Материалдар / Жалпы адамзаттық құндылықтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жалпы адамзаттық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2018
670
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалпы адамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі


Ата - аналар жиналысының жоспары
6 сынып
Ата - аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпы адамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі»
Мақсаты: Жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отыра, отбасы – тәрбиенің негізі екенін ұғындыру.
Міндеттері:
- Жалпы адамзаттық құндылықтар туралы білімдерін кеңейту;
- Мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиеде дамыту;
- Жалпы адамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде қолдануға тәрбиелеу. 
Ресурстары: интерактивті тақта, слайд, бейнефильм

Жоспары:
1. Ата - аналармен тренинг.
2. Топқа бөлу.
3. Ата - аналарға сауалнама таратып, толтыртқызу.
4. «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық - педагогикалық негіздері.
5. «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері. (слайд)
6. Балаларды тәрбиелеудегі ата - ананың рөлі (қыздар тәрбиесі, ұлдар тәрбиесі).
- «Дәйексөз».
- Топпен жұмыс.
7. «Балалардың ата - аналарына тілектері» бейнебаян. (алдын - ала жұмыс)
8. Ата - аналардың балаларына тілектері.
9. Хормен ән айту: «Мейірімді болайық»
10. Үйге тапсырма.

Талдау
Ата - аналар баяндаманы тыңдайды.
Жағдаяттарды шешеді.
бейнебаянды көріп, ойларын ортаға салу.
Хормен ән айтады.

Мұғалім _______________________
Директор ______________________

Ата - аналар жиналысының сценарииі
1. Амандасу тренингі.
Нұсқау беремін: баспен амандасамыз; құлақпен амандасамыз; қолмен амандасамыз … Дене мүшелерімен амандасады.
2. Топқа бөлу.
Ата - аналарға гүл таратып берілді. Гүлдердің түстері бойынша екі топқа бөлінді.
3. Жиналыстан бұрын ата - аналарға сауалнама таратылады.
4. Мұғалімнің сөзі: Құрметті ата - аналар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата - анамен мұғалімнің рөлі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту».

2. Дәйексөз
«Бала үйде не көреді, соны үйренеді. Ата - аналар соған үлгі». (Себастьян Брант).

Егер ата - аналар өз баласына бұдан былай жаман үлгі болғысы келмесе, осы зиянды әдеттен бас тартуға шешім қабылдайды. Оны қалай істеуге болады деп ойлайсыздар?

Баяндама (слайд)
Ежелгі грек ойшылдары: «Өзіңді - өзің таны, сонда бүкіл әлемді танисың!»,- деп шақырған. Өзіңді танысаң өзгені танисың.
Адамгершілік руханилықпен үздіксіз байланысты және де, өзінің мәңгілік рухани негізінен айырылса, тұрақсыз болады. Тәрбиелеуден рухани негізді алып тастау құмға немқұрайды тұрғызылған үйге ұқсайды. Осылайша салынған руханилықсыз адамгершілік бос, осал және уақыт сынағын көтере алмайды. Руханилықтың негізгі сипаттамасы – ақиқатты тануға ұмтылу, шыдамдылық, қайырымдылық, сабырлық, қиянат жасамау және сүйіспеншілік. Осылайша, адамгершіліктің қайнар көзі – руханилық, ал адамгершілік оның сыртқы көрінісі болып табылады. Рухани - адамгершілік - адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямау сияқты жеке қасиеттерін қамтиды.

Сананың құрылымы.
Сананың құрылымы оның табиғаты адамның рухани мәселелерімен тығыз байланыста болатын психологияның өзекті мәселелерінің бірі.
“Сана - ғылыми зерттеулер мен тұжырымдамалық талдауларға ұстатпайтын сүзгінің тесігінен ағып жатқан су сияқты” – деп зерделейді.
Сана арқылы оқыту: оқыту, ойлау және түсіну – осының бәрі бес сезім мүшелері арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады.

Түпкі сана. Сезім, эмоция, темперамент, адамның түпкі санасында бекиді де, сонда жинала береді. Сыртқы әлемнен алынған ақпарат бес сезім мүшесі арқылы түпкі санаға (кейде саналы түрде, кейде саналық деңгейден тыс) келіп түседі де, онда психоэмоционалдық реңге ие болады. Біз эмоциялық уайым, қайғы алған сайын эмоциялық реакцияны бекіте түсеміз. Осы эмоциялық сипаттарды күшетпеу үшін сананы қадағалап отыру қажет екенін аңғарамыз.

Ашу - ыза, тойымсыздық, өшпенділік, қорқыныш, қызғаныш сияқты барлық эмоцияларымыз біздің түпкі санамызда жатыр. Олар – өткеніміздің бір бөлігі. Оларды құртып жіберуге болмайды! Сондықтан да олармен бірге өмір сүруге тура келеді.

Жоғарғы сана. Жоғарғы сана – бұл біздің жеке тұлғамызға әсер етуші маңызды фактор. Біздің жан дүниемізде ар - ұжданымызды түсінуге бағыт беретін, көмектесетін, жақсы мен жаманды ажырата білуге мүмкіндік беретін жоғары рухани табиғатымыз. Санаға ақпарат жоғары санадан интуиция мен ар - ұждан даусы арқылы келеді.

Сананы қалай тазалауға болады?
1. Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолдану. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға арналған тура әдіс.
2. Күні бойы адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыну.
3. Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөлу.
4. Ашу ызаңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашуыңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.
5. Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз.
6. Жан тебірентіп, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз.
7. Жақсы компания, орта табыңыз.
8. Басқаларға тыныштық беруге, оларға қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз.
9. Тыныштықты сақтауға үйреніңіз.
10. Тыныс алуыңызды бақылаңыз.
11. Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз.

Мысалға біздің көзімізді алайық. Жарық – бұл біздің көзімізге енетін, нерв жүйелері арқылы өтіп, импульске айналатын, сосын миымызға жететін электромагнитті толқын және сана көз алдында өтіп жатқан бейнені қабылдайды. Мына суретке қарайық:
Біз не көріп тұрмыз? Барлығы дерлік: «Мен қара нүктені көріп тұрмын», - дейді. Суретке тағыда бір рет қараймыз. Дәл сурет мынадай: «Үлкен ақ кеңістік, ортасында кішкентай қара нүкте бар». Мәселе біз басқалардың бойынан тек қана қара нүктені ғана көреміз, ал жан - жағын қоршаған ақ кеңістікті көрмейміз. Шын мәнінде «ақ» нәрселер өте көп, ал біз оларды байқамаймыз. Біз өзіміздің ғана мәселелеріміз бен қиындықтардан алатын пайдамызды байқамаймыз, солардың арқасында шыңдалатынымызды және өсетінімізді ескермейміз.
Сондықтан да барлығынан да, барлық уақытта да, барлық жерде де жақсыны көре білуге үйренуіміз керек.
Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай - күйлерді құндылықтар деп аталынады. Жалпы адамзаттық құндылық дегеніміз - белгілі адамдар үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін маңызды құндылықтар.
Ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!