Тақырыбы: Білімді ел – Мәңгілік ел
Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс.
Көрнекілігі: слайдтар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Білімді ел – Мәңгілік ел».
-Ендеше, Мәңгілік елдің мәңгі бақытты ұрпағы – біз! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде бізге үлкен сенім артатынын айтып өтті. Демек, біздің алдымызда үлкен жауапкершіліктер жатыр.
Біз – Мәңгілік елдің білімді де саналы, сауатты ұрпағы ретінде өз еліміздің, Қазақстанның гүлденуі мен әрі қарай дамуына, көркеюіне үлесімізді қосуға тиіспіз. Артылған үміт пен сенімнің жүгі қанша ауыр болмасын, сан қилы, сан қырлы соқпақты жолдар болса да қазаққа тән қайсар мінезбен тайсалмай көтеріп өтуге тиіспіз!
Өйткені біз сонау заманда Мағжан Жұмабаев сынды ата-бабаларымыз сенген, бұл заманда елбасы Н.Ә.Назарбаев секілді ұлы тұлғалар үміт артқан ұрпақпыз! Бірде қарапайым да қара қазақ, бірде сөзге шешен, данышпан, дана қазақ бола білген Ұлы Қазақ Елі – Мәңгілік елдің ұрпағымыз!
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Қазақстан – біздің сүйікті Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдың шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып-жарасып жатыр.
Білімді болсаң – мыңды жығарсың» дегендей, бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтпек. Сынып оқушылары сандықшадан жұлдызшалар алып, олардың түсіне байланысты екі топқа бөлінеді. Бұл білім сайысы 5 кезеңнен тұрады.
1-кезең: Күш білімде
2-кезең: Әдебиет
әлемі
3-кезең:Шапшаңдық
4-кезең: Тіл
білгірі
5-кезең: Мақал-сөздің
көркі
Сонымен 1-кезең: Күш білімде.
1-топқа:
1. Қазақстанда қанша астана болды? (4, Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
2.Қазақстан неше елмен шектеседі? (5 елмен)
3.Мемлекеттік тудың авторы? (Шәкен Ниязбеков)
4.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
5.Ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін қандай күн деп ойлайсыздар? ( 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні )
2-топқа:
1.Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін Президент Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық идеясы қалай аталады? ( «Мәңгілік ел» деп аталады)
2.Алатаудың етегінде орналасқан Қазақстанның ең сұлу қаласы?
3..Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қай қалада?
4.Еліміздің түңғыш президенті қай жерде туған? (Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді.
-
5.Тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды? «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды)
2-кезең: Әдебиет әлемі
Ересек оқушы авторы Әміртай Бөриев
Күз Абай Құнанбаев
Күзеу тозған, оты жоқ елдің
маңы,
Тұман болар, жел соқса,
шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры
қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын
заңы.
Бай баласы мен жарлы баласы авторы Ы.Алтынсарин
Күншығыста таң әуел алтынмен бояғандай қызарып, жан-жаққа жайыла-жайыла барып, ақыры қызылы тарап ағара бастағанда, Үсен Асанды да оята бастады: «Жүрер уақыт болды», – деп. Асан далада екенiн ұмытып, үйдегi қалыбынша, жуық арада оянбай ыңырсыса да, Үсен қоймай оятып алып, қасына ертiп жолға шығысты.
Ана тілі Илияс
Жансүгіров
Қадірлі, бағасы алтын анам
тілі,
Сенімен бағаланған балаң
түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам
деп,
Сенімен әлдилеген анам
мені
Болар бала жасынан Мұқаш Мәжікеев
3-кезең: Шапшаңдық
Сөзден 2 минут ішінде бірнеше сөз құрап жазуларың керек.
“Қазақстандықтар”
4-кезең: Тіл
білгірі
Бауыр басу – үйрену
Бес аспап – өнерлі
Бес саусақтай білу – жетік білу
Ағама жеңгем сай, апама жездем
сай – мінез-қылығы үйлес
Ағынан жарылды – ештеңені жасырмады, бар сырын ақтарды
Ажл оғы атылды – өлді, мерт болды
Ажары кірді – көріктенді
(Бұл пост кітапханаға баруға ерінетін жалқау оқушыларға
арналған)
Азуы алты қарыс – қаһарлы
Азуын айға біледі – мейлінше батыл қайрат көрсетті
Айдар тақты – әйгілі қылды
Айдарынан жел еседі – асқақтап дәурен сүру
Айды аспанға шығарды – аты шықты, таң қалдырды
Айдың күні аманда – аман-есенде, тыныштықта
Аймандай қылды – әшкереленді, ұятты болды
Айна қатесі жоқ – дәл, тұп-тура
Айтаққа ерді – өсек-аяңға ерді
Айтқан сөз құлағынан ағып кетті – түсінбеді
Айы оңынан туды – жолы болды
Айызы қанды – көңілі жай тапты, құмары қанды
Айылын жимау – жасқанбау, сескенбеу
Ақ ауыз қылды – алдап кетті
Ақ жарқын – ашық көңілді
Ақ иық – айрықша асыл қыран
Ақ киізге көтерді – хан сайлады
Ақ саусақ – жалқау
Ақ тамақ – қыздың сұлу тамағы
Ақыл(ой) таразысына салды – ойланды
Ақысын жеу – еңбегінің ақысын бермеу
Ала ауыз (алты бақан) – бірлігі жоқ
Ала болды – араздасты
Ала көзімен атты – жек көріп, тіктесе қарады
Алақанға қарады- дәмеленді
Алақанның аясындай – тар жер
Алақанына түкірді – іске дайын тұрды
Ал-дал болды – әуре –сарсаң күйге түсті
Алқам-салқамы шықты – тозығы жетті
Алқымынан алды – қинады
Алмасын қанға суарды – кектенді
Алпыс екі тамыры босады – елжіреп, мейірімі түсті
Араны ашылды – аш көзденді
Арасынан қыл өтпейді – өте тату
Арқа сүйеу – сүйеніш еті
Арқаны кеңге салу – асықпау, саспау
Арқасы мұздап қоя берді – сескенді
Арнасына (сабасына) түсті – ашуы тарқады
Артына сөз қалдырды – кейінгіге өнегелі сөз қалдырды
Ас аш өзегіне түсті – ішкен тамағы кеселге соқтырды
Ас қайырды – бата берді
Асығы алшысынан түсті – жолы болды
Ат арылту – әуре болу
Ат ойнатты – басынды
Ат салысу – көмектесу
Ат ізін салмау – хабарласпау
Ат ізін суытпау – жиі келіп тұру
Атарға оғы жоқ – ашуланған адам
Ат-тонын ала қашу – басын алып қашу, жауапкершіліктен бас
тарту
Аузын буған өгіздей – үндемейтін адам
Аузына құм құйылды – жағы қарысты, сөйлей алмады
Аузынан бір елі тастамайды – үнемі айтады
Аузынан салбырап түскенбей – айнымай ұқсаған
Аузының салымы бар – несібелі кісі
Ауыз жаласу – жақтасу, болысу
Аш көз – қомағай адам
Аяғы аспаннан келді – тас талқаны шықты
Аяқтандыру – үйлендіру
Әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ – бассыздық,
тәртіпсіздік
Әңгімесі жарасу – ортақ тіл табысу
Әпер бақан – шаш ал десе, бас алатын адам
Базары тарқады – дәурені өтті
Балақтағы бит басқа шапты – болмашы жұрт қорлады
Бармағын тістеді – өкінді
Бас білдіру – үйрету
Бас изеді – келісу
Бас имеу – келіспеу, берілмеу
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ – салттан аттау жоқ
Басынан сөз асырмау – басындырмау
Бауыр басу – үйрену
Бес аспап – өнерлі
Бес саусақтай білу – жетік білу
Бет бақтырмау – бой бермеу
Бетке айту – шындықты көзіне айту
Бетке шіркеу болды – ұятқа қалдырды
Бит қабығынан биялай тоқыған – өте шебер
Биті торғайдай, мойны ырғайдай – арық
Бүйректен сирақ шығару – болмашы нәрседен шатақ шығару
Бүйідей тиді – әлек салды
Ғайып ерен қырық шілтен – мұсылмандарды қорғап жүретін киелі
бейнелер
Далаға кетті – босқа кетті
Дәм-тұзы жараспады – тату-тәтті тұра алмады
Деміне (кеудесіне ) нан пісірді – мақтанып ісіп кетті
Дымын шығармау – үндемеу
Ділгір болу – өте мұқтаж болу
Тұрақты тіркестер: Е, Ж, И, К, Қ
Екі аяғын (өкпесін) қолына алу
– аяғы-аяғына жұқпау
Екі аяғын бір етікке тығу – қысымға алу
Екі езуі екі құлағына жету – қуану
Екі көзі төрт болды – қорықты
Екі көзі шарасынан шығу – қорқу
Екі қолынан демін алу – болып, жетісіп отыру
Еңбегін сауды – адал күн кешті
Еңсесі құру – сағыну
Ер қаруы – бес қару – қылыш найза, садақ, шоқпар, сойыл – ерлер
асынып жүретін қарулар
Ереуіл атқа ер салу – елін қорғануға асыну
Ернін шығарды – мазақтады
Ернінің емеурінін табу – көңілін табу
Есек құрты мұртына түсу – баю
Етек-жеңін жию – есін жию
Етектен алу – кедергі жасау
Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау
Жағадан алу – қылғындыру
Жағасын ұстау – таңдану
Жағы сембеді (тынбады) – көп сөйледі
Жағына пышақ жанығандай – арық
Жайдың атқан тасындай – аса құдіретті, мықты
Жалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүру
Жанары кетті – көзінің нұры кетті
Жанды жегідей жеу – қиналу
Жаны зәр түбіне жету – қорқу
Жаны сіріден жаралған екен – мықты
Жанын қоярға жер таппау – әлек болу
Жараның аузын алу – ескі дертті еске түсіру
Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппау
Жауырынан жел өту – азап шегу
Жегенін желкесінен шығару – сазайын беру
Желкесін қасу – қысылу, сасу
Жеме-жемге келгенде – шешуші сәтте
Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты – табан астынан бәле
шықты
Жер аяғы қиянда (ит өлген жер, ит арқасы қиянда, жер түбі) –
алыс
Жер болу – ұялу
Жер жұту – жоқ болу
Жер қабу – өлу
Жер қаптыру – алдау
Жетім қыздың тойындай – елеусіз
Жұлдызы оңынан туу – жолы болу
Жұмған аузын ашпау – сөйлемеу
Жұмыртқадан жүн қырыққан – қу
Жүз тайысу – ұрысу
Жүзі қайту – тайсалу
Жүзі солу – жүдеу
Жүзіктің көзінен өткендей – сұлу
Жүн терісін сыпыру – өлімші етіп сабау, азаптау
Жүндей түтті – әбден сабады
Жүрегі алып ұшты (жүрегі аузына тығылды, жүрегі аттай тулады) –
қатты толқыды
Жүрегінің түгі бар – батыр
Жүрісі сұйық – ісі мардымсыз
Жыл көрдің бе, ай көрдің бе? – көп ұйықтағанға айтады
Жылан жалағандай – түк қалдырмау
Жыланның басы қайту – аштығы басылу
Жынынан айрылған бақсыдай – не істерін білмеу, абдырап
сасу
Жыртысын жырту – намысына шапты, сойылын соқты, жоғын жоқтады,
шашбауын көтерді
Жібі түзу – дұрыс адам
Жігері құм болу – шаршау, тауы шағылу, жасып қалу
Жілігі шағылу – беті қайту
Зәрезап болу – жүрегі шайлығу, үрейі ұшу
Зәрі қайту – уы тарқау
Зәріне міну – қаһарлану
Зығыры қайнау – ашулану
Иегі қышу – дәмелену
Ине шаншар жер жоқ – толық, тығыз
Инемен құдық қазғандай – қиын, ауыр
Инені жіпке тізу – бәле қуу
Иненің жасуындай – азғантай
Иненің көзінен өткендей – пысық
Ит арқасы құрысты – қайратқа мінді
Ит байласа тұрғысыз – адам тұрғысыз
Ит басына іркіт төгілу (ақ түйенің қарны жарылу) – молшылық
орнау
Ит болу – қор болу
Ит пен құстың арқасында – кім көрінгеннің арқасында
Ит терісін басына қаптау – ұрысу, балағаттау
Иттің қара тұмсығындай көру – жек көру
Иттің құлы итақай – кім көрінген, кез келген
Иығына су кету (иығы салбырау, ұнжырғасы түсу, салысуға кету) –
қажу, шаршау
Иығынан дем алу – мақтану
Иін тірескен – өте көп
Иісі мұрнына кірмейді – ештеңе сезбеу
Кәдеге асу – іске жарау
Кәріне міну – ашулану
Кебін кию – аяғын құшу
Кежегесі кейін тарту – жалқаулану
Кендірі кесілді – көтерем болу
Кең балақ, жалпы етек – қолынан іс келмейтін, олақ
Кең дүние тар болу – дүниеден түңілу
Кердең басу – талқандау
Кескен жерінен қан шықпас – қатал, ұятсыз адам
Кеудесіне шайтан кіру – азу
Көз байлау – алдау
Көз болу – ие болу
Көз жазып қалу – адасу
Көз қиығын салу – көздің ұшымен қарау
Көз салу – қарау
Көз сүзу – телміру
Көзі шалу– байқау, аңдау
Көзге сүйел болу – жеккөрінішті көріну
Көзге түртсе көргісіз – қараңғы
Көзден ғайып болу – жоқ болу
Көзді ашып-жұмғанша – тез
Көздің жауын алу – қызықтыру
Көздің шырымын алу – аздап ұйықтау
Көзі (қарасы) батты – біржола жоқ болды
Көзі алақандай болу – қорқу
Көзі ашылу – санасы ояну
Көзі жету – кәміл сену
Көзі тою – көңілі тою
Көзіне топырақ шашу – жамандық жасау
Көзіне шөп салу – алдау
Көк айыл (долы) – ашушаң
Көк ала қойдай ету – сабау, ұру
Көк өрім – бала кез
Көкейін тесу – көп құмарту
Көкесін таныту – ұрып-соғу
Көкірегі қарс айрылу – қайғыру, өкіну
Көлденең сөз – жағымсыз қауесет
Көрпеңе қарай көсіл – әліңе қара
Күлге аунаған түйедей – шаң-шаң
Кірерге тесік таппау – ұялу
Кірпігінен қырау тамған – қаһарлы
Кірпідей жиырылу – жақтырмау
Кірпік қаққанша – тез
Кірпік қақпау – ұйықтамау
Кіршік шалу – ойына ақау түсу
Қабағы кірбің тартты – ренжіді
Қабағын қырау шалу – қартаю
Қабағын қақпау – тез
Қабақ шытысты – ұрысты
Қабырғамен кеңесті – жақын кісілермен келісті, өз-өзімен
ойласты
Қабырғасы қайысу – қатты қиналу
Қадалған жерінен қан алу – дегенін істету
Қаймағы бұзылмау – бірлігі бұзылмау
Қайрауы жеткен – бабына келген
Қақпанның қанды аузын басу – қолға мықтап түсу
Қалпақтай ұшу – құлап түсу
Қалтасына сену – байлығына сену
Қан жалау – таяқ жеу
Қанат біту – қарқын алу
Қанатын жазу – белгілі болу
Қанатын қию – сорлату
Қанды балақ – озбыр
Қаны қайнау – ашулану
Қанына сіңу – әдеттену
Қанына тарту – туысына ұқсау
Қара есекке теріс мінгізу – артына кір келтіру
Қара жаяу емес – құр алақан емес
Қармаққа түсу – ұсталу
Қас пен көздің арасында – тез
Қас қарайғанда – кешқұрым
Қауқары кету – шаршау
Қиқу салды – дабыл қақты
Қой аузынан шөп алмас – момын
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалау – тыныштық заман орнау
Қойға шапқан қасқырдай – тас-талқан ету
Қол арту – ниет ету
Қол байлау болу – кедергі жасау
Қол беру – келісу
Қол жалғау (қол ұшын беру) – көмектесу
Қол қусыру – бағыну, көну
Қолтыққа су бүрікті – желіктірді
Қолы ашық – жомарт
Қолы жүру – сәті келу
Қу маңдай – сорлы
Қу мойын – арық
Қу сирақ – қыдырымпаз
Қу тамақ – аш өзек, нәпсі
Қу таңдай – сөзуар адам туралы мысқыл
Құлағы тесік – әр нәрседен хабардар адам
Құлағын бұрау – үгіттеу
Құлағын түру – назар салу
Құлағына кірмеу – ұқпау
Құлағыңның тесігі бар ма, жоқ па? – кереңбісің?
Құлаққағыс ету – айтар ойдың ұшын шығару
Құлаққа ұрған танадай – тып-тыныш
Құлаш сермеу – ұмтылу
Құнт қылмау – ескермеу
Құралайды көзге атқан – мерген
Құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру – алдау
Құрығы ұзын – билігі күшті
Қызыл өңеш – даукес, сөзуар
Қызыл сирақ – кедей
Қызыл сөз – бос сөз
Қызыл сөзден бал жағу – мадақтау
Қызыл тіл – шешен
Қылышынан қан таму – қатігез
Қырық құрау – тозған
Қырық пышақ – араздасқан
Қысқа жіп күрмеуге келмейді – кедейлік
Қысқа қол – жетіспеушілік
Қысыр әңгіме – бос сөз
Қытығына тию – ашуландыру
1 0
5-кезең: Мәре
1-топ
1.Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама.
(кітап - книга - bооk
)
2. Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін
досы(ит - собакa -
dog).
3.
Жүз теңгең
болғанша, Жүз..... болсын. (дос - друг -
friend)
2-топ
1. Тұмсығымен
қозғалар,
Соңынан аппақ
із калар.(бор - мел - chalk
2. Тіс жоқ
өзінде, Сөзі бар ізінде.(қаламсап - ручка -
реп)
3. Сағат сайын
қағылады, тек мектептен табылады. ( қоңырау - звонок -
bеІІ)
Сергіту сәті: « Ойлан тап» Анаграмманы шешіп, артық сөзді тап:
БЫЖҢАР Жаңбыр
ЗАНЙЙҒАА Найзағай
КҚҚОАЕІПМРС Кемпірқосақ
СЫЖАРОБЛ Жолбарыс
Қорытынды: «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз»
ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Адам баласы тек білім арқылы дүниені
таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады,
техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен
тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін
белгілейді "Ақыл
жастан, асыл
тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт
күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ
алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз
тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл
– парасаты мол азамат
болып өсейік.
Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Іс-шара "Білімді ел – Мәңгілік ел"

шағым қалдыра аласыз