Іс-шара "9 мамыр Ұлы Жеңіс күні"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс-шара "9 мамыр Ұлы Жеңіс күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
9-мамыр туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮні

Жүргізуші:

Жеңіс,  жеңіс-желісі  дастанымның.

Жырым  бөлек  сырым да  басқа  бүгін.

Туғандар  45-тің  көктемінде.

Немере  көріп  сүйер  жаста  бүгін.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Биылғы жылы 9 –мамыр күні  Ұлы Жеңіске  73 –жыл толады. Бұл күн ел басына күн туған кезде, ер етегімен су кешіп, ат ауыздықпен су ішкен қиын заманда, елі жері үшін жанын аямай, Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған бабаларымыздың күні.Біз бақытты ұрпақпыз. Себебі, біз де, біздің әкелеріміз де соғысты көрген жоқ. Ал бізге, бейбіт те баққытты өмір сыйлаған, кеудесін отқа төсеп, ерлікпен жеңіске жеткен батыр бабаларымыз. Олардың көпшілігі біздің арамызда жоқ. Бірақ, есімдері мен ерліктері біздің жадымызда.

Жүргізуші:

Бүгінгі Ұлы Жеңістің 73 жыл толуына арналған «Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс» атты салтанатты кешімізді ашық деп жариялай отырып Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастаймыз Гимн

Жүргізуші:

Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге,тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетейік.

Құттықтау сөз мектеп директоры:Жұманазар Абдуллаевқа және мәдениет үйінің қызметкері Болғанов Рызабек ағайға беріледі.

Құттықтау сөз

Жүргізуші:

Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір

азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін 2- сынып оқушыларына сөз кезегін берейік.

Жүргізуші:

Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста

жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол  сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған

арыстарымызды еске алатын күн.

Құттықтау сөз Жабпаров Илесбек ағайға беріледі

Жүргізуші:  Жеңістен соң қаншама арман мен үміт ұрыс даласында  жер бауырлап қалды. Әр жеңістен соң ананың көзінен аққан гаухар тамшы омырауында қақ болып қатты. Жеңіс осылай келгендігі, қырманға суырылған әр дән аталардың жауға қарсы кезенген қаруына оқ болып енгені, бәрі де қымбат. Кейінгі ұрпаққа қолмен нұсқап, «Әне, Отан үшін от кешкен аталар, соған ұқсап бақ!»  деп айта алатын кезеңдеміз. Сол үшін де бақыттымыз!

2-сынып оқушыларының орындауындағы «Әрқашан күн сөнбесін» әнін тарту етеміз.Қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Жас ұрпақ сіздердің алдарыңызда борышты. Олар сіздер қасық қандарыңыз қалғанша күресіп, жаудан аман- есен қалған бейбітшілік құнының баға жеткігісіз қымбат екендігін біліп, оны өмір бойы аялап өтеді.

Біз-Сіздер сияқты жеңген, жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеміз. Біз- халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы екенімізді мақтан етеміз. Біз-сіздердің сол сұрапыл соғыстан аман шығып, бүгінгі ұрпақты береке- бірлікте, тату- тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне ат саплысып жүргендеріңізді мақтан етеміз. Біз-бүгінгі ұрпақ өкілдері олардың өлмес рухына арқашан да бас иеміз.

Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске алайық.

Жүргізуші:

Ардагерлеріміздің ерен ерліктері арқасында біз бүгін бейбіт өмір, баққытты ғұмыр кешудеміз. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

«Катюша» биімен 9-сынып оқушыларын қарсы алыңыздар

Жүргізуші:

Қайсарлық пен өшпес ерлік көрсеткен қазақтың қаһарман қыздары Әлия мен Мәншүкті біз ешқашан да ұмытпақ емеспіз.Өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске мұқалмас ерлік-жігер танытқан қос қарлығаш біздің мәңгілік жүрегімізде сақталады.

Өскелең ұрпақ арасында осындай рухты аруларымыз көбейе берсін деген тілекпен 6-сынып қыздарының орындауындағы "Рухты ару" әнін қабыл алыңыздар

Құрметті ұстаздар,оқушылар, қонақтар! Ауылымыз «Шұғыла» ауылында соғыс жылдары адал еңбек етіп, белсенді азаматтық ұстаным танытқан тыл ардагерлері құрметті қария Мүсір атамыз бен Ілескүл,Тұрсынай әжелеріміз арамызда отыр.

Құрметті тыл ардагерлері! Сіздердің тылдағы ерен ерліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыздың арқасында Қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісім мен бейбіт өмір сүруде.

Қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келе жатқан сіздерге дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз.

Соңдарыңыздан еріп келе жатқан жас ұрпақтарға өздеріңіздің ақ тілектеріңізді тыңдауға ортаға шақырамыз.

Қан майданда қаза тапқан боздақтар қаһармандығын мәңгі есте сақтап, ерліктеріне бас иіп, батырлар ескерткішіне гүл қою рәсімін жасаймыз.

Құрметті ауылдастар! Сіздерді осындай тамаша мереке- Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке бірлік тілеймін.









Сұм соғыс қайтіп болмасын

Бәйшешектер  солмасын

Еліміз  бейбіт  күн  кешіп,

Бір  Алла  өзі  қолдасын.

Бірлікпенен  күн  кешіп,

Бейбітшілік  орнасын-деген тілекпен бүгінгі Ұлы Жеңіске 73 жыл толуына арналған салтанатты кешімізді жабық деп жариялаймын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.06.2018
1221
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі