400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері. 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Механикалық құбылыстары және Жылу құбылыстары" тарауларының "Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері" тақырыбы бойынша теориялық мәлімет. 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері.


Мақсаты: Ішкі энергияны біледі, оны өзгерту тәсілдерін сипаттайды, ішкі энергияны механикалық энергиядан ажыратады, ішкі энергияның өзгеру тәсіліне мысал келтіреді. Дененің толық энергиясын емес, ішкі энергиясының өзгерісін ғана өлшеуге болады. Дене қатты, сұйық және газ тәрізді күйде ме, әлде тұтас немесе майда ұнтақталған ба, бәрі- бір дененің ішкі энергиясы оның температурасына байланысты.

Химиялық реакция – деп нәтижесінде бір заттың құрамы мен құрылысы жағынан өзгеше болатын басқа затқа түрленуін айтады. Химиялық реакциялар өзара әрекеттесуші денелердің ішкі энергиясының өзгерісін тудырады. Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өзгергенде, демек дененің тепмпературасы өзгергенде оның ішкі энергиясы өзгереді. Бізді қоршаған ортадағы жылулық құбылыстар – температураның өзгеруіне байланысты құбылыстар. Салқын және жылы денелер.

Температура – дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама. Температура дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші. Температура скаляр шама. Жылу алмасу – екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қатты қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.

Жылулық тепе-теңдік. Жылу алмасу денелер арасында жылулық тепе-теңдік орнағанға дейін жүреді. Дененің температурасын өлшеуге арналған құрал – термометр. Оның жұмыс істеуі денелердің жылулық ұлғаюына негізделген.

Термометр – температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене.

Термометрлердің түрлері.

I. Сұйық термометрлер.

  1. сынапты, өлшеу шегі - 38°С - тан 260 °С-қа дейін;

  2. спиртті термометр, өлшеу шегі

  3. термопара (-269°С - тан 2300°С-қа дейін)

  4. термисторлар кедергісі температураның өзгеруіне негізделген құралдар.

2. Газды термометрлер.

Цельций шкаласы – негізгі екі нүктесі ретінде мұздың еру (0°С) және судың қайнау (100°С) температуралары алынған шкала. Абсолют нөл температура – табиғаттағы ең төменгі шекті температура ол - 273, 15 0°С-қа тең. Кельвин шкаласы – халықаралық бірліктер жүйесі бойынша қабылданған температураның абсолюттік термодинамикалық шкаласы. Бұл шкала бойынша есептеу - 273 0 С - қа тең абсолют нөлден басталады.

1. Кельвин - Цельций шкаласы бойынша температура бірлігіне, яғни 1 градусқа тең: 1К=1°С. Цельций шкаласы бойынша температура 1°(С) мен абсолюттік температураның Т (К) арасындағы байланыс: Т=(t+273) К немесе t=(Т-273) °С.

Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері тақырыбына тапсырмалар.

  1. тапсырма. Суретте кескінделген денелердің қайсысы кинетикалық, потенциалдық, ішкі энергияға ие бола алады.

Shape1


  1. тапсырма. Потенциалдық және кинетикалық энергияның формулаларына есептер шығару.

1. Массасы 500 г дененің 9 м биіктікте Жерге қатысты потенциалдық энергиясы қандай болады?

2. Массасы 9 г мылтықтың ұңғысынан 800 км/с жылдамдықпен ұшып шығады. Ол қандай кинетикалық энергияға не болады?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.06.2024
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі