Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалаң және жайылма сөйлем. 108-114 жаттығулар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік.Оқушылар жаңа тақырыпты түсінеді, алған білімін тапсырмаларды орындағанда қолданады. Тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорын арттырып, сауаттылығын, ойлау жүйесін дамыту. Шапшаң ойлауға, әдемі сөйлеуге, тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу. Барлық оқушылар білуге тиісті: Сөйлемдегі сөздерді сұрақ қою арқылы талдауға үйренеді. Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Тақырып мазмұнын түсінуі тиіс Кейбір оқушылар білуге тиіс: Қосымша тапсырмаларды орындайды Тапсырмаларды талдауды біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы:

Жалаң және жайылма сөйлем. 108-114 жаттығулар.

Күні:06.12.2017

Мұғалім:Чыкаева Кульбаршын

Сынып:3

Қатысқан:

Қатыпағандар:

Сабақта меңгерілетін

дағдылық мақсаттар

Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік.Оқушылар жаңа тақырыпты түсінеді, алған білімін тапсырмаларды орындағанда қолданады.

Тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорын арттырып, сауаттылығын, ойлау жүйесін дамыту.

Шапшаң ойлауға, әдемі сөйлеуге, тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Сөйлемдегі сөздерді сұрақ қою арқылы талдауға үйренеді.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Тақырып мазмұнын түсінуі тиіс

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Қосымша тапсырмаларды орындайды

Бұрыннан бар білімдері

Тапсырмаларды талдауды біледі.

Сабақтың әдісі:ойқозғау, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, ана тілі, бейнелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ережелер, интерактивті тақта, сюжетті суреттер, кестелер.

Жоспар

Жоспарланған

уақыттар

Жоспарланған уақыт (жаттығулар)

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар бүгін айдың қай күні?

Қазір қай жыл мезгілі?

Қыстың нешінші айы?

Жылдың нешінші айы?

Ендеше менің сұрақтарымды мұқият тыңдаңдар,толықтырып жауап беріңдер.

Психологиялық дайындық:

Мұғалім Оқушы

Екі көзің не үшін керек? – Жақсыларды көру үшін!

Екі қолың не үшін керек? – Елге көмек беру үшін!

Құлақ деген не үшін керек? - Ақыл-кеңес тыңдау үшін!

Жүрек деген не үшін керек? – Жауларымнан қыңбау үшін!

Тіл мен жағың не үшін керек? – Ақиқатты айту үшін!

Ал аяғың не үшін керек? – Шетте жүрсем, Туған жерге

қайту үшін!

Миға шабуыл. (сұрақ-жауап)

Ұққаныңды айт,ұмытқаныңды есіңе түсір:

1        Жай сөйлем дегеніміз не?

2       Жай сөйлемнің түрлері қандай?

3.       Жалаң сөйлем дегеніміз не ?  Мысал  келтір

4.       Жайылма сөйлем дегеніміз не?  Мысал  келтір


Таныстыры

лым, суреттер.

Ортасы


Өткен  материал  бойынша  түсінгендерін  зерттеу  кезеңі :

Ережені  еске  түсіріп  қайталау

Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке  сөйлемді жай сөйлем дейміз . Жай сөйлем жалаң және  жайылма болып екіге бөлінеді. Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.Санжар оқыды.Тұрлаулы мүшелерден  басқа  тұрлаусыз  мүшелері де бар сөйлемді  жайылма  сөйлем дейміз. Санжар  -  кітапты  оқыды.

. Экранға назар аударайық. Тәуекел, елтаңба, сіздер, белдік.

Асты сызылған буындар жиынтығынан еліміздің алда келе жатқан ұлттық мерекесінің атын құрауға болады. Ол қандай сөз екен?

Тәуелсіздік.

-16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Яғни тәуелсіздік күні мерекесі келе жатыр екен. Еліміз тәуелсіздігін қай жылы алды?Тәуелсіздік күні қай күн? Биыл тәуелсіздікке неше жыл?

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері өсіп –өркендеуде, дүниетану пәнінен өткен едік, әлемде теңгесі жоқ бас қаламыз Астана біздің мақтанышымыз «Әлем Қаласы» деген атаққа ие болды.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Тәуелсіз елімізді дүние жүзіндегі ең алдыңғы 50 елдің қатарына қосып, ең ірі елдермен терезесін теңестіруге ұмтылуда.

Тәуелсіздік еліміздің жүздеген жылдар бойғы арманы еді. Тәуелсіздікке қазақ халқы оңай жетті ме? Жоқ, Елі үшін, жері үшін күрескен қазақтың қандай батырларын әдебиеттік оқу пәнінен өтіп жатырмыз.

Қабанбай, Бөгенбай, Ағыбай, Махамбет, Исатай, Жақия, Амангелді, Тұрар Рысқұлов,Тоқаш Бокин,Сәкен Сейфуллин.

Біз Сәкен Сейфуллин туралы қандай әңгіме оқыдық?

«Мәңгі жасар өмір»

Дәптермен жұмыс.

Алтыншы желтоқсан

А)Көркем жазу минуты

Сс Сс Сс

Сәкен Сәкен

Оқулықта берілген жаттығуларды орындау

108-жаттығу.  Ауызша   Сөйлемдерді оқы. Екі бағандағы жайылма сөйлемдерді салыстырып бір-бірінен қандай өзгешелігі барын айтып көр.
Ауылдан атам келді.                  Ауылдан нағашы атам келді.
Нұржан қарды  күреді .             Нұржан қарды күрекпен күреді.
Мал өрістен келді  .                   Мал өрістен ерте келді.
Күлән суды  әкелді.                   Күлән суды құдықтан әкелді.


109-жаттығу. Жайылма сөйлемдерді оқы. Жайылма сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.Алғашқы екі сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.

  Әсия  жүнді  түтті .  Жүннен  жіп  иірді . Сол  жіптен  маған  шұлық  тоқыды .  Шұлық  әдемі .

Оқулық, дәптер,

Сергіту сәті

Басбармағым –атам

Шаңырақтың данасы.

Сергіту жаттығуы жазылған парақша


110-жаттығу Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз.

1-жұп:_________ ̳ ̳ ̳̳̳̳ ̳̳̳ ̳̳ ̳ ̳̳̳̳ ̳̳̳ ̳̳ ̳ ̳̳̳̳ ̳̳̳ ̳̳ ̳ ̳̳̳̳ ̳̳̳ ̳̳

3-жұп: _________ ˷ ˷ ˷ ˷ ˷ ˷ ̳ ̳ ̳̳̳̳ ̳̳̳ ̳̳ ̳ ̳̳̳̳ ̳̳̳ ̳̳ ̳ ̳̳̳̳ ̳̳̳ ̳̳ ̳ ̳̳̳̳ ̳̳̳ ̳̳

2-жұп: _________ ˷ ˷ ˷ ˷ ˷ ˷ ˷ ˷ ˷ ˷ ˷ ˷ ̳ ̳ ̳̳̳̳ ̳̳̳ ̳̳ ̳ ̳̳̳̳ ̳̳̳ ̳̳ ̳ ̳̳̳̳ ̳̳̳ ̳̳ ̳ ̳̳̳̳ ̳̳̳ ̳̳

113-жаттығу.Суреттер бойынша әңгіме құра.


Аяқталуы

« Кім жылдам»  ойыны

Берілген зат есімдердің бәріне ортақ әріпті тауып айт

Шыққан сөздерден 1 жалаң, 1 жайылма сөйлем айту

Ү. Сабақты  қорыту :

«Жемістер  теру  ойыны» Жай сөйлемнің түрлерін ажыратып себетке салу

Мал өрістен келді.Кептер  ұшты.Арман  суға  шомылды. Жазира  киноға  барды

Жаңбыр жауды.Гүл  ашылды. Әжем  дүкенге  барды.Балалар  өзенге  шомылды

Мұғалім  келді.Боран  соқты. Сәуле   ыдысты  жуды.



Үйге тапсырма

112- жаттығуды орындау, ережені жаттау.

Оқушылар күнделіктеріне жазады

Бағалау

Белсене қатысқан оқушыларды мадақтап бағалау


Кері байланыс





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
527
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі