Батыс
Қазақстан «АТиСО»
Академиялық
колледжі
«Қазақ
тілі мен әдебиет»
пәні
мұғалімі
Магистр
Татаханова А.С.
Тақырыбы:
Іс-қағаздар
жүргізуді ұйымдастыру.
Аннотация:
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде
қызмет етуінің алғы шартының бірі-оның
қоғамдық өмірдің сал алуан саласында
қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының
сауатты түрде қазақ тілінде жүргізілуінде.
Құжаттардың
жасалуына, олардың тіркелуіне, жіктелуіне,
қозғалысына, есепке алынуы мен сақталуына
байланысты жұмыстардың жиынтығы іс
қағаздарын жүргізу деп аталады.Адам
өмірі құжаттармен тікелей байланысты.
Адам дүниеге келгенде оған алғашқы
құжат- туу туралы куәлік жазады. 16 жасқа
келгенде жеке басын растайтын құжат
жеке куәлік алады. Мектепті бітіргендігі-орта
білім туралы аттестатпен расталады.
Жұмысқа орналасу барысында да арыз,
резюме, жеке іс парағы т.б. іс қағаздарын
жазады. Ал еңбек жолын бастағандығы
еңбек кітапшасына жазылады. Өмірдің
түрлі жағдайында сенімхат, қолхат
жазуға, еңбек келімісін жасауға, өмірбаян
мен мінездеме жазуға, жеделхат, телефонхат,
факс жіберуге тура келеді. Іс қағаздарын
жүргізу – бұл құжаттар дайындау және
кеңсе құжаттарымен жұмыс жүргізуді
қамтамасыз ететін қызмет саласы. Соңғы
кездері басқаруды құжаттандырумен
қамтамасыз ету (БҚҚ) деген термин жиі
қолданыла бастады. Бұл термин іс
жүргізудің ұйымдастыру-техникалық
негізін жетілдіруге байланысты,
құжаттармен жұмыс жасау саласына
есептеуіш техника құралдарын, ақпарат
жинау, өңдеу, сақтау және пайдаланудың
қазіргі заманғы ақпараттық технологияларын
енгізуге байланысты пайда болды.
«Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру»
пәнінің мақсаты- құжаттардың жасалуын,
ресімделуін, жіктелуін, қозғалысын
есепке алынуы мен сақталуыына байланысты
жұмыстардың жиынтығын, іс қағаздарын
жүргізуді меңгерту.Бәсекеге қабілетті
мамандар даярлауда «Іс қағаздарын
жүргізуді ұйымдастыру» пәнінің құжат
айналымын іске асыру, хат алмасу, ақпарат
тарату, қызмет көрсету, тауарды
жарнамалаудың жаңа мәдениетін
қалыптастыру, республикада іс қағаздарын
жүргізу жұмысын жетілдіру және ақпарат
көздерін жүйелеу барысында маңызы зор.
Пән
бойынша түсініктемесі болуы тиіс:
Басқарманы
құжаттамамен қамтамасызету туралы;
Іс
қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру
бойынша нормативтік-әдістемелік
құжаттары туралы
Іс
жүргізу саласындағы стандарттар туралы.
Істей
білуі тиіс:
Құжаттарды
дұрыс ресімдеуді және құжат айналымын
ұйымдастыруды;
Нақты
құжат түрінің бланкісін жасауды;
Құжаттарды
тіркеу нысандарына тіркеуді
Құжаттарға
деректемелік талдау жасай білуді
Білуі
тиіс:
Іс
қағаздарының бір ізге келтірілуі мен
стандартталуын;
Құжаттардың
топтастырылуын;
Ұйымдық
, өкімдік, ақпаратты- анықтамалық
құжаттардың жазылу сипатын;
Барлық
іс қағаздарының құрылымын білу.
Іс
қағаздарын жүргізу туралы үлгі нұсқаулыққа
орай іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру
және қадағалау бөлімінің қызметкерлері
негізгі ағымды жұмысты орындайды, күн
сайын бұйрықтарды, хаттарды, әдістемелік
нұсқауларды, өтініштерді, қызметтік
жазбаларды, өтінімдерді тіркеп, қол
қоюға жібереді, газеттерді таратады.
Құжаттар (ақпарат, іс-шаралар жоспарлары,
ақпар) көшіріліп, құрылымдық бөлімшелерге
таратылады. Сонымен бірге, күнделікті
поштаға (сәлем сауқат, бандероль), ұйымдар
мен кәсіпорындарға шығыс хаттарын және
басқа да корреспонденцияны жеткізу
жүргізіледі.
Қазіргі таңда белең алған бір құбылыс
іс қағаздарын, олардағы терминдерді
түгелдей орыс тілінен аударып алып
жатырмыз. Тіпті бір сөзін, бір тіркесін
мүлт жібергіміз келмейді, түгендеп
отырамыз, кейде осыны қатаң ұстанамыз
деп шарттылыққа, түсінбеушілікке
ұрынамыз. Мысалы, орыс тіліндегі
делопроизводство термині іс қағаздарын
жүргізу болып қалыптасқан, соңғы кезде
орыс тіліндегі нұсқасында қағаз сөзінің
баламасы жоқ болғандықтан оны алып
тастапіс жүргізу деп айту, жазу, белең
алып жүр. Негізінде іс жүргізу заң
орындарында қолданылатын термин болып
қалыптасқан. Беретін мағынасы да
көпшілікке түсінікті — белгілі бір
қылмысты істі жүргізу. Осыған орай істі
болды, ісі сотта қаралды, қылмысты іс
тоқтатылды, істі жүргізу пәленшеевке
тапсырылды деген сияқты тіркестерді
жиі қолданамыз. Олай болса делопроизводство
сөзін іс жүргізу деп алудың қанша
қажеттігі бар? Оқулықта делопроизводство
сөзі іс қағаздарын жұргізу деп берілді.
Біріншіден іс қағаздарын жүргізу сөзі
бұрыннан қалыптасып, тілге сіңісті
болған, екіншіден өз мағынасын толық,
айқын бере алады, үшіншіден іс жүргізу
заң термині ретінде қалыптасқан, өзінің
беретін мағынасы, атқаратын қызметі,
қолданылу ерекшелігі бар, төртіншіден
әрқайсысының өз атауы тұрганда екі
терминді бір сөзбен беру қажеттігі жоқ.
Қазақ тілі бай, терминдердің баламалары
да жетерлік, бәрін ғылыми негіздеп,
байыптап алу керек.Іс қағаздарын қазақша
жүргізуді қалыптастыру үлкен де жауапты
іс. Бұл қалыптасып, бір ізге түскенше
іс қағаздарының түрлі нұсқалары, түрлі
сөз қолданыстары белең алуы мүмкін. Оны
жүйеге тусіру үшін де біраз уақыт керек
болады. Біздің мақсатымыз іс қағаздарын
жазудағы, оның стандарт нұсқаларын
қалыптастырудағы өркениетті елдер
тәжірибесіне сүйене отырып, ана тілінің
өз заңдылықтарын сақтап, өз мүмкіншілігін
сарқа пайдалана отырып ұлттық іс
қағаздарын қалыптастыру.