Ашық ұйымдастырылған іс- әрекетінің конспектісі
Тақырыбы: «Жайлауға саяхат»
Мақсаты: Балаларға жайлау, киіз үй, төрт түлік туралы жалпы түсінік беру. Ата- бабаларымыздың тұрмысы туралы мәлімет беру. Үй жануарларының төлдерін дұрыс атай білуге, олардың пайдасы туралы біледі.Қадыр Мырза Әли үй жануарлары туралы таппақтарын жатқа айтуға баулу.Қоршаған ортаны танып- білуіне жағдай жасау, ұлттық мәдениетіміз жайлы білімдерін дамыту. Табиғатты сүюге баулу, құрт жасау дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс –тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сахналау, сұрақ-жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: слайд, төрт түлік мал суреттері. «Жайлау» көрінісі.
Ұйымдастырылған іс- әрекет барысы:
-
Сәлемдесу:
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанеки бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме қонақтар!
Тәрбиеші: Балалар бүгін біздер жайлауға қонаққа барамыз.
-Барғыларын келеме?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Жолға шықпастан бұрын алдымен жайлаудың тұрмыс- тіршілігімен танысып алайық. Слайдпен арқылы танысады.
-
Балалар бүгін біздің көңіл- күйіміз жақсы солай ма? Бүгінгі іс- әрекетіміз ерекше өйткені бізге көптеген қонақтар келді және жайлауға қонаққа барамыз.
-
Жайлауға немен барғыларын келеді?
Балалар:- атпен
-
Ендеше аттарымызға мініп барайық.
Балалар: Аттарға мініп музыка әуенімен шауып барады. Тәрбиеші: Балалар айналаға қарайықшы. Қандай керемет !
Балалар қуанады.
-Не көріп тұрсындар?
-Жасыл шөп.
-Гүлдер.
-Жайылып жүрген үй жануарлары. Жайлауда әже күтіп тұрады.
Балалар көрісіп амандасады.
Әже: Амансыңдар ма, балалар! Қош келдіңдер!
Тәрбиеші: Аманбыз. Біз бүгін жайлаудың тұрмыс- тіршілігімен және үй жануарлары мен оның пайдасы туралы білуге келдік.
Әже: Жақсы балалар. Мен қазір сендерге өзімнің үй жануарларымды көрсетемін. Олар жайлауда жүр. Оларды неге үй жануарлары дейміз. Өйткені үйде өсірілетін жануар болғандықтан. Үй жануарларының адамзатқа пайдасы көп.
-Мынау қой. Қойдан ет пен жүн аламыз.
- Мынау түйе. Түйеден сүтінен шұбат жасаймыз. Шұбаттың емдік қасиеті бар. Құрт, ірімшік жасауға болады және ет пен жүні өте пайдалы.
- Мынау балалар жылқы. Жылқының сүтінен қымыз жасаймыз. Әрі еті жейміз. Көлік ретінде пайдаланамыз.
- Мынау сиыр. Ол төрт түліктің бірі. Сиырдың сүтінен біз қаймақ, май, айран, ірімшік, құрт, ет аламыз.
Осы үй жануарларын күтіп баптау үшін оларға уақытылы жем шөбін беріп қораны тазалап отыру қажет. Әрбір үй жануарларының өз пірлері болады.
Түйе- Ойсылқара
Жылқы- Қамбар ата
Сиыр- Зеңгі баба
Қой- Шопан ата
Ешкі- Сексек ата.
-Қараңдаршы балалар менің үй жануарларым қандай көп мен соларды санай алмай тұрмын маған санауға көмектесесіңдер ме?
Балалар: Ия
Қадыр Мырза Әли
Санамақ
Бір дегенім- бесік,
Шықтық содан өсіп.
Екі дегенім елім,
Далам, тауым, көгім.
Үш дегенім- үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім- бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Алты дегенім- ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Жеті деген- жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген- сөзің,
Серт беретін кезің.
Тоғыз деген –тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім – Отан,
Қорға соны ботам!
Балалар сендер осы төрт түлік туралы таппақ білесіндерме?
Қадыр Мырза Әли
Сиыр: Еркежан
Әукім, әукім сиырым!
Мүйізінің сүйірін
Шүйгін жерге келгелі
Шығып қапты бүйірің
Сен біздерге сенесің
Үйге асығып келесің
Бұзауының аузынан
Жырып ап сүт бересің.
Қадыр Мырза Әли
Түйе: Самира
Шөлді жайлап қыстаған
Жалпақ табан, қүс табан,
Ырысы бар адамның
Ойсылқара ұстаған.
Ондай мықты жүрегі
Түздің маңғаз түлегі
Бір ұттам су татпастан
Мың шақырым жүреді.
Қадыр Мырза Әли
Қой: Мақсат
Жайыларда аңғарда
Маңырайды албарды
Тістемейтін
Теппейтін
Қойдан момын мал барма?
Қадыр Мырза Әли
Жылқы: Керей
Ұшып жүру үшін де
Жаралған бұл мүсін бе?
Сезімталы осы мал
Төрт түліктің ішінде.
Қайран жылқы
Бұл әлі
Қасиеттің бұлағы
Тұяғымен естиді,
Естімесе құлағы!
Әже: Жарайсыңдар балалар, таппақтарын ұнады тамаша. Ендеше киіз үйдің ішіне кіріп жайғасындар.
Слайд арқылы сүт өнімін алып, сүтті сут машинасына тартып, сүттен бөлінген қаймақ пен сүтті көрсету.
Әже: Балалар мен сендерге құртты қалай жасау керек екенің көрсетемін. Алдымен сиыр сүтін арнайы машинкамен тартып, қаймағын сүттен аламыз. Қалған сүтті ашытып оны дорбаға салып бір күнге суын сорғызып қойып қоямыз. Келесі күні алып сүзбеге дәмін келтіріп тұз қосамыз. Дайын болған сүзбеден құрт жасауға кірісеміз. Алақан арамызға салып қысу арқылы және дөңгелету арқылы да жасауға болады.
Қыздар: Дайын сүзбеден құрт жасайды.
Тәрбиеші: Әже сіздерге көп рахмет. Біздің балалар сіздерден жайлаудың тұрмыс тіршілігі туралы білді.Енді бақшамызға қайтайық.
Әже: Балаларым келгендеріне көп рахмет. Балаларға сыйлықтарын беріп қоштасады.
Балалар: Атқа мініп шауып балабақшаға келеді. Аттарын қояды.
Қорытынды:
-Балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма? -Біз қайда бардық?
-Жайлау қандай екен?
-Жануарлардың қандай пайдасы бар? Олардың пірлерін ата?
- Үй жануарларының төлдерін ата?
-Құртты неден жасадық?
Ендеше, әженің беріп жіберген сыйлықтарын ала қойындар.
Балалар қуанады.
Ашық ұйымдастырылған іс- әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар.
Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі білім
басқармасының Орал қалалық
білім беру бөлімінің
№35 «Шұғыла» МКҚК бөбекжайы
Келісемін: Бекітемін:
Әдіскер:Н.З.Қалдышева Меңгеруші:М.Ғ.Шарипова
«Жайлауға саяхат»
Тәрбиеші: Амангелдиева.А.Б
Нұрғали. С.Қ
Орал -2024жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жайлауға саяхат

шағым қалдыра аласыз