Материалдар / Жайлы мектептегі жаңа технологиялар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жайлы мектептегі жаңа технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Авторы:
24 Маусым 2024
133
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жайлы мектептегі жаңа технологиялар


Мектепте балаға білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективті түрде бақылап , талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру - әр ұстаздың жеке міндеті. Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан. Біздің міндетіміз - оқушыларға білім беруде жаңа технологиялар мен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім сапасын көтеру, жан-жақты дамыту.

  Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің  инновациялық іс әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеру мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып  мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан мұғалімдердің біліктілігін көтеру мен шығармашылық, педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық  үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Педагогикалық технология  терминінің  анықтамаларын көптеген авторлар өз  түсінігі мен өз санасында қалыптасқан көзқарастарын қалыптастырған.

  Педагогикалық технологияның тиімділігі:

1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады

2. Оқушының жеке қабілеті анықталады

3. Іштей бір бірінен қалмауға тырысып, талпынады

4. Тапсырмалық күрделену  деңгейіне сәйкес  оқушының ойлау, орындау қабілеті артады

5. Өзін өзі тексеруге дағдыланады

6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады

7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады.

Орта білім алу- үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білу, бір сөзбен айтқанда оқу үрдісін дамыту.

Оқушы тұлғасының дамуына, қабілеттің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде  пайдаланып жүр.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды  дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында , терезесін тең ететін - білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың  ерекшелігі өсіп келе жатқан  жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі  оқушылардың дамуына да  жаңа технология  элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. Орта мектеп оқушы тұлғасы  мен санасының даму қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан орта білім үздіксіз  білім берудің  алғашқы баспалдағы, қиында жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып , жаңашыл педагогтардың іс тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның  талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады. Олар: баланы оқи білуге, баланы ойлауға үйрету, баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

 Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. Қорыта келгенде, қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялар ойлауды дамыту, қабілетті қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Оқушылармның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді. Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!