Ашық сабақ
Сыныбы: 7
Пәні: Физика
Мұғалім: Ыбыраева Жадыра Дәулетбайқизи
Тақырыбы: §36. Жай механизмдер. «Механиканың алтын ережесі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жай механизмдер, «механиканың алтын ережесі» туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушыларды ғылыми ой-қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру;
Тәрбиелілік: Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, постер әдісі.
Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, суреттер, қима қағаздар, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, кезекшіні анықтау.
2. Шаттық шеңбері.
3. Оқушыларды 3 топқа бөлу («Жай механизмдер», «Блок», «Көлбеу жазықтық»).
4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
IV. Сергіту сәті.
1. Қызығушылықты ояту (физикаға байланысты жұмбақтар).
2. «Венворд шешу».
V. Сабақты бекіту сұрақтары.
VІ. Үй тапсырмасын беру.
VІІ. Оқушыларды бағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушыларға семантикалық карта беріледі. Сұрақтарға «дұрыс» немесе «бұрыс» деп жауап береді.
-
Егер сыртқы күштердің әрекеті болмаған жағдайда дене қандай да бір нүкте арқылы жүргізілген өзінің айналу осіне қатысты тыныштық қалпын сақтайтын болса, ондай нүкте осы дененің массалар центрі деп аталады (дұрыс).
-
Күш моментінің өлшем бірлігі: 1Н*кг (бұрыс).
-
Күш моментінің формуласы: М=F*m (бұрыс).
-
Денеге әрекет ететін күштің өз иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады (бұрыс).
-
Айналу білігінен күш векторы орналасқан түзуге дейінгі ең қысқа қашықтықты тіреу нүктесі деп атайды (бұрыс).
-
Иіндіктің айналу осі өтетін О нүктесін күш иіні деп атайды (бұрыс).
-
Айналу осі бар денелердің қозғалысын сипаттау үшін күш моменті деген ұғым енгізілді (дұрыс).
-
Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын кез келген дене иіндік деп аталады (дұрыс).
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Топпен жұмыс.
Күнделікті тұрмыстағы мәселені шешіңдер:
-
Минерал суының бутылкасын ашыңдар.
-
Тақтадан шегені суырып алыңдар.
-
Бір кесек қантты шағыңдар.
-
Сыныптың бір шетінен екінші шетіне ауыр портфельді алып барыңдар.
Тапсырманы қалай жеңілдетуге болады? (Оқушылар өз ойларын айтады).
Құрылыс салуда, сондай-ақ күрделі техникалық қондырғылардың жекелеген қарапайым бөліктері ретінде жай механизмдер деп аталатын көптеген құралдар қолданылады. Жай механизмдер, біріншіден, күштен ұтыс алу үшін, екіншіден, денеге түсетін күш пен оның қозғалысының бағытын өзгерту үшін қолданылады. Мысалы, ауыр жүкті тік көтеру орнына оны сол биіктікке көлбеу жазықтықты пайдаланып көтереді.
Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар жай механизмдер деп аталады.
Жай механизмдерге мыналар жатады: иіндік, блок, көлбеу жазықтық және олардың өзге түрлері: шығыр, бұранда, сына.
Блок дегеніміз – өз осінің төңірегінен айнала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершік. Блок науасы арқылы арқан, трос немесе шынжыр тасталады. Блоктар жылжымалы және жылжымайтын болып екіге бөлінеді.
Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын блок – жылжымайтын блок деп аталады.
Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырса, ондай блок жылжымалы блок деп аталады.
«Механиканың алтын ережесі»: жай механизмдерді пайдаланып, күштен қанша есе ұтсақ, жолдан сонша есе ұтыламыз.
Топпен жұмыс. Постер қорғау.
1-топ. «Жай механизмдер»:
Жай механизмдер дегеніміз не? Жай механизмдердің қандай түрлері болады? Жай механизмдерді түсіндіріңдер және күнделікті өмірден мысалдар келтіріңдер.
2-топ. «Блок»:
Блок дегеніміз не? Жылжымалы және жылжымайтын блоктың айырмашылықтары қандай? Шығыр және блоктың қолданылуына мысалдар келтіріңдер.
3-топ. «Көлбеу жазықтық»:
Көлбеу жазықтық дегеніміз не? Механиканың алтын ережесі дегеніміз не? Көлбеу жазықтыққа мысалдар келтіріңдер.
IV. Сергіту сәті. Қызығушылықты ояту (Физикаға байланысты жұмбақтар).
-
Артық, кемді теңестірер,
Дәнді де өзі жемес бірер (Таразы)
-
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін (Энергия)
-
Жерде жатады, бояй алмайсың,
Құлата алмайсың, баса алмайсың (Көлеңке)
-
Жетпіс аяқ бауырында,
Екі қолы жауырында.
Тындырады ол істі,
Жеңілінде, ауырында (Ара)
-
Күннен де күшті,
Желден әлсіз,
Аяғы жоқ жүреді,
Көзі жоқ жылайды (Бұлт)
-
Қозғалысқа келтіріп, жылдамдығын береді,
Өлшемдерін қарасаң, Ньютонға ол келеді (Күш)
-
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
-
Жансыз жанады,
Жанды ұрады (Балта)
2. «Венворд шешу» физикаға және техникаға байланысты сөздерді табу.
Сөздік
-
Қазақша
English
Русский
Жай механизм
Simple mechanisms
Простые механизмы
Иіндік
Lever
Рычаг
Блок
Block
Блок
Жылжымалы блок
Movable block
Подвижный блок
Жылжымайтын блок
Fixed block
Неподвижный блок
Көлбеу жазықтық
Inclined plane
Наклонная плоскость
Күш моменті
Forse moment
Момент силы
Сына
Calibrated
Клин
Бұранда
Screw
Винт
V. Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Жай механизмдер дегеніміз не?
2. «Механиканың алтын ережесі» қалай оқылады?
3. Блок дегеніміз қандай құрал? Және оның түрлері.
4. Жылжымалы, жылжымайтын блоктар несімен ерекшеленеді?
VІ. Үй тапсырмасын беру: §36
VІІ. Оқушылардың білімін бағалау: Белсене қатысып, сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жай механизмдер. «Механиканың алтын ережесі»

шағым қалдыра аласыз