұнында 6, тілінде 7 кемшілік болуы мүмкін.

«1» деген баға:

  • тақырыпты мүлде ашып жаза алмаса;

  • мазмұнында 7 және 7 кемшілік болуы мүмкін.



ҚР мемлекеттік

жалпыға білім беру стандартынан







9

Анамның тілі – ардақтым менің.

Жоспар

  1. Сүйемін туған тілді – анам тілін .

  2. Бабалардан жеткен аманат.

  3. Ана тіліміздің бүгінгі халі.

  4. Туған тілдің ертеңі жайлы ойлар.



Әлемнің құты,

Шешемнің сүті,

Сіңірген тұла бойыма.

Бар асылын халықтың,

Лұғатын ұлы тарихтың,

Құйған сана – ойыма,

Туған тілім өркенде,

Бола бер кушті, көркем де!

С.Мұқанов

«Сүйемін туған тілді – ана тілін. Жөргекте жатқанымда – ақ берген білім» деп Сұлтанмахмұт Торайғыров бекер жырламаған. Ана тілі ананың ақ сүтімен , ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, бойға дариды. Ана тілі деп аталуының өзі де сондықтан болса керек деп ойлаймын. Иә, ана тілім – ардағым . Ана тілі жайлы толғанбаған ақын – жазушы да жоқ шығар.

Әйгілі ақынымыздың:

«Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте .

10

























































































































Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!»- деген тамаша өлеңін білмейтін , ана тіліңде еркін сөйлей алатын қазақ баласы да жоқ шығар деп ойлаймын. Ана тілінің қадір – қасиетін сезініп өскен ұрпақтың болашағы жолында атсалысатын саналы адам болып шығатынына мен сенемін. Өзім де осы жолдан табыла білемін деп ойлаймын.

Менің ана тілім – қазақ тілі. Қазақ тілі – әлемдегі 17 миллион қазақтың ұлттық тілі аталып келген болса, тәуелсіздік алғаннан кейін ана тіліміздің мәртебесі өсіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деп Ата Заңымызбен бекітілді. Бұл Заң 1997 жылы 11 шілде де шықты.

Ана тіліміздің шұрайы мен шырайына сонау ерте замандардан – ақ шетел саяхатшылары , ғалымдары, ерекше мән берген.

Ұлы А.С. Пушкин қазақ даласына келіп , «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты жырларымызға тамсанып , әйгілі ғалым В.В. Радлов: «қазақтар тамаша шешен сөйлеп, әңгіме айтуды ұнатады, аса бай поэзияға ие», - деп жазған.

Астанамызға көшірмесі әкелінген қажетті Күлтегін ескерткішін, әл – Фараби еңбектері , Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи сынды ғұламаларымызды тани отырп кейінгі жас ұрпақ , біздер, ана тіліміздің бастауы тым әріде екеніне көз жеткіземіз, мақтанамыз.

11

Батырлар жыры, аңыздар, әңгімелер, жұмбақ – жаңылтпаштар – ана тіліміздің бүгінге жеткен алтын қазынасы.Бұлар – біздің өткен тарихымыз.Ана тілін шексіз сүйетін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөзін осы орайда еске сала кетейін: «тарих пен тіл тамырлас». Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы, атадан балаға қалдырған мирасы. Бізді өзге халықтардан өзгешелеп тұратын ерекшелігіміз.

Қазақ тілі ұлы Абайдың, Шоқанның , Мұхтардың, Ғабит, Сәбиттің тілі! Менің тілім!

Мен осынау ғажайып сырға толы ана тілімде сөйлей алатыныма , осы тілмен он бір жыл бойы білім алып , болашақ кәмелеттік өмірге жолдама аларда ана тілімде өз ойымды жеткізіп отырғаныма қуанамын. Әйгілі ақынымыз Әбділда Тәжібаев:

Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!- деп жырлағандай, кешегі социалистік дәуірде тарихи жағдайларға сай өз жерінде , өз елінде қысым көрген ана тіліміз өшіп кете жаздады. Қазақ мектептері , балабақшалары жабылып , орысша оқыған заманның әсерінен бұл күндері қаншама «қаракөздер» ана тілінен жұрдай күй кешуде.

Бұған заман кінәлі дегенімізбен еліміз егемендік алғалы да 26 жылдың жүзі болып қалыпты. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп 12























































































































Президентіміз өзі де үлгі көрсетіп, теледидардан қазақша сөйлегенімен , біздің көптеген замандастарымыз ана тілін әлі күнге дейін жеткілікті білмейді.

Ана тілін білмеген-

Ақысы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас- дегендей, ана тіліне жаны ашымаған адам өз Отанын жаудан да қорғамайды деп ойлаймын.

Ана тіліміздің қадірін кетіріп шұбарлап сөйлеу де қазір кеңінен ұшырасады. Тілді шұбарлау – арды шұбарлау емес пе?

«Арым жанымның садағасы» деп өткен бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы , біздердің бұл ісіміз әрине, ұнамсыз екені анық.

Қазіргі кезеңде өзін – өзі сыйлаған мемлекет ең алдымен тілінің тазалығына мән беретіндігіне күнделікті ақпарат куә.Германияға көшіп жатқан көрші немістердің онда бару үшін ең алдымен тілден емтихан тапсыратыны бәрімізге белгілі.

Болашақта қазақ тілі нағыз мемлекеттік тіл дәрежесіне сай болатын күн алыс емес екеніне мен сенемін. Іс қағаздар қазақша қатесіз толтырылып, көшедегі жарнамалар ана тілінде ілініп тұратын болады.

«Көш жүре бара түзіледі» дейді қазақ қазақ мақалы. Көш жүрді. Ардақты ана тіліміздің де бағы

13



жанып , туы бейіктейтін күнде алыс емес.

Қазақ халқы барда қасиетті қазақ тілі өлмейді деп ойлаймын. Ақиық ақын Мұқағалиша айтар болсақ:

«Ал екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім!»

«Адасқанның айыбы жоқ , қайта үйірін тапқан соң» дегендей, өзге тілдің жетегінде жүрген қандастарымыз да ойланар, тілімізге мойын бұрар, көсегесі көгеретін кезең туар деген үмітпен шығармамды аяқтамақпын. Ана тілі туралы жайлы айтылар ойлар, пікірлер ешқашан таусылмайды.

«Егер туған тілім ертең жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын» деген ақын Расул Гамзатовтың сөзімен түйін жасамақпын. Халқыңмен мәңгі жаса, қадірменді қазақ тілім, ана тілім!



Тәуелсіздік – еркіндігің , елдігің,

Елің дербес өзге елдермен тең бүгін.

Жоспар

І кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Тәуелсіздігім – теңдігім.

  2. Тәуелсіздігімнің айбары – желтоқсан.

  3. Ақын тәуелсіздіктің жаршысы.

ІІІ. Қорытынды

14









































































Данасы мен батыры көп қазақтың,

Көрген талай қияметін азаптың.

Аршындаймын көк туымды шалқытып,

Жасай берсін, тәуелсіздік, азат күн.

Намысымның шырағындай желтоқсан,

Тәуелсіздік пырағындай желқтоқсан.

Тарихымда із қалдырып, жаңғыртып,

Аңыз болдың жыр ағындай желтоқсан.


Тәуелсіздік! Бостандық! Кім – кімнің де жүрегіне жағымды, жайлы сөз. Қалай тебіренбессің? Қалай толқымассың?

Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен демократиялық жаңару жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі.

Жол! Тәуелсіздік жолы. Ол алыс пен жақынды қосады. Кешегі мен болашақты жалғайды. Біз ғасырлар бойы жоқ іздеген халықпыз. Біздің жоғалтқан асылымыз – тәуелсіздік еді...

Біз осы асылды іздеп, соқпаққа да, сүрлеуге де түстік, тығырыққа да тірелдік, сөйтіп осыдан он сегіз жыл бұрын бір жолға түстік. Бұл жай жол емес , даңғыл болып шықты. Ол тәуелсіздік даңғылы еді.

Міне еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл болды. Зымырап алға озған уақыт кері қайырылмайды. Көзді ашып жұмғанша кешегі дүниеге келген жас сәби , енді міне , бүгін мүшел жастан шықты, бойжеткен мен бозбала болды емес пе?

Адамзат қоғамның тарихы үшін жиырма бес жыл деген ұзақ мерзім емес. Дегенмен Қазақстан үшін бұл жылдар аса маңызды тарихи оқиғаларға толы болды: осы жылдар



15

ішінде тәуелсіз қазақ мемлекеттік жүйесін бес ғасырлық үзілістен кейін қайтадан қалпына келтірілді, еліміз өз билігін өз қолына алды. Әлемнің жүзден астам мемлекеті Қазақстанның дербестігін таныды.

Желтоқсан оқиғасы. Бұл сөзді естігенде кез келген қазақ баласының көзінде үйірілген жас толады, мұңға тұнады. Ел басына күн туған желтоқсан айы талай қазақ баласын , қаракөз қыздарды жан түршігер азапқа салған уақыт. Қайтаттай ұл мен Ләззаттай қызымыз – қаншама қыршын жас ел еркіндігін аңсап , өмірден өтті. Олар жай кеткен жоқ . тәуелсіздік жақын деген алғашқы қоғырауды соғып өтті.

Желтоқсан оқиғасы әлемді дүр сілкіндіргенімен әлі күнге дейін талай қандастарымыздың санасын сілкіндіре алмай келеді. Олай дейтін себебіміз , қазіргі таңда желтоқсан оқиғасынан хабарсыз жастарымыздың кездесуі, ал Кеңес дәуірінің тарихын оқыған жоғары буынның 1986 жылғы қанды жексенбіні білмейтіні кемде – кем.

Осы орайда еліміздің егемендігін аңсаған ұл – қыздарымыздың тағдырын жырға қосқан ақындарымызға назар аударсақ , ең алдымен Мұхтар Шаханов поэзиясы тілімізге тиек бола алады. КСРО халық депутаттарының І съезінде басын бәйгеге тігіп , желтоқсан оқиғасы жөнінде алғаш рет мәселе көтерген , Шыңғыс Айтматовша айтсақ , «Кремльдің қабарғасында тұп – тура бомба жарылғандай» етіп сөз сөйлеген Мұхтар Шахановтың съезд мінберіндегі үш минуты болашақ үшін ақиқаттың бастауындай болған еді. Ақын тілімен айтсақ :

Арман ойда күмбір – күмбір күй қызып,

Арғымақтың жал құйрығын түйгізіп,

Аңыратып , көсілтіп бір жүректің ,

Үлкен сөзін үш минутқа сыйғызып.

Үш – ақ минут шабыт – нөсер мырза шақ,

16





































































Көк тіреді көңіл біткен бір жасап.

Үш – ақ минут жетеді екен мәртікке ,

Шығу үшін мәңгі өлмейтін жыр қашап.

Өз мүсінінің тұғырын соққан желтоқсандық жастардың қатарында ерекше орын алып, небары 22 жас жасап , жасындай қысқа ғұмыр кешкен ұлттық батырмыз Қайрат Рысқұловтың есімін, ерлігін білмейтін қазақстандықты табуымыз қиын.Осы ағамызға Көктеректе ескерткіш ашылғанда ақын Мұхтар ағамыздың оқыған жыры Қайраттың рухын бұрынғыдан да көтеріп жібергендей еді.

Жігеріңмен көктен өтіп,

Ұлт мүддесін шекпен етіп,

Төбең бір сәт көкке жетіп,

Өз өлкеңе ескерткіш боп,

Оралдың ба айдарлым.

Қиын сәтте жалау еткен намысын ,

Бағың жансын , қайсар ұлым,

Жанын қиған ел үшін.

Алматыға Ноғайбайдың ұлы болып аттанып,

Бар қазақтың мақтаны боп,

айта оралған арысым!

Арада 4 жыл өткен соң 1990 жылы Республикалық алаңда бас қосып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын есте қалдыруға арналған ескерткіш тақта орнату рәсімі болды.

Бұл ескерткіш тақта – бүкіл қазақ халқының , қала берді республикамыздың мекендейтін барлық ұлттардың рухани жеңісі.

Бұл тақта- аузынан ана сүті кетпей жатып , шашынан сүйретіліп сабалаған жазықсыз жалаға ұрынған бүлдіршін қыздың көз жасын қойылған ескерткіш.



17

Бұл тақта –әлемде әлі зорлық бар деп ұғынып үлгермеген қаншама жас жігіттер мен қыздардың әділетсіздікпен бетпе – бет ұшырасқан қайғылы шағының ескерткіші.

Бұл тақта – негізсіз күдікке, қудалауға ұшыраған немесе ұл – қызын күтіп , түрменің тас есігінен сығалаған қанша аналарымыз бен әкелеріміздің төзіміне қойылған ескерткіш.

Бұл тақтада: «Елдің сол кездегіде солақай басқаруға болмайды, ұлттың арысын , халықтың намысын аяққа басуға болмайды, өйткені әділет жеңбей қоймайды»,- дегендей тәуелсіздіктің шежіре – тарихы бардай сезінесің.

Жиырма бірінші ақпанда Республика Жоғары Сотының пленумы болып өтіп, алты алаштың алақанына салып, ардақ тұтқан жас азаматтар – Қайрат Рысқұлбеков , Түгелбай Тәшенов, Қайыргелді Күзембаев және тағы басқа желтоқсандықтар толық ақталды.

Біз - осы елдің тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз. Біз үшін мұнан үлкен мақтаныш жоқ шығар. Нендей жақсылық , ерлік жасасақ, өзіміздің тәуелсіз еліміз үшін , Отанымыз үшін жасайтын , ешкімге жалтақтамайтын еркін елдің ұрпақтарымыз!

Тәуелсіздік – елдігімғ еркіндігім, тарихым , тілім, дінім деп , осы елде туғанымды мақтан тұтамын.

Арманы болған бабамның,

Еркіндік бүгін төрімде.

Құлпырып төсі даламның ,

Рухтана түсті елім де.

Қыраным көкте шарлайды,

Әйгілеп сені туған жер.

Еркіндік жайлы, ел жайлы,

Шырқалсын мәңгі асқақ ән.

Төбемде нұрлы азат күн ,

18





































































Менің де нұрлы жанарым.

Көтерген туын қазақтың,

Ұланы болам даламның.



Туған жер тұғырың



Жоспар


  1. Еркіндік – бабалар тілегі.

  2. Туған жердің құдіреті.

  3. Еркіндік үшін жеңіс – бүгіннің жемісі

  4. Еркін елдің Елбасы.

  5. Туған жердің бүгінгі ұрпағы – елдің ертеңі.



Қандай дүние жетеді балауыңа!

Бәрі сенің , жан отан, қалауыңа!

Өз бейнеңді әлемге тұр танытып,

Қазақстан гербі де жалауы да.


Жұбан Молдағалиев


Туған жер жайлы жыр да , қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі.

Бұдан біз әр халықтың тәған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына , санасына бала кезінен – ақ сіңіруге ұмтылғандығын туған жер жайлы мақал – мәтелдерден , аңыздар ммен батырлық жырларынан көреміз. «Ит - тойған жеріне, ер – туған

19

жеріне» немесе « Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас » деп ерекшелеп көрсетеді. Туған жерін сағынғанда патшалығын да тастап , елге тартқан Бейбарыс баба туралы аңыз да жүрекке жылы.

Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері , туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.Егеулі найза қолға алып , еңку –еңку жер шалып ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау , нығайту – әрбірімізге парыз .«Елің үшін отқа түс - күймейсің» дегендей , туған елінің бостандығы , жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін туған елі ешқашан ұмытқан да емес, ұмытпақ та емес.

Тәуелсіздік дегенді жыл өткен сайын терең түсініп келеміз. Өз елің , өз жерің , өз Отаның бары бәрінен артық екен. Оны мен мына бір әңгімеден терең түсінгендей болдым. Бір күні теледидардан шет елдегі қандастарымызға барып, жолығып әңгімелескен қазақстандық тілшілеріміздің әңгімесін естідім. Сонда шетте жүрген қандастарымыз былай деді. «Біздің тұрмысымыз өте жақсы, бәрі бар, бай тұрамыз»Бірақ , адамға бір ғана нәрсе қымбат, жетіспейді. Ол – Отан, туған жер . «Бұрын бізден, сендер қай елден келдіңдер, Отандарың бар ма? » деп сұрағанда, сөз таба алмай басымыз салбырап төмен қараушы едік.

Қазқстан тәуелсіздігін алғалы шетте жүрсек те, «бізде отан бар, ел бар, туған жеріміз – Қазақстан » деп, еңсемізді көтеріп еркін тұрып жауап береміз дегенде, шыныңда жүрегің шымырлап, айналайын өз елім –ай, деп жұдырықтай жүрегіміз қуанышқа бөленеді. Тәуелсіздік деген осы екен ғой. Бабаларымыз тегін қан төкпеген екен.Міне, солардың төккен қаны менаққан тері, көз жасы, ұлағатты арманы орындалды.

20




































































Тарыдай шашыраған ұрпағы жерге қарамады. Бабаларымыз өмірден өзі жылап өтсе де ұрпағының өмірі өксімесін, өгей баланың күнін кешпесін деп қалған ұрпаққа аманат етті. Ұрпақтары өзіне жүктелген аманатты орындап егемендікке қол жеткізген ғасырдың ерекшелігі де осынау жастық кезеңнен бастау табуында деп түсінемін. Бұл міне өзіне жүктелген аманатын орындау жолындағы бетбұрыс бүгінгі тәуелсіздіктің жемісі, соның айғағы емес пе ?

Еркіндік үшін жеңіс – бүгінгінің жемісі .бізідң қазақ халқы өте төзімді, шыдамды , қайсар, батыл , ер халық деп ойлаймын. Біз тарихтан қарап отырсақ , қатынез толқындар біржолата мәңгі жойып жіберетіндей талай қиын кезең тұсында қиналса да, аман қалыпты. Бірақ өмірге құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, мың өліп, мың тіріліп, тәуекелге бел буып, өздерін емес, келешек ұрпақ қамын ойлады. Өздерін ағалата алмаса да, елін табалатпады. Жері мен елін ұрпаққа тапсыруды, өмірлері өксімей өз еркімен өмір сүрсе деп еркіндікті ойлады. Міне, сол өткен күрестер жеңісі бүгінгінің жемісі болып жалғасын тапты.

Біз өткен күрестер жеңісінің арқасында бүгін міне, тәуелсіз ел болып, еркіндікте жүрміз. Елімізді бастап ұрпаққа жол көрсететр президентіміз бар. Президент – еліміздің, өміріміздің айнасы. Ел бірлігін, Отан тыныштығын жан – жақты қарастырып отырады. Біздің Президентіміз өте ақылды , көреген, келешекті болжағыш адам деп ойлаймын. Өйткені тәуелсіздік алған елдермен салыстырып көргенде ұлтаралық жанжал , қақтығыс, босқындық, берекесі кеткен елдер бар.Осыдан сақтасын. Бізді бейбіт тыныштық жолмен алып келеді. Бұл тыныштық тәуелсіздік ала салысымен орнай қойған жоқ . Мұны да қалыптастыратын ақыл керек. Біздің елімізде көптеген ұлттар мекен етеді. Соның бәрінің басын қосып

21

біріктіре білді. Тәуелсіздік алған күннен бастап ұлтына қарай бөлмей, достықпен, береке – бірлікпен Қазақстанда тұратын барлық халыққа бірдей саясат жүргізді. Барлығын бірлікте ұстап, дұрыс жолға қойып, қамқор бола білді.Асықпады да аптықпады. Елімізді әлем таныды . Міне, сол іскерлікпен тым қысқа жиырма бес жылдың ішінде әлемге әйгілі дүние жүзі таныған өркениетті ел қатарына қосып келеді.Ел үміті - ертеңде, ертеңнің кепілі – Нұрсұлтан атамызда. Өйткені Елбасы – тәуелсіздіктің тірегі . Жаңа дәуірден , қиын – қыстау тың жолдан Қазақстанды сүріндірмей, адастырмай, алып жүрер – Елбасы деп ойлаймын.

Бүгінгі ұрпақ - елдің ертеңі . біз – еліміздің төл перзентіміз. Жас мемлекетіміздің жаңа түлегіміз, жаңа тағанымыз деп ойлаймын. Туған жердің тұғырына қонар жас қыранымыз. Біз бірінші сыныптан бастап тәуелсіз ел, егеменді ел, еркіндік ел, бостандық дегенді сезініп өстік, көрдік, білдік. Ұстаздарымыз, өмір көрген әке – шешелеріміз үнемі ұқтырып, үйретіп келеді.

Барлық әніміз де, жырымыз да Отан үшін, туған жер үшін арналып келеді.Өткен тарих беттерінен өткен өмір мен бүгінгіні салыстырып түсіне білдік. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес.Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек.

Ендігі тілек – ауыл тезірек көркейсе екен. Қирап қалған орынға жаңа ғимараттар тұрғызып, Қазақстанның еркіндік жолындағы батырлар қорғаған атамекенге өздері қожа екенін түсінді. Ауыл көркейсе, туған топырақтағы байлық өз қолдарына тиген еркін жас ешкімге жалтақтамай, аяғын өз жерінде нық басады. Жайлау төсін малға толтырып, жайқалтып егін өсіреді. Міне, осының барлығын өмірлі етіп, туған жердің тұғырын нық орнатар

22


































































бүгінгі бір ғана біз. Еркіндік – ежелден ата – бабаларымыздан бастап бүгінгі ұрпаққа дейін арман тілегіміз . тілегіміз қабыл болғай!

Бұлт баспасын Күнімді,

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау туымды –

Қасиетті борышым.



Мұхтар Шахановтың шығармаларындағы махаббат тақырыбы


Жоспар


І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.


1. Махаббат- мәңгі ертегі

2. Махаббатсыз дүние бос.

3. Махаббат символы –Естай мен Қорлан.


ІІІ. Қорытынды.

Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,

ал қалғаны жай күндер.

М.Шаханов «Ғашықтық ғаламаты»


ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында ешкімге ұқсамайтын өз даусымен, өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған Мұхтар Шаханов - қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен еркешеленген ақын. Қазақтың қара өлең жазирасындағы, қала берді, әлем поэзиясында ірі тұлғаға айналды.

23

Мұхтар Шаханов туралы Ғабит Мүсірепов «Дарын танылды. Ар – намыс танылды. Бұл ақынымыздың әрбір шығармасын оқығаннан кейін, азды – көпті ойланбай қала алмайсың ой мен сезімге едәуір күш түседі. Тек автобуста келе жатып оқыма, басыңды жастыққа сала беріп оқыма! Өйткені оның әрбір жолы қадағалап оқуды керек етеді» десе, Ғабиден Мұстафин» өз дәуірінің көкейкесті проблемаларын дөп басып, кең тыныс пен толғай білетін , оқырманына таңдай қақтыра отырып, кейде пікірталасын тудыратын , аз уақыт ішінде өз соңына қаншама қалың жанкүйер ерткен Мұхтар Шаханов секілді ақын бұрын бізде кездеспеп еді» деп баға береді.

Ақын поэзиясына алтын арқау болған тақырыптардың бірі - ізгі махаббат, шынайы сүйіспеншілік.

Мықты болсаң, жарқыным, ізіңді сал елсізге.

Ізсіз жандар өнерде толып жатыр сенсіз де, - деп өзі жырлағандай, махаббатты жырлаудың өзгеге ұқсамас тәсілін ақын елсізден , «әлі ешкім бастамаған жолдан» іздеді. Сол жолды тапты да , сүйіспеншілікті жырлау да өзге ақындар сияқты көңіл – күй пернелерін дәл басып , сезімді селт еткізер дәстүрлі нәзік лириканы емес, тереңнен тамыр алып, философиялық ойға құрылған, тарихпен сабақтас сырлы лириканы дүниеге әкелді.

Ақынның ғашықтықты жырлауда жасаған философиялық тың байламдар оның шығармашылық даралығын танытса, осы тақырыптағы «Махаббатты қорғау» , «Сенім патшалығы», «Сейхундария», «танакөз» поэмалары мен «Жанерке», «Ғашықтық ғаламаты», «Шың басындағы оқиға» балладалары, «ұйқысыз өткен түн», «Алғашқы махаббатқа хат» өлеңдері ақын поэзиясының жаңашыл сипатын аша түсті. Бұл шығармаларында бойкүйездік, сатқындық, арамдық, жалғандық әшкерленіп

24



































































сыналса, ақиқат, адалдық, сенім, тұрақтылық секілді рухани қасиеттердің сүйіспеншіліктен бастау алатыны көрінеді.

Парасатты мұңданудан,

Жерді қирап күл болудан,

Таңды қара дүрсіндіктен,

Адамдарды күншілдіктен

Қорғап келген бір ән бар.

Ол ән – ұлы достық әні, негізгі әні ғаламның,

Ол ән – ұлы махаббаты менің сайын даламның ,

Дала көңіл бабамның,.

Сол екі әнмен гүлденер жер ,

Салмақ тауып саналы.

Сол екі әнді білмегендер

Өмір сүрдім демесе де болады, - деп ғаламды ұстап тұрған достық әрі махаббат екені «Сенім патшалығы» деген өлеңінде ақын тебірене жеткізеді.

Ақын «Сейхундария» поэмасында махаббаттың не екенін өзіне сөйлету арқылы ашады:

Ғасырлардан ғасырларға жол алған,

Ұшып келген арман атты аралдан .

Мен тірліктің ақ құсы едім, аппақ ардан жаралған.

Даңқым алыс таралған .

Әйтсе де махаббаттың ылғи көктем сыйламайтын,

Кез келгеннің басына қона бермейтін қасиетін:

Көктем гүлін қадасамда шашыма,

Ылғи көктем ерткенім жоқ жаныма – деп өрнектейді.

Махаббаттың жолын кесетін қиянатты:

Тағдыр мені салды қанша сотқа да,

Мойығам жоқ , күйген жоқпын отқа да.

Тек күншілдік орағытты алдымды,

25

Тек зұлымдық қалмай қойды ізімнен, - деп жырлайды.

Махаббатта тек бақыт, шаттық қана емес, қайғы мен қиянат та қатар жүретінін:

Қанатымда самалы бар бақыттың

Саусағымда жүзігі бар қайғының, - дейді.

Махаббат - ұлы сезім, оның даңқы асқақ, құдіреті жоғары, сондықтан да ол ешқандай алтынға сатылмайды. Бұдан махаббаттың тірліктің ақ құсы бола тұра , ешкімге бағынбас, мойымас күшін кез келгенге бұйырмайтыны көрінеді, ол зұлымдық пен күштіліктің құтылмас азабын тартса да, үміт пен сенімін тірек етіп, сатылмас биікте паңдана тұрған мәңгілік құдірет ретінде жырланады.

Ақын махаббатты өзгеше тұжырымдармен береді:

Махаббат ол қос жүректің әні ғой...(«Шың басындағы оқиға»)

Махаббат ол – жан мен тәннің тізе қосқан ерлігі...(«Махаббатты қорғау»)

Иә, махаббат – қайсар құзды жарып өтер тасты жол...

(«Махаббатты қорғау»)

Ғашық көңіл – мәңгі жасыл айдын көл. («Ғашықтық ғаламаты»)

Ұлы Абайдың «Махаббатсыз дүние бос» деген ойын Мұхтар Шаханов:

Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,

Ал қалғаны жай күндер.

(«Ғашықтық ғаламаты»)

Ұлылардың «Әлемді ұстап тұрған - махаббат» деген ойын ақын:

Ғашық болу келсе кімнің қолынан

Әлем соған сенеді,

Құлай сүю – ерлікпен тең себебі.

Бірақ сүю бақыты

26





































































Кез – келгенге тартылмайтын сыбаға, - деп қорытады.

Махаббат кез келгенге тартылмайтын сыбаға, олай болса, сол жолда күресу қажет, өз махаббаты жолында күресе алмаған жанға:

Махаббатқа жан ридалық етпедің бе,

Бәрі бекер.

Енді қалған қызығыңның нарқы кеміп,

Мәні кетер. – деп жиіркенішті қарайды.

Махаббат тақырыбындағы шығармалардың ішінде шоқтығы биік тұрған туындылардың бірі – «Ғашықтық ғалматы» балладасы. Бұл балладаның ерекшелігіне тоқталсақ, біріншіден өлең тарихпен сабақтас, яғни, белгілі бір дәуірде өмір сүрген Естай ақын мен оның ғашығы Қорлан туралы бачндалады; екіншісі, өлеңде философиялық тұжырымдар, тың байламдар мол кездеседі, бұл ақынның сарабдал ойшылдығын танытады; үшінішіден, өткен ғасыр оқиғасын бүгінгі дәуірмен сабақтастырады, салыстырады, бұл – ақынның қткенге бойлай отырып, бүгінді тануы; төртіншіден, Естай – Қорлан махаббатының пір тұтылуы, яғни, Естай ақын мен Қорланды мәңгілік махаббаттың символы ретінде дәріптейді.

Өлең қызының тағдырына алаңдаған ананың ақынды іздеп келіп мұңын шағынуынан басталады. Ештеңені аямай мәпелеп өсірген жалғыз қызы құрбысының алды болып, қызғалдақтай құлпырып бойжеткен шағында албырт сезімге беріліп, небір жайсаң төредей жігіттерді елемей, әйелі, баласы бар бұйрабас әртіске ғашық болғаны ананы алаңдатады. Қызы ақынның жырларын жатқа оқитын білетін шаарасыз ана:

Өзіңе аян, қыз көңілі гүл нәзік,

Жеңе алмаспыз өр мінезбен ұр да жық.

Өтінемін,

27

Сол бақытсыз сорлыға

Қолұшын бер , ой саларлық жыр жазып, - деп ақыеға қолқа салады

Ана алаңын түсінуге болады. Неге жалғыз қыз баласы әйелі бар бұйыра бас әртіске ғашық ? Неге өзгелерді көзге ілмеді? Ақын қиналды, бір жағы ана мұңы, бір жағы - қос ғашық. Осы тұста Мұхтар Шаханов «Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді» деген философиялық тұжырымға келеді. Бұл - ешкімнің емес, Мұхтардың философиясы. Қазақтың ауыз әдебиетіндегі ғашықтық дастандарында , «Қозы Көрпеш – Баян сұлуда» Қозы Баянды, «Қыз Жібекте» Төлеген Жібекті іздеп жолға шықты, сол жолда ғашығы мерт болды, Баян Қозыны өлтіргені үшін Қодардан кек алды, бірақ Қозысыз өмір Баянға керек емес, сондықтан өзіне қол салды.

Бұдан ғашықтардың тағдыры өз қолында екенін оған ешкімнің билігі, үстемдігі жүрмейтіндігін байқаймыз.

Ал Мұхтар ақын бұл тұжырымын Естай ақынның махаббатымен дәлелдейді. Елу бір жыл Қорланға ғашық болған Естай ақын ғашығының берген алтын жүзігін қолынан тастамайды. Заман жыланның кесірі қосылуға жазбаса да мойымады.

Иә, Естайды мәңгі жасартып қойған – Қорланға деген махаббаты.

Ол көрініс ақын жазған өлеңінде:

Елу бір жыл ғашық болдым Қорланға ,

Елу бір жыл өмір сүрдім ендеше .

Қорланды ойлап қиял қостым таңдарға.

Қорланды ойлап шықтым қанша заңғарға, - деген жолдар арқылы беріледі. Естайды естай қылған , ақ арманы боп өмір сүруге жетелеген Қорлан – оның мәңгілік жастығы , мәңгі өмірі . Сүйген жүрек Қорланға өмір бойы ғашық болса, өмірге де сондай ғашық . Естай ақын

28





































































тіршілікпен қоштасарда жан досы Нұрлыбекті шақырып:

Ей, Нұрлыбек, өренім,

Жетпіс екі жасымда

Тұзағына іліндірді мені өлім..

Қорланымның көзі болған жүзікті

Өтінемін,

Өзіммен бірге жерлесін! – деп қолқа салады. Естайдың бұл тілегінен Мұхтар ақын «Ғашық болып өлу қандай мәртебе» - деген жаңа тұжырымға келеді. Естайдың бұл әрекетін естіген Қорлан :

Егер олай етпесе,

Естай Естай бола ма?!

Естай Естай бола ма?!

Онсыз дағы жаны сұлу балаңа

Сұлу өлім сыйлапсың –ау, жер – ана, - деп ақ жаулығы желкілдеп еңкілдейді. Қорланның Естайға деген аппақ та тұнық сезіміне таң қалған Мұхтар «Нағыз ғашық қарттығыңа көнер ме?» деген байлам жасайды.

Иә, Қорланды жылатқан - Естайға деген махаббат. Кейін өзі қылтамақтан өлерде күйеуін сыртқа шығарып жіберіп, немересіне Естайдың әнін салдырып, «бақыттымын, бақыттымын» деп мәңгілік көз жұмады. Ақын Естайдың Қорланға деген кіршіксіз махаббатын жырлай отырып, ғашықтық деген сезімінің ғаламат күшін паш етеді. Естайдың өлімін биік өлім деп бағалайды. Ол ғашықтық дегенде, көрсеқызарлық , арзан құмарлықты айтып отырған жоқ, тіршіліктің тірегі, ұлы сезім – мөлдір махаббатты үлгі етеді. Анаға Естай өмірін өнеге ете отырып.

Апатай – ау ,

Қызым батты күнәға

Деп қамығып жылама,

29

Жанарыңды қасіретке бұлама, - дейді. Ақын «Сүю бақыты – кез келген тартылмайтын сыбаға» деген ой түйеді.

Иә, махаббат – біреуге бақыт, біреуге мұң, біреуге алыста болса , біреудің қолында. Ал асқақ махаббат кедергісіз болмайды. Ақын осылайша пікір қорыта отырып, жастарды кінәлау мен жазалауды емес, қайта бір- бірін шын махаббаттарын ұғынып ,сезінуді соны бағалай білуді түсіндіріп жеткізеді.



Сәбит Мұқанұлының «Ботагөз» романындағы

Амантай мен Асқар бейнесі



Жоспар

І .Кіріспе.

Барлық жанр алыбы – Сәбит Мұқанұлы.

ІІ. Негізгі бөлім.

«Ботагөз» - қазақ прозасының биік бәйтерегі.

Амантай - халық қамқоршысы.

Адамгершіліктің асыл иесі – Асқар.

Өнер – білім – мұртқа жеткізер мол қазына.

ІІІ.Қорытынды.

Ғасырдан ғасырға ұласар ұлағаты.


«Ботагөз» - шытырман оқиғалы, сом туған,

бір бүтін көркем шығарма. Қазақ әдебиетін

биік сатыға көтерген , бүкіл көп ұлтты.

әдебиеттің қазына қорына енген, көркемдік-

идеялық нысанасы жоғары, кесек шығарма.


Мүсілім Базарбаев

30




































































«Ботагөз» романы 1938 жылы «Жұмбақ жалау» деген атпен басылып шықса, кейін С.Мұқанов оны түзетіп, толықтырып жазып, «Ботагөз» деп ат қояды. Ол ат өте орынды еді де, өйткені романдағы ең негізгі оқиға желісіне ұйытқы, бас шаңырақ болатын бейне – Ботагөз.

С.Мұқановтың бұл романы – өз дәуірінде де қай мезгілге кез келсе де, сом соғылған мұра. Бұрын патшаның отарлау саясатын басынан кешкен Орта Азия , Қазақстан халықтарының тұрмыс – тіршілігін, өмір өткелдерін баяндайтын бұл роман көптеген елдер тіліне аударылды да кинога да түсірілді. Сондықтан қай ұлт өз тілінде аударылған «Ботагөз» романын оқығанда, өзінің бастарынан қткен тарих жағдайды көрген соң, қызыға да , қуана да ұарсы алып, қолдан – қолға түсірмей оқитын жағдай туды. Бұл романнан бұрын мұндай қазақ әдебиетінде қызық оқиғалы тарихи шындық трактат ретінде тамаша көркемдеп, бейнелеп, бедерлі етіп жазылған шығарма жоқ еді.

1916 жылы қазақ өмірінде осы романның «Тұңғиықта», «Таң атарда», «Күн күлімдегенде» тақырыптарынан – ақ, сол кездегі халықтың басынан өткен тарихи кезнеңдерді көз алдыңа елестетіп береді. Зор тарихи ауыр кезең туды. Патша үкіметінің 25 маусымда «бұратана елдерден» майданның қара жұмысына солдат алу туралы жарлығы шықты. Бұл жарлық қана емес, патшаның халықты саяси – әлеуметтік жағынан қанаудың бір сыры, түпкі мақсаты әріде жатқанын байқатқан еді. Тіпті, Петр І заманында – ақ бұратана халықтың бас көтеруіне мүмкіндік жоқ екендігін үстем тап билеушілеріне жасырын ғана құлағына құйып қойған қорғасын екенін ол кезде түсінбеген екенбіз ғой.

Адал ниетті ақкөңіл, жалғандық пен жауыздыққа


31

қаны қас Шығыс халықтары талай жылдар бойы құлдық

қорлауына төзіп келсе де, «шыдамның да шегі бар»деген ғой, ішкі – сыртқы әлеуметтік езушілікке жалғыз қазақ халқы ғана емес, құлдық құрсаудың қоршауында келе жатқан Орта Азия халықтары да бас көтеріп, көтеріліске шығып, бұның өзі бүкілхалықтық ірі ұлт – азаттық қозғалысына айналған еді .

Романда бұл жағдай баяндала келе, Амантай секілді халық ортасынан шыққан, үстем тап өкілдерінің тепкісінен жапа шеккен, шектен асқан қорлық көрген, құлдық қанауда қорланған халықты басқарған ардагерлер, Асқар секілді оқыған азаматтармен бірлесе отырып күреске шыққан халық дүмпуін көрсетеді.

Әрине Амантай өзі ауыр азап шеккен ауыл адамдарының езілген күйін көріп, соларды ұйымдастырып, басқарып, бас бостандықтарын алуға күреске шақырса, басқа қазақ даласының қай саласында болса да бас бостандығын алуға күпеске шыққан көтерілістер жер – жерде болған еді. Бірақ ,оларды бір орталықтан басқарып, ұйымдастырып отыратын ұйымдық дәрежеге жеткен жоқ еді. Сондықтан әр жерде көтерілген халық дүмпуін патшаның қарулы күші басып тастап, бастықтарын жоқ етіп, не Сібір, не каторгіге айдатып отырады. Соның бірі - Амантай түрмеге түсіп, халқы үшін талай азап шеккен еді. Бірақ Амантай елім деп еңіреп өткен , шыбын жанын халқы үшін шүберкке түйген, туған жерім деп ту көтерген азамат болған.

Амантайды С.Мұқанұлы азаттық өмірді аңсаған ел тілегінің жоқшысы, сол жолда табандылық, қайыспас қажырлылық көрсеткен, өмірге деген өзінше көзқарасы бар, сана – сезімі ерте оянған, ойлы азамат етіп суреттейді. Алғаш патшаның уряднигі Кошкинге кездескенде:

Сен кім? – деген Кошкинге.

32





































































Қазақпын...

Кімсің?

Амантаймын...

Сібір айдатсаң да, бұл атты саған бермеймін»,- деп, қамшыны бір басып, атты айдап кете баруының өзінде – ақ Амантайдың өжет, батылдығы байқалады.

Амантай – Ботагөздің нағашысы, ол – оқымаған адам. Бірақ өмірдің ащы – тұщысын көп көрген, тұрмыс – тіршілік мектебі сабағының қиын – қыстау кезеңін басынан өткізген, көкірегі ашық, көзі қырағы, батыл қимылдайтын, қызу қанды адам болып суреттеледі. Халық қазанында қайнаған, қазақ халқының батырлық , ержүрек, жауына ожар, халқына қарапайым қасиетін Амантай басынан көреміз. Бірақ қанша өжет, батыл болса да, халқымның инабаттылық, сыпайылық, қарапайымдылық, өскен ортасын, ауыл ақсақал азаматтарын құрметтеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, қанына сіңген қазақ дәстүрлерінен аттап өтпейді. Амантай Итбай болыстың үйіне барғанда, қанды ашу, қандай ызамен кекті болып барса да, үй тола отырған ақсақалды адамдарды ыйлап, амандасып, шет жаққа ғана : «Маған ұсынған найзаңмен сен Итбай болыс, Таңатардың төрт ауылын түгел түйрегіңкелген екен. Біз де көшіп – қонған елміз. Көрерміз қырғаныңды», - деп қана шығып кетеді. Міне, бұл көріністен ашуды ақылға жеңдіре білетін, батырлық пен өжеттікті орынды жерінде пайдаланатын ақыл иесі Амантай екенін суреттейді.





33



Сан қырлы санаткер

(Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы туралы)

Жоспар

І. Кіріспе

Ел қадірін ел баққан ерлер білер ,

Зер қадірін зер соққан зергер білер.

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Ғаліммен дос болсаң – ақылың артар

Заліммен дос болсаң – басың қатар.

2. «Дүниеде түрлі өнер көп.

Өнерді тапқан шебер көп»...

(С.Дөнентаев)

3. «Газеттің өзі бір күндік, ақыл сөзі мың күндік»

(Ә.Нұршайықов)

4. Сөз өнері, өмір сәулесі, заман тынысы туралы философиялық ой толғаулар

ІІІ. Қорытынды.

«Май құйған шам сөнсе де,

Шамшырақ сөнбес өмірде.

Жақсы сөз бейне шам – шарақ,

Орнаған мықтап көңілге».

(Жамбыл)


Ахмет Байтұрсынов – аса көрнекті қазақ ақыны, журналист және педагог... Ол – қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы, әлеуметтік-қоғамдық өмірдегі қоғам қайраткері , халқын мәдениетіке шақырған, ұлтының арын жоқтаған нағыз азамат болған.

Дымғали Нұрғалиев.

34





































































Дүниедегі өмірдегі өзіндей байтақғ мынау жарық дүниенің даласындай дарқан ажайып тұлға, халқымның айдай маңдайына біткен абзал азаматы, асқар таудай арысы, өмір эжолы мәңгілікпен астасып, ғасырлардан ғасырларға ұласып ғ сан ұрпағымыздың елдік мектебіне айналған асыл ардагер азаматы – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахметтің атасы Шошақ еті тірі, намысшыл, батыл, бірбеткей, өте сергек адам болған.

Халыққа қатаң зорлық – зомбылық жасап, өте ауыр қысым көрсетіп, азаматын адам деп санамаған патшаның үкіметі ағалы-інілі Байтұрсын мен Ақтасты тұтқындап, 15 жыл Сібірге жер аударады.

Әділетсіз заманның құрбаны болған Байтұрсын мен Ақтастың балалары, інісі Шошақтың ең кенжесі Ерғазының тәрбиесінде болады.

Ахмет Байтұрсынұлы 1891 жылы Торғайдағы екі кластық орыс –қазақ училищесінде, Ы.Алтынсарин ұйымдастырған мектептерден тәлім –тәрбие алып, 1896-1917 Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалім болады. Патшаның әділетсіздігіне қарсы ұйымдасқан қазақ жастарының қоғамына қатысқаны үшін Ахмет байтұрсынұлыны Семей түрмесіне қамап, одан қазақ жерінде тұруға рұқсат бермейді. Сонда да халқына қалтықсыз қызмет етіп үйренген Ахмет қоғамдық-саяси, мәдени-әдеби өмірге араласуын тоқсатпайды.

Орынборда, Семейде өзінің өлең–жыр, әңгімелерін жазып тұрады.

Пәле деген аңдушы аяғымнан алып тұр,

Жала деген төбеті балтырымнан қауып тұр.

Жау білегін сыбанып,

Пышағын қайрап жанып тұр, - деп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, жабылған жала ақын үнін өшіре алмады.


35

Байқасаң, жезде,

Бауыздар кезде

Үн шығу бар емес пе?

Үндемей өлсек,

Сүйекпен көмсек,

Кейінгілер демес пе:

«Лақ құрлы бақырмай,

Өлген екен апырмай!»...дейді.

Ахмет Байтұрсынұлы қайткен күнде халқының сана-сезімін оятып, қоғам жетістіктерінен шет қалмауын ойлаған ол 1913ж. наурыздан бастап, «Қазақ» атты газет шығарып, оның бас редакторы болады. Өзінің «Маса» атты өлеңдер жинағындағы (1911ж.) өлең-мақалаларын, аудармаларын, ғылыми-зерттеу еңбектерін жариялап отырады.

Ақын ағартушы аудармамен көп айналысады. И.Крыловтың мысалдары, А.Пушкин, М.Лермонтов шығармаларын аударып, «Қырық мысал» атты жинағын басып шығарады. Негізгі мақсаты – халқының қараңғы да надан болып қалмауы, мәдениеті озық елдерден үлгі алуын ескертіп, маса болып ызыңдап оятып, қазақ қадамын алға бастыру еді.

Ахмет байтұрсынұлының «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген», «Досыма хат», «Бақ», т.б. өлеңдерінде әлеуметтік дүниені тану әлемінің жолдарын әсерлі етіп ғаламат суреттеген.Мысал өлеңдерінде де озбырлықтың бетін ашып, халықты талапқа, өнер-білімге қарай ілгерілетіп, мақсатына жеткізуді ойлайды.

«Ала қойлар», «Қасқыр мен қозы», «Қасқыр мен тырна», «Аңдарға келген індет», «Өгіз бен бақа», «Қарға мен түлкі»т.б. өлең-мысалдарында күштінің озбырлығын, халқының адал-аңқаулығын жырға қосады. Әрқашан әр


36





































































мысалдарында қорытынды, ақыл-кеңес пікірлерін беріп отырады.

...Қайырлы қарап істе адамыңа,

Қарайлас өзіңменен шамалыға.

Қасқырдай қара жүрек залымдардың,

Жүрмеңдер түсіп кетіп тамағына,- дейді.

Ахмет Байтұрсынұлы – сан қилы өнер иесі болған адам. Ақын, әнші, домбырашы, сазгер, әдебиетші, этнограф, ірі филолог. Халықты мәдениетті ел қатарына қосу үшін – әуелі сауаттандыру керектігін ойлап, қазақ тілінің дыбыс жүйесімен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлер жазып, қазақ тіліне қажеті жоқ араб таңбаларын алып тастап кітап жазды, оны орыс-қазақ мектептерінде қолдана бастады. Әуелі қазақ балаларының сауатын ашу үшін «Оқу құралы» деген кітап жазды, оны халық ұзақ жылдар пайдаланған еді. Сол қазақ дыбыстары, сөз тіркестері, сөйлем мүшелері туралы А.Байтұрсынұлы жазып берген атауларды біздер әлі де тілімізде қолданамыз. Осы тілді үйрететін мұғалімдердің де іс-әрекетін айтқан екен. «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, білген білімін басқаға үйрете білсе, ол мектептен балалар көп білім алып шығады.

«Бірінші - оқу құралы, екінші – жақсы мұғалім, үшінші мектепке керегі – белгіленген программа. Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгілі я мерзімді өлшемі болу керек, үлгісіз, мерзімсіз істелген іс олпы-солпы болады, сондықтан мектепке керегі программа болады»,- деп Ахмет Байтұрсынұлы сауатты оқыту үшін не қажеттің бәрін көрсете білді.

Ахмет Байтұрсынұлы – филолог қана емес, немесе қазақ тілінің ғана емес, әдебиеттану ғылымының да негізін салушы. Халқымыздың ғасырлар бойы ауздан – ауызға

37

айтылып келе жатқан алтын қазынасы эпостық жырларды,

нақыл сөзді, мақал- мәтелдерді, қара қалды қақ жаратын әділ де көркем нақышты шешен сөздерді жинап, біразын баспаға да бастырған.

Тек әдебиет жанрын жинап қойған жоқ екен ғалым, оның тарихына да, теориясына да назар аударып, 1926 жылы «Әдебиет танытқыш» деген еңбегін жариялады. Мсыалы:

«Бір ұғым орнына екінші бір ұғым айтылуы меңзеу болады... Меңзеумен айтылған сөз жай айтылған сөзден жинақы, ширақ келеді. Сондықтан меңзеу ақындар сөзінде көп ұшырайды.

...Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,

Арын сатып тіленген малы құрсын.

Қысқы күнде қырық жерге қойма қойып,

Қу тілмен құлық сауған заңы құрсын! (Абай)»

Деп көрсеткен. Сонда бұл кітабында қазіргі әдебиет теориясының көптеген терминдері, оларға келтірілген мысал өлеңдер қандай ұйқасымды, сондай көрнекті болып келген.

Ахмет Байтұрсынұлы ХҮІ ғасырда өмір сүрген Мамай батыр және ХІХ ғасырда жасаған қырғыздың батыры Жантай жайында әңгіме жазды. Сол сияқты 1926 жылы Мәскеуде басып шығарған.

«Жиырма үш жоқтау» деген еңбегінің ішіндегі бір еңбектері балалар үшін өте бағалы. Ол жөнінде ғалым былай дейді:

«Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Дүниедеешбір тілді бір шешен кісі ойлап шығарғаны жоқ та, шығара да алмайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмысы қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді. Сонан соң ғана шешендер, «тіл көскмдері» бұл тілді безеп,


38





































































жолға, жөнге салып өсіреді... Сондықтан әдебиет тіліне негіз етіп, ел аузындағы тіл алынбаса, ол тіл адасып кетпек. Оған жұмбақ, мақал-мәтелдер, ертегі, аңыздар жатады», - деп жазған еді.

1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінің редакторы болып қана қоймай, оған қажетті мақалаларды да жазған публицисі де болды.

Мысалы, 1922 жылы «Қазақ қаламгерлері жайынан» деген сындық мақаласы да әр жанр алыбы екенін көрсетеді.

Бәрінен бұрын, болашақтың арман артар азаматына айтқан аманаты ретінде қалдырған өсиет, нақыл да ақыл сөздері ұрпақтан – ұраққа жетеді деген ойымызды сеніммен айтамыз.

Мысалы:

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жол сілтедім жақын емес, алысқа.

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,

Дедім сен де, қарттарыңнан қалыспа, - деген өз халқына арнаған өсиеттерін ешкім ешқашан да ұмытпақ емес, әр сәби, әр бала, әр азамат көкірегінде сақтар ұлағатты бір өсиет деп таниды.

1991 жылы халқы үшін жанын қиған азаматына «халық жауы» деп жала жауып, жан түршігерлік айып тағып жоқ етіп жіберген арыстарымыз ақталып, Торғай облысы Жангелдин ауданында қос арыс Ахмет байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовқа арналған той-думан болып өтті.

1991 жылы маусым айындағы той – қос арысқа Жанкелдин ауданы орталығында Ахмет пен Міржақыпқа ескерткіш мүсін қойылды.

Қандай тамаша есімдер! Орталық алаң – Шаң-шаң



39

Жәнібек алаңы, оған екі арыс мүсіні қосылды. «Шындық өлмейді, ақиқат тозбайды, аруақ азбайды, асыл жоғалмайды» деген халқымның асыл пікірлері осындайда еске түседі.

Жаңа ұрпақтың туып, өсіп-жетіліп келе жатқандығының, Қазақ мемлекетінің құтты қадамының, ұлттық сана-сезімінің қалыптаса бастағанының, тарихи әділеттіліктің қалпына келуінің бір көрінісі деп бағалаймыз. Жыл сайын халқымыз Ахметтану күндерін өткізіп отырады.


Астана EXPO – 2017


EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі.    

2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті.

2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-

40





































































жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.  

2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.

Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.

Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді

ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.

2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.



41

2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне  таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді.

Кешен құрамында 4 мың пәтер, жаңа мейманхана, Конгресс-холл және университеттен орталыққа дейін ұласатын жабық қала салынады. Көрме аймағында ұлттық павильон, тақырыптық және корпоративтік павильондар, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінің жалпы ауданы – 174 гектар.

Нысандарды пайдалану үшін энергия үнемдеу технологиялары қолданылатын болады. Көрме кешенінің ғимараттары халықаралық BREEM эко-стандарттары арқылы бағаланып, арнайы куәліктер беріледі.  

Көрме өткеннен кейін ЕХРО-2017 базасында ерекше мәртебеге ие «Астана» қаржы орталығы құрылатын болады.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру аясында Целиноград, Аршалы және Қорғалжын аудандарында этно-ауылдар құру жобалары дайындалуда. Бұл көрме келген туристерді халқымыздың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып саналады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді.


Ұлы Отан Соғысына - 70 жыл!


АЛМАТЫ. 22 маусым. Барлық посткеңестің елдердің тарихындағы ең қайғылы датаның бірі.

Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні   таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. 

42





































































Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест   гарнизонының  өзінде  1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтуларыкерек болған. 

Бірақ жаудың  шабуылы  олардың бұл жоспарларын  күл-талқан  етті. Соғыс өрті  ішке  қарай тез еніп, Брест қамалының тірі  қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың  қатарында 190 қазақстандық болған  және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.

Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде  әскери  комиссариаттарға еріктілер  ағылды. Кеше  ғана мектеп  партасында  отырған  бозбалалар  мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа  сұранды.  

1939жылдың  дерегі  бойынша,  біздің  республикамызда  6,2 миллион адам тұрып  жатқан.  Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына  1 миллион  200 мың  қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы  мен  басқа да құрылымдар жасақталған.  Фашистермен болған шайқастарда  328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші  ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы,  209-шы  Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші  авиациялық полктер  ерекше көзге түсті.

43

Майданға 14100 жүк және  жеңіл  автокөлік,  1 500 шынжыр табанды  трактор,  110 400   жылқы,  16 200  арба жөнелтілді. 

Қазақстан    армия мен флот үшін офицерлік кадрлар  және  резервтік күштер дайындауға да  лайықты үлес  қосты.  1941-1945 жылдары әскери  оқу орындарына  42 мыңнан  астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында  сол жылдары жұмыс істеген  27   әскери оқу орны толық емес   мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.

Біздің жерлестеріміз  майдан даласында ерлікпен шайқасқан.Жауынгерлік ерліктері  үшін жүздеген  мың  қазақстандық  медаль-ордендермен марапатталса,  500-дей    адам  Кеңес Одағының Батыры,   100-ден  астам адам - Даңқ орденінің  толық иегері атанған.  Төрт қазақстандық  екі  мәрте    Кеңес Одағының  Батыры  атанды,  олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов  және Леонид Беда. 

Кеңес  Одағы Батырларының  қатарында  қазақтың екі   қызы -  мерген  Әлия Молдағұлова мен пулеметші  Мәншүк Мәметова  бар. Рейхстагқа Жеңіс туын  тіккендердің   бірі -  қазақ  жігіті   Рахымжан  Қошқарбаев.    Жаудың тылында  партизандардың  қатарында да   қазақстандықтар шайқасқан.

Солардың бірі  - Қасым Қайсенов.   Ал танымал  қолбасшы, әскери  жазушы Бауыржан  Момышұлын,  28  панфиловшылардыңерлігін білмейтін  қазақ жоқ шығар.  

Соғыстың тек майдан даласында ғана емес,  тылда  жүргені мәлім. Гитлерліктер КСРО-ның батыс  аудандарын басып  алғаннан кейін,

44






































































Жаудың  қолына бермеу  үшін  соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың   барлығы тылға көшіріле бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның аумағына  142 кәсіпорын жайғастырылды,   532 506 адам көшірілді. Оған қоса,  жаңа өнеркәсіптік  нысандардың  құрылыстары  жеделдетілді.   Соғыстың алғашқы 1,5  жылында Қазақстанда 25  кен орны пен шахта,  11 кен байыту фабрикалары,   19 жаңа көмір шахтасы,    3 разрез,   4 жаңа  мұнай кеніші мен Гурьевтегі   мұнай өңдеу зауыты  іске қосылды. Темір    жол құрылысы   жалғасты.  1942-1943 жылдары   Мақат-Орск,   Ақмола- Магнитогорск желілерінің  құрылысы аяқталды.  Соғыс жылдары  Қазақстан  жалпыодақтың мыс  құймасының  30 пайызын,  марганец кенінің  60  пайызын,   мыс кенінің 50 пайызын, металл висмуттың  65пайызын, полиметалл  кендерінің  70 пайызын, мырыш  өнімінің 85 пайызын берді.  Қорғаныс өнеркәсібіне қажетті мыстың  үштен бірі   Қазақстанда  өндірілді, сондықтан да соғыс жылдары  әрбір   10 оқтың  тоғызы   Қазақстанда құйылды.  

Республикада танк және ұшақ жасауға ақша  жинау қозғалысы      жүрді.   1941  жылджастародағы (ВЛКСМ)  атындағы танк дивизиясын    құруға   қаржы  жинала бастады  да,     бір жылға  жетер-жетпес уақыттың ішінде  армия  қазақстандық   комсомолдардан    45 жаңа   танк алды.  






45

10танк   колоннасы,   бірнеше  авиациялық  эскадрилия,   торпедо  катерлер мен  атаулы ұшақтар    жасалды.

Соғыс жылдары  Қазақстан  халқы жауынгерлік техникалар  жасауға  480,3 миллион рубль жинап берді.  

Жеңіске  Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз  үлесін   қосты. Атап айтқанда, еліміз 30,8   миллион пұт астық, 14,4 миллион  пұт картоп және көкөніс,   15,8  миллион     пұт   ет,  3 194 мың   центнер сүт,  17,6 мың  центнер   жүн   берді.  Бұл  соғысқа дейінгі бес  жылдағы көрсеткіштен бірнеше есе   көп.   Республиканың барлық  экономикасы   әскери «рельске»  қойылды: бейбіт мақсаттағы  шығыстар барынша қысқартылды,  көптеген кәсіпорындар  қорғаныс  өнімдерін    шығаруға кірісті. Ер  азаматтардың бәрі армия  қатарында  болғандықтан,  зауыттарда әйелдер,  қариялар,  жасөспірімдер  еңбек етті.  Еңбек тәртібі қатайтылды,   жұмыс уақыты  ұзартылды.   Алты апталық,  23 сағаттық   жұмыс күні  бекітілді, демалыстар  тоқтатылды.   Бірақ  ешкім   қынжылған жоқ.   Бүкіл ел «Бәрі де  майдан үшін,  бәрі де  Жеңіс  үшін!» деген ұранмен  еңбек етті.

Оған қоса, күн  сайын  Қазақстанға жаралы жауынгерлер мен офицерлер тиелген пойыздар ағылып жатты. Әскери госпитальдердің  көбісі Алматыда құрылды.  

Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза  тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны  туралымәлімет бүкіл  әлемді дүр  сілкіндірді. Жекелеген  мәліметтер  бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат  соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды.

46






































































1 710 қала  және  70 мыңнан  астам   село-деревнялар,  31 850 өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың шақырым темір жол, 4 100 теміржол стансасы, 36 мың пошта-телеграф мекемесі, телефон стансасы және басқа да байланыс бекеттері  жерменжексен   болған  немесе  жартылай   қираған. 40 мыңдай аурухана  немесе басқа да емдеу мекемелері,  74 мың мектеп,   техникум,   жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары, 42 мың кітапхана   және басқа да көптеген  нысандар жойып  жіберілген, тоналған.Бүгін  Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ  монументтеріне,  ҰлыОтан  соғысында  қаза  тапқан  жауынгерлердің ескерткіштеріне  гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде. Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек. 

Ассамблея – татулық темірқазығы

- Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея

- мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шаншылған уықтар. Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті 


47




































































Қазақстан халқы ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстан халқы ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Бұл бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он тоғыз жылдық тарихында ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында н.назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде қазақстан халқы ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол – халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Мемлекет басшысы көп ұлтты Қазақстанда 140-тан астам ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір сессиясында атап өтеді. Өткен жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында да Қазақстан Мәңгілік Ел атану үшін мемлекетте бейбітшілік пен келісім бекем болуын басты назарға ұсынды. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» деп аталған


48





































































сессияда рухани келісімнің айрықша жеті жоғары мәдени қағидатын айтып өтті. Онда діни тұрақтылық, ортақ жауапкершілік, мемлекеттік тілді өзге ұлттардың меңгеруі, конфессияаралық толеранттылық пен ішкі тұтастық, барлық ұлттың өмір сүру сапасын арттыру, әр ұлт пен ұлыстың мәдениеті мен өнерін дамыту және этномәдени бірлестіктердің жұмысына серпін беру қағидаттарына кеңінен тоқталды. -Ассамблея халық егемендігін шоғырландырушы саясатүстілік органға айналды. Ассамблеяның депутаттық тобының құрамына бүкіл парламенттік партияның өкілдері болып табылатын 25 мәжілісменнің кіруі үлгі тұтарлық жағдай. Ассамблея мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді. Тек өткен жылы ғана Ассамблея 10 мың іс-шара ұйымдастырып, оларға 3,5 миллионнан астам адам қатысты. Көптеген өңірлерде Достық үйлері құрылып, жұмыс істеуде. Ассамблеяны 2020 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 97,5 пайызы Ассамблея біздің бүкіл халықтық мүдделерімізді бейнелейді деп айтқан. Бұл жақсы мойындау. Қазақстандық бейбітшілік руханият пен келісім мәдениетінің 7 арқаулық қағидаттары осындай. Бұл енді біздер өз ұрпақтарымызға ұлт байлығы ретінде беретін ортақ мәдени мұрамыз,- деді Мемлекет басшысы.

Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде баяғы заманнан бағалап келген. «Бірлік бар жерде - тірлік бар», «Береке басы - бірлікте», «Ырыс алды - ынтымақ» деген сияқты көптеген мақал-мәтелдер соның айғағы. Болашақтың бірліксіз болмайтынын болжай білген

49


бабаларымыз бала тәрбиесінде де осы қағиданы басты бағыт етіп ұстаған. Ол атадан балаға мұра болып, әлі де жалғасын тауып келеді. Бірлік пен татулық тәлімінің қазіргі көпұлтты Қазақстан жағдайында маңызы ерекше. Тарихымызға үңілсек, оған анық көз жеткізе аламыз. Қиын-қыстау кезеңге тап болған өзге ұлт өкілдеріне қашанда қамқор болып, ағалық мейірімін аямаған. Алаш елі тағдырдың жазуымен жер аударылып келген түрлі ұлыстарға төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың өткен және бүгінгі буыны қазақ халқына шексіз риза. Қазақ жерінде қазір 140-тан аса ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатыр. Оларға Қазақстан азаматтары ретінде тең құқық берілген. Олар білім алу, емделу, жоғары лауазымды қызмет атқару мүмкіндіктеріне ие. Елімізде мекен еткен ұлт пен ұлыстарға өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүрлерін сақтауға лайықты жағдайлар жасалған. Олардың әрқайсысының ұлттық мәдени орталықтары тұрақты жұмыс істейді. Мәдени орталықтар әр халық өкілдерінің өз ұлттық дәстүрлерін сақтауға зор ықпал жасап келеді. Сонымен бірге, көпұлтты Қазақстанның мәдени жағынан әртарапта дамуына үлес қосып келеді. 

20 жылдық тарихы бар ұйым елдің саяси жүйесінің маңызды бір бөлігіне айналып, ол Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен этностардың мүдделерін, құқықтарын бір арнаға түйістірді. Әрбір ұлттың тегіне, дініне, көзқарасына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етті. Түптеп келгенде, Ассамблея еліміздегі халықтардың тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың пайда болуына жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуді дәріптейтін ең маңызды


50





































































ұйымның бірі болып саналады. Ел Президентінің бастамасы бойынша құрылған мемлекеттік, ұлттық саясатты дамыту мен жетілдірудің ерекше маңызды құралы болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде елді біріктіруде, этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді, татулықты нығайтуда аса маңызды қызмет атқарады. 

Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы - Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді. «Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады», деген дана бабаларымыз. Сондықтан да атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың болашағын бірлігіміз бен берік етсін.


Менің сүйікті кейіпкерім


Кітап қай кезде де адам баласының айнымас досы, мызғымас тірегі, таусылмас ақылшысы. Мен үнемі «Кітап — өмір азығы» деген мақалды есімнен шығармай, өз ұранымдай жадыма тоқып жүремін. Достарыма да мұны айтудан жалыққан емеспін. Қолым қалт етсе кітап оқып, сол кітап кейіпкерлерімен мұңдасып, сырласып, өзгеше бір әлемде жүргендей ерекше бір күйге түсем.

Мен үшін барлық кітап қызықты, әрбір кейіпкер ұнамды. Бірақ солардың ішінде өзім ерекше қадір тұтатын, қастерлеп, үлгі ететін бір кейіпкерім бар. Құпия емес, сондықтан сіздермен бөлісе отырайын. Ол — Тайлан батыр. Кәдімгі еліміздің қайсар ұлдарының, қарымды жазушыларының бірі Әбіш Кекілбаев қаламынан туған

51

«Үркер» романындағы қазақтың дара хандарының бірі Әбілқайыр ханның досы.

Көкейлеріңізде «Не үшін ұнайды екен?» деген сауал тұрған шығар, әрине, бұл орынды сұрақ. Себебін де айта отырайын, маған Тайлан батыр өз ұстамдылығымен, ақылды, парасаттылығымен, қайсар, ер жүректілігімен ұнамды. Қандай болмасын, қысылтаяң шақта өзіне ғана тән ерекшелігімен ақыл-айла тауып, елі үшін, жері үшін басын бәйгеге, бағын таласқа тігіп, ұрандатып жауға шапқан батыр, асқар тау әкесінен, аяулы жарынан, сүйкімді ұлынан айрылса да, өмірден баз кешіп түңілмей, керісінше, жігерленіп, досына тіреніш болып, жауға ел намысын, ұлт ұятын бермей жалғыз өзі бір бүйірден ұрандай тиіп, апшыларын қуырады. Міне, бұл нағыз ерлердің ісі. Бойында қазақ қаны бар ер жігітті жігерлендіретін іс. Міне, сол үшін де маған Тайлан батыр ұнамды.

Қазақта жау төбесіне атой салып, ат ойнатқан ерлер аз болған жоқ.

Оларды бүгінгі бейбіт замандағы ұрпақтар бірін білсе, бірін білмей жатады. Ал бұл біздер үшін ұятты жағдай. Ұлтарақтай елді, ат төбеліндей жерді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған бабалар әруағы алдындағы кінә. Сондықтан осы асыл текті батыр бабаларды ұмытпай, осындай жайма-шуақ күндері де жадымызда сақтағанымыз жөн. Ал бұл турада кітаптың атқарар маңызы зор.

Олай болса, жасы үлкен замандастар, ойы бір құрдастар, кітап оқиық. Себебі, кітап — өмір азығы!






52




































































Абай қара сөздерін адам тәрбиесінде пайдалану


Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен. Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі Ғ.Мүсірепов мынадай пікір айтады: «Абайдың қасиетті - өз табының тілегінің көп қиналыстар, толғаулар, тәнге – жанға түскен жаралар арқылы жыртылып айырылуында, өз заманынан биік тұруында».
Абай «түзетпек едім заманды, өзімді тым - ақ зор тұтып» деуінде үлкен мән бар. Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді. Ақын тәрбиеге көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара ерекшеліктері. Жеке адамға ақыл, мінез, іс, адамшылықты сақтайтын ұят - намыс керек дегенді айтады. Ал осындай адамшылықты жүрекпен байланыстырады. Жүрек - адамның ішкі сезімі деген ұғымда қолданған. Абай 50 жасқа келген шағында қара сөздерін жаза бастаған. Қара сөз тақырыбын мынадай тақырыптарға бөлуге болады.
1.Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі жайлы
2.Имандылықтақырыбы
3Жаман мінез, әдеттер
4.Адамгершілік жайлы
5.Қазақ мақалы
6.Қазақ халқы жайлы
Адам психологиясы және бала тәрбиесі жайында ағартушы 7, 10, 20, 25, 31, 41, 43 қара сөздеріне айтқан. Адамның қызығушылығы бір нәрсені, не көріністі білейін, игілігін көрейін деген ерекше ынталануынан шығады. Қызығу, жан мен тәннің құмары және жас бала психологиясы жайында 7 - қара сөзінде айтқан. «Дүниенің


53

көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» дейді.
Психологтар егер оқушы өзін - өзі бағалай білсе, іс - әрекеті нәтижелі, жеке басының барлық қасиеттері қалыптасып, ынталы болады дейді, 10 - қара сөзінде «Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік» деген тұжырым айтады. Ата - ана тәрбиесі бала мінезін адамдармен қарым - қатынасын, сезімін қалыптастырады деген қағиданы қуаттайды. «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды.» дейді. Абай мынадай тұжырым жасайды:
1Егер балаңды алдасаң, ол да жүре - жүре алдамшы болады дейді.
2 «Боқта» деп үйреніп, тентектікке үйретесің.
3 Сабаққа бергенде хат таныса болады деп арзан молда жалдайсың
4 Қу, су бол деп үйретесің деп, тәртіпсіз, қиқар баланың қалыптасуына ата - ана кінәлі деп санайды.
Абай қара сөздерінің бір парасы имандылық жайында жетінші қара сөзінде иман құдайға құлшылық, құран сөздері айтылды. Ғалым Зинел - Әдбен Бисенғали былай деді: «Тарихи роман жазу барысында Абайдың дін туралы көзқарастарын былай қойғанда, материалистік философияға келіңкірейтін пікірлері мен толғаныстарын қалай бейнеуге болатыны туралы қаламгер талай ойлаған. Оны алып тастаса, болмаса айналып өтсе, мүлде көрсетпес өмірі мен шығармашылығы күрделі Абайдың көркем бейнесін жазу дегеннің мүмкін еместігін аңғарған» Бұдан түсінгеніміз гуманист М. Әуезов те Абайдың дін жайлы көзқарастарын түрлі әдіс - тәсілдер арқылы шебер қолданғаны «Абай жолы» романынан көрінеді. Қара сөздердің өзегінде қайшылықты пікірлер, толғаныстар көп,

54




































































поэтикасы бөлекше, тіл мен құрлысы ерекше. Ол туралы М. Әуезов былайша ой түйіндейді: «Абайдың осы қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді».
Шынымен де, Абай сан сұраққа жауап іздейді. Қара сөздеріндегі «қазақтың жалқау болатұғын себебі не?», «үнемі уайым қайғыға жан шыдай ма екен?» «Ырыс алды – тірлік дейді, бұл қай тірлік?» «Осы ақылды кім үйренеді, насихатта кім тыңдайды?» Абай толғанысынан осындай сұрақ ақын жүрегін тербегенін түсінеміз. Осылай ол өз көзқарасы бойынша сол сұраққа жауапты іздейді.
«Тұрпайы мінез - тағы жат, надандықтың белгісі» деп пайымдаған. Абай мынадай қасиеттерді жаманға жатқызады: қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп адам саумақ, орынсыз күлкі, ұрлықпен мал табу бос мақтан, оның ішінде қырт мақтан, жұмысы жоқтық. Бұларды ақын өз өлеңдерінде де көп жырлаған еді. Осы әдеттердің неге жаман болатынын көрсеткен.


Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде


«Денсаулықтың шайқап қалсаң кесесін, Енді қайтіп толтыра алмассың есесін» дегендей Денсаулық – адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы – зиянды, жат қылықтарға үйренбей, салауатты өмір сүру.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек». Егер әр адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей, ұзақ өмір сүрген болар еді.

55

Адам баласы жарық дүниеге жарық етіп келген соң – ақ, оны дұрыс тәрбиелеу, оның денсаулығын сақтау, оған білім беру, адамгершілік, әсемдік жағынан өмірден өз үлесін алатындай дәрежеге жету жолын ойластырады. Халық жас баланың ұғарлықтай немесе өзі ойлау қабілетінің дәрежесіне жеткенше, ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, іздегені табылып отыратындай сөздерді ұққыза береді.

Ұшқан құс, жүгірген аң, жыбырлаған жәндіктердің бәрі де баласының аман болуын, дені сау болуын саналықпен ойламаса да, соған қажеттіліктің барлығын да дайындайды. Ата-анасы екеуі соның қамқоршысы болады.

Ата-бабаларымыз баласының дұрыс болып өсуіне барлық амал-айланы жасап, қайткен күнде болашақ ұрпағының дұрыс адам болуына назар аударғаны мәлім. Әсіресе, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Көбееовтің өлең, әңгімелерінде адам баласының дұрыс өсіп жетіліп,қоғамның бір азаматы болуына көңіл бөлген. Мысалы, Ы. Алтынсариннің «Мейірімді бала», «Бір уыс мақта», «Бала мен ана», «Жаман жолдас», «Бақша ағаштары», т.б. әңгімелері адам баласының тәрбиесіне арналған. Баланы тәрбиелеу, оны қоғамда атқаратын, мемлекетіне, ата-анасына пайда келтіретін адам болуы үшін, ең алдымен дені сау болу керектігін ескертеді.

«Денсаулық – зор байлық», «дені саудың – жаны сау» деген халық қағидаларын естен шығармаған жөн. «Бақша ағаштары » деген әңгімесінде Ы.Алтынсарин

...- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана ағаш неге қисық біткен?- деп сұрады баласы.

-Оның себебі, балам, анау ағашты бағу – қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кескен. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалпымен өскен, - деді атасы....Бағып-


56





































































қағуда көп мағына бар, сен де өзіңе ғибрат ал, сен жас ағашсың, саған күтім керек...»- деп, денсаулық, тазалық мәселесіне арнаған. Дені сау, өмірдің ащы-тұщысын көрген бала, еңбекпен шыныққан жастар батыл да қуатты болады. Тек өзіне, ата-анаға ғана емес, мұндай жігерлі жіігіттер Отан қорғау да ерлігін көрсетсе, қоғамда да қажетті орында өз көмегін көрсетті.

«Денсаулық ауадан аумайды, барында кім оны аңдайды» дегендей денсаулықты по-оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп, түзету өте қиын. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне байланысты.

Әдетте денсаулықтың қадірін адам ауырғанда білетіні өкінішті- ақ. Жастарды бұзатын не ? Ол – темекіге, нашаға, ішімдікке деген әуестік.

Тек арамызда шылым шегіп, атамыздан қалған ас емес, арақ-шарап ішетін жастар саны көптеп саналуда.Болашақ ана - қыз бал шылым шексе, одан өсер ұрпақ не болмақ? Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеп жаман әдеттерден аулақ болуға ерекше назар аударса екен дегіміз келеді. Жұмыста жоқ, «жұмыссыздық аздырар адам балсын» деген қандай дұрыс пікір, нақыл сөз десеңші.

Ана мен баланың, халықтың дені сау болу үшін табиғат – ананың да орасан зор қамқорлығы бар. Сайлар мен жыраларды қуалай өскен қалың қарағайлы ағаштар, көл жиегін жағалай қоршаған тал мен терек. Тереңкөлдің балығы да қайықпен аула, аумен аула, жазда да, қыста да азық болатын.

Адамы сау, сәбиі сау ел – ең бай ел. Денсаулық жылына орай, халықтың, балалардың демалысы мен сауықтыру шараларын жүргізу мақсатында спорт мектептері ашылып, жастарымыз денсаулығын жақсартуда. Алты жастан он сегіз жасқа дейінгі барлық балалар

57

медициналық толық тексерістен өтетін болып отыр. Салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысып, есірткілерді, темекі мен алкогольді пайдаланбауымызға бағытталған.

Ауылды көркейту жылында ауыл көркейіп, «еңбекпен тапқан нан тәтті» деп еліміз байып, ауылымыз тойып, ақ нанды алақанымызға салып аяласақ, сары қымыз сабада тұрса, құрт-ірімшік өреде болса, ауру дегеннің ауылы алыста болады. Сары қымыз шаңырағымызда тұрса, арақ деген аласапыран асты ауызға да алмас еді. Жастарымыз еңбек етіп, дені сау болса, мемлекетімізде бай болар. Шоқан халқына сенген ғой, сондықтан да былай деп халқын дүние жүзіне таныстырып кеткен:

«Қазақ халқының епті қолы мен табиғи жаратылысының зеректігі терең шатқалдағы өзеннен суды таратып үстіне шығарады. Су қандай тереңдікте жатса да, оны егістікке шығару қазақ диқанының қолынан келді» деп сенім артқан, халқымның дені сау болса, мемлекетіміз де қоғамымыз да бай болады.


Мәңгілік еліміздің – мәңгілік тілі

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы

58









































































жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында. Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп

59

бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда. Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

60









































































Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында. Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл

61

қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда. Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!


Отбасы – отанымыздың ошағы


Жоспар


І. Кіріспе

Отан – отбасынан басталады.

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілесің

2. Отбасы- көркем әдебиетте

ІІІ. Қорытынды.


62





































































Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей

отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үй дің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала.

Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған.

63


Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол әр ата – ананың міндеті болып табылады

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім –жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе.




64





































































Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз.Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.

Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.

Кейінгі кезде қалыптасқан «білім мектептен басталады» - деген көзқарас дұрыс емес. Бұл процесс отбасынан басталуы керек. Біздің айтайын деп отырғанымыз, кітапқа деген сүйіспеншілік, кітап оқу әдеті, кітап оқудан алатын қанағаттанушылық және кітапсыз өмір сүре алмауға баулу – нағыз «отбасылық дүние». Қазіргі ақпараттық технологияның даму, Интернеттің өмірімізде жаппай кең өріс алу кезеңінде «Мұның қажеті не?» - деген сұрақ туары сөзсіз. Өте дамыған мемлекеттердің барлығы дерлік балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге көп көңіл бөлуде. Өйткені, тек оқырман ортасы «ойшыл, саналы» орта болып табылады. Кітап оқу - әрбір баланың бойындағы әлеуметтік бағалы қасиеттерін дамытып, жағдайды тура бағалай білетін, жылдам және дұрыс шешім қабылдайтын, еркін жазатын анық тұжырымдай алатын адамды қалыптастырады.  
Олай болса біздің жазушыларымыз жазған көркем әдебиеттерге көз жүгіртіп көрейік.  
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы: Әйелдер галереясынан: Зере, Ұлжан, Айғыз, Ділда, Тоғжан, Әйгерім, Салтанат, Керімбалалар, көненің көздері – Бөжей,Байсал, Құнанбай, Жақып, Абай тұстастарынан:

65

Жиренше, Ербол, Базаралы, Абылғазы, Тәкежан, Оспан, Көкбайлар ас пен тойда, құдалық пен руаралық қақтығыста, жаулықта, жер мен жесір дауында, жан жадыратар жаз жайлаулары мен аязды, боранды қыс-қыстауларында, аңшылық-саятшылықтарында бірге болып, бірге тыныстады: күйінсе – күйінді, сүйінсе – сүйінді, ауыр-жеңілін бірге көтерісті.Ұлы жазушының  бұл роман – эпопеясынан отбасы жайлы, ондағы адамдардың қарым – қатынасы жөнінде көптеген мағұлматтар алуға болады. 
Абай. Қара сөздер: Абайдың жетінші сөзінде бала туралы, ақыл үйрену мен насихат тыңдау мәселелері сөз болады. «Жас бала – анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары… Біреуі білсем…көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Осы Абай айтқан екі мінезден автордың өзіне екіншісі ұнап тұрғанын, жүрегіне жақын қонымдысы да сол екенінде дау жоқ. Абай осы екінші мінезділерді тыңдайды, оларды ұнатады. 

Ал Оныншы сөзінде: Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма? 
Балам орнымды бассын деген не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? 
Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма?Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оқорлық көрсетуге неге құмарландың?

66



































































Артымнан балам құран оқысын десең, тіршілікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Жаманшылықты көп қылсаң, балаңның құраны неге жеткізеді? Тіршілікте өзің қылмаған істі өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? 
Ахирет үшін  бала тілегенің – балам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен? 
Қартайғанда асырасын десең, о да – бір бос сөз. Әуелі - өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па?
Екінші – балаң мейрімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші – малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары – ол да екіталай. 
Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты халал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі? Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі – біреуден қорқытып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің сол. Бұл – құдайдан тілеген емес.

Бұл – абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. 
Хош, сөйтіп жүріп-ақ мал таптың байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ.

67

Отыз сегізінші сөзінде: Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері тұғралы біраз сөз жазып ядкар (ескерткіш, есте қалу) қалдырайын. Ықылас бірлән оқып, ұғып алыңыздар, аның үшін махаббатың толады. Махаббат - әуел адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген нәрселербірлән. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі һауас сәлим (жақсы сипат) һәм тән саулық, бұлар туысынан болады, қалмысы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады. 
Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан  бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады.  
Енді біліңіздер, перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз (Шек, шама. Бұл жерде өлшеусіз, артық деген мағынада) болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаңа болса, өзің ниһаятлысың, ол жол құдайдың жолы емес. Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма ағып келе берсін деген ол не деген ынсап? Не түрлі болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан ғадаләт, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол – құданың жолы.

Әкем 20 жылдан бері мектепте мұғалім болып, анам ауруханада дәрігер болып елге адал қызмет еткен жандар. Мемлекеттік қызмет атқара жүріп, балаларына жақсы тәрбие бере білді. Еркелігімізді, аяқ шалынған .қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білгендер

68





































































кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз.

Отбасы мақтанышы дегенде ең бірінші мақтанышым деп ата-анамды айтар едім. Ата-анам балалары үшін жақсылықтың жаршысы бола білді. «Жақсы әке балаға 40 жыл азық» деген балалары «менің әкем», «менің анам» деп үлгі тұтып, мақтаныш етіп, ата – ана «міне менің балам» деп отырса бұл отбасы мақтанышы болып есептеледі.

Қыз баланың тәрбиесінде ананың рөлі басым болады. Менің анам бізге қыз балаға тән нәзіктікті, ең бірінші «әкелеріңді сыйлаңдар, ренжітпеңдер, «келеріңнің қарғысын алмағдар» деп айтып, әкені сыйлауды, жалпы ер азаматты сыйлауды үйреткен.

«Отбасы кішкентай мемлекет» демекші, мен өз отбасыммен айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасымды мақтан тұтамын. Менің отбасымда төрт адам бар. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен, түн ұйқысын төрт бөлген – аяулы анам, әрдайым көмектесетін, ақылын айтатын – ағам және мен. Бірін – бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.

Ой қорытындысы, «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген,  мақтан етер ұрпағымыз көбейсын. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесім кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!



69

Қорытынды

Шығарма – оқушының ой – жүйесін жинақтап, қорытындылап, өзінше ой-пікір айтуға, жүйелеп, көркемдеп сөйлеуге, шешендік дәстүрге тәрбиелейтін басты құрал. Шығарма жазған оқушы әдемі де көрікті сөз тізбектерін құрауға, өткен материалдардан мақал- мәтелдер , дәлелдеме пікірлер жазуға, сауатты жазуға, сөйлем ішінде бір сөзді бірнеше рет қайталамауға тырысады.Шығармадағы оқушының өз сөзі қымбат. Шығарма оқушының ішкі жан дүниесін ашадаы, оқушылардың өзін-өзі тануға үйретеді, сонымен бірге мұндай шығармалар мұғалімнің оқушыны жақсырақ тануына да көмектеседі, сол арқылы тәрбие жұмысына да үлкен ықпал жасайды.

Шығарма жазуға үйренугекөптеген жұмыстар атқарылады. Олар көркем сөзді қайдан үйренеді? Оқыған әдеби кітаптардан, оқытушының айтқан сөзінен, негізінен өздерінің оқулықтарынан үйренеді. Бұл кітапшада бірнеше тақырыптарға шығарама үлгілері берілді. «Оқушыны тіл емес, оқытушы тілімен жазылған» деген пікірлер де болуы мүмкін. Жоқ, олай емес, әр шығарма оқулықтан тысқары жазылған жоқсол оқулықтағы пікірлерден, сондағы көркем сөздерді пайдаланып жазылған шығарма үлгілері. Жазылған үлгі жоспарсыз және үлгілі жоспарлы түрде берілген. Бұл тек үлгі ғана.

Әр түрлі үлгідегі тапсырмалар оқушылардың ізденушілік қабілеттерін жетілдіріп, берілген шығарманы толық қарап шығуға, оқуға жетелейді.Тапсырмаларды іріктеу де ұстаздың шеберлігіне байланысты. Оқулықтың бір бетін алып оқысаңыз, қаншама бейнелеу, көрсем сөздер бар.Әр оқушы сол көркем сөзді бос жібермей, ұғып, дәптеріне жазып, ауызекі сөздерде қолданып жүрсе, шығарма көрікті де, тиянақты ойды тұжырымдауға да көп көмек тигізеді.

70







































































Қолданылған әдебиеттер:

  1. Шығарма – тілі дана, іші сара бабалар мұрасының айнасы

ІІІ бөлім. Авторы: М. Шәбжантайқызы, К. Ибрагимова.

Көкшетау- 2010 жыл.



  1. Шығарма – тілі дана, іші сара бабалар мұрасының айнасы

ІІ бөлім. Авторы: М. Шәбжантайқызы, К. Ибрагимова.

Көкшетау- 2010 жыл.



  1. Интернет желісінен.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2018
1589
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі