Материалдар / Іскерлік ойын "Жұмысқа орналасу. Іс қағаздарын толтыру" 10 орыс сыныбы

Іскерлік ойын "Жұмысқа орналасу. Іс қағаздарын толтыру" 10 орыс сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 10 сынып оқушыларына арналған. Мақсаты - оқуларын аяқтап, жұмысқа орналасқан кезде өтініш, түйіндеме, өмірбаян сияқты іс қағаздарын толтыра білуді үйрету. Оқушылар болашақта осы құжаттар үлгілерімен таныстырылып, оларға қойылған талаптарды сақтай отыра, осы қағаздарды толтыра алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
883
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жұмысқа орналасу. Іс қағаздарын толтыру». Іскерлік ойын.


10 орыс сыныбы.

ІХ модуль «Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?»


Өткізу түрі: іскерлік ойын


Қажетті құралдар: интербелсенді тақта, дәптер бетіне жазылған өтініш, өмірбаян, түйіндеме үлгісі


  • Биыл сіздер 10 сыныпта оқып жатырсыздар. Енді бірер жылдан кейін мектепті аяқтайсыздар. Тағы бірнеше жыл өткен соң белгілі бір оқу орындарын бітіріп, өздеріңіз қалаған мамандыққа ие боласыздар. Жұмысқа тұру уақыты да келеді. Сол кезде іс қағаздарын рәсімдеп, толтыру қажет болады. Сол уақытты елестетіп көрейік...


  • Сіздер бір фирмаға жұмысқа орналасуға келдіңіздер. Ең бірінші қандай іс қағазын рәсімдеу қажет?


Тақтада іс қағаздарының аттары жазылып тұр. Қажеттісін таңдайды


2 слайд: Өмірбаян, қолхат, түйіндеме, өтініш, хаттама, сенімхат


  • Әрине, өтініш. Өтінішке қандай талаптар қойылады?


3 слайд:

Өтініш жазуға қойылатын талаптар:

1. Өтініш А4 форматты таза қағазға өтініш сұраған адамның өз қолымен жазылуы тиіс.

2. Қағаздың жоғарғы оң жақ бұрышына “шапочка” немесе мекеменің атауы және мекеме бастығы (өтініш кімнен сұралса, сол тұлғаның аты жөні, лауазымы, кей уақыттары дәрежесі (доктор, кандидат т.с.с) атына  жазылады. Мекеме бастығының аты-жөні барыс септікте жазылады.

3. Өтініш кімнен (аты жөні және лауазымы) екені жайлы жазып кету керек. Өтініш сұраған адамның аты-жөні шығыс септігінде жазылады.

4. Құжат атауы («өтініш» деген сөз) кіші әріппен жолдың ортасында жазылады, соңында нүкте қойылады.

5. Өтініш мәтіні азат жолдан бастап жазылады.

6. Мәтіннің астында оң жақта қол қойылады.

7. Қолдың астында парақтың сол жағында күні, айы, жылы көрсетіледі.

Тапсырма: Сендердің алдарыңда өтініш мәтіні жатыр. Жіберілген қателерді түзетіп, ескерту жасау.







Алматы қаласының

3 емханасының бас дәрігері
Алтаев С.М.
Муканова Арайдан

Өтініш

Менің медбике ретінде жұмысқа алуыңызды сұраймын. Жақсы жұмыс істеуге тырысамын.

15 тамыз 2017 жыл Муканова.

  • Жұмысқа орналасқанда өмірбаян жазу қажет болады.

4 слайд: Өмірбаян жазуға қойылатын талаптар:

  • Өмірбаян өте көлемді болмауы шарт. Қысқа да нұсқа жазуға тырысыңыз. Өзіңіз жайлы берген мәліметтің 1-2 бет көлемінен аспағаны дұрыс. 

  • Жазбаңызда қате жібермеңіз. Өмірбаян ресми стильде жазылуы тиіс. 

  • Өмірбаяныңызда көрсетілген мәліметтер жүйелі болғаны ләзім. Оқиғалар болған уақытына қарай хронологиялық тәртіпте жазылып, бірізділікке бағынуы керек. Яғни, мектеп бітірген уақытыңызды көрсеткеннен кейін, бірден еңбек қызметіне көшудің қажеті жоқ. 

  • Өмірбаянда жазылған мәліметтің барлығы шындыққа сәйкес болуы қажет. Қате немесе жалған ақпарат бере отырып, қалаған жұмысыңыздан ғана емес, абырой-беделіңізден де айырылуыңыз мүмкін.

Өмірбаянда көрсетілуі тиіс мәліметтер:

1. Құжаттың атауы.

2. Толық аты-жөніңіз;

3. Туылған күніңіз, жылыңыз;

4. Туған жеріңіз. 

5. Ата-анаңыз жайлы мәлімет (аты-жөні, мамандығы) 

6. Білім. Бұл бөлімде мектептегі біліміңізден бастап барлық оқыған оқу орындарыңызды көрсетуіңіз тиіс.

7. Еңбек қызметі. Бұл бөлімде барлық еңбек еткен орныңызды, атқарған қызметіңізді, жұмыстан кетудің себебін де көрсетуіңіз тиіс.

8. Отбасы жайлы мәлімет.

9. Марапаттаулар (болған жағдайда)

10. Қолы (оң жақта)

Тапсырма: Алдарыңда өмірбаян мәтіні жатыр. Өмірбаян дұрыс жазылды ма? Қателерді түзеп, ескерту жасаңыздар.

«Мен, Муканова Арай Талғатқызы, Көкшетау қаласында, Жайлау мөлтек ауданында 1987 жылдың 12 қарашасында тудым. Сондықтан, Зодиак бойынша шаянмын, ит жылы тудым. Менің анам, Муканова Толқын Манатқызы үй шаруасында. Үй шаруасымен айналысу өтке қиын. Менің әкем Муканов Талғат Ахметжанұлы жеке кәсіпкер. Менің әпкем және кішкентай інім бар. Олар әлі кішкентай, мектепке бармайды. Және де менің Меруерт атты 13 жасар бөлем бар. Мен №3 мектепте оқыдым. Оқуым жаман болған жоқ. Мектептен кейін медициналық колледжді аяқтадым. Мектеп мұғалімдері де, колледж ұстаздары да мені мақтайтын. Бос уақытымда мен кітап оқимын, шаңғы тебемін, теледидар көремін. Сіздің емханаңызға жұмысқа орналасқым келеді.

15.08.17г.


  • Қазіргі кезде жұмыс іздеген адам вакансия туралы хабарландыру болған жағдайда жұмыс берушіге құжат жібереді. Бұл құжат қалай аталады?

Тақтада іс қағаздарының аттары жазылып тұр. Қажеттісін таңдайды


5 слайд: Өмірбаян, қолхат, түйіндеме, өтініш, хаттама, сенімхат


Тапсырма: Түйіндеме құрастыру:


Түйіндеме


Жеке мәлімет




Білімі




Кәсіби шеберлігі




Компьютер білімі




Тілді білуі




Қосымша мәліметтер




Жеке қасиеттер




Сіздер жұмысқа орналасқанда ресми құжаттарды рәсімдеу ережелерімен таныстыңыздар. Алайда, ресми құжаттардың түрлері сан алуан. Олардың түрлерімен келесі сабақтарда танысамыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