Материалдар / Жалғасын тапқан білім жолы

Жалғасын тапқан білім жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетті тәмамдағаннан кейінгі табан аудармай білім беру саласында қызмет жасап келе жатқан 15 жылдық іс тәжірибеде үздіксіз ізденістер пен табанды талпыныстар мені алдыға жетелеп келеді.
Авторы:
09 Желтоқсан 2024
78
0 рет жүктелген
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

М.С.Ахаева,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс докторанты

Н.А.Утемгалиева, PhD, доцент м.а.

Р.А.Авакова, ф.ғ.д., профессор


Жалғасын тапқан білім жолы


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетті тәмамдағаннан кейінгі табан аудармай білім беру саласында қызмет жасап келе жатқан 15 жылдық іс тәжірибеде үздіксіз ізденістер пен табанды талпыныстар мені алдыға жетелеп келеді. Бастапқыда жалпы білім беретін мектептегі мұғалімдік қызмет барысында әдістеме жағынан жетіліп, білім мен тәрбиені тең үйлестірудің әдіс тәсілдерін өндіре игеруге күш салдық. Бұл менің Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде алған теориялық білім қорымның мүмкіндігінше кеңіп, кемелденіп, тыңая түсуіне серпін болды деп айта аламын.

Тіл маманы ретіндегі тың идеяларға деген қызығушылығымның арқасында талай жоба, конкурстар мен байқауларға қатысып, өз бетімше ізденіп, жаңалыққа батыл қадам жасауға тырысып келемін. Атап айтқанда, ұлттық тілдің патриоттық сезім мен отаншылдық рухты қалыптастырудағы маңызын арттыра түсуде жаңашыл әдіс-тәсілдердің зәрулігін пайымдап, креативті білім беру әдістерін іс тәжірибеме енгіздім. Соның орайында жас ұрпақтың тіл танымдық қоры мен сөйлеу мәдениетін заманауи үлгіде үйлестіре дамытуда ғылыми негізділік жайына баса мән беруге күш салдым. Жас ұрпақтың интеллектуалдық ой ұшқырлығын шыңдаудағы тілтанымдық әлеуеттің өзектілігіне орай түрлі тың модельдегі технологияларды әдістемелік айналымға ендірудің нәтижелері нәтижесіз болған жоқ. Бұл орайда мен оқушылардың ғылыми-интеллектілік ойлау дағдысына баса мән беру арқылы тілге деген қызығушылықтарының, ана тіліне деген құрмет сезімдерінің, жалпы дүниетаным шеңбері мен мәдени өре-өрістерінің мейлінге ширап, арта түскендігін сезіндім.

Еңбек жолы баспалдағында жалғасын тауып отырған жоғары оқу орнындағы оқытушылық қызмет барысында жинақталған тәжірибелерімді одан ары қарата шыңдай түсуде ғылыми тұрғыда ізденудің қажеттілігін анық сезіндім. Себебі студентке берілетін білім мен әрбір ақпарат ғылыми негізді болған жағдайда таным-түсініктің айқын болатындығына көз жеткіздім. Сондай-ақ ғылыми ойлау арқылы тың идеялардың туындайтындығы, жаңа бастамаларға деген сенімділіктің арта түсетіндігі де іс тәжірибеде белгілі болды. Қазіргі ақпараттар ағыны дамылсыз тасқындаған заманда қоғамдық ортаны руханилыққа бағыттау мәселесі зиялы қауым өкілдерінің, ғылым өкілдерінің алдына зор міндеттер жүктеп отырғаны сөзсіз. Әсіресе, ұлттық сананы қалыптастырып, әлемдік бәсекеге қауқарлы жас буынның рухани-интеллектілік әлеуетін күшейтуде алдымызда келелі міндеттер тұр. Заманауи жаңғырулар барысында туындап отырған осы зәруліктерге белсенді түрде үн қосып, қоғамдық ой-санаға ықпал етуде ең бастысы ғылыми-интеллектілік потенциалдың маңызы теңдессіз.

Ғылымның «қара шаңырағы» Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен алған білімімді ғылыммен ұштастырып, жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып білім сапасын арттыру жолында ғылым мен технология және инновацияны ұштастыра отырып, қызмет етіп келемін. Осы салада шешімі табылмаған мәселелер жетерлік, мен ғылымның тұңғиығына еніп, өз салам бойынша білімнің шекарасын кеңейтіп, ғылымның шешілмеген мәселелерін шешуге үлес қоссам деген мақсатым бар. Осы мақсатқа жетуде көп ізденуге, жаңашыл ғылыми-теорияларды зерттеп, саралауға дайынмын, сонымен қатар, ғылыми ортада қайнаған қара қазанының отын жағып, құлағын ұстап, өзімнің ғылыми әлеуетімді тереңдету − негізгі мақсаттарымның бірі. Осы мақсатқа жету үшін өзім біліммен сусындаған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен ғылымның «қара қазанын» қайнатуды жөн көрдім. Мені мазалаған мәселелердің шешімін ғылымнан тапқым келеді. Оған менің білім алған ортам, ондағы ұстаздарымның берген білім нәрі мен еңбек жолында жинақталған тәжірибем іргетас бола алатындығына сенімдімін.





Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі