Материалдар / Жалпы балықтардың биологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жалпы балықтардың биологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балықтардың адам үшін азықтық маңызын, олардың көптүрлілігін, тіршілік ортасына бейімделгіштік қасиетін, қоректенуін, көбеюі мен дамуын, адамға келтіретін пайда-зиянын түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2021
559
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Арал индустриалды-техникалық колледжі















Сабақтың тақырыбы: Жалпы балықтардың биологиясы













ОРЫНДАУШЫ: Куныжанова Акмарал Советовна

ЖҰМЫС ОРНЫ: Арал индустриалды-техникалық колледжі

ҚЫЗМЕТІ: Арнайы пән оқытушысы

















Сабақтың тақырыбы: Жалпы балықтардың биологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балықтардың адам үшін азықтық маңызын, олардың көптүрлілігін, тіршілік ортасына бейімделгіштік қасиетін, қоректенуін, көбеюі мен дамуын, адамға келтіретін пайда-зиянын түсіндіру. Тәрбиелік: Тірі табиғаттың бір бөлігі - балықтарды қорғауға, күтіп – баптауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Дәруменге бай балықтарды пайдалана білуге, пәнге қызығушылығын ояту, шығармашылыққа баулу, өз бетімен ізденуге үйрету.

Сабақ типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақ түрі: Дәстүрлі, саяхат сабағы, білімді жинақтау.

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі, иллюстрациялы, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі – түсті слайд, жұлдызды житондар, хаттар.

Пәнаралық байланыс: биология, география, тарих, қазақ тілі, экология, «Балық өңдеуші», «Тігінші», «ЭЕМ операторы»

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

1. Оқушылармен амандасу 2.Оқушыларды түгелдеу 3. Сабаққа дайындықтарын тексеру 4.Ой сергіту

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Бөген елді мекеніндегі Тұщы көлге балық аулауға барамыз.

(Ауымызға түрлі балықтар түскен екен. Ол балықтар нөмірленген. Қалаған балықтарды таңдап, балықтардың артында не жасырылғанын көрейік. Осы сабақ барысында дұрыс жауап берген сұрақтарға, орындалған тапсырмаларға 1 теңіз жұлдызынан беріліп отырады. )

  1. Балықтардың иіс мүшесі қай жерде орналасқан? (Басының екі жағында және мұрнымен жалғасқан қос түтікпен ұласады)

  2. Сазанның дәм сезу мүшесі қайда орналасқан? (Терісінің сыртында)

  3. Жайын мен лақаның дәм сезу мүшесі қайда орналасқан?(Мұртында және еріндерінің үстінде)

  4. Балықтардың сырттан келлген тербелісті сезу мүшесі? (Бүйір сызық)

  5. Иіс сезімі өте жақсы дамыған балықтарды ата? (Жыланбалық, акула)

  6. Иіс сезімі нашар дамыған балықтарды ата?(Шортан, алабұға, ақмарқа)

ІІІ. Жаңа сабақ

Shape1





















Shape2

























Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең көп тараған түрі – балықтар. Балықтар әлемі өте бай да сан алуан. Олар мұхит, теңіз, бұлақ, су қоймалары, тіпті үңгірлерде тіршілік етеді. Бұлардың шамамен төрттен үш бөлігі теңіз суларын мекендейді. «Балықтың жаны суда» деген халық даналығы соның айғағы. Балықтардың берері көп тамақ та, дәрі де, жануарлар үшін азық та, тыңайтқыш та және жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат та осы балық өнімі. Балықтардың барлығы суда тіршілік еткенімен , іс әрекеттері әртүрлі. Көлемі тіршілік ететін ортасы, сыртқы пішіні бір-біріне ұқсамайтын балықтар көп кездеседі. Мысалы, бірінің тұмсығы араға ұқсас болса,бірі шахмат атына ұқсайтын кішкене балық тірі организмнен гөрі ойыншыққа көбірек ұқсайды, келесі бірінің дене формасы шар тәрізді болып келген балық шырша ойыншығына ұқсаған қатты қағаздан жасалған ай бейнесін елестетедіі. Дене формалары инемен қапталған кірпіге ұқсас келсе,жапыраққа ұқсас балықтар да , көбелекке ұқсаған қанатшалары бар балықтар да кездеседі. Балықтар шеміршекті және сүйекті балықтар деп 2 класқа бөлінеді. Шеміршекті балықтардың қаңқасы тек шеміршектен құралған. Шеміршекті балықтардың көпшілігі тек теңізде таралған. Оларға акулалар мен скаттар отрядының өкілдері жатады. Шеміршекті балықтардың ата тегі силур дәуірінде тіршілік еткен. Жүз миллиондаған жыл бұрынғы қалпын сақтап, пішіні айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған көне дүниенің тірі куәсі – акула. Мысалы, қазіргі акуланың бұдан шамамен 300 млн жыл бұрын тіршілік еткен акуладан айырмашылығы жоқ. Акула жүзгенде ешқандай қиналмастан қуатты құйрығымен су сабалап, сәнді де қаһарлы түрде емін-еркін қозғалады, пышақтай өткір тістері орналасқан мықты жақтары, аузын ашқандар қатар түзеп, айбар береді. Мұхитта акуланың көптеген түрлері мекендейді: көк, ақ, рифтік, алты желбезекті, теңіз түлкісі, ала мысықты,полярлыжәнет.б. Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000 нан астам түрі белгілі. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас, кеуде және құйрық бөлімдерінен құралған. Жүзу қанаттарымен қозғалып, желбезекпен тыныс алады. Терісі жалпақ әрі ірі қабыршақпен қапталған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтардың жасын ажыратуға болады.Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер көп. Сүйекті балықтарда ерекше үше – торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуге жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Бекірелердің кәсіптің мәні зор. Еті дәмді, қара уылдырығы қымбат бағаланады. Сондықтан да халқымыз «балық патшасы - бекіре» деп атайды. Каспий теңізінде кездеседі. Олар уылдырық шашу үшін Еділ, Жайық өзендеріне көтеріліп өрістейді. Ондай балықтарды өрістегіш балықтар деп атайды. «Бекіренің бал татыған еті», «бекіренің бес кеспесі»-деген сөздер бекіре балығының етінің құндылығын аңғартады. Бекіре балықтарының бір тобы – тасбекірелер. Қазақстанда кездесетін сырдария тасбекіресі мен пілмай сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

Жайын тұщы суда болатын жыртқыш балықтың ең ірісі. Ірілігі сондай, ұзындығы 3 метрден 5 метрге дейін, салмағы 80 кг-нан 350 кг-ға дейін жеткендері болады. Жайын түрі ұсқынсыз балық. Тұла бойында түк қабыршақ жоқ, жап-жалаңаш денесінің сырты жабысқы шырыш, топал басы қара қазандай, аузы үңірейген. Тұмсығының екі жағында жуан құртқа ұқсаған екі мұрты жиырылып – созылып жаман әсер қалдырады.

Сары алтындай жалтыраған сары сазан қандай сұлу балық болса, азықтық қасиеті де сондай жоғары, бағалы балық. Тұқы тұқымдасына жатады. Республикамыздың барлық аймақтарында кең тараған. Оның үстіне басқа балықтар төзе алмайтын, лайлы, балдырлы, оттегі жетімсіз суларда да емін еркін өмір сүреді. 3 жасында уылдырық шашады.

Қомағайлығы шортаннан кем емес, нағыз жыртқыш балықтардың бірі – алабұға. Өзі мекендеген жердің түсіне қарай өңін өзгертіп отырады. Мысалы, түбі лайлы, жай ағатын өзендер мен көлдердің алабұғасы қоңырқай, қанаттары қызғылт, ал ағын сулардағы алабұға ашық жасыл түсті, қанаттары сары қызыл болып келеді.

Камбала денесі түйенің табаны сияқты, көздері басының бір жағында орналасқан балық. Торсылдағы болмайды.

Балықтарда дара жынысты және қос жыныстылық сирек кездеседі. Теңіз алабұғасы ғана қос жынысты. Аталықтарының да аналықтарының да екі екіден жыныс бездері бар. Аталық безден бөлінген сұйықтық шовал деп аталады., оның құрамында көп мөлшерде аталық жыныс жасушасы – сперматозойдтар болады. Аналық балықта уылдырық деп аталатын майда жұмыртқа жасушалар жетіледі. Ұрықтанған уылдырықтан бірте бірте дернәсіл, одан шабақ өсіп жетіледі.Кейбір балықтар уылдырықты бірден шашпай, бөліп-бөліп салады, бұл ұрпақтың сақталып қалуына өзінше мүмкіндік жасайды. Уылдырықты қайда, қай жерге қалай салғаны да нәтижесіз болмайды. Мысалы, кекіре балығы уылдырығын қос жақтаулы моллюска – айқұлақтың бақалшағына салады. Мұндай орынға салған уылдырықты кез-келген жәндік тауып жей алмайды. Балықтар мұхиттарда, теңіздерде, өзендерде басқа да су айдындарында кездеседі. Әсіресе, теңіз жағалауының 200 метрге дейінгі қабаттарында көбірек таралған. Ондай жерлерге күн сәулесі мол түсіп, су өсімдіктері көп кездеседі. «Балдырлы көлде балық көп» деген сөз соны аңғартады. Тіршілік үшін күрес табиғаттың негізгі заңы. Бұл заңға балықтар да бағынады. Жауынан қорғану үшін немесе қорегін аулау үшін балықтардың реңінің, олардың жақсы жасырына алу қабілетінің болуы – маңызды мәселе.







Shape3















Алдымен балықтың ең үлкен жауы – сүтқоректілер. Теңізде тіршілік ететін сүтқоректілердің алыбы - кит. Киттердің тең жартысы планктонмен, ал қалғандары шабақ балықтарымен қоректенеді.Балықтармен құстар да қоректенеді. Бұлар су үстінде қалықтап ұшып жүріп, балықты көргенде бірден төмен қарай құлдырай шүйіледі де балықтың мөлшеріне қарай кейде екі, кейде бір аяғымен балықты судан алып шығады. Балықтарға жыландар да өш. Әсіресе, сарыбас жыланда , теңіздің балық аулағыш жыландары тек балық аулаумен ғана шұғылданады. Паразит балықтар балықтың қанын бүлдіріп, желбезегіне миына еніп кетеді. Балықтың жауы – балықтың өзі. Сазан тек өсімдік текті азықтармен және моллюскалармен қоректенеді. Ал азықтық заттар жетіспегенде балық жеуден де тайынбайды. Тамыры жоқ, су бетінде қалқып жүретін өсімдіктің бірі – дүңгіршек деп аталады. Өсімдіктің сары түсті гүлі бар сабағы су бетінде қалқып жүреді де, тілім-тілім жапырақтары болады. Осы жапырақтары ұшы кішкене көпіршік түзеді де көпіршік ішіне қарай саңылау ашылатын қақпақша бар. Ал көпіршік төңірегінде балық шабағын еліктіретін түкшелер болады. Түкшелер қимылдаған кезде шаянға ұқсап шабақтарды еліктіреді. Шабақтар осы шаяндарды олжалаймын дегенде дәл осы сәтте көпіршік қақпақшасы жабылып қалады. Шабақтар өсімдік жеміне айналады.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту, қорытындылау.

«Су маржаны поштасы» ойыны. (Оқушыларға тапсырма. Ішінде сұрағы бар хаттарға жауап беру)

1.Ашық хат

Бірде, Еділдің Каспийге құяр сағасынан балық аулап отырып,280 кг тартатын ұсқынсыз балықты кезіктірдім. Бұл балықтың тұла бойында түк қабыршақ жоқ, тұмсығының екі жағында құртқа ұқсаған 2 мұрты бар, жыртқыш балық екен. Бұл қандай балық?

Сәлеммен: Балықшы

Жауабы: Жайын

2.Ашық хат

Мен балықтарды суретке түсіргенді ұнатамын, олар сондай әдемі! Мен сіздерге жолдап отырған балықтардың атын атап беріңіздер. (Балықтардың суреттері беріледі)

Салеммен: фотограф

Жауабы: әтеш балық, ат балық, сайқымазақ балық.

3. Ашық хат

Құрметті №42 топ “Балық өңдеуші” мамандығы оқушылары! Лицейіміздің бүгінгі түскі ас мәзірінде “Қуырылған балық” екен. Бізге әкелінген балықтың денесі – жалпақ, көздері – басының 1 жағында орналасқан. Денесінің 1 жағы – ақ, екінші жағы –қара түсті. Ең қызығы ішкі мүшесін сойып қарасақ, торсылдағы жоқ екен. Бұл қандай балық?

Сәлеммен: Бас аспазшы Майта апайларың!

Жауабы: Камбала

4. Ашық хат

Мына бір балықтың денесін теңбіл басыпты. Тері аурулары дәрігеріне жіберіп едік диагнозын таппай отыр. Осы балықтың атын атап берсеңіздер.

Сәлеммен: Дәрігер

Жауабы: Алабұға

5. Ашық хат

Біз №55 1 курс “ЭЕМ операторы” мамандығының оқушылары. Сабақта интернеттен жаңалықтар іздеп отырған кезде, дүние жүзін дүр сілкіндірген жаңалық тауып алдық. Жаңалықтың басты кейіпкері “адам жегіш балық ” деген атпен жарияланған. Бұл қандай балық?

Сәлеммен: 1курс №55 топ оқушылары

Жауабы: Акула

6. Ашық хат

Каспий теңізі балықтарының патшасы алда келе жатқан 8 наурыз мерекесіне байланысты теңіздегі балықтарды құттықтау үшін мерекелік кешке костюм тіктірмекші. Тігіншілер бұл балықтың өлшемін ала алмай әлекте. Себебі балықтың арқасында тікенді жоны бар екен. Бұл қандай балық?

Сәлеммен: 1 курс №54 топ тігіншілері

Жауабы: Бекіре

V. Оқушыларды бағалау Үйге тапсырма.

- «Жалпы балықтардың биологиясы» оқып келу.

- «Тілі бар халық – халық, тілі жоқ халық - балық» тақырыбында шығарма жазу.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!