400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жай бөлшектің негізгі қасиеттерін қайталай отырып, жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіруді үйрету, есептер шығарту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

5.2 А Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Мектеп: “Жетісу облысының білім басқармасы” мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласының “Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі “коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні: Тулеметова К.А


Сынып 5

қатысқан оқушылар саны:

қатыспаған оқушылар саны:


Тақырыбы

Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру.


Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.16

жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру; жай бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру;


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Жай бөлшектің негізгі қасиеттерін қайталай отырып, жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіруді үйрету, есептер шығарту


Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыптың мазмұнын түсіну, оны өмірмен байланыстыруға , ой қорытындысын жазуға үйренеді


Кейбір оқушылар:

Тақырыпты меңгеру барысында әр түрлі есептерді шығару арқылы қабілеті мен бейімділігін дамыта түседі, ептілікке үйренеді


Бағалау критерийлері

Оқушы сабақ мақсатына жетеді, егер:

- Жай бөлшектердің бөлімдерінің ЕКОЕ тапса;

- Толықтауыш көбейткіштерін тапса;

- Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтірсе.


Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Жай бөлшектер;

  • Толықтауыш көбейткіш;

  • Ең кіші ортақ бөлім, т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру үшін... керек;

Берілген бөлшектің толықтауыш көбейткішін табу үшін... керек;

Құндылықтарды дарыту



Ынтымақтастық: Төзімділік, ынтымақтастық, өзара сыйластық, белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену жаңаны тез игеруге дайын болу.

Академиялық адалдық: Топпен, жұппен жұмыстану барысында бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау, идеялармен алмасуға, талқылауға және жұптық, топтық жұмыстарды бағалауға дайын болу.


АКТ қолдану дағдылары

Презентация


Бастапқы білім

Жай бөлшектер, ЕКОЕ, аралас сандар туралы білімдері, ортақ бөлімге келтіру


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар


Сабақтың басы

Сыныпты ұйымдастырy.Топқа бөлу. Әріптер бойынша.

1 топ А

2 топ В

3 топ С

Оқушылар топқа әріптер бойынша бірігеді.

Білімін актуалдандыру үшін

1.Жай бөлшектің негізгі қасиетін ата.

2.Бөлшекті қысқарту деген не?

3. Қандай бөлшек қысқартылмайтын бөлшек деп аталады?

4. Дұрыс және бұрыс бөлшектің анықтамасын бер.

5. Қандай санды аралас сан дейді?

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Карточкамен жұмыс Жұптық жұмыс (Бірін-бірі бағалау)

Оқушылар суреттегі фигуралардың боялған бөлігіне қарап жауаптарын аралас сан және бұрыс бөлшек түрінде жазады. Слайдтағы дайын жауаптар бойынша тексеру жасалады.

Мұғалім:

-Бір жауапты неше әдіспен жаза алдық?

-Неге олай жаза алдық?

1-мысал. пен бөлшектерін ортақ бөлімге келтірейік.

ЕКОЕ (5,3)=15.

.

 Қорыта айтқанда, бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін: 1) берілген бөлшектер бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін табамыз. Бұл ең кіші ортақ бөлім болады; 2) бөлшектердің әрқайсысы үшін толықтауыш көбейткішті табамыз; 3) әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін оның толықтауыш көбейткішіне көбейтеміз. 

2-м ы с а л: ; ; бөлшектерін ең кіші ортақ бөлімге келтірейік.

ЕКОЕ (7, 4, 14)=28, толықтауыш көбейткіштер: 28:7=4; 28:4=7; 28:14=2, онда ; ;

Таратпа материал


Сабақтың ортасы

Есептер шғару:

Жұптық жұмыс (Бірін-бірі бағалау)

Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып бағалау критерийлері мен дескрипторлар құрастырады.

1



Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Берілген бөлшектерді ортақ бөлімге келтіреді

Жай бөлшектердің бөлімдерінің ЕКОЕ табады

Толықтауыш көбейткіштерін көрсетеді

Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіреді

Оқулықпен жұмыс

466 Жеке жұмыс (Өзін-өзі бағалау)


Жұптық жұмыс . «Ойлан, Жұптас, Бөліс» әдісі арқылы. Оқушылар жұптарымен диологқа түсе отырып, тапсырманы орындайды.


«Жапондық» әдіс арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Жоғары қолды созамыз,

Аяқтын ұшында тұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.


Топтық жұмыс ( Логика )

470 Мәдина гүлдер салынған 8 гүлсалғышты квадрат пішінді де-

малыс бөлмесінің әрбір қабырғасының тұсына 3 гүлсалғыштан

қойды. Мәдина гүлсалғыштарды қалай орналастырды?


Топтық жұмыс ( Шығармашылық тапсырма )

471 Ертегiлер жинағының бiрiншi бетi 3 цифрынан бастап нөмiрленген. Оның барлық беттерi 349 цифрмен нөмiрленген. Ертегiлер жинағында неше бет бар?

1 таңбалы бет 9-2 =7 бет

2 таңбалы бет 99-9=90 бет

3 таңбалы бет х-99 бет

Шешуі:

7+2*90+3(х-99) =349

3(х-99)=349-187

3(х-99)=162

х-99=54

х=153

Ж: Ертегілер жинағында 153 бет бар

Әр топ постер арқылы қорғайды.




























































А3

маркерлер





Таратпа материал





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
03.03.2023
590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі