жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ІЗГІЛІКТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ - ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ тақырыбындағы баяндама
ІЗГІЛІКТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ - ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ
Абиева Гульжайна Өтепбергенқызы
Педагогика пәнінің оқытушысы
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
«Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – «Өзін - өзі тануға» негізгі рухани жол болып табылады» Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумасынан берілген сый яғни, жалпыадамзаттық құндылықтар-адамның ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі, адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашарлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалау арқылы дүниені, әлемді тануы деп түсінеміз. Бүгінгі күнде, әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойына көптүрлі мәдениетті құрметтеуге, тәрбиелеуге, рухани-адамгершілік қызығушылықтарын оята отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамыту барысында қоғам үлкен жауапкершілікпен баса назар аударып отыр. Сонымен қоса, еліміз білім беру жүйесін адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағыттаудаБалалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру қоғамда жоғары рухани-адамгершілік игіліктерді нығайтудың, кемел мінез бен адамгершілік қасиеттерге ие лайықты азаматтарды тәрбиелеудің тірегі болуды мақсат тұтады.
Рухани - адамгершілік – адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай - ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та рухани - адамгершілікке жатады. Ізгілікті педагогика әлемдегі әр дәуірде өмір сүрген дана, классик педагогтар еңбектерінен бастау алады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқығанда шет ел ғалымдары Хэтти, Ашер, Крашен, Шармо, Пиаже, Маслоу, Выгодский және т.б. теорияларымен таныстық. Ізгілікті педагогика негізінде әлемдік ғалымдардың теорияларын практикада қолданылып келеміз.
Ізгілікті тұлға педагогикасы ізгі адам тәрбиелеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Педагогиканың рухани аспектілерін анықтай отырып, оның жаңа ізгіліктік қырын ашады. Руханилық және ізгілік ұғымдары тығыз байланысты, ол екеуі ізгілік педагогикасының негізін құрайды.
Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты – баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату. Осы негізде Ізгілікті оқыту технологиясы тақырыбындағы сабағымның жоспарын ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы: Ізгілікті оқыту технологиясы
Мақсаты, міндеттері
Білім алушыларды Ізгілікті оқыту технологиясы туралы мәліметтермен таныстыру;
Білім алушылардың шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.
Оқушыларды өз ойын, пікірін жеткізе білуге қалыптастыру.
Рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, бойында ізгілікті қарым-қатынас қалыптасқан, жетілген мінезі бар тұлғаны қалыптастыру
Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:
Ізгілікті оқыту технологиясы туралы біледі.
Ізгілікті қарым-қатынастың маңызын, ерекшеліктерін айқындайды.
Ізгілікті оқыту технологиясының әдістеріне мысал келтіріп, қолдана алады.
Ізгілікті оқыту технологиясының қажеттілігі туралы ой бөліседі, зерттеу жүргізеді...
СС
яСабақ барысы:
І. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация
Құндылықтарға баулу
https://www.youtube.com/watch?v=2UXkmvRvIYg
«Адами қарым-қатынас жарастығы» видеоны көріп, пікір жазыңыз.
Мақсаты: 1.«Ізгілік» ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу.
Міндеттері:
Ізгіліктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Ізгілікті қарым-қатынасты дамыту;
Ізгілікке, бірін – бірі сыйлауға тәрбилеу;
Дәйексөз:
Ізгілікті педагогика Манифесінде мұғалім- нұр себуші, нұр таратушы бала сол нұрды іздеуші, сол нұрға ұмтылушы деп жазылған. Ал, нұрлы балаларға қандай педагогика қажет. Оларға сүйіспеншілік, мейірімділік, түсіністік, шабыттандыру, құлшындыру, жанашырлық, қорғаныш педагогикасы керек. Мұндай педагогика оқушыларды тектілікке, бекзаттыққа, кеңпейілділікке, олардың танымдық белсенділіктерінің өсуіне, сонымен қатар өздерінің өмірлік бағытын іздеуіне бағыт-бағдар береді.
ІІ. Жаңа материалды меңгерту
Оқу мақсатына сай жаңа білімді білу/түсіну.
Жоспар:
1.Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты, ерекшеліктері
2. Ізгілікті педагогикалық процестегі мұғалімнің негізгі ұстанымдары
(Ш.А. Амонашвили)
3. Жеке – ізгілік педагогикасы
Білу/түсіну тапсырмалары:
Лекция мәліметтерімен танысады.
https://www.youtube.com/watch?v=i-JvLU3iEQE&feature=youtu.be
(видеолекцияны тыңдайды)
Сілтемелер арқылы әдебиеттерді оқиды:
1.Нурашева Г.С, Искалиева А.Б, Койгелдина Б.Ж, Карагойшина Г.Ж. Білім берудегі педагогикалық технологиялар
Шалва Александрович Амонашвили
ІІІ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер
Оқушының өз бетімен қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындауы. (ОМ сай, білімін толықтыратындай, қызықтыратындай ресурстар ұсыну)
Деңгейлік тапсырмалар
Білу Түсіну сатысы:
(видеолекцияны тыңдаңыз)
Тапсырма: Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Тақырып бойынша түсінгеніңізді баяндап аудио жолдаңыз
Лекция мәліметтерімен танысады.
Тапсырма: Сұрақтардың жауабын дәптерге жазып суретін жіберіңіз.
1.Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты, ерекшеліктері
2. Ізгілікті педагогикалық процестегі мұғалімнің негізгі ұстанымдары (Ш.А. Амонашвили)
4. Жеке – ізгілік педагогикасы
Қолдану сатысы:
Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады.
8-13 беттердегі ізгілікті қарым-қатынасқа негізделген педагогикалық жағдаяттарды таңдап, шешіңіз.
Ізгілікті оқыту технологиясының әдістерін пайдалану, мысал келтіру:
Қиялда суреттеу әдісі.
Құлаққа сыбырлау әдісі
Бастарыңды түсіріп, көздеріңді жабыңдар әдісі
Зерттеушілік танымдық әдісі
Әсерленушілік әдісі.
Көркем сөйлеу әдісі. Теорияық білімімді тәжірибе жинақтау барысында қалай пайдаланамын.
Талдау. Жинақтау сатысы
Ізгілікті оқыту технологиясын басқа технологиялармен топтастыру, салыстыру әдістері.
Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, ассосациялау. (тірек сөздер: ізгілік, оқыту, құндылық,технология,) . Оқушының сөздік қоры, тілі, қиалы дамиды.
Бағалау сатысы
–Ізгілікті оқыту технологиясына:
.... туралы не ойлайсың
... қаншалықты тиімді
Қорытынды. Оқытушының оқушының жұмысына кері байланыс беруі.
Білімді бақылау, бағалау.
Білімді меңгеру деңгейінің көрсеткішін анықтау.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мен – Адаммын , жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал, Игенбаева. Б. Қ. Алматы - 2000
2. «Өзін – өзі тану» мен басқа пәндердің ықпалдасуының мазмұны мен тәсілдері , мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, Мұқажанова Р. А. , Омарова Г. А. , Алматы – 2013
3. «Самопознание. кz» журналының жинағы, 2013 – 2014 жж.
4. «Өзін өзі тану» пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік құрал, Алматы қаласы: ҰҒПББСО «Бөбек» 2010 ж
5. Ізгілік педагогикасы туралы ойлар, Амонашвили Ш. А. ,Москва – 1996ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген