Іс-шара. Желтоқсан - тəуелсіздік бастауы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс-шара. Желтоқсан - тəуелсіздік бастауы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Іс-шара мектеп оқушыларын қатыстыра отырып сахналық көрініс пен боздақтар туралы мəлімет берілді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы». Мақсаты: Желтоқсан оқиғасының қаһарман құбандарына тағзым ету; Ләззаттың ерлігін үлгі ету; патриоттық сезімдерін ояту, интернационалдық тәрбие беру; Отанын сүюге, елін жерін қорғауға баулу. Көрнекілігі: интербелсенді тақта, бейнетаспалар, үнтаспа,қабір, гүл шоғы,шарлар, жалаулар

Барысы Музыка әуені ойналып тұрады

Еркіндікке, бостандыққа үн қосқан, Гүрілінен қақ айырылған түнгі аспан. Қазағымның әні мен жыры болған Жастар үні – 16-желтоқсан! (1 минут үнсіздік жариялаймыз). ...Бұл оқиға – Қазақстан жастарының еркіндікке, демократиялық жүйеге ұмтылысының беташары болды. Жай қараған адамға бұл күш жастардың бұлқынысы сияқты көрінгенімен бұның тамыры тереңде жатыр. Бұл халықтың ой-пікірімен санаспайтын орталықтың өктем билігіне қарсы ата-бабаларымыздың өз жерін, өз елін жанқиярлықпен қорғаныны баршамызға аян. Міне, біздің бүгінгі шарамыздың «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» деп аталу себебі де содан. Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Сүйесін Қайырқұлұлына беріледі. Бейнесюжет пен көрініс 17-желтоқсан алаңға ереуілдеп студенттердің ағылуы. Асқар Егеубаетың «Желтоқсан» поэмасынан үзінді (үзінді оқылған да қар жауады)

Желтоқсанда, Алматыда ақ қарда, Алма бақтар ақ қырауға батқанда Күңірене күн күркіреп тау жақтан, Жайдың оты жалаң қақты шатқалда Буырыл көктің көкірегін тілгілеп Найзағайлар от бишігін тұр білеп «Ақ боранда құтырады ит » -деуші еді Алматының иттері ұлып, үрді кеп Оқ пен удан, от пен судан ықпаған Жаралғанан өзін жалаң ұстаған Алабұртқан, аңғырт бала жүректер, Қысқа ұрынған аққуларға ұқсаған.

Бейнесюжет 17- 19 -желтоқсанда мәлімет көрсетіледі.

Қаһарман қыз, ғажап қыз,

Ұрандады Ләззат қыз:

«Біз қазақпыз, қазақпыз,

Өмір керек азапсыз.

Ел боламыз егемен,

Сонда ғана азатпыз!»

Азаптады қарақшылар, қанқұйлы

Қазақ қыздар азап көрді сан қырлы,

Арпалысып теңдігі үшін халықтың

Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.

Көрініс: Ләззаттың зиратының басына анасының келуі.

Ләззаттың дауысы:

Анасының жоқтауы:

Мынау неткен зар заман,

Жүректіге тар заман.

Сені өлтірген дұшпанға

Зауал келсін Алладан,

Асыл едің, мыс болдың,

Қарағым, көрген түс болдың

Ізің жатыр өңің жоқ

Бейнең бар да, ісің жоқ

Қайдасың, қайда қарағым!

Ләззаттың дауысы:

Иә, Ләззат Оразханқызы Асанова 1970 жылы Алматы облысының Панфилов ауданындағы Ақжар ауданында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесініде қобызшы мамандығы бойынша оқыған. Ол он алты жасында туған елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп құрбанн болды.

Ән: «Желтоқсан желі» Заңғалиев Әділеттің орындауында.

Әннің соңғы шумағында сахнаға Кішкентай бүлдіршіндердің ортаға көңілді әуенмен шығуы қолдарында шарлар, жалауша ұстаған.

Гимн ойналады.

Тәуелсіздік таңы атты,

Азаттықтың таңы атты.

Тәуелсіздік алған ел

Бостандығы Қазақтың.

«Тәуелсіздікке жыр-шашу» қабыл алыңыздар!

Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы

Тәуелсіздік, тәуелсіздік- жыр әнім.

Ән:«Тәуелсіз қазақтың қызымын» Тлекова Зарина

Өзіңдікі туың да,

От пен ауа, суың да.

Жаса Қазақстаным!

Белді бекем буын да

Ән: «Көк тудың желбірегені» Заңғалиев Әділеттің орындауында.

Қалса да қайда көлің, қайда жерің,

Қасқайып қақ жолынан таймап едің.

Айырылып күндіз – күлкі, түнде – ұйқыдан

Күткенің осы еді ғой, қазақ елім!

Хор : «Нұр Аға» 3сынып

Бізге де кез келді ғой көктем шығар,

Зілзала, құйын заман өткен шығар.

Күндіз-түні шырылдаған құлын дауысың

Құдайдың құлағына жеткен шығар.

Бейнетаспадан көрініс көрсету «Қазақ елінің дамуы»

Қара мына ғажапқа,

Теңдік тиді қазаққа.

Егемен ел ұрпағы

Енді айналмас мазаққа.

Би: «Қара жорға»

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат.

Мен қазақпын дегенде қандай ғажап.

Мақтан етсін халықтар халықтығын,

Жетер сан жыл шеккенің малдай азап.

-Тәуелсіздігімізге биыл қанша жыл толды? 26 жыл

Қорытынды:

Ағалардың алып берген биігін

Абыроймен асқақ ұстан жастарым

Қазақстан деген алып мемлекет

Қарыштап тек алға қадам басқаның

Атағыңа ғашық болсын жер жаһан

Азат елім, ашық болсын аспаның!

«Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» атты тәрбиелік шарамыз аяқталды. Біз сіздермен қоштаспаймыз. Тек келесі жүздескенше дейміз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2018
809
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі