2-кіші топқа
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Мерзімі:
Білім беру
саласы: «Таным»
Тараулары:Қ.М.Ұ.Қ.
Тақырыбы:Жайлаудағы киіз
үй.
Мақсаты:
Уақытты бағдарлай білуге
арналған жұмбақтар арқылы«таңартең»,«кеш» ұғымдарын
үйрету;Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу;киіз үй бөліктерін атап,оны
құрастыра білуге үйрету;бір топтағы зататрды екінші топтағы
заттармен салыстырып, кеңістік бағыттарын ажырата білуге
ағдыландыру.
Керекті
құралдар:жайлау ата,төрт түлік малдың
суреттері, киіз үй бөліктері.
Әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
әрекеті
|
Балалардың іс-
әрекеті
|
Мотивациялық
қозғаушылық
|
Шаттық
шеңбері.
Балалар, «Амандасу
–адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы» сондықтан да, алдымен
қонақтармен амандасып алайық
Білер қазақ
баласы
Сәлем сөздің
анасы
Көп танысты
көреміз
Алдыменен
кезіккен
Бәріне де ізетпен Иіліп сәлем
береміз.
Тәрбиеші:атайдың жайлауға
кетейін деп жатқанын айтып,балаларды малын жеткізіп беруге
көмектесуге шақырады.
-Балалар,атайға болысуға
барамызба?
-Қандай төрт түлік малдарды
білесіңдер?
Жұмбақтар
шешеміз.
Кішкене ғана бойы
бар
Айналдыра киген тоны
бар
(Қой)
Кезікті бір
жануар
Үстінде екі тауы
бар.
(Түйе)
Қайырып басында
тастаған
Қайқайып қойды
бастаған.
(Ешкі)
Екі айнасы
ба
Екі найзасы
бар
(Сиыр)
Екеуі елеңдеп
келеді
Төртеу төбелесіп
келеді
(Жылқы)
Жұмбақтар туралытүсінік
беру.
Олардың қандай пайдасы
бар?
Балалардың
жауаптарын тыңдап толықтырады:
|
Шеңберге тұрып,өлең жолдарын
бірге айтады. Қолдарын кеудесіне қойып иіліп сәлем
береді.
Балалар атайға көмектесуге
келіседі. Төрт түлік малдарды атайды.
Жұмбақтар--ды
шешеді.
Олардың пайдасы туралы
айтады.
|
Ұйымдастыру-
іздестіру
|
«Киіз үйдің бөліктерін
ата»дидактикалық ойыны
Киіз үйдің бөліктерін
атап,неше бөліктен тұратынын айтуды
ұсынады.
«Жануарларды сана»
дидактикалық ойыны
Балаларға жолақшаны таратып
береді,беттестіріп салыстыртады.Үстіңгі жолға қойларды,астыңғы
жолға қозыларды қоюға тапсырма береді.
Қозыларды дәл қойдың астына
қоюларын қадағалайды.
Жарайсыңдар балалар,енді біз
біраз сергіп алайық.
Сергіту
сәті
Дөңгелене
тұрайық,
Киіз үйді
құрайық.
Керегеге болып
керіліп,
Уықтар боп
иіл,
|
Киіз үй бөліктерін
атап,санайды.
Беттестіру әдісімен
жолақшаларды және санау арқылы қой мен қозыларды
салыстыртады.
Сөздерді қайталап,
қимылдар жасайды.
|
|
Киіз үйді құрайық
.
Енді балалар біз тәулік
бөліктерін білу үшін мен сендерге жұмбақ
жасырамын.
Жұмбақтар
шешеміз
Әтеш тұрып
әндетеді
Мысық бетін
жуады.
Балалар
оянады,
Ол қай кезде
болады?
(Таңартең)
Аспанда жұлдыздар
жанады,
Балалар ұйықтап
жатады,
Ол қай кезде
болады?
Дұрыс
таптыңдар.
(Кешке)
Дұрыс
таптыңдар.
Атайға киіз үй құрастырып
берейік»дидактикалық ойыны топпен жұмыс -
Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
-Көктемде ең бірінші қандай
гүлдер шығады?
Үстел үстінде гүлдер жатады әр
балаға сол гүлдердің біреуін таңдауды ұсынады. Таңдап алған гүлдер
бойынша
бабалаларды 3 топқа
бөледі,киіз үй құра құрастуды ұсынады.Киіз үйді құрастырып
боболғансоң киіз бөліктерін атап беруді ұсұсынады. Жарайсыңдар
балалар!
Киіз үй бөліктерін
жақсы құрастырдыңдар. -Киіз үй деп неліктен атаған? Балалардың
жауаптарын тыңдап толықтырады: дұрыс айтасыңдар ,ендеше үйдің
киіздерінің атауларын атап беріңдерші. Жарайсыңдар балалар
!
|
Уақытты бағдарлай білуге
арналған жұмбақтарды шешеді.
Топтық
жұмыс.
Гүлдерді атайды. Топқа
бөлінеді.Киіз үй құрастырады, Киіз бөліктерін атап
береді.
Оның үстінде киіздері
болады.
Киіздерді атайды
(Туырлық,үзік ,түндік).
|
Рефлексивті-
түзетушілер
|
«Ыстық
доп»ойыны
Балаларға допты беріп,
сұрақтар қойып,тақырыпты бекітеді. -Балалар біздің бүгінгі
тақырыбымыз қалай аталады? -Біз кімге
көмектестік?
-Атайға не
құрастырып бердік? Балаларға мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетін аяқтайды.
|
Допты ұстап алған бала сұраққа
жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже: Білу
керек:.заттарды саны мен көлемі
бойынша салыстыруды. Игереді: астында, үстінде кеңістік
бағыттарын ажыратуды. Істей білу
керек:салыстыруды,киіз үй бөліктерін
атауды ,құрастыруды.