400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ж дыбысын жеке айтуға дағдыландыру, қою кезеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ж дыбысын меңгерту, жаңа сөздермен таныстыру. Ж дыбысына буын құрап, буындық құрамы таныс сөздерді оқытып таныстыру. Ой-өрісін, есте-сақтау дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын байыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу, отаға бейімдеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімдіжоспар №13, 14

Пән: Логопедия

Мектеп: 19 мектеп

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып:

1 Сынып

Сабақ тақырыбы

«Ж» дыбысын жеке айтуға дағдыландыру , қою кезеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

Оқушыларды «Ж» дыбысымен, дыбыс артикуляциясымен таныстыру, оқушылардың «Ж» дыбысы бар сөздерді ойлап табуына назар аудару. Оқушыларды «Ж» дыбысын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Оқушыларды «Ж» дыбысын дұрыс айтуға үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық-педагогикалық көңіл-күй.


«Менің көңіл-күйім» жаттығуы.
Енді барлығымыз алдымыздағы ақ қағазға көңіл-күйімізді түсіріп көрейік. Адам мен табиғат ұқсас, егіз ұғымдар. Әрқайсымыздың көңіл-күйіміз табиғат тәрізді бірде бұлттанады, бірде шайдай ашылады, бірде жауындатады, бірде түнереді және т.б.
Табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып, қағаз бетіне көңіл-күйімізді түсірейік. (Жайлы әуен қойылады) Оқушылар суретттерін көрсетіп, көңілсіз сурет салған оқушының көңілін көтеру қажет.


Алдыңғы білімді еске түсіру

Артикуляциялық жаттығуларды орындау:

Барабан, Ат шабады, Тіс тазалау, Футбол, Тәтті тосап, Грибок, Грибок-гармошка, Заборчик, Заборчик-трубочка, Качелья, Жылан, Блинчики, Тарақ, Шарик, Кесе, Маса, Сағат


Тыныс алу жаттығулары:

  • Шәйді суыт

  • Қарды үрлеп ұшыр

  • Қиярдың иісін ажырат

  • Шарды үрлейміз

  • Мұрынмен дұрыс тыныста, ауызбен дұрыс дем шығар

  • Жапырақтарды ұшыр


Қолдың ұсақ моторикасына арналған жаттығулар:

  • Саусақ шынжыры

  • Пілдің тұмсығы

  • Суреттерді бояу (раскраска)

  • Ермексазбен жұмыс

  • Лабиринт

  • Графомоторикамен жұмыс


Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

Дауысты дыбыстардың жіктелуі?

Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі?

Ж дыбысы қандай?


«Л» дыбысын қою


  1. Ауызымызды кең ашып, үстіңгі тісіміздің артына тілімізді тіреп «Л» дыбысын тілімізбен итере отырып айтамыз.

  2. Барлық тістерімізді көрсетіп езуімізді тартып, тіліміздің ұшын тістеп «Л» дыбысын айтамыз.


Логопед: Сен мені тыңда, мұқият. Елестет біз екеуміз өзеннің бойында тұрмыз. Жанымыздан пароход өтіп бара жатыр, іші толған адам. Ал енді, пароходтың дауысы қалай шығады, тыңдап көрейікші: Л – ллл.... Енді сен айтып көрші. Оқушы: «Л – ллл» ( қолымен моторчигін сезініп жасайды) Логопед: Жарайсын. Енді, «Блинчики» Ауызды ашып, тілді төменгі ерінге қойып «пя - пя – пя...» деп айтайықшы. Ауызды ашып тұрып тілді жалпақ күйінде бірден 5-10-ға дейін санап, ұстап тұр. Оқушы: Жасайды. Логопед: Қане, есімізге түсірейік. Пя – пя – пя созып айтайықшы. Оқушы: Пя – пя – пя... Логопед: Пароход қалай дыбыс шығарады? Оқушы: Л – л – ллл...


Психологиялық ахуал














Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары






























Сабақтың ортасы

Сергіту сәті


1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.


1-тапсырма.

"Ж" дыбысынан келетін сөздерге байланысты жұмбақтар.


1. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.
(Жұлдыз)


2. Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді.
(Жаңбыр)


3. Ағайынды бәрі.
Шықса жасыл,
Түссе сары.
(Жапырақ)


4. Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды.
(Жапалақ)


- Осы барлық сөздер қандай дыбыстан басталады?

-Ж дыбысы


Оқушылар сергіту сәтін жасайды.












Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.

Сабақтың соңы

2-тапсырма.

Ж дыбысынан басталатын сөздер жаз.

_________________________________________

_________________________________________

_________________________________________

_________________________________________

_________________________________________




3-тапсырма.

Ж дыбысы ортасында кездесетін сөздер жаз.

_________________________________________

_________________________________________

_________________________________________

_________________________________________

_________________________________________



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





Кері байланыс




«Рефлексия» кері байланыс


Бас бармақ тәсілі



Оқушылар сабақтан алған әсерлерін «Бас бармақ» тәсілі арқылы кері байланыс білдіре алады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
32 ұстаз жүктеп алған
11.03.2024
509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12