Ісі өнегелі, есімі ардақты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ісі өнегелі, есімі ардақты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының ұлтқа сіңірген еңбектері жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІСІ ӨНЕГЕЛІ, ЕСІМІ АРДАҚТЫ





Алаш- Қазақстанның бүгінгі Мәңгілік ел мұратын өз тұсында саясат пен руханият тұрғысынан тереңдеткен, айшықтаған кезең атауы.

Алаш – Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілдік мүддесінің үзілмеген арқауы.

Алаш – Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының батыл да бастамашыл білік пен парасат, білім мен жауапкершілік тарихына қараған айнасы.

XX ғасыр басында әдебиет пен жалпы руханияттағы жаңа ағымды ілгерлетуге атсалысқан тұлғалардың бірегейі – Ахмет Байтұрсынұлы. Ол – негізгі ағартушылықтың берік ұстыны еді. А. Байтұрсынұлы – Алаш партиясының жетекшілерінің бірі болып,Қазақ елінің тәуелсіз мемлекеттігі үшін саяси күресте шыныққан тарихи тұлға.Ағартушының елу жылдық мерейтойы қарсаңында Мұхтар Әуезов оның ұшан – теңіз еңбегін нақты үш тіркеске сыйдырған болатын: «Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі,Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұран». Міне, осыған қарап, А. Байтұрсынұлы өз кезеңінде ұлттың рухани ұстазы болғанын ұғынамыз. Әлбетте, жәдитшілдіктің Алаш қозғалысына ұласар шағында Ахметтің мол күш- жігері елді ағарту ісіне жұмсалды. Орайы келгенде ғана әдебиетке қатысты ой айтты. Бірақ бұл ойы темірқазықтай еді.

Ахмет- ең алдымен ағартушы. Ол поэзияда да, көсемсөзд де , ғылым –

ілімде де ағартушы. Өзі: «Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден

бастауымыз керек. Неге десек болыстық та билік те халықтық та оқумен

түзеледі деп жазғанындай , аталған шақта алашқа сауатты, білгір Ахмет

ағартушы ретінде қажет болатын.

Ахмет Байтұрсынұлы бір бас мақаласынан неліктен тездете жаңа

әдебиетті жандандыруды қолға алғандары мәлім болады. «Тарих жолына

қарағанда келімсек жұрт күшті болса,тұрғын жұрт аяқ асты болып, азып-тозып,жоғалмақшы. ... Басқа жұртпен араласқанда, өз алдына ұлт болып, өз алдына тілі бар, өз тілінде жазылған сөзі бар жұрттарға не тұрады? Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды» ,-дейді ол.

Міне, осының баршасы Ахметтің – ағартушы, ұстаз Ахметтің әдебиетке қазақтың жоғын жоқтап келгенін айғақтайды. Әлбетте, ол нағы ақындықтың қадір – қасиетін білді. 1909 жылы Петерборда басылған «Қырық мысал» жинағының бір қайырымында қаламгер:

Ахмет осы айтқаның жетер, тоқтаІ

Көрдің сөзің онша ажарлы емес,

Ұялмай сынатарға салып топқа,

Алайда тыңдағандар бір ойланар...-

дейді өзіне. Мұндай сөз иманды адамның ғана аузынан шықса керек.Осыны айту арқылы ол алашта сөзінен бір кінарат таппайтын Абайдай тұлға барын нұсқағандай. Үлкен әдебиетті меңзегендей,

Көркемдікті іздегендей.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілінің де, сөзінің де шебері. Сондықтан оның әдеби талғамы биік. 1911 жылы «Маса» жинағына кірген «Жиған-терген» атты өлеңінде поэзиядағы «сыңғырлаған келісімді» төмендегідей көрсетеді:

Оюын ойып,

Орындап қойып,

Түр салғандай өрнекке.

Қиыннан қиып,

Қиырдан жиып,

Құрап сөзді термекке,

Еңбекке егіз, тіл мен жақ,

Ерінбесең сөйлеп бақ!

Сонымен бірге Ахмет ақындықта «бой сүйсінер саз, ой исінер сөз» болу қажет деп есептейді.

Ахмет – азаматтығы жоғары тұлға. Сондықтан оның жазуға қоятын талабында да азаматтық ар мәселесі алғашқы кезекте жүреді.

Мысалы:

Тасалама ойыңды!

... Тірі көмбей бойыңды,

Жүрегіңнің жарасын

Көрсет жұртқа, қарасын.

Немесе:

Иланбасам айтпаймын,

Иманымнан қайтпаймын.

Міне, осы әдеби эстетикалық ойлардан жырақ емес

тұжырымдардың шындығын айғақтай алар Ахмет ғұмырбаянынан

сан мысал келтіруге болады.Бірақ бізге керегі – қайраткердің сөз бен ісі бір

жерден шыққаны hәм биіктен көрінгені.

1915 жылы Г.Н. Потанинге арнаған өлеңінде төбеден қарауыл қараған қиын кезеңнің ахуалын сипаттай келе, орыс зиялысы келешек қазақ бақытына ортақтаса алады деген оймен:

Жаз келер, жадыраған күндер туар,

Жыр жырлап,ту түбінде шуақтайтын,-

деп жазады. Бұл – орайлы ғана айтқан ой емес, бұл– арман-мақсат. Халықшыл Ахмет әдебиет мерейін ел мерейінен бөлек қарамайды.

Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы – Алаш партиясының

жетекшілерінің бірі болып, Қазақ елінің тәуелсіз мемлекеттігі үшін саяси күресте шыныққан тарихи тұлға. Ғалым Алаш (1919) басшылығының келісімімен Қазақ революциялық комитетіне мүше болып тағайындалады яғни совет өкіметі кезінде де жоғары қызметтер атқарады. Қазақстан Ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі , Қазақстан халық комиссариаты Академиялық Орталығының жетекшісі, Алматы, Ташкент жоғары оқу орындарының професссоры болды.

Ахмет Байтұрсынұлы қандай – қиын қыстау кезең жағдайға тап болса да ұлт –мүддесін, серіктестерін ешқашан сатпағанын ,адамгершілік – азаматтық бағытынан ауытқымағанын , Қазақ өлкесі Әскери-революциялық кеңесінің қазақ халқын біріктіру және оны совет өкіметі жағына тарту туралы мәселені қараған 1919 жылы 27 қазанда өткен мәжілісінде сөйлеген сөзі арқылы дәлелдеді. Осы мәжілістің хаттамасында кездесетін «Байтұрсынов жолдас мыналарды ұсынады:1)Қазақ ревкомы қырғыздарға совет өкіметінің қырғыз халқына жалған емес, шын мәнінде автономиялық өзін – өзі басқаруды бергенін айқын көруі үшін дербес іс-қимылын көрсететін болсын; 2) барлық қазақтарға, соның ішінде, ақтар жағында совет үкіметіне қарсы жүрген Торғай және Орал алашордашыларына совет өкіметі жағына өткен жағдайда кешірім жариялансын; 3) жергілікті жерлерде совет өкіметі халық сенімін қамтамасыз ететін мейілінше ақылға қонымды іс- әрекет жасауға және сол арқылы ақтар жағында жүрген совет өкіметіне сенбестікпен қарайтын адамдардың совет өкіметі жағына өтуіне жәрдемдесуге шаралар қолданатын болсын» - деген жолдар осының айқын айғағы .

Жалынды да ойлы көсемсөз шебері, баспагер әрі ұйымдастырушы Ахмет Байтұрсынұлы өзі құрған «Қазақ» газетін осы тұрғыдан пайдалануды ұсынып, бұл басылымның алдына қойған мақсатын «халықтың көзі, құлағы hәм тілі» деп тап басып көрсетті. Бас редактор ретінде ол сол кездегі білімді,зерделі азаматтардың басын қосып, оқу- ағарту, ұлт, жер мәселелерін батыл көтерді.

Бұл газеттің қазақ ұлты тарихында орны қандай? деген сауалға жауап іздегенде М. Әуезовтің 1923 жылы жазған пікірі бірден ойға оралады: «Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ақаң салған өрнекті біліп, Ақаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығына жаңа атттап, ішіне жаңа кіріп жатыр. Ақаңның бұл істеген қызметі – қазақтың ұзынырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатылған – мәңгілік ескерткіш.

Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын. Ол газеттің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң, маса болып қалай ызыңдап оятамын деп, ұзақ бейнетті мойнына міндет қылып алған Ақаңның екпіні болатын».

А. Байтұрсынұлы – қазақ балаларынң ана тілінде сауат ашуына нақты мүмкіншіліктер тудырған бірден-бір ғалым. «Ана тілі» деген терминді де өзі ұсынғанын біз есте сақтауымыз қажет. А. Байтұрсынұлының «Әліпбиі» мен «Оқу құралы» тұңғыш әліппеміз болса, оның бірнеше рет қайта басылуы сол кездегі білім беру жүйесі үшін ауадай қажет құндылықтарға айналғанына көз жеткізеді.

Теоретик А. Байтұрсынұлының таза ғылыми зерттеулермен шектелмей, күнделікті сұранысты өтейтін оқулықтар жасау арқылы да пайда әкелуге мән беруі яғни сол ізденістердің нәтижелерін қолданыстан шықпайтын өміршең оқулықтар арқылы қалың бұқара игілігіне асыруы – білім беру салысындағы тамаша іскерліктің үлгісі.

Ахмет Байтұрсынұлының араб таңбаларын Қазақ тілінің фонетикасына сай қолданған жүйелі графикасы 1924 жылы ресми қабылданған. Өзге түрік халықтары да оны тұңғыш үлгі ретінде қабылдады. Осы орайда ғалым

Р. Сыздықованың сөзіне жүгінсек «А.Байтұрсынов ұсынған «жаңа емле» 1913 жылдардан бастап мұсылман медереселерінде де , қазақ-орыс мектептерінде де қолданыла бастаған».

Ұлт тіліне лайықталып реформаланған араб таңбаларын латынша ауытстырудың тиімділігі жоқ деген пікір айтқан А.Байтұрсынұлы бастаған зиялы топқа «ұлтшыл» , «пантюркист» , «панисламист», «советке қарсы» деген айыптар таңылды.

Ана тілі жазуының реформаторы енгізген, араб жазуының таңбалары негізінде жасалған қазақ әріптері – жат жұрттырға қоныс аударуға мәжбүр болған қандас бауырларымыздың ХХ ғасырдың 1910 жылдарынан бастап, осы бүгінгі күнге дейін қолданып келе жатқан графикасы. Олар осы төте жазумен тек сауатын ашып қана қоймай, кітаптарын да шығарып келеді. Бұл – ғалымның араб таңбаларын қазақ тілінің жазылуына, оқылуына, баспа ісіне толық бейімдеп кеткенінің және осы жүйенің өміршеңдігінің басты дәлелдерінің бірі екені сөзсіз.

Қазақ халқының әліппесі Алланың кітабы – Құран әріптерімен үндес екенін дәлелдеп кеткен А. Байтұрсынұлының бұл ғылыми жаңалығының мәнін біз әлі толық мойндамай келеміз. Оның үстіне бұл – ғылыми мәні зор, мұсылман елдеріне үлгі болатын бірден-бір дәйек.

Ахмет Байтұрсынұлы ұлтының бағы жанғанын қалаған тұлға. Тәуелсіздік қарсаңында «Қазақстан» ұлтық арнасынан көрерменге жол тартқан «Ахмет. Ұлт ұстазы» атты телехикаяны көре отырып, ұлы тұлғаның сабырлы кейпін, азаматтығын, ұлтын сүйгенін, сол үшін аянбағынын ұғынып, еріксіз көзіме жас келді. Телехикаяның соңы болашаққа аманат етіліп айтылатын мына бір сөздер тізбегімен аяқталады: «Жоқ! Жоқ! Өлген жоқ олар, саңлақ ерлер! Қара жердің бетінде қазақ барда сендер барсыңдар! Ендігі ұрпақ сендердің басып өткен топырақтарыңа көздерін сүртер, қуат алар!»

Ғалымның «Жазған сөз жаным ашып Алашыма» деген өлеңінің жалғыз тармағына сыйғызылған азаматтық ұран Отан алдындағы адалдықтың үлгісін көрсеткен Ахмет Байтұрсынұлының ғибратты күрес және шығармашылық жолының Темірқазығы болып табылатыны оның кез- келген еңбегінен, тіпті сөйлемінен де аңғарылатыны айқын.



Пайдаланылған әдебиеттер


Айгүл Ісмақова. Алаш әдебиеттануы. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы,

2017 ,-480 бет.

Дихан Қамзабекұлы. Алаш арқауы. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,

2017, 408 бет.

Ұлан Еркінбев.Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі

ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде.Алматы:2017



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2025
164
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі