Иттің-қазақ тұрмысындағы ықпалы!
Сан-ғасырлар бойы адамзат баласының сенімді серігіне айналып келген ит жануары қашанда өз құндылығын жоғалтпақ емес. Ит жануары- ерте ғасырларда- ақ адам баласына әскери іздеу тұрғысында, аңшылықта, мал бағу мен күзет- сақтықта жәй ғана жануар емес, өмірін жеңілдету жолында жақсы жолдас бола білген. Сондықтан да, ата-бабамыз бұл жануарды өмірінің ажырамас бір бөлігі санап, жеті қазынаның қатарына енгізген. Ол қазақта- адалдықты, сенімді, қорғанышты, достықты сипатттаған.
Қадірлі, қасиетті дүниелерді қағазға бейнелеп қалдыратын кезеңдерде де, қазақ әдебиетінің төрінен иттің адалдығы жайлы Б. Майлиннің “Күлпаш” әңгімесі, Ғ.Мүсіреповтың “Өлімді жеңген ит” әңгімесі, С. Жүнісовтың “Жапандағы жалғыз үй” шығармасы орын тапқан. Бұл шығармалар иттің адам өміріндегі ерекше орынын анықтайды.
Одан бөлек, әлі де адамдар озық технологиялы заманға жете қоймаған көшпелі дәуірлерде аңшылыққа “Тазы”, “Иттіген” сынды иттер қолданылса, бүгінгі жаңашыл дәуірде де иттер әскердің маңызды бөлігі саналады. Олар “Неміс овчаркасы”, “Бельгиялық малинуа” және т.б түрлері.
Қорыта келе, иттер адамның ең сенімді серігі әрі қауіпсіздік пен бейбітшіліктің символы екеніне сан-алуан дәйек-дәлел келтіре аламыз. Халық арасында “Ит қорған болса, малың аман” деген сөз осы мысалдан қалса керек-ті. Ит жануарының қазақ тұрмысындағы ықпалы, маңызы қай ғасырда болсын өте зор!
Максут Ұлданай
*48 Саңырау шағын жинақты жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Түркістан облысы
Келес ауданы
Саңырау ауылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Иттің қазақ тұрмысындағы ықпалы
Иттің қазақ тұрмысындағы ықпалы
Иттің-қазақ тұрмысындағы ықпалы!
Сан-ғасырлар бойы адамзат баласының сенімді серігіне айналып келген ит жануары қашанда өз құндылығын жоғалтпақ емес. Ит жануары- ерте ғасырларда- ақ адам баласына әскери іздеу тұрғысында, аңшылықта, мал бағу мен күзет- сақтықта жәй ғана жануар емес, өмірін жеңілдету жолында жақсы жолдас бола білген. Сондықтан да, ата-бабамыз бұл жануарды өмірінің ажырамас бір бөлігі санап, жеті қазынаның қатарына енгізген. Ол қазақта- адалдықты, сенімді, қорғанышты, достықты сипатттаған.
Қадірлі, қасиетті дүниелерді қағазға бейнелеп қалдыратын кезеңдерде де, қазақ әдебиетінің төрінен иттің адалдығы жайлы Б. Майлиннің “Күлпаш” әңгімесі, Ғ.Мүсіреповтың “Өлімді жеңген ит” әңгімесі, С. Жүнісовтың “Жапандағы жалғыз үй” шығармасы орын тапқан. Бұл шығармалар иттің адам өміріндегі ерекше орынын анықтайды.
Одан бөлек, әлі де адамдар озық технологиялы заманға жете қоймаған көшпелі дәуірлерде аңшылыққа “Тазы”, “Иттіген” сынды иттер қолданылса, бүгінгі жаңашыл дәуірде де иттер әскердің маңызды бөлігі саналады. Олар “Неміс овчаркасы”, “Бельгиялық малинуа” және т.б түрлері.
Қорыта келе, иттер адамның ең сенімді серігі әрі қауіпсіздік пен бейбітшіліктің символы екеніне сан-алуан дәйек-дәлел келтіре аламыз. Халық арасында “Ит қорған болса, малың аман” деген сөз осы мысалдан қалса керек-ті. Ит жануарының қазақ тұрмысындағы ықпалы, маңызы қай ғасырда болсын өте зор!
Максут Ұлданай
*48 Саңырау шағын жинақты жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Түркістан облысы
Келес ауданы
Саңырау ауылы
шағым қалдыра аласыз













