Материалдар / Іс-шара: «Ана- біздің гүліміз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Іс-шара: «Ана- біздің гүліміз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөліміндегі студенттер,мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
488
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ана- біздің гүліміз»

ІІ-ші кіші аралас топтағы балаларға арналған мерекелік ертеңгілік

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу,ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ұстаздарды, аналар мен аруларды мерекесімен құттықтау, балаларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.Музыка әуенімен балалар мерекеге арналған әшекейленген

залға екі екіден қол ұстасып кіреді де екі үш қимыл жасап «Көңілді күн» әуеніне флешмоб биін билейді. Жарты шеңбер болып тұрады.

Жүргізуші: Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – біздің гүліміз» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар қасиетті аналар

Ән: «Апатайым, анашым» Хор

Жүргізуші; Балалар көктем мезгілдерінің қандай ерекшіліктерін білесіңдер

Балалар ; Күн жылынады.

Қар ериді.

Құстар ұшып келеді,

Ағаштар бүршік жарады,

Жүргізуші ;Дұрыс балалар Көктем мезгілінде табиғат шаттанып жыл құстары

Қайта оралып, малдар төлдеп тіршілік жаңарып қалады.

Әдемі әуен ойналып залға көктем кіреді

Жүргізуші :Сәламатпа ару көктем

Сені асыға күттік көптен

Жер анамыз бір бусанды

Күн де нұрын төгіп көптен


Көктем : Салем сәлем балақайлар

Әзиз әже назды апайлар

Мол шуақты ала келдім

Қуаныңдар алақайлап

Құстар әнін ала келдім

Жерге кілем жаба келдім

Жан бітіріп табиғатқа

Әсем әнге сала келдім

Жүргізуші: Қош келдің Ару көктем

Күннің нұрын алып келген

Ару көктем біз сізді көргенімізге өте қуаныштымыз Аналарымызға

арнап би билеп ән айтып берейік тамашалаңыз

Би: «Гүлдер»

Көктем ханшайымы : Өте тамаша балалар сіздер тамаша би билейді екенсіндер

Жер ана құлпырып гүлдер бүршік атып, өз алқаларын тағынды . Осы көктемнің алғашқы мерекесі аналар мейрамы құтты болсын .Қане балақайлар аналарға жыр төгейік.

Жүргізуші: Әрине бұл күн тек аналарға арналған күн солай емес пе балалдар

Балалар: Әрине

Ән: «Құттықтаймын ана» Хор ер балалардың орындауында


Жүргізуші: Бәрімізге анасын

Біз үшін күн боп жанасын

Құтты болсын мейрамын

Құттықтаймын анашым.

Сегізінші наурыз келді

Шаттық сезім алып келді


Қуанышты күнде енді

Құттықтаймыз сіздерді


Би: «Кемпірқосақ»

Көктем ханшайымы: Қыздар қандай тамаша

Жүргізуші : Қане балалар аналарымызбен ойын ойнайық.           

Ойын «Жылы сөздер».

Шарты:Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.


Жүргізуші: Сен жалықпай жетектеп

Мен жаттыға жетермін

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтіңді өтермін

Ән : «Бала тілегі» Айнажан, Айқын, Анельдің орындауында


Жүргізуші: Апамызды сыйлайық

Үйдің ішін жинайық

Бұрынғыдай еркелеп

Ерегесіп тұрмайық

Гүлдердіде суарып

Едендіде жуамын

Келген кезде жұмыстан

Қалсын апам қуанып

Би: «Кір жуу»

Ойын: «Кір жаю»

Шарты: Екі топқа үш ата-анадан шығып, алдымен бірінші тұрған адам кірді жаюы керек, содан келесі адам кірді жинап әкеледі. Ойын осылай жалғасады.

Жүргізуші: Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Мерекемен құттықтап

Сыйлықтарды сыйлаймыз

Балалар аналарына сыйлықтарын таратады.

Қорытынды:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған
«Ана –біздің гүліміз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
















МКҚК «Бәйтерек» бөбекжайы



Іс-шара:

Тақырыбы:«Ана - біздің гүліміз»



«Балбұлақ» ІІ кіші аралас тобы







Тәрбиешілер: Утепбергенова С.А.

Кузенбаева Г.Ж.



2017жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!