жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу
Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C Жай бөлшектер |
Мектеп: № 14 |
|||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Амирова Н.Н |
|||||
|
Сынып: 5 «А» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақ тақырыбы |
Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу |
|
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
5.1.1.9 жай бөлшек ұғымын меңгеру; 5.5.2.1 жай бөлшектерді оқу және жазу; |
|||||
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар: -жай бөлшектің анықтамасын,оның алымы және бөлімі ұғымдарын біледі; Барлық оқушылар: Жай бөлшек туралы жаңа білімді меңгереді. Бөліндіні бөлшек түрінде, бөлшекті бөлінді түрінде жазуды үйренеді. Басым көпшілігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды, есеп шығаруға, математикалық диктант жазу кезінде қолданады. Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады. Логикалық мәтінді есептерді шешу барысында пайдаланады |
|||||
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы
Оқушылар, егер:
|
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: - жай бөлшекті алымын және бөлімін нұсқай отырып оқи алады; Пәнге тән лексика мен терминология:
-бөлшектің алымы мен бөлімі; - жартысы, ширегі, сегізден бірі (т.с.с) Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады; -жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді; |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Мәңгілік елдің 4–ші құндылығы: Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік жəне жаһандық бəсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты. |
|||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Геометрия, география, экономика («жартысы», «ширек» және «жер шарының бөлігі» деген ұғымдарды пайдалана отырып бөлшек туралы мағұлмат беремін) |
|||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Презентациямен жұмыс жасау |
|||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Натурал сандар және нөл. Жай және құрама сандар. |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы (5 мин) Серпілген сауал
(11 мин)
|
- Ұйымдастыру Сабағымызды бастамас бұрын, зейінімізді сабаққа шоғырландырып алайық. Психологиялық ахуал. -Біз Қазақстанның үлгілі ұрпағы боламыз ба? -Иә -Біз мектептің мақтанышы боламыз ба? -Иә -Біз бүгін математика пәнінен жақсы жауап беріп, нәтижеге жетеміз бе? -Иә Біз бүгін БиС технологиясының элементтерін қолдану арқылы сабағымызды өткіземіз. Матрица бойынша жұмыс жасаймыз. «Серпілген сауал» ойыны арқылы қайталау сұрақтарына оқушылар жауап береді. -Үй тапсырмасын тексеру: Бұған дейін «Натурал сандар және нөл», «Жай және құрама сандар» тақырыптарымен таныстық. Енді осы тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, өткенді еске түсірейік. (A, B, C, E, F, G- қатарлар)
(осы сұрақтарға жауап бере отырып: қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі; белсенді әрекетке жұмылдырылады; ойлау жұмысына ынталандырылады) Жаңа сабақты түсіндіру -Балалар, биыл біздің елімізде қандай іс-шара өтеді? (10.06.17-10.09.17 аралығында) (ЕХРО) -Мен сіздерге ЕХРО-ның билеттерін алып келдім, соны таратып берейін. Қалтада бір бума билет бар, бұл бумада 25 ұяшық (билет) бар. Енді осы билеттерді тең бөліктерге бөлейін. Әркім өзіне бір билеттен алсын. -Балалар, мен сонда бір бума билетті неше бөлікке бөлдім? (25 бөлікке) -Ал осы өрнекке математикалық тұрғыда қарап көрейікші? (1:25) Немесе оны былай жазуға
болады: 1:25= Мұндағы 1 – бөлшектің алымы, - -бөлшек сызығы, 25 – бөлшектің бөлімі. - Билетті неше оқушы алды? (19 оқушы) Ендеше оны жай бөлшек
түрінде жазып көрейікші: (оқылуы: жиырма бестен
он тоғыз) Нешеуі қалды? -Ендеше біздің өтетін тақырыбымыз «Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу» деп аталады екен. Сонымен, бөлшек дегеніміз – екі натурал санның қатынасы. Бүгінгі сабақта сендер жай бөлшек, бөлшектің алымы, бөлшектің бөлімі ұғымдарымен танысасыңдар. Бөліндіні бөлшек түрінде, бөлшекті бөлінді түрінде жазуды үйренесіңдер.
Мысалы:
Яғни
Мұндағы m- бөлшектің алымы, n- бөлшектің бөлімі болады. Жай бөлшектің бөлімі бүтін санның қанша бөлікке бөлінгенін, ал алымы ол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді. 1дм=10см екені белгілі. 1 см дециметрдің қанша бөлігін құрайды? Сұраққа жауап беру үшін
1 дм кесіндіні 10 тең бөлікке бөледі 1:10= Жауабы:
1см= Бұл теңдікті әріптер арқылы жазайық:
m:n= |
Интер белсенді тақта
(Әр дұрыс жауапқа-1 ұпай Қате жауап-0 ұпай ) |
||||
|
Сабақтың ортасы (13 мин) Сын тұрғысынан ойлау:
(30 сек)
(2 мин)
(2 мин)
(3 мин)
(3 мин)
(30 сек)
(2 мин) |
Енді осы тақырыпқа байланысты есептер шығарамыз. -Балалар, жаңа мен сендердің қолдарыңа ЕХРО билетін таратып бердім. Бұл көрме қай қалада өтеді? (Астанада) -Ал біз қайда тұрамыз? (Жалтырда) Ендеше біз Жалтырдан – Астанаға бару үшін, автобусқа билет сатып алуымыз керек. Бұл билеттерді сатып алу үшін, есептер шығару керек. 1-тапсырма. Фигураның боялған бөлігін қандай бөлшекпен беруге болады?
Дескриптор: Білім алушы - әр бір фигуралардың боялған бөлігін бөлшек түрінде жазады. Оқулықпен жұмыс 83-бет, №260 есеп ауызша орындау
№261 есеп №260 жаттығуда берілген бөлшектердің әрқайсысының алымы мен бөлімін атау (екі жаттығу үшін жоғарғы балл- 1 ұпай) Дескриптор: Білім алушы −жай бөлшектің алымын атайды; −жай бөлшектің бөлімін атайды; −жай бөлшекті оқиды. №262 есеп (№262-269 жазбаша орындап, жұптарымен дәптерді алмастырып тексереді)
Дескриптор: Білім алушы - әр бір фигуралардың боялған бөлігін бөлшек түрінде жазады.
Жауаптары:
№262 №264 №265 1)иә, 2) жоқ, 3) жоқ, 4) жоқ, 5) жоқ, 6) иә (6 ұпай) №266
–
Дәптермен жұмыс
№268
№269 есеп (дәптерге үш бағанды әр парта қатары жеке орындайды. Яғни 1-қатар 1-бағанды, 2-қатар 2-бағанды, 3- қатар 3-бағанды) (3ұпай) Дидактикалық тапсырмалар 1- тапсырма. Математикалық диктант. Бөлшектерді ести отырып жазу дағдысын дамыту үшін «Математикалық диктант» жазады. Мұғалім бөлшекті атайды, ал оқушылар оны жазады. Бөлшекті жазыңдар: Үштен екі бөлік
- Жүзден бір бөлік
- Жетіден бес
- Оннан тоғыз
- Қырықтан үш
- Мыңнан
жеті- Дескриптор: Білім алушы (№264-269 және 1-тапсырма) − жай бөлшектерді жазады. 2- тапсырма. Қалай аталады? (лездеме сұрақтар)
Дескриптор: Білім алушы − метрикалық өлшемдерге дұрыс жауап береді. |
Интер белсенді тақта |
||||
|
Сабақтың соңы (3 мин) Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы)
Кері байланыс (1 мин) |
Үй тапсырмасы №270, № 271 85-бет
Тақтадағы ұпайларын санай отырып, оны жай бөлшек түрінде айтады және алған ұпайларына сәйкес ұяшықтағы билеттерді алып автобусқа орналастырады. Бұдан оқушылар сабақты қаншалықты меңгергенін, қанша ұпай жинағанын көруге болады. (Ең жоғарғы ұпай – 40) Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып ауызша кері байланыс жасаймын: Сабақта. Мен білдім... Мен үйрендім... Маған ұнады.... Мен қиналдым.... |
|
||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары |
||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
|
||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||
шағым қалдыра аласыз



















Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген