Педагогтің педагогикалық іс тәжірибесімен алмасуы
Павлодар қаласы №42 ЖОББМ
Бегалинова Әлия Ерғалиқызы
Іс
тәжірибенің тақырыбы:
«Қазақ тілі сабақтарындағы кері байланыстың тиімділігі»
Іс тәжірибенің идеясы:
«Қазақ тілі сабақтарында кері байланысты
қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісін жоғары көтерудің
тиімділігі»
|
1.Автор туралы мәлімет
Білімі: жоғары Оқу орны, бітірген жылы: ППК
2001ж, ПМПИ 2007ж. Жұмыс орны: №42 ЖББМ Қызметі бойынша еңбек өтілі:
16 жыл
Тәжірибені қалыптастыру үшін мына факторлар әсер етті:
3.Тәжірибенің теориялық базасы.
4.Тәжірибенің өзектілігі.Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі өте зор. XXI көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдері ментехнологиялар сапалы білімберуде үлкен рөл атқарады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын ақпараттық инновациялық технологиялар арқылы өткізе отырып, интербелсенді тақтамен жұмыс жасауға машықтыруға болады. Әр түрлі презентацияларды, видео материалдарды көру және қолда бар материалдармен өздері сабақтарды құрастыра алады. Компьютермен жеке дара жұмыс жасау барысында, деңгейлік тапсырмаларды орындау жұмыстары тиімді жүргізіледі. Алдын ала мұғалімнің даусымен жазылған аудио-мәтіндерді, ән- күйлерді тыңдау жұмыстары жүргізіледі. Өз білімдерін тексеру мақсатында электронды тестпен жұмыс жасау, электронды оқулықтармен жұмыс жасуға машықтандыру. Шығармашылық, іздену жұмыстарында интернет, сайттардан қажет деректерді тауып, пайдалануға үйретуге болады. Жұмыстарын, жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғауға үйрету – педагоикалық міндеттерді шешудегі жаңалығы. 6. Тәжірибенің бағыты. «Қазақ тілі сабақтарындағы кері байланыстың тиімділігі» тақырыбы бойынша қала көлемінде озық педагогикалық тәжірибе жинақталып, қала мұғалімдері арасында таратуға ұсыныс жасалды. 7.Тәжірибенің көп еңбекті қажет ететіндігі.
8. Тәжірибенің технологиясы Жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы зор екеніне көз жеткізуге әбден болады.
Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "мен" құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Н. В. Кузьмина адам өзін - өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады.[5] Педагогикалық рефлексия -
мұғалімнің өзіне, өзінің қылықтарына объективті баға беру, оны
балалар, басқа адамдар, ең әуелі педагогикалық қатынас процесінде
муғалім әрекеттесетін адамдар қалай қабылдайтынын түсіну қабілегі.
Педагогикалық рефлексия орталығында - оқушы
тәрбиешіде және онымен өзара қарым-қатынасында нені қабылдайтынын
және түсінетінін, тәрбиешінің әрекеттеріне қалай икемделе алатынын
ұғу. Рефлексияны ойлау, ес, сана
сияқты танымдық үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан олардан
бөліп қарауға болмайды. Оқыту барысында білім алушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі
қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соныңда асығыс атқарыла салмай,
балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп үйымдастырылуы
шарт. Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың
инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б. З. Вульфов пен В.
И. Харькин «Рефлексияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды»
деген пікірбілдіреді. Рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет.
Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін кеңейту, мәдени деңгейін көтеру, танымдық қабілеттерін дамыту, оқу процесін ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру, даралап және саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарды. Бұл оқушыларға өз әрекетінің барысын, нәтижесін тексеру әдіс- тәсілдерін меңгертуді талап етеді. Оқу әрекетінің құрамына оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп, бағалап отыруы кіретіндіктен оқу әрекетіне деген рефлексивті қарым қатынасын қалыптастыру ең басты мәселелердің бірі болады. Осындай күрделі құралдағы оқу әрекетіне байланысты оқушылардың сәйкесті ойлау қабілеті қалыптасады. Ал ойлау сөйлеумен тығыз байланысты. Ол белсенді сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады. Оқу тапсырмасының әрбір кезеңін орындауда оқушылар білім негізін саналы меңгеріп, өз беттерімен әрекет жасауға мүмкіншілік алады. Сондай- ақ талдауға, нақты мақсатты анықтауға, тапсырманы орындауға қажетті ережелерді, іскерліктерді жаңғыртуға, мақсатқа жетудің реттік амалдарын белгілеуге, тексеру мен бағалауға үйренеді.Оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастыру - өз бетімен білім алудың, өз бетімен ізденудің, өзін - өзі тексерудің, өзін-өзі бақылаудың, өзін-өзі бағалаудың негізгі құралы болып табылады.[4] Оқу әрекетіндегі рефлексия – оқу әрекетін жүзеге асырып субъекттің ойлау, қабылдау қабілетін жандандырады. Себебі оқу әрекетіндегі рефлексия арқылы оқушы өзінің даралығына, өз ойының дұрыстығына, өзі орындаған тапсырмаларды талдау, бағалау арқылы көз жеткізсе, оқу әрекеті өз пікірін таразылап түсінуге, өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік алады.Оқушы рефлексия арқылы өз оқу әрекетінің тәсілін түсініп білімді саналы меңгере алады, яғни рефлексия – оқушыға алынған нәтижені талдауға, алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған жету жолын өңдеуге үйретеді, өзін-өзі тексеріп, оқу қызметін бағалауына мүмкіндік береді. Сондықтан да рефлексия - өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың негізгі тәсілі және ойлаудың қажетті құралы. Өкініші орай оқушылар өткен материалдың мәніне көп көңіл бөлмейтінін қойылған талаптары, шала түсінетіні, тек нәтижені ғана тексерумен шектелетіндігі, соның нәтижесінде жиі сәтсіздікке ұшырайтындықтары, уақыттан ұтылатындықтары, өздеріне сенімсіздіктері байқалады. Нәтижесі оқушы өз әрекетін талдай, бақылай білмейтіндігін көрсетті. Сондықтан да оқушыларда оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастырудың қажеттігін практика жүзінде көз жеткізіп, оқу әрекетіне рефлексивті қатынасты қалыптастыруда төмендегі шарттарды ескеру қажеттілігі анықталады.
5. Оқу әрекеті барысында тексеруді және бағалауды жүзеге асыру. Бұл жұмыс түрі оқушының өз-өзіне деген сенімділігін, өз ісіне жауапкершілігін арттыру, оларды тиянақтылық қасиеттермен қатар, өзін-өзі тексеру, бақылау, бағалау сияқты іскерліктерін қалыптастырады. Рефлексия қазіргі заман
мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің
негізігі компоненттерінің бірі болып саналады. Шет тілдер
сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін өзі тану, өз өзіне
есеп беру деген сөз. Ал педагогика саласында рефлексия іс-әрекеттің
өзіндік талдауы және оның нәтижесі. Оқушылардың ой-өрісінің дамуы
оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен білімін
толықтыруы мен өзін өзі дамытуды қамтиды, бұл екеуі де рефлексиясыз
жүзеге асуы мүмкін емес. Білімді саналы түрде меңгеру және белсенді
болу дамыта отырып оқытудың негізгі қағидаларының бірі. Оқушы білім
алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді
болады.
І. Мақсатына қарай :
ІІ. Мазмұнына қарай:
ІІІ. Тұлғалық :
ІV. Сабақтың түріне қарай
V. Өту әдісіне қарай:
VІ. Іс-әрекетіне байланысты:
Кері байланысты ұсынғанда мынадай ережелерді ұстанған дұрыс: Позитивті болу. Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын көруді ұмтылу қажет. Тіпті мақтайтындай қасиеті болмаса, онда оның ниеті мен ынтасын жағымды деп тану керек. Ұсыныс жасағанда жұмысты жақсартатын мәселелерге тоқтаған дұрыс. Бағалаушы болмау. Адамның басқа адамдардан айырмашылығы -оларға ұқсамайтындығында» деген қағиданы ұстанған орынды, яғни біз басқалардан артық та, кем де емеспіз, тек өзгешеміз. Кері байланыста сол себепті өзімізді жоғары да, төмен де қоймау керек, тек өз ойымыз бен түсінігімізді келтіру қажет. Кеңес бермеу, үйретпеу, тек ұсыныс жасау. Адам біреуге кеңес бергенді ұнатады да , алайда өзіне ақыл айтқанды ұнатпайтындығын ұмытпау керек. Кері байланыс берушінің сөйлеу интонациясы сұраулы , ал ең жиі қайталайтын сөзі «мүмкін» болуы керек болар. Ынталандыруға ұмтылу. Кері байланыстың бір мақсаты-адамды шығармашылық жұмысқа ынталандыру. Жағымды пікір айтумен қатар адамды болашақта өз жұмысына игі өзгертулер енгізетіндей қызықтырып, шабыттандырған дұрыс. Сыпайы болу. Адамды жекімей , ұрыспай, дөрекі сөйлемей, ренжітпеуге тырысу керек, өйтпеген жағдайда оның кері байланысты ризашылықпен қабылдап, өз әрекеттеріне соны өзгерістер енгізетіндігі екіталай. Көмектесу, жәрдем беру. Адамға шынайы түрде жақсылық тілеп отырғандығымыз-ды дәлелдеп бағу керек. Кері байланыста «Мен Сізге қалайша көмектесе аламын деп ойлайсыз?» деген секілді сұрақтар арқылы өзіміздің қол ұшын беруге дайын екенімізді білдірген жөн.[4] Топтық жұмыс барысындағы кері байланыс.
Кері байланыс топтық жұмыста 3 ақпарат аймақ байланысын реттеу үшін қажет: - Жеке мәнді ақпарат аймағы (топта отырған бір мүшені қызықтыратын, оны дамуға жетелейтін ақпарат болуы); - Әлеуметтік мәнді ақпарат аймағы (топ мүшелерінің барлығының дамуына әсер ететін қажетті ақпарат); - Мазмұнды мәнді ақпарат аймағы (топтық жұмысты жүзеге асыратын нақты ақпарат).
Топтық жұмысты ұйымдастыру тәжірибесінде кері байланыстың 2 түрі белгілі: жағымды (келісім, жағымды мінездеме, қолдау) және жағымсыз (пікірді жоққа шығару, теріс бағалау, нақты бір адамға бағытталған сын). Мұғалім мәселенің мән-жайын толық меңгеріп қана қоймай, кері байланыс берушілер мен алушылардың ерекшелігін ескеру керек. Кейде қатысушыны шектен тыс мақтау оның зерігуіне әкеледі немесе ирония ретінде қабылданады. қысқа, жағымды сөздерді қолдан жағымды көзқарасты бекіту үшін қысқа негіздемелер келтіру. Кері байланыс орнатуда ескеретін мәселелер мен ережелер
Берілген бөлімде кері байланыс алуға байланысты әрекеттер ұсынылған және бұл әрекеттерді әр мұғалім сабақтың құрылымдық ерекшеліктеріне, оқушылардың танымдық белсенділіктеріне сай сабақтарда, тренингтерде шығармашылықпен қолдана алады. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген басты мәселе туындап отыр. Бағдарлама мазмұны осы мәселелерді шешуге бағытталған. Осы бағдарламаны игерген мұғалімнің бірінші функциясы қуатты педагогикалық құралдарды өз тәжірибесінде ықпалдастыру арқылы өзінің оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу, екіншіден мектептегі әріптестерінің дамуына ықпал ету мақсатында коучинг өткізіп, әріптестерін тәлімгерлікке алады, үшіншіден, әріптестерінің озық тәжірибелерімен бөлісу арқылы мектебін жетілдіру мақсатында педагогикалық қоғамдастықтың жұмыс жоспарын әзірлейді. [МАН 1.] Өзімнің іс –тәжірибедегі «Қазақ тілі сабақтарындағы кері байланыстың тиімділігі» атты тақырыбымды іс-жүзеге асыру мақсатында 4 «а», «б», «в» , 2 «б», «в» сыныптарда жұмыс жасау үстіндемін (қазіргі осы оқу жылындағы сыныптар). Жалпы сабақтарымда бір-бірімен байланысқан жеті модульдің барлық саласын қамты. Білімді игеру екі жақтың да белсенділігін қажет етеді. Ұстаздың мұнда дәстүрлі де үйреншікті "білім көзі", «үйретуші» рөлдерінен бас тартып, оны «ұйымдастырушы», «сабақты жүргізуші», «үйренуге жағдай жасаушы», «жәрдемші», «көмекші», «бағыт-бағдар сілтеуші», «талаптандырушы», шәкірт пен білімнің арасындағы «делдал» рөлдерімен алмастыруы керек. Үйретуші (ұстаз) білім игеру ісінде басты рөлді үйренушіге (шәкіртке) ұсынады. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде. Қазіргі таңда бәсекелестікке қабілетті, жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін сабағымды жоғары деңгейде, қазіргі талаптарға сай өткізу мақсатында сындарлы оқыту теориясына негізделген түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдануға тырыстым. Мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара сыйласымдылық пен сенімділік, оқушыға танымдық, эмоционалдық жағдай туғызу мақсатында «Сиқырлы қобдишадағы тілектер», «Көршінің суреті», «Атом, молекула», «Арқаға сурет салу» т.б ойсергектерін пайдаланып, психологиялық ахуал туғызамын. Бұл тәсілдерді қолдану себебім, біріншіден көңіл-күйі артты, екіншіден денелері сергіп, оқуға деген күш-жігерлері артады. Бүгінде педагогикада тек сөз арқылы үйрену мүмкін емес деген қағида дәлелденіп отыр. Керісінше, білімді әрекет арқылы ғана игеруге болады. Адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды жадында сақтайды, осы әрекеттердің негізінде туындаған білік пен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады: «Өзіме жасатсаң-үйренемін!» (Конфуций). Осы көздеген мақсатқа жету барысында өзімнің сабақтарымда «Веер», «Топтық тергеу», «Сағат тілі», «Блум түймедағы», «Сиқырлы сандықша», «Карта», «Жабық конверт», «Блум түймедағы», «Бағдаршам», «Сандар», «Шеңбердегі доп» стратегиясы, ДЖИГСО әдісінің «Ой қозғау» т.б сияқты стратегияларды қолданамын. Жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ Дьюи мектептегі қаз-қатар қойылған парталарды оқушылар «тобының» белгіленген орындарда отыруы үшін ғана құрылған көңілсіз орын болып табылатындығын көре білген. Осы тұжырымды ескере отырып, сабақта оқушыларды әртүрлі әдістермен топқа бөлуге тырысамын. Мысалы «Қағаз қиындылары», «Ұқсас ерекшеліктер», «Жұбыңды тап», «санамақ», «Картамен бөлу», «атом мен молекулалар», « жануарлар» арқылы, сабақтың жалпы тақырыбына байланысты топқа бөлемін. Әрине топқа бөлгенде сабақтың тақырыбына, жас ерекшеліктеріне басты назар аударуға тырысамын. Үй тапсырмасын тексергенде «Веер», «Карта», «Гирлянда», «Шеңбердегі доп» т.б әдістерін қолдануға тырысамын . Бұл әдістер арқылы өткен сабақтағы алған білімдерін, қаншалықты игергендерін, қаншалықты жаңа сөздерді меңгере алғандарын байқаймын. Әсіресе «шеңбердегі доп» әдісі жаңа сөздерді тексеру үшін тиімді әдіс болды.
Біріншіден қызығушылықтарының артқанын, әр оқушының ойлау шапшаңдығын байқадым. Мәтінмен жұмыс кезіндегі «Блум түймедағын» қолданған әдісіне оқушылар қатты қызықты, түрлі –түсті қағаздар көз тартарлық болып, топ мүшерлері уақытты үнемдеу мақсатында бір-бір сұрақтар құрастырып, келесі топтарға ұсынды. «Бағалау не үшін керек?» деген сұраққа дәстүрлі оқыту жүйесінде «Оқушылардың білімін тексеру үшін» деген жауап беріледі, мұғалім тарапынан оқушының білім деңгейін анықтау деп қарастырады. Дәстүрлі бағалау оқушылардың есте сақтау қабілетін ғана анықтап, олардың не үйренгендерін, білімділігі мен біліктілігінің жалпы деңгейін айқындамайды. Егер де біз өз жұмысымызда елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе, яғни жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап, дұрыс бағалауымыз қажет. Бүгінде бағалау тек мұғалім тарапынан жүзеге асырылмай, оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалау жағына ойысқан. Мен бағалауды өзін-өзі және өзара бағалау түрлерімен қоса формативті бағалау түрін де қолдануға тырысамын. Бағалауда «Мадақтау», «Қошеметтеу», «Бaғдaршaм», «Бac бaрмaқ», cмaйлик арқылы ынтaлaндырy критeриaлдық бaғaлay түрлeрiн оқытy үшiн бaғaлay жәнe оқyды бaғaлay модyлiнiң идeяcын icкe acырy үшін қолдaнамын. Оқушылар сыныптастары тарапынан қол соғу қошеметіне ие болды. Бұл әрекет арқылы сабаққа жақсы дайындалып келіп, оқушылардың белсенділігі одан әрі қарай шабыттана түсті, бұл сабақта өзін көрсете алмаған оқушылар бүгінгі қошеметке ие болған оқушылардай өздері де келесі сабақта дәл осындай қошеметке ие болуға ұмтылды.
«Бағалау» түрлері
Әр сабағымды интербелсенді тақтаның көмегін қолдана отырып, грамматикалық тапсырмаларды орындауда электронды оқулықтарды қолданамын. Әрине бұл жерде мен уақытты үнемдеймін, оқушылардың қызығушылықтары артады, жадыларында мәңгі жатталып қалды. Осы сабақтарымнан мен жеті модульдің бір –бірімен тығыз байланыста жүретін білімді көтеруші жүйе екеніне түсіндім. Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс- тәсілдерін сабақ барысында қолдану мұғалімдер үшін өте тиімді деп толық сеніммен айта аламын. Сол себептен, мұғалім мен оқушы және оқушы мен оқушы арасында өзара диалог орнату арқылы, оқушылардың ойын толық жеткізуіне жағдай жасауға тырысамын. Орыс тілді мектеп болған соң өз ойын толық жеткізу қиынға түсуде. Қысқа мерзімді сабақты жоспарлағанда А, В, С деңгейіндегі оқушыларды зерттеу үшін алдыма мақсат қоямын. Бірлескен әрекеттер арқылы белгілі бір нәтижеге жеткеніміз белгілі. Тізбектелген сабақтарымда олардың іс-әрекеттерін бақылауға, зерттеуге көңіл бөлдім. А, В, С деңгейіндегі оқушыларға қандай мүмкіндік берілді деген сауал туындайды? Өткен білімдерін жаңа біліммен ұштастыруға, белсенді жұмыс жасауға, таныс емес ситуацияда өз идеяларын айтып, басқа шешімдер ұсынып, өз ұсынысын дәлелдеулеріне мүмкіндік алады. Кері байланыс орнату мақсатында «Кемпірқосақ», «Менің көңіл-күйім баспалдағы», «Бағалау ағашы», «Смайлик көрсету», «Гүлдер», «Бес саусақ тәсілі», «Көңіл-күйді салу», «Шеңбердегі доп», «Көз жұмып ойлану», «Сабақтағы бағалау кестесі№1,2,3», «Бағалау ағашы» т.б әдістерін қолданамын. Бұл стратегияларды алу себебім оқушылардың сабаққа деген мотивациясы, жаңа материалды меңгергенін, көңіл-күйлерінің қандай деңгейде көре аламын. Кері байланыс орнатқанда үнемі ризашылығымды білдіріп, кері байланыс жасаушыны үнемі мадақтап отырамын
«Кемпірқосақ» «Бағалау ағашы» «Смайликтер»
Мен өзімнің іс-тәжірибемдегі тақырыбымды іске асыру мақсатында мекиеп мұғалімдеріне коучинг сабақтарын өткіземін. Коучинг өткізіудегі негізгі мақсатым: мектеп ұстаздарын оқытудың жеті модулі туралы түсінік бере отырып, оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану, оқушыларды бітімге, келісімге қол жеткізуге үйрету. Жоспарланған коучинг сабақтарымның тақырыбын меңгертуде қайталана бермейтін әртүрлі –әдіс тәсілдерді қолдануға тырысамын. Жағымды психологиялық орта қалыптастру мақсатында «Піл, тостер, кенгуру», «Өзіңізге тілегеніңді-басқаларға тілеңіз!», «Көңіл-күйді анықтау», «Айна», «Маймыл», «Көршінің суреті», «Арқаға салынған суреттер», «Комплименттер бұрқасыны» тренингтерін өткіздім. Мұғалімдер берілген тапсырмаларды бар ынталарымен орындауға тырысады. Бұл жерде дұрыс сенімділік орта қалыптасады , көңіл-күйлері көтеріліп қала Әрбір жұмысты өзара бағалау бойынша жүзеге асырамын. Бағалаудың мынадай тәсілдерін қолдануға болады: тестілеу, бақылау, интервью, сауалнама, есеп беру, рубрика, өзін-өзі бағалау (оның ішінде топ жұмысын бағалау кіреді), портфолио, жазбаша жұмыс түрлері. Егер де өз жұмысымызды елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе, онда өткен уақыттағы және қазіргі нәтижелерімізді анықтауымыз керек, яғни жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оны бағалауымыз керек. Бағалау рубрикаторын, әр топты қол шапалақтап, қошемет жасап отырамын. Оқушыларға немесе мұғалімдерге арналған тапсырмалар легін Блум таксономиясының сұрақтарына сүйене отырып жасаймын
Мәтінмен жұмыс жасағанда «Топтық тергеу» әдісін мәтінді меңгеру кезінде қолдануды жөн көрдім. Бұл топтық жұмыстың тиімділігі біріншіден мәтіннің мазмұнын біледі, екіншіден сұрақтар құрастыру дағдысы артады, үшіншіден мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, цитаталарды қайсысын қай жерде дұрыс қолдану керектігін, төртіншіден ой қиялына беріліп, шығармашылықпен айналыса алады. Сөйтіп мәтінді жан-жақты талдап, салыстыра алады. Өзінің кәсіби тәжірибесінде қолдана алады деген ойдамын.
Мұғалімдермен кері байланыс орнату үшін «Күн көзі» атты ой сергегін пайдаландым. Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес (оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтау), керісінше, не жасалу керектігін көрсету. «Күн көзі» атты стратегиясын қолданғанда ұстаздардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігін, қаншалықты түсінгендігін, қандай көңіл-күйде екендігін көрдім. Нәтижесінде кoучинг үдepici apқылы әpiптecтepiм:
Бұл коучингтартағы қолданылған стратегиялар, ой сергектер ұстаздарға білім беруде көп септігін тигізеді деген ойдамын. Ұстаздар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын тиімді әдіс-тәсілдерге салып, жаңа форматтағы сабақтарға салса, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде өз үлестерін тигізер еді. Қазақ тілі сабағында қолданған рефлексия мен кері байланыс тәсілдері.
БББ кестесі Тақырыптың басында оқушылар үш бағаналы тор көз жасайды. Білемін; Білгім келеді; Білдім. Олар ойланады және бірінші екі бағанды толтырады, содан кейін үшінші бағанға бөлімнің соңында оралады. Нұсқау – қосымша баған “Сен қалай оқытар едің?”
Серіктесіңмен сөйлес
Сабақты бастамас бұрын өткенді қайталау үшін оқушылар серіктестерімен Үш оқылған жаңа нәрсе Оларға не жеңіл болды Оларға не қиын болды Болашақта олар қалай оқығылары келетінімен бөліседі.
Стикерлер
Оқытуды бағалау үшін стикерлерді қолданыңыз. Оқушылар топпен, жұппен немесе жеке жауап береді: Мен не оқыдым? Маған не жеңіл болды? Маған не қиын болды? Қазір не білгім келеді? Тақырып бойынша нақты ақпарат жазуын қадағалаңыз.
Серіктесіңнен сұра Оқушылар жұптары мен серіктестерінің жұмыстарын талқылауды, пікір айтуды ауызша жүргізеді, яғни бағалайды. Жұмыс тиімді болу үшін оқушылар оқу мақсаттары мен табыс критерийлерін білуі керек. Сонымен қатар олар оқу мақсаттарына оң және сындарлы пікір ұсынуы арқылы бір-бірінің рөлін бағалауы керек. Жұмысты бітірген оқушыларға сұрау үшін сұрақ үлгілерін беруге болады.
Қолыңды көтер Оқушыларға қолдарын сұраққа жауап беру үшін емес, сұрақ қою үшін көтеру керектігін айтыңыз. Мұғалім барлығының түсінгенін білу үшін жауап беретін оқушыны таңдайды. www.classtools.net – жеміс машинасының бағдарламасы, кез келген оқушыны таңдау үшін аттарын енгізу, сақтау және қосу. Мұз кәмпиттің таяқшасына есімдерін жазып, кез-келгенін суырып алыңыз. Есімі шыққан оқушы сұраққа жауап береді.[4]
Жақсы сұрақтың негіздері Неге…? Егер де…? Сен қалай ойлайсың…? ... түсіндіре аласың ба? ... не болады?
Оқуды бақылау Сыныпты аралап жүріп мұғалім оқушылар тапсырманы орындау кезінде оқыту туралы ақпарат жинайды, әртүрлі оқыту стратегияларын енгізеді, керек жерінде түзетулер енгізеді.
A, B, C, D Әрқайсысында A, B, C, D нұсқалары болатын төрт карточканы үлестіріңіз. Төрт нұсқасы бар сұрақ қойыңыз, оқушылар өздерінің жауаптарын көрсетеді. Басқа біреудің жауаптарын қайталамас үшін оларды бір-біріне қарамайтындай етіп отырғызыңыз.
Көрсет және айтып бер Әр оқушы жауапты тез жазып немесе суретін салып сізге көрсету үшін шағын тақталарды қолданыңыз
Топ қажеттілігі мен үміттерінің түсініктемесі (Үміт ағашы 1-бөлім)
1. Мұғалім сабақты барынша тиімді құру үшін қатысушылардың не күтетінін анықтап алу қажеттігін хабарлайды; 2. Мұғалім топты 3 шағын топқа (ерікті түрде) бөледі; 3. Қатысушылар шағын топта «алма»-карточкаға сабақтан күтетін 5-6 үмітін жазады. 4. Топтар өздерінің не күтетінін көрсетеді, мұғалім олардың карточкаларын «алма ағашына» орналастырады. 5. Мұғалім үміттерінің барынша ақталуы үшін жұмыс ережесін жасауды ұсынады.
Қорытынды шығару (Үміт ағашы 2-бөлім) 1. Қатысушылар сабақтың қорытындысын шығарады және орындалған үміттердің «жемісін» жинайды. 2. Егер кейбір «жемістер» әлі де ілулі тұрса, мұғалім олардың неге қалып қойғандығына, басқаша не істеуге болатындығына байланысты сөз қозғайды.
Балықтар Қағаздан әр түрлі көлемде балықтар қиылады. Оқушылар оған 2 сұрақ бойынша ойларын жазады: Мен ұстап алған және өз ауымда қалдырғым келетін балықтар (идеялар, қорытындылар, жаңалықтар). Мен ұстап алған және босатып жібергім келетін балықтар (ойлар, көңіл күй, қағидалар).
Мұғалім арқаннан немесе басқа материалдан ау жасайды. Әр қатысушы өз карточкаларын оқиды немесе ауға жинайды, не болмаса суға жібереді (едендегі аудың қасындағы кеңістік). Әр қатысушыға берілген карточкалардың саны шектеулі емес.
Сатылым Қатысушылар сөмкенің суретін салады. Онда олар сол күні алынған білімдерін, көңіл-күйлерін, танымдарын т.б жазады. Қатысушылар басқа қағазға келесі күндерде алғылары келетін «азық-түліктің» тізімін жазады.
Су таразысы Бөлменің ортасында орталай су құйылған «+», «-» белгісі бар ыдыстар қойылады. қатысушылар кезекпен келіп, жұмысқа, жаттығуға өз бағаларын айта отырып, «-» белгісі бар ыдыстан «+» белгісі бар ыдысқа су құяды. Не болмаса керісінше.
Жұпта толтыр Бағандарға тақырып бойынша ойыңызды білдіріңіз, бұл тәжірибеге қатысты әсеріңіз бен талдауыңызды жасаңыз. Интерпретация жасаңыз.
Есімдер жазылған конвертер
Сабақ аяқталуына 1 күн қалғанда мұғалім есімдер жазылған конверттерді белгілі бір жерге қояды. Әр қатысушы басқаларға (мүмкіндігінше әрқайсысына) тақырып бойынша бір сұрақ жазып, конвертке салады. Мұғалім конверттегі тілектер саны мен қатысушы санының сәйкестігін қадағалайды. Конвертті жапсырып, бағытталған адамға тапсырады. Оқушы ашып өзінің ойын жазып қайта береді. Кемпірқосақ Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді. «Менің көңіл-күй » баспалдағы Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып, тақтаға ілінген баспалдақтардың біреуіне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы!», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады. Гүлдер Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен? Күн көзі Оқушылар сабақ туралы өз ойларын сары түсті жолақ қағаздарға жазып, тақтадағы күннің суретіне барып жапсырады. Тапсырма соңында барлық пікірлер оқылып, сабаққа қорытынды жасалынады. «Сабақтағы жетістіктер» кестесі
«Сабақтағы қиындықтар» кестесі
Рефлексиялық эссе Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді: -Алдымен ...................біз ойладық -Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық... -Проблеманы шешу үшін біз ............жасадық -Бұдан біз .... көрдік -Демек, бұл мынаны білдіреді........................... -Сонымен біз ................деген шешімге келдік. Сабақ соңында оқушылар ауызша немесе жазбаша мына сұрақтарға жауап бере алады: 1. Бүгін мен............. білдім. 2. Маған...................қызық болды. 3. Маған..................қиын болды. 4. Мен ......................тапсырмаларын орындадым. 5. Мен.......................екендігін түсіндім. 6. Мен енді ............. жасай аламын. 7. Мен .......................екендігін сезіндім. 8. Мен .........................үйрендім. 9.Мен...........................жасап көремін. 10. Сабақ менің өміріме......................береді.[4] Іс-тәжірибемнің арқасында оқушылардың білімге деген ынтасы артып, еңбек етуге деген ықыласы күшейді, оқушы тұлғасының танымдық қабілеттері дамыды, оқуға деген жағымды қызығушылығы қалыптасты. Тұлғаның қиындықтарды жеңе білу, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру , интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етіп, қазақ тілінен білім сапалары да айтарлықтай артты. 4 «а» сыныбын 2014-2015 жылдан, яғни бірінші сыныптан бастап қазақ тілінен сабақ беремін. Бұл сыныптың оқуға деген ынтасы жоғары, шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды. Тілдері жатық,өз ойларын қазақша жеткізуге тырысып бағады. Бұл сыныпқа жалпы мінездеме беретін болсақ, мінездері ұяң, тапсырмаларды баяу орындайды, бірақ әр тапсырманы тиянақты жасайды. 4 «б» сыныбын да 1 сыныптанбастап алдым. Бұл сынып шапшаң. Тапсырмаларды шапшаң тез орындайды, топпен жұмыс кезінде бір-бірінен қалып қоймайын деген бәсекелестік тұрады. Қолданып жатқан әдіс-тәсілдерімнің арқасында бұл сыныптың сөз саптауы, үй тапсырмасын тиянақты етіп орындауларынан, қазақ тілінен білім сапасы артты деуге болады. Бұл сыныпқа мінездеме беретін болсақ, 4 «в» сыныбы қалыпты сынып. Бірақта шама-шарқыларына қарай, берілген тапсырмаларды орындауға тырысады. Бұл сыныптың оқу тездігін жылдамдатуға жаңылтпаштар, ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқуға ұсынып отырдым. Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жеке дара жұмыс жасалынды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кері байланыс – топтық жұмыс барысындағы екі жақты ақпарат алмасуды, көңіл-күй аясын жақсартуды көздейтін даму үдірісі. Бұл үдеріс жұмысты қаншалықты дамытып, қаншалықты келесі сабаққа өзгеріс енгізе алады? Ең біріншіден, тиімді жүргізілген кері байланыстың оқушылардың танымына әсерін айқын көруге болады. Яғни, оқушының сабақта жетістікке жетуі, өз-өзін реттеп, метатанымына әсер етуі. Кері байланыс арқылы оқушы өзінің қай деңгейде екенін біліп қана қоймай, қалай дамуға болатынын көре алады. Кері байланысқа тек бір жақты қарауға болмайды. Тәжірибе көрсеткендей, оқушының өзіне, жолдастарына, мұғалімнің оқушыға берген кері байланысының маңыздылығы қандай болса, әр сабақтан соң мұғалімнің өзіне жасайтын кері байланысы да соншалықты маңызды. Ол мұғалімнің өз жұмысын дамытуы үшін де қажет. Жалпы, сабақта жүргізілетін кері байланыс қаншалықты маңызды болса, оны жүзеге асырудың ережелері мен әдістерін түрлендіріп отыру да соншалықты маңызды. Осы негізде кері байланыс оқушы эмоциясына ғана негізделіп қоймай, танымға бағытталуы керек. Оқушының сабақтан алған біліміне үңіліп, бағыт беру кері байланыстың түрлерін шығармашылықпен қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар оқушымен жұмыс жасауда кері байланыстың мақсатын нақты айқындап, түрлендіріп отыру нәтижеге жету жолы. Мысалы, оқушыларды мадақтау тәсілдері арқылы ойын жинақтауға үйрету, сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарым-қатынасқа тарту, мінез-құлық ерекшеліктерімен жұмыс жасау, сенімділікті нығайту, зерттеуге бағыт беру, өзіндік жұмысты дамыту. Яғни, мұғалім оқушымен жұмыс жасау барысында ең басты кезекте кері байланысты оқушылардан ғана талап етпей, оқушыға өзі де үлгі бола білуі керек. Себебі, әр оқушының өзіндік ішкі әлемі бар. Сол ішкі әлемді тану үшін, оқушының ашылуы үшін оқушының кез келген жұмысына эмоциялық, танымдық кері байланыс ауызша, жазбаша түрде берілу маңызды болмақ. Яғни, оқушының өз әрекетін түсінуге, жауапкершілігін арттыруға, мақсатты жұмыс жасауына, бағыт-бағдар алуға мүмкіндік беріледі. Жалпы, кері байланыс – мұғалімнің әр оқушыны өз ортасында өмірге дайындауы, айналасында болып жатқан құбылыстарды түсінуге жетелеуі, өзіндік көзқарасын қалыптастыруы, сабақта алған білімін қоғамда пайдалана білуге, шешім қабылдауға үйретуі десек, бұл әр мұғалімнен ізденіс пен табандылықты, өзіне деген шынайылықты талап ететін қашанда түрлену, даму үстінде болатын үдеріс. Қорыта келгенде қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой -өрісінің дамуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Сол міндеттерді орындауда бар күш-жігерімізді салуға тырысамын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым-2012 жыл 2. «Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі» - Зулкашева Ш.М. Орал 2013 3.«Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы №8-9 2015 жыл 4. «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану».Алматы -2015 жыл 5. Қалқаева.Г.,Тілді және әдебиетті оқытуды жетілдіру технологиясы // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде,№ 3,2004 ж . 6.Садуақасова.Д., Қазақ тілін сын тұрғысынан оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.№ 9,2006 ж. 7.Махметова.А.,Жаңа оқыту технологияларының білім сапасын арттырудағы рөлі.№ 2,2006 ж.
|
|||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||
|
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Іс-тәжірибе тақырыбы: "Қазақ тілі сабақтарындағы кері байланыстың тиімділігі"

шағым қалдыра аласыз