М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Филология факультеті
Реферат
Тақырыбы: Исатай Тайманов туралы баяндама
Орындыған:
Тексерген:
Орал 2024
Махамбет халық көңілінің тұнығындағы ең асыл – еркіндікті,теңдікті, жақсы тұрмысты аңсаған арманын, ата жауына деген қаны қатқан өші мен кегін, азаматтық антқа берік адалдығы мен арыстандай ерлігін көкке көтере мадақтады. Ақынның қызыл оттай қызулы, қылыштай өткір, селдей серпінді сөздері қараңғыда алдан жарық күнді қармаған қалың қазақтың ат жүрегіне толқу салды, ер көңіліне жел берді. Ақынның құдіретті сөзінің күні бүгінге дейін сыры кеткен жоқ, сыны түскен жоқ.
Махамбетше айтсақ, «қара қазан қамын ойлап», «ел-жұртын бодандықтан бостандыққа жеткізем» деп, «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, түн қатып жүріп түс қашқан», талай-талай батырлар мен сол бір жайды жырына арқау еткен небір дүлділ ақындардың бағы жанбай, халқы үшін сіңірген еңбегі мен істеген ісі, шығармашылығы терең зерттелу былай тұрсын ауызға алынбай қалғаны қаншама. Солардың қатарында ХІХ ғасырдың әдебиетіне аты мәлім, Махамбет рухында жыр толғап, халықтың қайнаған шерін, бұқара мүддесін өзінше айтсақ, «үйшінің үскісіндей» өткір тілмен жырлап өткен сыншыл да, турашыл ақын – Шернияз Жарылғасұлы да бар.
С.Мұқанов айтқандай: «Шортандай жырларынан біз «зар заман» кезінде әлеумет басына түскен трагедияны көрсек, Шернияз жырларынан жеке адамның, әсіресе халық ақынының басындағы трагедиялық жайды ұғамыз». Өзінің өткір жырымен Махамбетпен үзеңгілес ақын Шернияз көп жылдар бойы Жайықтың арғы бетінде Бөкейлікте, Исатайдың жыршысы, серігі ретінде қасында үгітші, ұраншысының бірі болған ақын.
Бойындағы ақындық таланты қалыптасқан шағында Шернияз Адайдағы Нұрым, Абыл, Жылқышы ақындармен айтысып, өнер жарыстырған. Халық тұрмысын, ел өмірін жетік біліп, олардың мұң-мұқтажын жете түсінген Шернияз 1836 жылы Исатай Махамбет бастаған халық көтерілісі басталысымен көтерілістің себептеріне қаныққаннан кейін, ел мүддесін сезінген сергек ой иесі бірден Орда жағына өтіп, өзі іздеп барып қосылады. Шернияз – Исатай Тайманов көтерілісіне қатысқан, таптық айқастың табанды жауынгерлерінің бірі. Шерниязды көтеріліс басылғаннан кейін Баймағанбет сұлтан, Жәңгір хан, Перовский бастаған әмірлі қауым соңынан қалмай іздеген. Ал, Шернияздың осы тұста Баймағанбетті өзі іздеп баруға тәуекелі жетіп қана қоймай, оған сол алғашқы кездескен жолы-ақ жержебіріне жетер сөздерді айтуға батылдығы да, жүректілігі де жеткен. Бәрінен бұрын төбесінен қылыш төніп тұрған кезде тілі күрмелмей өзін ажал көпірінен алып шыққан суырып салма ақындығы, астарлы мысқылға жүйріктігі оны өзі тұрғыластарынан ерекшелемей қоймайтын қасиеті - деп көрсетеді белгілі ғалым Ж.Тілепов.
Шернияздың ақындық өнеріне ерекше шабыт берген жағдай да осы Исатай-Махамбет бастаған шаруалар қозғалысы болды. Көтеріліс кезінде Махамбет рухында өлеңдер шығарып, халықты ханға қарсы үндейді. Ойыл, Қиыл бойын жайлаған Кете руының ерлерінің көтеріліске қатысуларына ерекше ықпал етеді. Өзі көтеріліске бастан-аяқ қатысып, Исатайдың ержүрек сарбаздарының бірі болған. Көтеріліс Ресей патшалығы тарапынан күшпен басылғаннан кейін де Шернияз Махамбетпен бірге Жайықтың шығыс бетіне өтіп, ел аралап, халыққа үгіт жүргізеді.
Енді Махамбет пен Шернияз өлеңдерінің үндестігін қарастырайық. Бұл екі ақын бір дәуірде өмір сүріп, Исатай бастаған шаруалар көтерілісінің бастан-аяқ қасында болып, сол қозғалысты жырларына арқау еткендіктен, бұларда басқа ақындармен салыстырғанда өлеңдерінде көп ұқсастық, үндестік бар. Бұл екі ақынның бірінші ұқсастықтары – Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп жырлауы. Махамбет Исатайды суреттеген толғауларында мынадай тіркестер кездеседі: «Арғымақтан туған қазанат, шабуыл салса нанғысыз», «Кермиығым, Кербезім, керіскендей шандозым», «Теңіздей терең ақылдым, тебіренбес ауыр мінездім», т.б. Бұл жолдарда ақын Исатайдың сырт тұлғасын ғана емес, ішкі сырын, қайтпас қайсар мінезі, жайдары жарқын жүзі, ақылы мен өнері, ерлігі, ел ішіндегі беделі – барлық жағынан сүйкімді етіп көрсетеді.
Ал, Шернияз:
Исатай ел еркесі, ел серкесі,
Бір мен емес, алашқа жайылым еді.
Елге алғау, маған да алғау ер Исатай,
Айырылып Шерің содан қайғылы еді, -
деп жырлай келіп, Исатайды ел үшін жанын пида еткен көпшілікке пана бола білген қаһарман кейпінде суреттейді. Сонымен бірге Шернияздың Баймағанбеттің алдында тұрып:
Бармысың жауға түскен алтыным ай!
Самалым саз қонысым, салқыным-ай!
Кәпірдің қоржынына түсіп едің, Шықтың ба аман-есен жарқыным-ай? –
деп жырлағандағы Махамбетке ұқсастығы – адамдық тұрғыдан Исатайды сол тарихи тұлғалардың адамдық кейпін әдеби алмастыру, метафора, теңеу әдісімен өрнектеу ерекшелігінде жатыр деп толық айтуға болады.
Шернияз өлеңдерінің тағы бір ерекшелігі – бүкіл қазақ жеріне кеңінен таралуы дер едік. Кең таралуының себебі оның өлеңдерінің халық көкейінде жүрген сауалдарға, армандарға дөп келуінен деп білген жөн болар. Профессор Қ.Жұмалиев бұл жөнінде былай дейді: «Шернияз өз кезінде де, өлгеннен кейін де халыққа аты көп жайылған, даңқты, атақты ақынның бірі. Оның сөздері халыққа ерте күннен мәлім. Қазақстанның қай түкпірі болсын Шерниязды жақсы біледі. Оның өлеңдерін сүйіп тындайды, сүйсініп оқиды. Бұған өлең жинаушының мына сөзі толық дәлел: « Біздің жақта,- дейді жинаушы, - Шернияз сөздерін әңгімеге үйірлігі бар жігіттердің көбі-ақ біледі. Өлеңші, ақындардың білмейтіні жоқ. Әсіресе: «Байеке, сіздің қызда жаман бар ма» деген өлеңі мақалға айналған. Ақын қөрсе, «Шерниязды айт!» деп көпшілік қолға қылады. Жалғыз Жетісуда ғана емес, Қазақстанның қай облысы, қай ауданында болсын халықтың Шерниязды қолқалайтыны рас. Халыққа көп тарағандығы жағынан Шернияз қазақтың қай ақынымен де таласа алады». Ғалымның бұл айтқан пікірінен Шернияз сөздерінің халыққа қаншалықты қымбат болғанын, қалай жоғары бағалағанын көреміз.
«Ескі қазаққа сөз бағасы зор болған. Сондықтан жақсы сөзді бала болсын, қатын-қалаш, келін-кепшік болсын барлығы да елеусіз, ескерусіз қайдырмайтын. ...Кісіге арнап айтқан мақтау, жамандау, я арыз сияқты сөздер болса, бәрі де екі ақынның айтысында кездесетін не қошемет, не дау сөздерге ұқсайтын. Мұндай өлеңнің мысалы Бижанның қожағы айтқаны, Шернияздың Баймағамбет төреге айтқан өлеңдері». Заманымыздың заңғар жазушысы, академик М.Әуезовтің «не қошемет», «не дау» сөздер деп айыра айтқан бұл пікірі Шернияздың Баймағамбетке оның өз сұрауына орай табан астында шығарып айтқан өлендерінің генезисін анықтап тұрғандай. Шернияздың ол өлеңдері арнауға жатқызуға, мақтай арнау, даттай арнау деп жіктеуге болады деп есептейміз және де өлең сөзінің өткірлігі, бір түрлі батырлық рухта батыл да өктем айтылуы жағынан Шернияз бен Махамбет үндес түсіп жатады. Бұны Батыс Қазақстан өңіріндегі арнайы ұйымдастырылмаса да замана сазын тудырған, яғни, табиғи түрде қалыптасқан әдеби мектеп үрдісінің өзіндік әсері деп түйген орынды болатын шығар. Екі ақынға да бір тақырыпқа, өзгерген заман мен түрленген хан, сұлтандар қылығына ашыла сөз саптау, халықтың ыза-кегін арқалана отыра үн қатуға себеп болып отырған нәрсе - өз дәуірі, сол тұстағы әлеуметтік теңсіздік, заман, Абай айтқандай «заманға күйлеген адам», яғни- хан, сұлтандар. Осы бағыттағы Шернияз бен Махамбет жырларының бірі ұқсас, үндестігі – ол Баймағамбет сұлтанға айтқан сөздері. Махамбеттің Баймағамбетке айтқан әрбір сөзі ханға қарсы халық үкіміндей естіледі Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің.
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып.
Басын кессек деп едім...
Мұнда ол көтерілген халықтың негізгі арманы үстем тапты, хан-сұлтанды бай билерді құрту, олардың зұлым ордасының күл талқанын шығару екенін батыл да ашық жырлайды.
Шернияздың Баймағамбетке:
Кешегі Исатайдай есіл ерді,
Орысқа ұстап бердің тіл білмеген,-деуінің мәні Ақбұлақтағы қанды қырғынға (1838 жылы 12 июндегі оқиға) қатысты жайлардың кӛбінен сыр суыртпақтап отырғанын тануға болады. Ал, «Қас итсің, жұрт билейтін қылығың жоқ, хан емес, қас қатынсың» дегенде оның іс-қылығында адам қызығар ешқандай жақсылық жоқ екенін ашық айтады.
Махамбет Исатайды «аз сӛйлеп, кӛп тыңдайтын» ұстамды адам ретінде бейнелейді. Акын «Тарланым» атты толғауында батырдың поэтикалық портретін берген ғой. Ал, шерлі Шернияз ақын батырдың болмысын ӛзінше мінездеген:
Сағынан аузыма алсам Исатайды,
Ер тумас енді анадан мұндай жәйлі.
Қарадан халық сүйіп, ханым деген
Жігіт еді тӛрт тұрманы түгел сайлы.
Исатай ділмәр еді топтан озған,
Нар еді бәйтерекке басын созған.
Ер тумас ел бағына Исатайдай
Мінезі тура еді туған айдай.
Мұндағы айрықша назар аудартатын «Исатай ділмәр, еді топтан озған», «Мінезі тура еді туған айдан» деген жолдар. Исатай, шынында да, аузы дуалы шешен болған. Исатайды найза ӛңгерген, жаудан беті қайтпаған кӛкжал батыр деп түсіну біржақты, оның батырлығы қандай болса, кӛсемдігі де сондай. Исатай айғай шабыс, шаң боратып дүрліккен кӛтерілістің басшысы ғана емес, саяси күрестің, қоғамдық-әлеуметтік шиеленістің ішкі-тысқы әдістерін жетік меңгерген кемеңгер халық қайраткері. Ол терең ойлы, «аз сӛйлеп, кӛп тындайтын» сабырлы, қажет кезінде тіліп түсер от ауыз шешен болмаса, саяси күрестің қолбасшы кӛсемі дәрежесіне кӛтеріле алмас та еді. [7.32]. Махамбет пен Шернияздың арасында үлкен достықтың болғанын белгілі ғалым Қ.Жұмалиевтің мына бір дерегінен байқауымызға болады: «Махамбет ӛмірінің соңғы кезінде де Шернияз үйіне әлденеше рет қонып келіп, қонып кетіп жүріпті. Махамбеттің Шерниязбен ең соңғы кездесуінде, араларында мынадай сӛз болыпты дейді. Шернияз: Кӛлдеуде кӛгала үйрек жергілікті, Молдалар шариғаттан сӛз біліпті. Жолдасы ер Исатай, ер Махамбет,
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Исатай Тайманов туралы баяндама

шағым қалдыра аласыз