Материалдар / Іс-шара: "Мектептің ашылуы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Іс-шара: "Мектептің ашылуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Іс-шара: "Мектептің ашылуы" мектеп презентациясының сценарийі. Мектеп оқушылары бұл іс-шарада мұғалімдермен, үйірме жетекшілерімен және спорт-нұсқаушылармен танысады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2022
281
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ОҚУ –САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

МИНИСТРЛІГІ ФИЛИАЛЫ




Білім кешені

2022 жылдың «HAPPY – 2022» жаңа жылдық шытырман атты

16-ауысымының «Білімді ұрпақ – ел ертеңі» мектеп презентациясының

СЦЕНАРИЙІ


Жауаптылар:

Биология пәнінің мұғалімі: Мыңбай А. А.

Математика пәнінің мұғалімі: Айтбай Б. Х.


Өткізілу орны: «Балдәурен» РОСО филиалы

Өткізілу уақыты: 06.12.2022 ж., сағат 09:30.

Қатысушылар: ауысымның қатысушылары, қонақтар, мұғалімдер.

Мақсаты: Оқушыларды ауысымның тақырыбымен және орталық мұғалімдерімен таныстыру. Ауысым барысында еліміздің тарихы болып келе жатқан Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру арқылы оқушылардың ой-өрісі мен таным белсенді-ліктерін жан-жақты жетілдіру.

Міндеттері:

  • білімге деген құштарлығын ояту және қолдау көрсету;

  • ауысым қатысушыларының шығармашылығын арттыру және ынталандыру;

  • еліміздің дамуына үлес қосатын тұлғаны қалыптастыру.


Жүргізушілер: Мыңбай А. А., Айтбай Б. Х.


Іс-шараның барысы:

(фанфар, жүргізушілер ортаға шығады)


І жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты Балдәурендіктер мен қадірлі қонақтар!

II жүргізуші: Қайырлы күн, жас достар!

Балдәурен - балалық шақтың мекені,

Балдәурен - қызықты өмірдің кешені - деп аталатын «Балдәурен» Рес-публикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалына қош келдіңіздер!

I жүргізуші: 2022 жылдың «HAPPY – 2022» жаңа жылдық шытырман атты 16- ауысымының «Білімді ұрпақ – ел ертеңі» мектеп презентациясын ашық деп жа-риялаймыз.

Әнұраным көкейде жатталады,

Сонымен бейбіт күнім басталады.

Шәмші атамның шығарған асқақ әні,

Әркімнің жүрегінде сақталады.

/Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады./


I жүргізуші: Республика күні, яғни 25 қазан – ұлттық мереке! Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлады. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жо-март Кемелұлы Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті.


II жүргізуші: Бұдан былай 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ре-тінде атап өтіледі. 16 желтоқсан – мемлекеттік мерекеміз Қазақстан Республикасы-ның Тәуелсіздік күні!


I жүргізуші: Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз! Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бей-біт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген Қазақстан Рес-публикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген сая-саткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.


II жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше ме-реке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабалары-мыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Сіздерді ғасырлар бойы халқымыздың асыл мұраты – азаматтығымызды әперген айтулы мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз.


I жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік – ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын, қуаныш!


Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.

Ата-бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан – Гүлстан!


II жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің,

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті.

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


Құттықтаймын мерекеңмен қазағым

Тәуелсіздік күні бүгін кеп жеткен.

Арта берсін ғажабың мен базарың,

Күндер көп боп шаттықты да нұрлы еткен.


I жүргізуші: Осы ауысымда сіздермен көптеген іс-шаралар және танымдық сабақ-тар өткіземіз, республикалық, облыстық және аудандық сайыстарының жеңімпаз-дарымен әртүрлі зияткерлік ойындар, жалпы лагерьлік іс-шаралар өткіземіз. Бұл іс-шараларда сіздер өз білімдеріңізді көрсете аласыздар.


II Жүргізуші: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар - демекші, осы ауысым бойы сіздермен бірге сынып жетекшілер жұмыс жүргізеді. Ендігі кезекте сіздерді сынып жетекшілермен таныстырып өтейік:

I жүргізуші:

Слайд 1

7 «А» сыныбының сынып жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі – Қанаева Салтанат Мельдебекқызы

Слайд 2

7 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – Қамбарова Гульжан Мұхаметалиқызы

Слайд 3

7 «Б» сыныбының сынып жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Давидов Искандер Усанович

Слайд 4

7 «В» сыныбының сынып жетекшісі орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі – Давыдов Усан Мамадалиевич


IІ Жүргізуші:

Слайд 5

8 «А» сыныбының сынып жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі – Умирзахов Есқали Қалдыбекұлы

Слайд 6

8 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі математика пәнінің мұғалімі – Алиханов Жасұлан Жанабекұлы

Слайд 7

8 «Б» сыныбының сынып жетекшісі қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі – Ермекбай Бекжан Ерғалиұлы

Слайд 8

8 «В» сыныбының сынып жетекшісі биология пәнінің мұғалімі – Худайбергенова Гүлбақыт Бөребекқызы

Слайд 9

8 «Г» сыныбының сынып жетекшісі математика пәнінің мұғалімі – Айтбай Батыр Хусанбайұлы


I Жүргізуші:

Слайд 10

9 «А» сыныбының сынып жетекшісі химия пәнінің мұғалімі – Жандарова Жұмагүл Сейтжаппарқызы

Слайд 11

9 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі география пәнінің мұғалімі – Майлыбекова Зәуре Шымыркуловна

Слайд 12

9 «Б» сыныбының сынып жетекшісі физика пәнінің мұғалімі – Әжібаев Нұрғазы Шаймұратұлы

Слайд 13

9 «В» сыныбының сынып жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі – Абуов Жалғас Абайұлы

Слайд 14

9 «Г» сыныбының сынып жетекшісі қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі – Ускенбаева Балнұр Оразбайқызы


IІ Жүргізуші: Сонымен қатар, сіздермен бірге пән мұғалімдері жұмыс атқарады.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жумашев Бахыт Лесбекұлы

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оралбаев Берік Сәбденбекович

Математика пәнінің мұғалімі Оразтаева Хазифа Азимбековна

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Утарбаева Айсұлу Орынбайкызы

Физика пәнінің мұғалімі Аманова Сандуғаш Тағайқызы

Биология пәнінің мұғалімі Мыңбай Аяулым Арапбайқызы

Көркем-еңбек пәнінің мұғалімі Түктібаева Ақмарал Ермаханбетқызы

Көркем-еңбек пәнінің мұғалімі Жексенбиева Майра Аманқызы

Құмды терапия үйірмесінің жетекшісі – Нұрманов Сәкен Темірханұлы

Домбыра үйірмесінің жетекшісі – Бегимова Самат Ерғазықызы

Тігін бұйымдары үйірмесінің жетекшісі – Пиязбекова Дина Расылқызы

Креативті гербарий үйірмесінің жетекшісі – Тұрапбаева Динара Нұрланқызы


I Жүргізуші: Ал енді спорт нұсқаушыларымен таныс болыңыздар.

Абуов Тұрдықұл Мергенбайұлы

Байғон Бөрі Исаұлы

Жолдасбек Елтай Батырбекұлы

Жолдасбек Ералы Жолдасбекұлы

Дәулетбаев Жандос Әбілханұлы

Аға спорт нұсқаушы – Қалықбаев Сағынбек Абутәліпұлы


IІ жүргізуші:

Кітапхана меңгерушісі Айтмұрзаева Жания Жұмабайқызы

Әдістемелік бөлімнің әдіскері – Аманжолова Айгүл Бахадырқызы

Әдістемелік бөлімнің әдіскері әрі ауысым кураторы – Қасым Айман Абайқызы


І жүргізуші: Ал, енді бөлім басшыларымен таныс болыңыздар:

Әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Джолаева Ұлдана Ахимбекқызы

Тәрбие кешенінің меңгерушісі Әліп Егемберді Тұрсынбекұлы

Білім кешенінің меңгерушісі Божанова Гүлнар Абдыхалыққызы


II жүргізуші: Ендеше, құттықтау сөз білім кешенінің меңгерушісі Божанова Гүл-нар Абдыхалыққызына беріледі.


I жүргізуші: Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін, деп, Мағжан ақын айтқандай, еліміздің көк

байрағын биіктететін де, әлем алдында оны танытатын да – жастар!

Қазақстанның жарқын болашағы білімі мен білігі ұштасқан, ұлтының терең тарихы мен бай тілінен сусындаған, ойы озық, өрісі кең, рухы биік, талабы таудай жастар-дың қолында!


I жүргізуші: Қымбатты достар, біздің шағын кездесуіміз осымен аяқталды. Балдәу-ренде қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша, қонақтарымызды шығарып салайық!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!