Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс-шара: "Денсаулық фестивальі-2019"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту ,ептілігін шапшандылықтарын, батылдылықтарын ,күштіліктерін байқау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«АҚТОҒАН ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ










«Денсаулық

фестивалі-2018»





Қатысқан сыныптар:7-11

Өткізілген күні:08.09.2018 жыл

























Көгершін ауылы 2018 жыл

«Денсаулық фестивалі»



Өтетін орны: Мектеп спорт алаңы


Өтетін уақыты: 8 қыркүйек 2018 жыл, сағат 10.00-де



І – жүргізуші

Денсаулықтың кепілі.

Жаттығу мен шынығу.

Әрбір жастың үлесі,

Жастайынан шынығу.

ІІ – жүргізуші

Шымырлықпен денсаулық,

Жаттығумен келеді.

Жалқау болмай әрдайым,

Шынығайық үнемі.

І – жүргізуші

Армысыздар спорт сүйер қауым! Бүгінгі «Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!» атты денсаулық фестиваліне қош келдіңіздер!

ІІ-Жүргізуші

Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Осы орайда, халықаралық аренада Қазақстан спортының беделі жыл санап көтеріле түскенін аңғара аламыз.

І-Жүргізуші

Ия, бұл ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел спортына ерекше ықыласпен қарайтынын айтпасқа болмайды. Еліміздің барша мектептерінде 1-8 қыркүйек аралығында «Белсенді өмір - жүз жастық ғұмыр!» ұранымен Денсаулық фестивалі өткізілуде. Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат – денсаулықты сақтау мен нығайту, қазақстандықтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

ІІ-Жүргізуші

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі. – деп денсаулық фестиваліне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз!

ГИМН орындалады

І-Жүргізуші

Спорт деген денсаулықтың кемесі,

Спорт деген асар шыңның белесі.

Спорт деген біле білсең достарым,

Жан мен тәннің, сұлулықтың төресі

ІІ-Жүргізуші

Спорт қалған емес қазақ қазақ болғалы,

Денсаулықтың құлпысы деп ұғынамыз ал дағы

Салауатты өмір салтын біз бен сіздер ұстанып,

Желбіреген қазақ туын көтерейік жоғары!

І-Жүргізуші

Сөз дене тәрбиесі бірлестігінің жетекшісі Барманқұлов Ербол ағайымызға беріледі!

ІІ-Жүргізуші

Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.

Досың спорт, таза ауа, өсімдік.

Ала жүріп, осылардың сыйлығын –

Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.

І-Жүргізуші

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау – деп құрметті жарысқа қатысушы достар сендерді сайыс алаңына шақырамыз!

ІІ-Жүргізуші

Кезек мектебіміздің дене тәрбиесі бірлестігіне!



















Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы

«Денсаулық фестивалі-2018» 7-11 сыныптарда өткізілген

іс-шараның анықтамасы.



08.09.18 ж күні 7-11-сыныптар арасында «Салауат» бағыты бойынша «Денсаулық фестивалі-2018» Эстафеталық ойындар өткізілді.

.Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту ,ептілігіншапшандылықтарын, батылдылықтарын ,күштіліктерін байқау. Спотқа деген сүйіспеншілігін арттыру, Салауатты өмір салтын насихаттау

«Денсаулық фестивалі-2018» іс-шарасы 2018 жылдың 08 қыркүйек күні сағат 10-00 де басталды. Іс шараға қатысқандары:Мектеп әкімшілігі,7-11 сынып оқушылары және дене шынықтыру пән мұғалімдері:Баягизов Қ.Рысқұлов М.Мектеп медбикесі Абитаева Ұ.мектеп тәлімгері:Ускенбаева С.А.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Ахметова «Денсаулық фестивалі-2018» іс-шаралар жоспарымен таныстырды. 10.00-13.00 аралығында өтті.Барлық 7-11 сынып оқушылары қамтылды. ұйымдастырылды.Стадионда әр сынып арасынан жүгіру кроссы ұйымдастырылды. Жеңімпазы анықталды.Ұлдар арасында 7-11 сыныптар футбол командасын пән мұғалімі Е.Барманқұлов жүргізді.Қыздар командасы арасында волейбол ойыннан үздік танылып, марапатталды.

МДТЖО:,С.Ахметова өткізілген спорттық ойындардың қорытындысын хабарлап, іс-шара барысында белсенділік танытқан оқушыларды марапаттады.





Анықтаманы жазған: С.А.Ускенбаева

Өткен күні: 08.09.2018 жыл





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
2417
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12