№12 «Тараз» колледжі
Тарих пәнінің мұғалімі: Нурпейсова Мария Атыхайқызы
Сабақтың тақырыбы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған
көтеріліс (1836 – 1838 жж.)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
бастаған ұлт – азаттық көтеріліс туралы мағлұматтар беру.
Тәрбиелік:Оқушыларды ұлттық тәрбие үрдісінде патриоттық сезімі
жоғары, рухани адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген,
өз өмір жолын таңдай білу қабілеті биік, өз Отанына адал жеке
тұлға етіп тәрбиелеу.
Дамытущылық: Оқушылардың тарихи тіл қорын, логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау, түсіндіру, кітаппен жұмыс
Сабақтың көрнекі – құралдары: плакат, маркер, қима – қағаздар, суреттер, кесте
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (сұрақ – жауап) (10 мин)
ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту (15 мин)
ІV. Топпен жұмыс (Тарихи тұлғаны танып біл) (10 мин)
V.Сабақты қорытындылау, бағалау (6 мин)
VІ. Үйге тапсырма (2 мин)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
- Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру
- Оқушылардың жаңа сабаққа назарын аударту
ІІ.Үй тапсырмасы
-
Сырым Датұлы бастаған шаруалар көтерілісі қай жылдары болды?
-
Е.Пугачев және Сырым Датұлы көтерілісіне қазақтардың қатысуы нені көрсетеді?
-
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдер болды?
-
Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілістің тарихи маңызы?
-
Сырым Датұлы қай жерде қайтыс болды?
Білікті
қолбасшы
Дана Көсем

К
іші жүз батыры
Ұйымдастыру
қабілеті жоғары
![]()
1783 - 1797 жж. Кемеңгер
Байбақты руының старшыны
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Көтерілістің алғышарттары мен себептері
2. Көтерілістің басталуы және барысы
3. Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы
Исатай Тайманұлы (1791 – 1838 жж.)
Исатай Тайманұлы қазіргі Атырау облысының Исатай ауданындағы «Тайман жолы» деген жерде дүниеге келген, Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. Халықтың айтуы бойынша, жастайынан ақылды, ұстамды болған. Ақындық, шешендік, батылдық қасиеттері ерте – ақ байқалған.
Исатай ел ісіне ерте араласады. Бөкей хан өз жағына тарту үшін оны 21 жасында беріш руына басшы етіп тағайындайды. Ол жасынан қанаудан, зорлық – зомбылықтан, жоқшылықтан ашынған шаруалардың наразылығын көріп өсті. Кейінірек кедейлерді отаршылдыққа, үстем тапқа қарсы көтеру керек деген қорытындыға келді. Осы жолда бұқара халықты соңынан ерте білді.
Патша өкіметінің отаршылдық саясатына, қазақтың хан – сұлтандарының озбырлығына батыл қарсы шыққандығы үшін ол бірнеше рет түрмеге де қамалды. Өзінің ауқатты топтан шыққанына қарамастан алған бетінен қайтпады, кедейлердің жоғын жоқтады. Ақыры бүкілхалықтық көтерілістің басшысы болды. Көтеріліс кезіндегі шайқастарда ол асқан ерліктің үлгісін көрсетті. Осы шайқастарда жыққыш палуан, атқыш мерген, найзагер батыр ретінде көзге түсті. Қып – қызыл шайқастың ортасында жүріп, жекпе – жек келгенді шыдатпай, қоршаған жаудан құтылып кетіп отырды.
Ақыры, халық бостандығы жолында соңғы Ақбұлақтағы шайқаста жау оғынан қаза тапты. Осы азаттық жолындағы шайқастарға оның жақын туыстары, балалары да қатысты. 20 жастағы баласы Жақия да ерлікпен қаза тапты.
Махамбет Өтемісұлы (1803 – 1846 жж.)
Осы күнгі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданындағы Нарын құмында дүниеге келген қазақтың көрнекті ақыны. 1836 – 1838 жылдардағы көтерілістің
жалынды жаршысы. Жасынан палуан, мерген және төкпе ақын болатыны байқалады. Бала кезінде мұсылманша да, орысша да оқып, сауатын ашқан.
Махамбет жас кезінен – ақ өзінің турашыл өткір сөздерімен, жалынды өлеңдерімен жұрт көзіне түсе бастайды. Халық оның өлеңдерін сүйіп тыңдайтын. Махамбеттің көпшілік алдындағы беделін ескеріп, Жәңгір хан оны өзіне жақын ұстауға тырысады. Осы мақсатта оған старшын атағын береді. Өзінің баласы Зұлқарнайды Орынборға оқуға жібергенде, оның қасына аталық етіп Махамбетті тағайындайды.
Бірақ Махамбет ханға қызмет етуден бас тартады. Бұған себеп – ханның жай халықты аяусыз қанауы, еңбекшілер тұрмысының әбден нашарлауы. Осы жағдайлар Махамбетке қатты әсер етеді. Ол енді ханға қарсы көтеріліске даярланып жатқан шаруаларға қосылады. Көтерілістің басшысы Исатайдың сенімді серігі, айнымас досы болады. Екеуі бірлесе отырып көтерлісті әзірлеу бағытында көп жұмыс жүргізеді.
Махамбет 1836 – 1838 жылдардағы көтерілістің Қиялымоладағы, Теректіқұмдағы, Тастөбедегі айқастарында батырлықтың үлгісін көрсетеді. Үнемі өз жасақтарының алдында жүреді, қолындағы наркескені жарқ – жұрқ етіп, дұшпанының басында ойнайды.
Көтеріліс жеңілген соң үш жылдан кейін патша өкіметінің адамдары Махамбетті тұтқындап, Орынборға апарады. Ісі әскери сотқа беріліп, өлім жазасына кесілетін жерінен достарының көмегімен құтылып шығады.
Мұнан кейінгі жылдардағы ақынның оттай қызулы, қылыштай өткір жырлары қалың қазақтың ақ жүрегін толқытты, көңілдеріне жел берді. Ақыры, 1846 жылы оны қапылыста өлтіреді.

