Жалпыадамзаттық құндылықтар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалпыадамзаттық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп «Шорнақ» Мерзiм____№ 1сабақ_

Тақырып: Жалпыадамзаттық құндылықтарды зерделеймыз.

Құндылық:Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Сапарова Г

Сынып: 3 «А»

Сабақ мақсаты:.

Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және

өмірде қолдана білуге үйрету.

Міндеттері:

Білімділік:Балаларға «өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;

Дамытушылық: Өзінің,өзгелердің, адамгершілік құндылықтарын

танып білуге қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: сыйластыққа,кішіпейілдікке,ізгілікке тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап,ойын,дискуссия

Көрнекі құралдар : үнтаспа,қармақ,алтын балық.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

2.Тыныштық сәтi.

Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп.жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жекізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.

3. Ойын-жаттығу. Өзін-өзін тану сабағын жақсы көңіл-күймен бастау және оқушылардың бір-біріне сыйластық қарым-қатынастарын арттыру мақсатында ойын-жаттығу жүргіземін.

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

«Өзін өзі тану-адамгершілік құндылықтардың негізі»деп тақтаға жазып,мәніне тереңірек тоқтау. Дансаулық болса адам бақытты.Өмірдегі бар қажеттіліктің ,арман-мақсаттың орындалуына талаптану арқылы ғана жетуге болады.Дәйексөзді дәптерлеріне жаздырамын.


5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Әңгімелесу кезінде оқушылар 2-сыныпта үйренген жақсы қасиеттерін, жазғы демалыс кезіндегі жақсылық істерін естеріне түсіріп айтып береді.


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

М.Төрежановтың «Алтын балық»әңгімесін кідіріспен әңгімелей отырып,ондағы әр-бір ойларға байланысты балалардың пікірлерін тыңдаймын.

Дәптермен жұмыс

Өзін өзі танудан не үйренгілерің келетінін дәптерде берілген алтын балықтан сұрап,сол тілектерді бос жолға жазу.


7.Топпен ән айту.

Жазғы демалыстан келген балаларды бір-бірімен жақындастыра түсу үшін сабақты «Жас ұландар»әнімен аяқтаймыз.


8.Үй тапсырмасы.

Оқушылардың алдыңғы сыныпта алған білімдерін естеріне түсіріп әңгімелету мақсатында оқулықта берілген суреттерге қарап,

«Өзін-өзі танудан үйренемін»тақырыбында әңгімелеу тапсырамын.


9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып,

бүгінгі сабақты қорытындылау. Балалар сендер қайырымды,сыйлы болдыңдар отан қорғайтын азамат болатындарыңа сенемін.Өмірді танып білу арқылы бабалардың

өсиет сөздерін халықтар бірлігі тыныштығы еңбек жемісі табиғатқа қамқорлық денсаулық сақтауды нығайту туралы білімдерін оқып үйрендіңдер.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
455
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі