Іскерлік ойын Мектепке дейінгілердің логикалық дамуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іскерлік ойын Мектепке дейінгілердің логикалық дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл іскерлік ойын мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған. Логикалық ойын деген не, түрлері, қалай пайдалануға болады. Және педагог мамандардың іскерлік дағдыларын ашуға, ойларымен бөлісуге, тәжірибиелерімен алмасуға жол ашады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



МКҚК «Қошақан» балабақшасы











Семинар тақырыбы:

«Логикалық ойындар арқылы балалардың

ойлау қабілеттерін дамыту»



Семинар қатысушыларға арналған іскерлік ойын

«Мектепке дейінгілердің логикалық дамуы»







Әдіскер: Сабырова А. Т.







Қажымұқан ауылы

Іскерлік ойын «Мектепке дейінгілердің

логикалық дамуы»

 

ОЙЫН МАҚСАТЫ:

  • Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамуындағы тәрбие мен оқу іс-әрекеттің тиімділігін аңықтау

  • Тәрбиешілердің өзара ұсынылған мәселелерді талқылай және келісе білу қабілетін дамыту.

  • Педагогтар арасында тілдесу мәдениетінің, сыпайылық ережелерінің сақталуын қадағалау.



ОЙЫН ТӘРТІБІ:

- Басқаларды тыңдай білу;

- Мәселенің жалпы шешімін жасақтай білу;

- Ойынға белсенді түрде қатысу; 

- Тілдесу мәдениетін және сыпайылықты сақтау;

- Бекітілген регламентті сақтау.

 

 


















Ойлау – жанның өте бір терең ісі.

Жас балаға тым ауыр.

            Сондықтан педагог баланың

 ойлауын өркендеткенде,

сақтықпен басқыштап істеу керек.

М. Жұмабаев

Мектепке дейінгілер ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ

логикалық дамуы



Біз тек тәрбиеші ғана емес, сонымен қатар ұстазбыз. Біздің міндетіміз – балаға айнала қоршаған әлемді түсіне білуге үйрету және қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру.Ол үшін балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ұстаз адамдар ортасында, оларды біледі, адамдарға түсінікті түрде өз ойын жеткізе біледі. Ұстаз барлық уақытта да ұстаз болып қалады. Тәрбиеде ұсақ-түйек деген болмайды.

Біз балалардың логикалық дамуы бойынша семинар өткізіп жатырмыз. Бірінші бөлім бойынша ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысып шықтық. Ал енді екінші бөлім бойынша - сіздердің қатысуымен өтетін іскерлік ойынды өткіземіз.

Енді алған білімдерімізді іскерлік ойын арқылы бекітейік. Келген қонақтар қызыл, көк және жасыл карточкаларды алып үш топқа бөлінеді.

Қызыл түсті топ - әділқазылар алқасы болады. Ал көк пен жасыл түсті топтар бір- бірімен сайысатын топтар.







 







КӨК және ЖАСЫЛ БИЛЕТТЕР

(сұрақтар дұрыс жауаптарымен)

Бірінші тапсырма.

Екі топ берілген қағазға схема арқылы үш сұраққа жауап береді . Бірінші екі сұрақ әр топқа бөлек-бөлек, үшінші сұрақ- ортақ сұрақ.

1. «Тәрбие» және «білім беру» сөздерінің ортасына қандай математикалық белгі қоюға болады? Не үшін түсіндіру

«Тең» белгісі қойылады. Себебі баланы тәрбиелей отыра, оған білім береміз, оқыта отыра тәрбиелейміз.

1. «Логика » деген сөзге анықтама беру.

Логика гректің logos - ойлау,сөз,ақыл-ой,заңдылық деген ұғымдарды білдіретін кең мазмұнды сөзінен шыққан. Логика - дұрыс қалай ойлау әдістері мен заңдары туралы дәлел ғылым. Осыған сәйкес логика термині негізінен 3 мағынада қолданылады..

 

2. Логикалық ойлау дегеніміз не? 

Логикалық ойлау – ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Логикалық ойлау дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ұғымдарды ой – пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір

2. Логикалық ойлау түрлері?

Көрнекі-әрекеттік ойлау- мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі.

Көрнекі- бейнелік ойлау- жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар дербес түр ретіндебейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады.

Сөздік- логикалық (пайымдаушы) ойлау - тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі.  

3. Логикалық ойлау қабілетін дамытудағы құралдар

  • Қорытындылауға, нақтыландыруға арналған өлеңдік мәтіндер

  • Табиғи және әлеуметтік құбылыстарды себеп-салдарлық байланысты құруға арналған ойындар мен жаттығулар

  • Себеп пен салыстыру байланысты құруына арналған тапсырмалар, ойындар мен жаттығулар

  • Жұмбақтар.

  • Басқатырғыш ойындар

  • Санамақ таяқшалармен өткізілетін ойындар.

  • Ребусты шешу

  • Өтірік ертегілер

Екінші тапсырма. Әр топ берілген заттардан дидактикалық ойынға арналған көрнекі жасайды, сол жасаған көрнекіні қарсылас топқа ойын түрінде өткізеді.

Үшінші тапсырма қорытынды шығармашылық тапсырма. Әр топ бір өлең шығарады. Бұл өлеңде біздің бүгінгі семинар тақырыбы ашылу керек

Әділқазылар қорытынды жасайды.













Shape1

Shape2

Shape3

Shape4

Shape5



Shape6

Shape7



























Shape8

Shape9







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.06.2018
658
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі