Исатай Тайманұлы: Азаттық үшін күрес И. Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі және оның тарихи маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Исатай Тайманұлы: Азаттық үшін күрес И. Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі және оның тарихи маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
И. Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі және оның тарихи маңызы. Исатай Тайманұлы – қазақ халқының батыры, қайсар жанды, өр мінезді, ер тұлғалы азаматтарының бірі. Исатай батырдың даңқын қазақ арасына танытқан негізгі оқиға – 1836-1838 жылдар аралығында Батыс Қазақстан өңірінде орын алған халық көтерілісі болатын. 1836-1838 жылдардағы Батыс Қазақстандағы қазақ кедейлерінің көтерілісіне Исатай Тайманұлы сенімді серігі, ақын Махамбет Өтемісұлымен бірге басшылық жасады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы, Медеу ауданы Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейдің Тарих пәні мұғалімі Асқар Серіктің қазақ халқының Халық батыры Исатай Тайманұлының 230 жылдығына орай «Исатай Тайманұлы: Азаттық үшін күрес» тақырыбындағы жас ғалымдар арасында өткізілетін конференцияға «И. Тайманұлы бастаған халық-азаттық күресі және оның тарихи маңызы тақырыбында жазған мақаласына

Аннотация

ХІХ ғ. бірінші жартысында Қазақ жері үшін бұл өңірдегі билік құлақ есітіп, көз көрмеген ауыр азап әкелген еді. Қанаудың шегі жоқ, адам төзбестік жайлар орын алды. Осы тұста қазақтың кең-байтақ аймағын өзіне қарату үшін Ресей әскерлері де таяп келді

Рас, ХІХ ғасырдың басында Жетісу мен Сыр өңірін мекендейтін кейбір қазақ рулары Ресейге өз еркімен қосылды. Оның себебі, Қоқан билеушілері тарапынан адам төзбестік қысымның болуы еді. Ауыр салықтар салып, төлей алмағандарға қатаң жаза қолдануынан кейін, қазақтар әлі де қазақ жерін түгелдей жаулап алмағандықтан салық жүйелерін толық енгізуге үлгермеген Ресей қарамағына өтіп жатты. Ал өткендері көп кешікпей-ақ олардың түпкі мақсатын түсінді. Осылайша, қоқандықтардың шектен тыс қанауы кейбір қазақ руларының Ресей құрамына енуіне жағдай туғызды.

Ал батыс өңірде 1836-1838 жылдары Бөкей хандығында, кіші жүздің батыс бөлігінде отаршылдық қысымнан туындаған жердің жетіспеушілігі мен жергілікті биліктің қысымына шыдамаған қазақтардың азаттық жолындағы күресі болған еді. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруалары болатын. Сонымен қатар, оған старшын, билердің де бірқатар өкілдері қатысқан еді. Старшындардың көтерісілке шығуына мына жағдайлар әсер еткен болатын. Біріншіден, Жәңгір өзінің хандық билікке келгенге дейін сайланған старшындардың билігіне шектеу жасауы; екіншіден, оларды старшын қызметінен ешбір себепсіз босатуы; үшіншіден, хан және оның жақтастарының қарапайым адамдарға қысым жасаулары. Міне, осы тізіп шыққан себептер старшындардың көтеріліске қатысуына және оған басшылық жасауына итермелеген болатын. Сондықтан Ішкі Ордада болған қозғалыс Қазақстанның басқа аймақтарында болған көтерілістерден құрамы жағынан әлдеқайда ерекшеленген болатын. Халық көтерілісінің негізгі басшылары елге белгілі батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) басқарды. Мақалада 1836-1838 ж.ж. Ішкі Ордадағы көтеріліс барысы мен Исатайдың көтеріліске басшылық жасауы жан-жақты талқыланған.

Зерттеуші тақырыбына байланысты әдебиеттерге талдау жасаған. Осы тақырып бойынша жазылған кітаптарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, деректемелерді және тарихи құжаттардың мол қорын пайдалана отырып орындағаны көрініп тұр.

Жас маман өз ойын шеберлікпен, сауатты, қисынды жеткізу тұрғысынан дайындығын байқатты.

Мақаланың материалы ғылыми жүйелі түрде құрылған, мазмұны түсінікті әрі тілі жатық

Мақаланың танымдық маңызы бар, мамандық бойынша арнайы пәндер мен қосымша материалдарға және мерзімді басылымдарға зерттеулер жүргізіліп талданған.

Қорыта келгенде, мақалада қорытынды жасалып, негізгі тұжырым ой айтылған. Айтарлықтай ескертулер жоқ. Сондықтан бұл мақаланы ұсынуға, қорғауға болады деп сенім білдіремін.


Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп

лицейдің тарих пәні мұғалімі: К.Р. Иембердиева



Исатай Тайманұлы: Азаттық үшін күрес

И. Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі және оның тарихи маңызы

Исатай Тайманұлы – қазақ халқының батыры, қайсар жанды, өр мінезді, ер тұлғалы азаматтарының бірі. Исатай батырдың даңқын қазақ арасына танытқан негізгі оқиға – 1836-1838 жылдар аралығында Батыс Қазақстан өңірінде орын алған халық көтерілісі болатын. 1836-1838 жылдардағы Батыс Қазақстандағы қазақ кедейлерінің көтерілісіне Исатай Тайманұлы сенімді серігі, ақын Махамбет Өтемісұлымен бірге басшылық жасады.

Қара халықтың намысын күйттеген наркескен батыр 1791 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы «Тайман жалы» деген жерде дүниеге келген. Батырдың руы Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Арғы атасы қазақ халқына нәубет тудырған Жоңғар шапқыншылығында ел мен жерді жан аямай қорғап, атағы шыққан Ағатай батыр.

Исатай Тайманұлы шыншылдығымен, парасаттылығымен, батылдығымен, ақылдылығымен ішкі ордаға кеңінен танымал болды. Жасынан алымды, сөзге шешен, өжет, қара қылды қақ жаратын Исатай 21 жасында старшын болып тағайындалып, ел басқару ісіне аралас­ты. Бөкей хан оның басқаруына Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы Қарақамыс, Күйгін, Көлденең, Байсары, Кемелі аралдарын берді. Осылайша ордадағы беделді адамдардың біріне айналды. Хан тапсырмасымен Петербургке бара жатқан Бұхар елшісін қарсы алып, Астраханға дейін қасына ерген. Орынбор шекара комиссиясының басшысы, генерал Генстің ішкі ордаға келген сапарында қасында болған. Дегенмен, сол тұста Исатайды көре ал­мау­шылар көбейе түскен еді. Солар­дың жалған жаласымен 1818 жылы Сарайшық түрмесіне қамалды. Ал 1824 жылы тағы да тұтқындалып, Орын­бор түрмесіне жабылды. Бірақ оған тағылған кінәлар дәлелденбей, түр­ме­ден босатылды. Ол ішкі ордадағы қара халықтың мұң-мұқтажын қорғап, сұлтандар мен билердің әділетсіздігін, зорлық-зомбылығын талай рет әш­ке­реледі. Сөйтіп ішкі ордада патша өкі­ме­тінің отарлық мүддесін іске асырушы хан Жәңгірдің халыққа жасаған озбырлығына қарсы күресті.

Кез келген тарихи оқиғаның орын алуында өзіндік себептері болады. 1836 жылы лап еткен оқиға да кедейлердің ашу-ызасы мен тапталған намысының жалынынан тұтанған еді.

1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісіне ұласқан қара бұқараның азаттық күресі өзінің көтерілу кезеңінде ханға қарсы және отаршылдыққа қарсы бағытта болды. Көтерілістің дүмпуі қазақ арасында жиі орын алатын жер дауынан да асып түсті. Шаруалар көтерілісінің елеулі маңызға ие болуы оның әлеуметтік-экономикалық мотивінде шешуші рөл атқарды.

Азаттыққа ұмтылған көтерілістің бірнеше себептері болды. Ең алдымен, 19 ғасырдың екінші ширегінен бастап Ішкі орда деп аталып кеткен Бөкей ордасындағы ауылдардың еңбекші халқына экономикалық қысым күшейіп, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық құрылыстың бірқатар маңызды жақтары күрт бұзылды. Астрахань губернаторының үйінде тәрбиеленген Жәңгір хан хандықтағы қоғамдық өмір мен саяси құрылымды қайта құрудың кейбір ескі далалық ғұрыптарын өзгертіп, жер қатынастарына, сот ісіне, салық саясаты мен хандық басқаруға дейінгі далалық ережелерді «өркениетті ақсүйектер» жоспарларына сәйкестендірді. Ол өркениеттен біршама артта қалған жартылай көшпелі қазақ қоғамының негізін ханға да, патша тағының саясатына да бірдей бағынатын, ағартушылық ісі жолға қойылған аймақтық хандық құруды ойластырды. Алайда көшпелі және жартылай көшпелі қауымдар ханның бұл «жаңалықтарын» қабылдауға әлі де дайын емес еді. Келесі себеп, хан билігінің патша әкімшілігінің жергілікті органдарына және негізінен патша өкіметіне, ірі және орта жергілікті ақсүйектерге қызмет ететін бір жақты, асқан қыңырлықпен жүргізілген саясаты елдегі мемлекеттік басқарудың күрт шиеленісуіне алып келді. Хандық және отаршылдық езгінің күшеюі, бай-шонжарлардың ауыл-қауымдық жерлерді жаппай тартып алуы халық-азаттық көтерілісінің тұтануына тағы бір себеп болды. Нәтижесінде ел өміріне енген өзгерістер шаруалар өмірінің күрт бұзылуына, ауыл ұжымдарының экономикалық әлеуетінің төмендеуіне, кедей шаруалар санының айтарлықтай өсуіне, хан билігінің беделі мен ықпалының күрт төмендеуіне әкелді. Осындай жағдайда хандық билікті түбегейлі дүр сілкіндірген 1836-1837 жж. Халық-азаттық қозғалысы алғашында хандықтың Каспий теңізінің жағалауына іргелес жатқан оңтүстік аймақтарын қамтыды. Мұнда халыққа жайлы, бай жайылымдық жерлер мол болған. Олар князь Юсупов пен граф Безбородконың иеліктері болды. Бұл жерлерге негізінен жері жоқ көшпелі қауымдар ағылып келді, олар жайылымдық жерлерді рұқсат етілген жалға алу шарттарында алуға немесе балық шаруашылығында жұмыс істеуге үміттенген қауым мүшелері болды. Уақыт өте келе бұл жердегі халықтың тығыздығы өсе түсті. Хан уәкілдері мен салық жинаушылардың «мемлекеттік» басқарушылардан асып түсетін билігі соншалық, хандықтың басқа аймақтарына қарағанда бұл аймақтағы жердің тарлығы мен бопсалау бұрынғыдан да өткір түрде кең етек алды. Тек жоғарыда аталған қожайындардың жерлері (300 мың десятинге жуық) 30-жылдардың ортасына қарай орда халқының үштен бірінен астамы. Қыстау мезгілінде бұл жерлерге 200 мың жылқы мен жарты миллионнан астам қошқардың басын құрайтын көп ірі қара айдалды, оның басым бөлігі ауқатты сұлтандар мен билерге тиесілі болды.

Шаруа бұқарасының және көптеген ауыл ақсақалдарының ханның саясаты мен әкімшілігіне наразылығы күрт өсті. Оған себеп, Жәңгірдің 1833 жылы қайын атасы Қарауылқожа Бабажановты көшпелілерімен бірге Каспий теңізінің жағалауын алып жатқан рулық бөлімдерге билеуші ​​етіп тағайындауы себеп болды. Ханның бұл әрекетін жергілікті жұртшылық олардың мүдделері мен ауыл қауымдарының еркіне мүлдем немқұрайлы қарау және оларға қарсы шығу деп бағалады. Жаңа басшы қарапайым көшпелілерге қатыгез езуші, ірі саудагер және билеушілік басқаруды жақтаушы ретінде танымал болды. Сондай-ақ, ол жаңа хан саясатының ең жақын, үлкен құлшыныспен жол көрсетушісі және орындаушыларының бірі ретінде танылды. Қалыптасқан халықтық көзқарастар бойынша оның қожа руынан шығуы қазақ руларын басқаруға құқығы жоқ екендігін білдірді. Бабажановты тағайындау туралы хан шешіміне қатысты топтық өтініштер мен ескертулер назардан тыс қалды. Үмітсіз күй кешкен қалың бұқара ханға қарсы ашық қозғалысты бастады.

Бұл халықтық қозғалыстың көшбасшылары – ру старшындары болды. Олар жергілікті халыққа өте жақын болғандықтан көтеріліске басшылық жасады. Өйткені көтерілісшілердің басын біріктіріп, ұйымдасқан түрде қимылдау үшін осындай тәжірибелі көшбасшылар қажет болды. Осындай көшбасшылардың бірі және бірегейі Исатай Тайманов пен оның жақын серігі Махамбет Өтемісұлы болды. Олардың екеуі де Ішкі Орданың танымал старшындары болатын Исатай Тайманов старшын қызметіне Ішкі Орданың алғашқы ханы Бөкейдің тұсында бекітілді. Мысалы, 1836 жылғы желтоқсан айында шекаралық комиссияға берген бір мәліметінде: 1812 жылы Бөкей хан Исатайды Беріш руының Жайық бөліміне старшын қызментіне тағайындайды. Кейіннен бұл тағайыяндау Орынбор шекара комиссиясымен бекітіледі. Сөйтіп, 1814 жылы 25 қарашада Исатайдың старшын атағына «атаулы жарлық» пен «мөр» берілген еді. Исатай старшын болып ордадағы алғашқылардың бірі болып қызмет орнына тағайындалған болатын.

Жәңгір хан өзінің билігінің алғашқы он жылдығында старшын Исатай Таймановпен жақсы қарым-қатынаста болды десек қате айтпаған болар едік. Каспий теңізіне жақын маңдағы жерлерді ерекше жарлығы бойынша берген болатын. Мұрағат құжаттарына жүгінсек ол жерлердің жоспары көрсетілген. Сол жоспардың ортасында Мақтұба тауы көрсетілген. Оның жан-жағында мына жерлер көрсетілді. Бұрлұй, Қарақұйлы, Өтепберген, Байбта-Шағлы, Құдық-Шағлы,Қазын Тұңғарған, Ашы - Құйлы, Түбер-Құй, Құбаған, Шағанаш, Құрыған Шаған, Күнтұғай-Ақа Бабыр, Жұлқұм. Бұл жобада Жәңгір ханның мынадай жазуы бар: «осы жобаны бекіте отырып старшын Исатай Таймановқа ынталы қызметі үшін және оның барлық жақын туыстарымен жобада сызылып көрсетілген жерлерде қатысуға және оны пайдалануға рұқсат беремін» – деп жазылды. Бұл құжатта Жәңгір ханның мөрі басылып заңдастырылған болатын. Сонымен қатар старшын Исатай Жәңгір ханның ұсынысымен Петербор қаласына бағытталған Хива елшісін және Орынбор шекаралық комиссия төрағасы Генсті ішкі ордаға сапары кезінде жанында жүрді. Дәл осы кезеңге қатысты мұрағат құжаттарында Исатай Тайманов құрметті старшын деп көрсетілген. Егер хан орда старшындарына нұсқау беріп жатса, онда оны старшын Исатай арқылы хабарлайтын болған. Осы келтірілген тарихи фактілердің барлығы старшын Исатайдың Жәңгір ханмен өте жақсы қатынаста болғандығын куәлендіреді. Осы кезден бастап старшын Исатайдың ордадағы ең ықпалды және беделді старшындардың біріне айнала бастауы байқалады. Зерттеуші А.Ф Рязановтың айтуынша: «Өзінің жастығына қарамастан Исатай старшын ретінде өзінің руластарының арасында үлкен құрметке ие болды және ордада айтарлықтай ықпалы болды» - деп жазады. Автордың старшын Исатайға беріп отырған мінездемесі өте орынды. Оның бойында басқарушылық қасиеттердің барлығы қалыптасқан еді. Жәңгір ханмен Исатай Таймановтың арасындағы тығыз байланыстың мүлдем бұзылуына ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажановтың әрекеті әсер еткен еді. Старшын Қарауылқожа ордадағы болған көтерілістің негізгі кінәлісі болды. Дәл осы басшының әрекеті ішкі ордада ең ірі көтерілістің шығуына түрткі жасады. Дегенмен көтерілістің тұтануына старшын Қарауылқожа Бабажановтан басқа оның қолдаушысы орданың ханы Жәңгір және хан жағындағы старшындар мен сұлтандардың ордада жүргізген қысымшылдықтары әсер етті. Жоғарыда есімдері аталған старшындар көтерілістің басталуынан оның аяғына дейін жүрді. Олардың барлығы дерлік Исатай Таймаұлының төңірегіне топтасты. Көтеріліс кезінде старшын Исатайдың қасында оның серігі Махамбет жүрді.

И.Тайманұлы  мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті жан- жақты зерттеген профессор И.Кенжалиевтің көтерілістің кезеңдері туралы пікіріне назар аударсақ, 1991 жылы баспадан шыққан «Исатай-Махамбет» атты кітабында И.Кенжалиев «Исатай бастаған шаруалар көтерілістің соңғы кезеңі» деп аталатын тақырыпта былай деп жазады:

«Сонымен Исатай мен Махамбет бастаған ішкі тараптағы феодализмге қарсы шаруалар көтерілісінің бірінші кезеңі жеңіліспен аяқталды. Осы жолдарды оқи келе біздің түйетініміз: И.Кенжалиевтің пікірінше И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс бірінші кезеңде «ішкі тарапта» , яғни Бөкей ордасында болған, ал екінші немесе соңғы кезеңде көтеріліс Кіші жүздің батыс бөлігінде өрістеген.»

Осылайша, кезінде Х.Досмұхамедұлы бастап берген Исатай мен Махамбет батырлар бастаған көтеріліс кезеңдері туралы мәселені И.Кенжалиев одан әрі нақтылап, жүйеге келтірген.

Осы айтылғандардан мынадай қорытындыға келуге болады:

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс 2 кезеңнен тұрады. Атап айтқанда, І кезеңде көтеріліс Бөкей ордасында басталып, дамиды және аяқталады. Ол 1836 жылғы наурыз бен 1837 жылғы қараша айының орта кезін қамтиды.

ІІ кезеңде көтеріліс Кіші жүздің Батыс бөлігінде өрістейді. Ол 1838 жылдың алғашқы 6 айын қамтып, 12 шілдедегі, Ақбұлақ шайқасымен аяқталады. Жалпы алғанда, Исатай мен Махамбет батырлар бастаған көтеріліс Еуропа құрлығында басталып, Азияда аяқталады. Екі кезеңде көтеріліс патша өкіметіне арқа сүйеген жергілікті феодалдардың езгісіне қарсы бағытталған, бірақ оның соңы патша өкіметінің отарлық қысымына қарсы азаттық күреске ұласады, яғни 2 аймақта да көтерілістің сипаты бірдей.

Азаттық қозғалыстың дамуындағы алғашқы кезең мынадай белгілермен сипатталды: біріншіден, халық Каспий аймағындағы хандар мен билерге, билеуші ​​руларға қатты наразылық білдіріп, оларды алып тастауды талап етті; екіншіден, бұл кезде елді мекендерде хан саясатына және Сұлтанбай тобына қарсы бағытталған қозғалысқа ауыл қауымдарын көбірек тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. 1836 жылы мамырда Орынбор шекара комиссиясына жазған хаттарының бірінде Жәңгір хан Исатай мен Махамбетті «зиянкес» деп сипаттап, оларды ұстап алып, Ордадан біржола аластатуды сұрады; үшіншіден, сұлтандар мен билердің ауылдарына шабуыл жасау, олардың малы мен жерін тартып алу арқылы иеліктерін қирату, әсіресе 1836 жылдың басынан бастап жиілей түсті. Бұл жорықтардың бірнешеуін Исатай мен Махамбет жеке өзі басқарды; төртіншіден, хандықтың Каспий аймағындағы көптеген рулық қауымдар хан шенеуніктерінің билігін ашықтан-ашық елемей, Исатайдың қол астына көшті. Исатай мен Махамбет халық жиналыстарының бірінде ханның басқаруынсыз-ақ, өз бетінше билік жүргізетінін жариялады; бесіншіден, азаттық және ханға қарсы көзқарастар орданың басқа жерлеріне де тарады. Азаттық қозғалысы бүкіл хандықты шарпыды. Осылайша бірте-бірте бір-біріне қарама-қайшы екі лагерь құрылды: хандық топ және азаттық қозғалыс тобы. Осылайша көтерілісшілердің алға қойған мақсаттары нақты бола бастады. Негізінен наразы старшындар тобы хан және сұлтандар және старшындардың салықты шектен тыс жинауы және қысым көрсетулеріне қарсы шыққан болатын. Сондай-ақ олар әдет-ғұрып құқығын және рулық қалдықтардың қайта қалпына келтіруін талап етті. Көтерілісшілер өздерінің талаптарын орындатуға бар күш жігерін жұмсады.

Ішкі Ордадағы болып жатқан оқиғалар 1836 жылдың аяғында Петербор сарайына әбден белгілі болған еді. І Николай патша бүлікші басшыларын қатаң жазалауды талап етті. Енді әскери министр А.И. Чернышев Орынбор әскери губернаторы В.А. Перовский 1837 жылы 20 желтоқсанда І Николай патшаның рұқсатымен Екінші Орал казак әскерін Ішкі Ордадағы тәртіпті қалпына келтіру үшін пайдалануды нұсқауында жеткізеді. Нұсқауда былай жазылды «Бұл әскерді Ордадағы пайда болған тәртіпсіздікті тоқтату үшін пайдаланыңыз, сонымен қатар старшын Исатай Таймановтың жанындағы көтерілісшілерді жойып жіберуде айтарлықтай шешімді шараларды жүргізуіңіз қажет». Міне осындай қатыгездік оймен патша әскері Ішкі Орда жеріне жетеді. Енді генерал-губернатор В.Перовский көтерілісті талқандау үшін подполковник Геккенің қарауына қосымша әскер күш бөліп, Жәңгір мен тізе қосып көтерілісті тоқтатуды тапсырды. Бірақ, патшаның жазалаушы әскері Исатай бастаған көтерілісшілерді ұстай алмайды.

Көтерілісшілердің саны өскен сайын олардың ханға қарсы қимылдары өрістей берді. Сөйтіп 1837 жылы старшын Исатай бастаған топ хан сарайына жақындап, жан-жағын қоршады. Бірақ, бұл кезде подполковник Геккенің әскері ханның сарайына келіп үлгерген болатын. Исатай Таймановтың басқарған тобы жазалаушы әскермен 1838 жылы 2 шілдеде болған соңғы шайқаста жеңіліс табады.


Қорытынды

1836-1838 жылдарды қамтыған халық-азаттық көтерілісінің екпіні қатты, көсемі мықты болғанымен, қарсы топтың басым күшіне тойтарыс бере алмай, жеңіліске ұшырады. Исатай батырдың 1838 жылы 12 шілде күні қапыда қаза табуы көтерілістің екпінін басып, сарбаздардың жан-жаққа шашылып кетуіне жол ашты. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының бірнеше себептері болды. Исатай жасағының әскери қолы да, қару-жарағы да қарсы топпен салыстырғанда мейлінше аз болды. Нақты бағдарламаның болмауы мен ұйымшылдықтың мықты болмауы да көтерілісшілердің жеңіліс табуына ықпалын тигізді. Қазақтың бағына біткен жаужүрек ұлдың басты бағыты мен мақсаты қара халықты билеуші топтың езгісінен құтқару болды. Исатай қолы жеңіліс тапса да, халық-азаттық көтеріліс Батыс Қазақстандағы саяси өмірге өзіндік таңбасын салды. Көтерілістен кейін қарапайым халыққа салынатын алым-салық мөлшерін көтере беруге шек қойылды; патшалық үкіметтің көтерілісті жақтаушы қазақ старшындарымен санасуына тура келді; Бөкей Ордасындағы хандық биліктің жойылуына алғышарт жасады.

Исатай Тайманұлы – ар-намысқа берік, қайтпас ер, еліне мейірімді, оны қор­ғауға әрқашан дайын, артында өне­гелі ісі қалған ұлт-азаттық көтері­ліс­тің қолбасшысы. Көтеріліс басшысы басынан өткен ауыр әрі қауіпті оқи­ғаларға мойымайтын қайсарлық көрсетіп, өмірінің ақырына дейін азат­тық үшін алысып өтті. Тек Исатай ғана «өлгенінше көпті соңына ерте алды»
(Х.Дос­мұхамедов). Осы көтеріліс тарихын алғашқы зерттеушілердің бірі А.Рязанов Исатайды «қазақтың ұлттық батыры» деп атады.

Қазақ халқының азаттығын аңсаған Исатай батырды ешқандай сынақ та, жеке басының қайғы-қасіреті де жасыта алмады. Орыс журналисі Н.Савичев Исатай батыр туралы: «Тып-тыныш тұрған аспанды тіліп, шуылдай ағып, жан-жағына от шашып, жұртты таң қал­дырып келе жатқан метеорды көре­сіз. Тап осы метеор сияқты жарқын бей­нелі, абзал, терең ақыл-ойдың иесі, халық қамын ойлаған қажырлы батыр – Исатай» деп жазған еді. Шындығында ол – қара халықтың қамы үшін қол бастап, қанды шайқасқа түскен, елінің тәуелсіздігі жолында құрбан болған ұлт батыры. Биыл 2021 жылы, тәуелсіздігімізге-30 жыл қарсаңында Исатай Тайманұлының туғанына 230 жыл. Тәуелсіздік туралы толғанғанда алдымен елін, жерін қорғаған батыр бабалардың өшпес өнегесі ойға оралады. Батыр баба есімі мәңгі ел есінде, ал бүгінгі күннің мақсаты батыр баба күрескен Тәуелсіздігіміздің туын биіктетер ұрпақ тәрбиелеу, олардың бойында жаңа қазақстандық патриоттық тәрбие қалыптастыру, өз Отанының патриоты болуға шақыру бүгінгі жас ұстаз біздің міндетіміз.


 






Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан тарихы (ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін. 4 томдық)Т.2. Алматы. 1995 ж.

  2. Кузембаев А., Абилев Е.А. История республики Казахстан. Алматы, 2000 г.

  3. Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен) Алматы, 1993 г.

  4. Кан Г. История Казахстана. Алматы, 2002 г.

  5. Отан тарихы журналы. Бөкей Ордасындағы старшындардың халық-азаттық қозғалысқа тартылуы. (1836-1838 ж.ж.) Д.А. Рахымқұлов

  6. Досмұхамедов Х. Исатай мен Махамбет, А, 1991ж.

  7. Кенжалиев И. Исатай — Махамбет, А, 1991ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2021
719
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі