«Іздегенде табылатын қасыңнан...»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Іздегенде табылатын қасыңнан...»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда іздегенде табылатын қасыңнан... ол дос. Досы көпті жау алмас дегендей балаларға достың мән-мағынасын туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Джувбаева Светлана



Тақырыбы

«Іздегенде табылатын қасыңнан...»

Мақсаты

Оқушылардың дос, достық туралы ұғымдарын кеңейту, олардың достық қарым - қатынасын нығайту.


Міндеттері

  • Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу.

  • Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.


Күтілетін нәтиже

Достық туралы ұғымдарын кеңейтеді,адал достық пен амал достықтың аражігін ажырата алады

Ресурстар

Интерактивті тақта, маркерлер, қайшы, желім, А 4 қағаздары

Ұйымдастыру

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы,топқа бөлу

Түрлі түсті қағаздарға жазылған сөздер арқылы бір біріне игі тілектерін айтады,қағаз түстеріне қарай топқа бөлінеді.

Бір біріне тілек айтады,қағаз түсіне сәйкес екі топқа бөлінеді.Топ басшыларын сайлап, топтарына ат қояды.

Ой қозғау

«Дос» , «Достық» дегенді қалай түсінеміз?

Қорытынды: Ұлы Абай атамыз «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас» деген екен. Итальян жазушысы, драматург, ақын Александр Мандзони «Достық - өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы» деген екен.Қай кезде де, қай жаста да адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек.


Өз ойларын ортаға салады, ортақ шешімдерін постерге түсіріп,қорғайды.

«Фишбоун» әдісі

І топ: «Із» әңгімесі

ІІ топ: «Екі дос» әңгімесі

І)Оқиды,өзара талдап түйінін табады, қарсы топқа үш сұрақ дайындайды.

ІІ) Жұмыстарын алмастырады, оқиды,сұрақтарға жауап жазады.

ІІІ) Әр топ өз жұмыстарын алады, жауаптарын оқып, толықтырады.

Қорытынды: Дос ақылшы, көмекші, сырлас, жақын, адал, шыншыл деген ұғымды білдіреді. Өмір адамға бір - ақ рет беріледі, сондықтан да дос өмірдегі қиыншылық пен қызық кезеңдерді бөлісу үшін қажет. Достықтың екі түрі болады: адал дос, амал дос.
Достасу, серік табу адамның бақытына бақыт қосады. Достасудан бірлік, бірліктен тірлік, тірліктен жеңіс, жеміс, қуаныш, бақыт туады.
Дос болу – киелі ұғым. Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш құдірет те кірлете алмайды.



І)Екі топ та өздеріне берілген әңгімені оқиды,әңгіменің түйінін тауып жазады, қарсы топқа үш сұрақ дайындап балықтың қаңқасына жазады.

ІІ) Әр топ жұмыстарын алмастырып қарайды,жауаптар жазады.

ІІІ) Қорғайды.

Кім көп біледі?

Достық туралы мақал мәтелдер

Топтар мақал мәтел айтып жарысады.

Қорыту

«Достық» үйін жасап, ойларын жинақтайды.

Қорытынды:Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Достықтың алғашқы белгілері мектептен, сыныптан басталады. Сондықтан барлық уақытта да достығымызғы адал да берік болып оны мәңгілік сақтай білейік.


Екі топта өздеріне берілген заттардан «достық» үйін құрастырады,ойларын қорытады.

Бағалау

Бір бірінің жұмыстарын «От шашу», «Бас бармақ» әдістерімен бағалайды

Топтар әр жұмыс сайын бір бірін бағалап, қолпаштап отырады

Рефлексия

«Бір ауыз айтайын» әдісі арқылы сабақты қорытындылау



Әр оқушы бір сөйлеммен сабақта алған әсерлерін,тақырып жайлы ойларын айтып шығады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2018
450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі