Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жадтың түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютердің Жадының түрлері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:_______________

Пәні: Информатика

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Жадтың түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға компьютер жадының түрлерін және ақпарат тасымалдаушы құралдарын толығымен таныстырып, білімдерін арттыру.

Тәрбиелілік:оқушыларды ұқыптылыққа, шапшандылыққа, электронды есептеуіш машиналармен жұмыс жасау барысында үнемі қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:сабақ барысында түрлі ойындар арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, ақпарат тасуыш құралдармен жұмыс істеуін қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа материалды үйрену сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, ж/дәптері, слайдтар, тапсырмалар.

Сабақ барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

4. Сабақты бекіту

  1. Сабақты қорытындылау

  2. Бағалау

  3. Үй тапсырмасы


I. Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен сәлемдесу
-оқушыларды түгелдеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1 тапсырма. Пернетақтаның №2 тапсырма.Компьютердің құрылғыларының

бөліктерінің атауын жаз!атауын тап.









3 тапсырма.Принтерлердің түрлерін жаз! №4 тапсырма. Кестелерді толтыр!








5 тапсырма.Сөзжұмбақты шеш

1.Сыйымдылығы үлкен қатқыл диск.

2.Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы

3.Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға

мүмкіндік беретін құрылғы.

4.Компьютердің «миі».

5.Адамның сенімді және ақылды көмекшісі.

6.Компьютер экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.

7.Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы

Тест жұмысы

1. Информатика пәні нені зерттейтін ғылым?

а)ақпараттар жиынтығын

ә)мәліметтерді тасмалдау

б) ЭЕМ – нің көмегімен танбалар мен сигналдарды сақтау зандылықтары

в) ЭЕМ – нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтары

2. Ақпараттың өлшем бірлігі

А) бид, байт

Ә)код, бит

Б)бит, байт

В)код, бит

3.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал ...

а)компьютер

ә)модем

б) сканер

в) принтер

4.1Кбайтта қанша байт бар?

а)1000 байт

ә)1024 бит

б) 100 байт

в) 1024 байт

5. Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды және ол қалай аталады?

а)1823, МИНСК

ә) 1946, ЭНИАК

б) 1951, ІВМ

в)1949, ЭНИАК

6. Қай сөйлем дұрыс?

а) Пернетақта – енгізу құрылғысы

ә) Пернетақта – шығару құрылысы

б) Манитор – енгізу құрылысы

в)Принтер – енгізу құрылысы

7. Ақпаратты шығару құрылғыларын көрсетіңіз...

а)Монитор, принтер

ә)Монитор, тінтуір

б) Процессор, принтер

в)Принтер, сканер

8. Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылар бар?

А) процессор,қатқыл диск,CD-ROM,дискжетек

Ә) процессор,жады,электронды түтікше

Б) дискжетек,процессор,пернетакта

9. Компьютердің ішкі жадысының неше түрі бар?

А) тұрақты,уақытша жадтайтын құрылғы

Ә) жедел,тұрақты жадтайтын құрылғы

Б) жедел,оперативті сақтайтын құрылғы

10. Принтердің қандай түрі бар

А) лазерлік;инелік,сиялық

Ә) матрицалық,инелік,сия бүріккіш

Б) матрицалық,лазерлік,сия бүріккіш

III. Жаңа сабақ:

Жад-ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. Жад ішкі және сыртқы деп бөлінеді.

Компьютердің ішкі жадына тұрақты жад және жедел жад жатады. Кэш жад – өз ара тез әсер ететін жад, ол аса тез әсер ететін компьютерлердегі жедел жадқа қол жеткізуді жеделдетуге арналған.


IV. Жаңа сабақты бекіту

"Ойлан, тап"

1 тапсырма.Ақпарат тасымалдаушы құралдарлың сыйымдылығын сәйкестендір!


2 тапсырма. Практикалық жұмыс. Компьютерді қосып, ақпарат тасымалдауыш құрылғыларының сыйымдылығын қарастыру.


V.Сабақты қорытындылау :

Жұмбақ жасыру

1. Бар нәрсеге жетік,

Миы күшті тетік.

Ол арқылы сөйлесіп,

Кетесің шетелге де өтіп. / компьютер /

2. Әдетте үнсіз тұрамын,

Белгі берсең ұғамын.

Жазуы бар қағаздың,

Құралы боп шығамын. / принтер /

3. Компьютердің айнасы,

Бағдарыңды таңдашы.

Сурет, сөзін көрсетіп,

Тиер саған пайдасы. / монитор /
VI. Бағалау

VII. Үй тапсырмасы

§1,3 оқу, тест сұрақтарына жауап беру.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2018
2153
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі