400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Жалпы ұлттық Мәңгілік ел идеясын таратудағы сынып жетекшісінің алатын орны (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған дайын эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Үстірт жалпы білім беретін мектеп» КММ









Жалпы ұлттық Мәңгілік ел идеясын таратудағы сынып жетекшісінің алатын орны

(эссе)









Мұғалімнің аты-жөні: Имашова Зайда



















2022 – 2023 оқу жылы

Жалпы ұлттық Мәңгілік ел идеясын таратудағы сынып жетекшісінің алатын орны

Мәңгілік Ел идеясының түп-төркіні тереңде жатқанын бәріміз білеміз. Ел есімінің тарих қойнауынан өшпестей болып орын алуы қашаннан халықтың арманы еді ғой. Оның тамыры сонау Орхон-Енисей жазбаларынан басталады. Күлтегін ескерткішінде Мәңгілік ел орнату жолында жан берген түркі жұртының шежіресі сөз болады. Бұл идеяның мақсаты өткенімізден сабақ алу, болашағымызды баянды ету болған. Осындай мәңгілікке ұмтылған, арман-мақсаттары биік ұрпақтың бойына құндылықтарды сіңіретін сынып жетекшісінің ролі ерекше деп ойлаймын. Ол - оқушының идеалы, рухани тәрбие беруші, мәдениетке шақырушы тұлға. Ол жас буынды бірлікке, ынтымаққа бағыттау мақсатында жұмыс істейді. Өйткені ел мәңгі жасауы үшін білімді де саналы ұрпақ керек. Осы орайда сынып жетекшісі қандай қызмет атқара алады? Соларға тоқталып көрейін.

Біріншіден, ұрпағы бақытты елге айналу қадамын кішкентай Отаннан бастаған дұрыс. Өйткені ынтымақта өмір сүруді сыныпта үйреткенде, оқушылар күштің бірлікте екенін сезінеді. Жан-жақтан келген оқушыларымды біріктіріп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруды назарда ұстаймын. Сол мақсатта жобалар, конференцияларды жиі өткіземін. «Бірлігі ел мықты» тақырыбында жасаған топтық жобалар мені таңғалдырды. Сол себепті оқуда, өнерде болсын алдыңғы қатардан көрініп жүрміз. Сондықтан елдің бірлігін нығайтуды үйрету шағын ұйымдардың ынтымағынан бастау алу керек деп ойлаймын.

Екіншіден, халықтың біртұтастығын сақтауды биік мақсат еткен батырлар, билер, хандардың ұлы армандарын, сөздерін зерделеу үшін арнайы «Көсемсөз шеберханасын» аштым. Меніңше, «Күлтегін» жырынан бастап, жыраулар поэзиясымен қоса, ұлы Абайдың өлеңдері мен Алаш қайраткерлері қозғаған бірлік тақырыбы жас ұрпақтың рухын оятады. Сынып жетекші ретінде шеберханадағы әр ойды «Мәңгілік ел» идеясымен байланыстыруға бағыт бергенімді оң шешім деп қабылдадым. Нәтижесінде, оқушылардың жасаған электронды кітапшалары мектеп кітапханасынан өз орнын алатын болады. Міне, оқушылармен бірлесе жасап шыққан өніміміз арқылы осылайша қоғамға пайдалы болуды көздедік.

Үшіншіден, шәкірттерді ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге тәрбиелеу – міндетім. Менің ойымша, құндылық сөзінің мәнін тереңірек түсіндіріп, бойларына дарыта білсем, бақытты ел болуға өз үлесімді қосқаным деп есептеймін. Неге десеңіз елдің өміршең болуы тіліміз, салт-дәстүріміз, жеріміз, рухани жан-дүниемізге байланысты емес пе? Осы құндылықтар шәкірттерімнің өмірлерінің бір бөлшегіне айналу керек. Сол бағытта жұмыс жасап жатырмын. Сондықтан ұлттық құндылығымызды ұлықтайтын, қоғамға үлес қосатын тұлғалар дайындап шығатыныма сенемін.

Қорыта келе, шәкірттеріме Мәңгілік ел идеясын тарату бағытында бірлік, ынтымақтастық мәселелеріне мән беретіндігімді айтқым келеді. Сондай-ақ, түрлі тәрбиелік шараларда ұлы бабалардан қалған рухани мұраларды пайдалануды жөн санаймын. Аталған идеяны насихаттаудағы сынып жетекшісінің атқаратын қызметі зор.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 желтоқсан
291
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі