Ізденген жетер мұратқа...

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ізденген жетер мұратқа...

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: • Оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру; • Оқушылардың ерік-күшін дамытуға ықпал ету; • Еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу. Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше танып- білуге құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

6-сынып

Пәні: Өзін- өзі тану


Сабақтың тақырыбы: Ізденген жетер мұратқа

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың ерік-күшін дамытуға ықпал ету;

  • Еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше танып- білуге құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске үйрету.


Шаттық шеңбері. Оқушылардың өз-өзіне деген сенімдерін нығайтып, бойларындағы сенімсіздік, алаңдатушылықты сейілту мақсатында шаттық шеңберін ұйымдастыру.


Әңгімелесу. Оқушылардың өз көзқарастарын, пікірлерін қалыптастыру, мұратқа жету, адам мұратына жеткізетін адами қасиеттер туралы түсінік беру.


Мәтінмен жұмыс. А.Мырзабаев, Д.Манатауовтың «Әйгілі химиктер» кітабынан алынған үзіндіні оқу.


Оқу ақпараты. Адамның өз ынтасымен талап-мақсат қойып, оны өзі таңдаған талпыныс, ізденіспен игеруі өзіне де, өзгеге де, қоршаған ортаға да пайда келтіреді. Ұдайы ізденген адам өзбетімен білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады.


Түйіндеме. Оқулықтағы «Назар аударайық» айдарымен берілген ақпаратты мұқият қарап шығып, балаларға жадында сақтап алуды тапсыру.


Сахналау. Оқулықта Қ.Толыбаевтың «Құштарлық»әңгімесін оқушыларға рөлдерге бөліп,сахналап көрсетуді тапсыру.


Жаттығу. Қара сөзді оқып, талдап, салыстырып, сыни тұрғыда қарастыра білуге үйрету мақсатында тапсырма берілген. Қара сөзді оқып, түйінді ойларды іріктеп алу. Олардың маңыздылығын дәлелдеу.


Түйіндеме. Сабақ бойы өткен материалдарды жинақтап, жүйелеп, тиянақтау мақсатында ақпаратқа назар аудартып, балалармен бірге талқылау.


Дәйексөз. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, әрқайсысы өзінің өмірлік мақсаты мен ұстанымын айтып, дәйексөздің мағынасын түсіндіреді.

Өзіммен өзім. Оқушыларға өздері елестетіп, таңдаған «Өмір шыңына» апаратын жол соқпақтары туралы әңгімелеп беруді тапсыру.


Шығармашылық жұмыс. Өз өмірлеріңде істегің келетін іс пен істеуге міндетті істің арасынан таңдау жасаған кездерің болды ма? Естеріңе түсіріп, қысқаша әңгіме жазу.


Дәптермен жұмыс. Сабақта меңгерген білім, біліктерін тиянақтап, қорытындылау мақсатында оқушы дәптерінде 6-сабақта берілген «Менің түйгенім» тапсырмасын орындату.


Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып Е.Өтетілеуовтың «Жас дәуірдің түлегіміз» өлеңін айтады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.12.2017
1253
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі