Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Іске асырылған коучинг тәжірибесі кезіндегі мұғалім-коучтың оқыту бойынша рефлексивтік есебі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Әбдібай Керімжан Құралбайұлы мұғалім портфолиосы В1.3 есебі
№26 топ 2-деңгей
Алматы қ, ҚР ББЖ ҚБАРИ 21.11.2014
В1.3 есебі
Іске асырылған коучинг тәжірибесі кезіндегі мұғалім-коучтың оқыту бойынша рефлексивтік есебі
«Екінші деңгейге негізделген бағдарламаның мақсаты педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылары алудағы білімділік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесу» (МАН,6). Коучинг коуч пен әріптестердің арасындағы ынтымақтастық құрып, жетекшілік дағдыларын дамытуға қолдау көрсететін және мүмкіндіктерін негіздеу бойынша әріптестеріне оқыту үрдісін жеделдететін үдеріс. Коуч дегеніміз ол әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектеседі, кәсіби білімін жақсартатын, нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін маман. «Коучинг (ағылшын тілінен енген сөз «coaching» сөзбе-сөз аудармасы тәлім ету,дайындау, жаттықтыру. Бұл әріптестердің (коуч пен әріптесі) белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі» (МАН,81). Коучингте кеңес берілмейді, тек тыңдаушыға ой тастау арқылы тақытыпты ашуына түрткі жасайды. Коуч барлығын үйрете алмайды, ол тек талмай ізденіп жұмыс жасаған жағдайда ғана орта қалыптастырады, әріптестеріне жаңа әдіс-тәсілдерді үйретеді және алған білімдерін жүзеге асыруына ықпал етеді. . «Мұғалімдерге мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында коуч мұғалімге көмек көрсетеді. Бұл ретте мұғалімдерге мақсат етілген нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірибесі аздау әріптестерімен жүргізілетін жұмысты болжау және жүргізу мақсатында, ол жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын-ала анықтай алу қабілетін дамытуға көмектесуге басты назар аударылмақ». (МАН, 82). Коуч ретінде мектептегі тәжірибие кезінде педагогикалық ұжыммен кездесіп курс кезінде алған теориялық білімімді жүзеге асыру мақсатында жеті модуль шеңберінде жоспарланған екі коучинг сабағымды өтетіндігімді айттым. Мұғалімдерден алынған сауалнамалардың қорытындысына сүйене отырып, екі коучинг өткіздім. Алғашқы коучинг сабағымның тақырыбы: «Жалпы білім беретін мектепте ирклюзивті оқыту керек пе?». Жалпы мектептегі инклюзивті оқытудың міндеттерін айқындай отырып, кемшіліктері мен кездесетін қиындықтарға тоқталып, коучингке қатысушы мұғалімдерге ой шақыру әдісі бойынша осы тақырып жөнінде пікірлерін білдім. «Инклюзивті оқыту білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу» (МАН,129). Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ қазіргі кезде елімізде 150 мыңнан астам мүгедек бала өмір сүруде. Мүмкіндігі шектеулі балдарды көргенде аяушылықпен қарап, бүгініңе шүкіршілік етесің. Ал олардың хал-ахуалын, жүрек түкпіріндегі күйзелісін біз қанша ойланып тебіренсек те жеткізе алмасымыз хақ. Олар іштей жан азабын тартып күйзелгенімен өмірде мықты, қандай қиындыққа болсын мойымай, қайсарлық танытқанын көргенде еріксіз қайран қаласың. Коучингке қатысқан әрбір мұғалімді бұл өзекті мәселе бей-жай қалдырмады. «Инклюзивті оқытуды мектептерге енгізу қажет пе?» деген сұраққа коучингке қатысушы мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеуіміз қажет деп жауап берді. Екінші коучингімді «Талантты және дарынды балаларды оқыту туралы білесіз бе?» тақырыбында өттім. «Талантты және дарынды балаларды оқытуда біз не білеміз?» тақырыбын АКТ-нің көмегімен интербелсенді тақта арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, презентациялармен түсіндірдім. «Фриман(1998) ғылыми негізделген критерийлерді дарынды және талантты балаларды анықтауда қолдануға болады деп санайды: 1. Олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары, ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады. 2. Оқу үдерісінің қалай жүретінін жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.3. Жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ тез жүзеге асырады. 4. Басқаларға қарағанда тәртібі жақсы.5. Оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, 6. Ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырландыра алады. Ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды(Freeman,1998)»(МАН,54). Екі коучингтің өту барысында әріптестерімнің өз идеяларын ортаға салып, тақырып аясында жеке пікірлерін дәйекті нақты жеткізуі, тапсырмаларды дұрыс орындауы менің өзіме деген сенімділігімді арттырды. Коучинг өткізгенде тақырыптың мазмұның іс-әрекетпен де көрсетуге болатынын аңғардым. Өйткені қатысушы мұғалімдердің білімі, ойын еркін ашық жеткізуі, берілген тапсырмаларды дұрыс орындауы, коучинг сабағының тақырыбын аша түседі, нәтижеге қол жеткізеді деп ойлаймын. «Білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте Екінші деңгей бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге коучинг пен тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады.Тәлімгер мен коуч болып қалыптасу барысында мұғалімдер оқыту тәжірбиесін жақсарту мақсатында мектеп ұжымымен бірлесіп жұмыс істейді» (МАН,80). Мектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдермен коучинг сабақтарын өткізу кезінде әріптестеріме үйрете жүріп, өзім көп нәрсе үйрендім. Коучинг сабақтарымда жаңа әдіс-тәсілдер пайдаланып, өзімнің тәжірибеме біршама өзгерістер енгіздім. Курста үйренген теориялық білімдерімді тәжірибеме тиісінше пайдалана отырып біршама өзгергенімді байқадым. Нәтижесінде өзіме талап қоюды, мұғалімнің ұстамдылығын үйрендім «Мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді». Пажарес (1992)(МАН,9). Оқыту мен оқу үдерісінде оқушының жан-дүниесіне үңілуді үйрендім, әріптестеріммен ынтымақтастықта жұмыс жүргізудің маңыздылығын түсіндім, жаңалықты игеруге, тәжірибеге енгізуді үйрендім. «Ынтымақтастық оқу- бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбәр жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау,талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғы шарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға , пәтуаға жетуіне негізделген» (МАН, 134). Коучинг туралы алған білімімді қорытындылай отырып, коучинг үдерісі оқытпайды, оқуға көмектесетінін түсіндім. «Коучинг, керісінше, тренерде міндетті түрде біршама мұғалімдік тәжірбиенің болуын көздемейді, сонымен бірге оқыту мен оқудың нақты саласындағы нақты тәжірибелік дағдыларды беруге бағытталады» (МАН,80). Коучинг сабағы барысында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдер пайдаланылды, постер жасап қорғады, әңгіме дебат кезінде диалогтік оқыту тәсілдері орын алды, топтық жұмыстар кезінде сыни түрғыдан ойлауға үйренді, жаңа ақпараттарды беруде АКТ-ны пайдаландым. Коучинг сабағынан ұққаным әрдайым әріптестермен коуч ретінде шынайы ынтымақтастықта болу керек. Әріптестеріммен үнемі қарым-қатынаста болып кеңес беріп қолдау көрсетуге және әр жеке тұлғаның ой-пікірінің құндылығын үйрендім. Коучинг барысында жіберген олқылықтар мен кемшіліктерді жою жолдарын болашақтың еншісінде қалдырдым. Болашақта мына мәселелерді өз тәжірибеме енгіземін деп ойлаймын. Коуч ретінде білімімді жетілдіре отырып, тәжірибеммен ұштастырамын деп ойлаймын. Коучинг сабақтарының тақырыбын ІІ-деңгей бағдарламасының жеті модуль идеясының негізінде жоспарлаймын. Алдағы уақытта әріптестерімнің сабақтарына қатысып, оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланудың тиімді жолдарын үйретіп түсіндіруді басты назарда ұстаймын. Немістің ұлы жазушысы И.В.Гетенің «Адам жақсылыққа өз бетімен бет бұрса ғана нәтиже шығара алады» деген сөзін басшылыққа алып жұмыс жүргіздім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Жартынова Ж.А. Ким В.Н. Корнилова Т.Б. Қойлық Н.О. Орақова А.Ш.
Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Алматы,2014
2. Курсалды тапсырмалар: Екінші (негізгі) деңгей басылым. Астана 2014.
3. Құдайбергенева К.С. Мектептегі іс-әрекетті зерттеу. Әдістемелік құрал.-Алматы, 2013.
4. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Екінші (негізгі) деңгей үшінші басылым. Астана 2014.
5. Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей үшінші басылым .Астана. 2014.
6. Оракова А.Ш., Корнилова Т.Б., Жартынова Ж.А., Касымова А.А. Коуч-мұғалімнің жұмыс кітабы. Алматы, 2014
1