Бекіту сұрақтары
1.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс қай аймақтарды қамтыды?
2. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдер?
3. Көтерілістің басталуына не себеп болды?
4. Исатай Тайманұлы қай жылы, қай жерде ерлікпен қаза тапты?
5. Көтерілістің жеңіліске ұшырауына не себеп болды?
Қорытынды
Осы өлкедегі патша өкіметінің басшы органдары мен хан – сұлтандарына қарсы қозғалысты жаңа сатыға көтерді, келер ұрпақтың әлеуметтік, теңдік,тәуелсіздік пен бостандық үшін күресіне зор сабақ болды.
Бағалау: Оқушыларды білім деңгейіне сай бағалау.
Үйге тапсырма: §5, 31 - бет
1.Сырым Датұлы бастаған шаруалар көтерілісі қай жылдары болды?
1783 – 1797 жж.
2.Е.Пугачев және Сырым Датұлы көтерілісіне қазақтардың қатысуы нені көрсетеді?
1. Хан билігінің әлсіздігі
2. Шаруашылықтың саяси белсенділігінің артуы
3. Феодалдық ақсүйектердің отаршылдық басқыншылармен қарым – қатынас жасағысы келмегендігі
4. Хандар патша саясатын толық жүргізбеді.
3.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдер болды?
Көшпелі кедей шаруалар болды. Азаттық көтеріліске үкіметтің қысымына шыдамаған би – старшындар мен батырлар да қосылды. Бұл қозғалысқа Кіші жүздің шекті, төртқара, шөмекей, кете, шеркеш, байбақты, беріш және басқа да рулары қатысты.
4.Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілістің тарихи маңызы?
Бұл ұлт – азаттық көтеріліс Еділдің шығыс өңіріндегі ірі халықтық сипаттағы қозғалыс, ол патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы жер, шаруашылығына қолайлы Жайық бойындағы өңірді басып алу екенін дәлелдеді; қозғалыс ру арасындағы қайшылықтардың халықтың басты мақсатына жетуіне зор кедергі болатынын көрсетті; патша үкіметі қазақ руларының өздерінің тарихи қонысы – Жайықтың оң жағасына өтуіне, малын жаюға рұқсат беруге мәжбүр болды.
5.Сырым Датұлы қай жерде қайтыс болды?
1797 жылы Сұлтан Қаратайдың өршеленген қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетіп, 1802 жылы, сонда қайтыс болады.

Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағысын

Қазақ шаруалары

Жер дағдарысының күшеюі, алым салықтың барған сайын көбейе түсуі, шұрайлы жерді әр түрлі себеп – сылтаулармен кесіп, тіпті тартып ала беруі, жергілікті қарапайым халыққа патша әкімшілігінің үстемдігі мен озбырлығы.

1838 жылы 12 шілдеде Исатай бастаған көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында Ақбұлақ пен Қиыл өзендері арасындағы жерде қатты шайқас болды. Осы шайқаста Исатай Тайманұлы ерлікпен қаза тапты.

Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері табандылық көрсетпеді; тіпті жау жағына қосылып, опасыздық көрсетті, жау жағының соғыс күші әлдеқайда мықты болды; көтерілісшілер арасында байланыс болмады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс (1836 – 1838 жж.)

шағым қалдыра аласыз