Жайнай берсін, Астана!
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
- Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ. Р - ның рәміздері, Астана қаласының ғимараттары.
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
- Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Астана!
Келдік саған қуана!
- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.
Деніміз сау болсын!
Күніміз күлімдесін!
Еліміз аман болсын!
Ата - анамыз қасымызда болсын!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз бақытты болайық!
Аспанымыз ашық болсын!
Әнұран орындалады.
- Кәне, балалар отырайық. Біз бүгін Отан туралы әңгімелесеміз. Балалар Отан деген сөзді қалай түсінеміз?
Балалар, Отан дегеніміз біздің еліміз, туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
- Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата - бабаларымыз тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды. Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы, ұлтымыз - қазақ.
- Балалар, Қазақстан Республикасының президенті
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Біз мемлекеттіміз
- Қазақстан Республикасы
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
- Қазақ тілі
- Мемлекеттік рәміздеріміз:
- Әнұран, ту, елтаңба.
- Ел ордамыз Астана қаласы
Астана каласымен таныстыру
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз
Өсіп-өніп толамыз
Күнге қарай талпынып
Көкке қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз
Орнымызды табамыз
Балалар бүгін бізде тағы бір мереке бұл біздің елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтің туған күні. Ел басы 77 жасқа толып отыр.
Құрметті ұстаздар жас бүлдіршіндер. Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын. Тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жайнай берсін Астана
Жайнай берсін Астана
Жайнай берсін, Астана!
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
- Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ. Р - ның рәміздері, Астана қаласының ғимараттары.
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
- Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Астана!
Келдік саған қуана!
- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.
Деніміз сау болсын!
Күніміз күлімдесін!
Еліміз аман болсын!
Ата - анамыз қасымызда болсын!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз бақытты болайық!
Аспанымыз ашық болсын!
Әнұран орындалады.
- Кәне, балалар отырайық. Біз бүгін Отан туралы әңгімелесеміз. Балалар Отан деген сөзді қалай түсінеміз?
Балалар, Отан дегеніміз біздің еліміз, туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
- Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата - бабаларымыз тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды. Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы, ұлтымыз - қазақ.
- Балалар, Қазақстан Республикасының президенті
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Біз мемлекеттіміз
- Қазақстан Республикасы
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
- Қазақ тілі
- Мемлекеттік рәміздеріміз:
- Әнұран, ту, елтаңба.
- Ел ордамыз Астана қаласы
Астана каласымен таныстыру
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз
Өсіп-өніп толамыз
Күнге қарай талпынып
Көкке қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз
Орнымызды табамыз
Балалар бүгін бізде тағы бір мереке бұл біздің елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтің туған күні. Ел басы 77 жасқа толып отыр.
Құрметті ұстаздар жас бүлдіршіндер. Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын. Тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын!
шағым қалдыра аласыз













