Материалдар / «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасындағы тәрбиенің көзі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасындағы тәрбиенің көзі»

Материал туралы қысқаша түсінік
отбасы тәрбиесі туралы мұғалімдерге хабардар ету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қырқүйек 2018
458
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-аналарға арналған жиналыстың жоспары


Мектеп: №30 мектеп-гимназиясы

Мерзімі: 17.05.2018 ж

Мұғалімдер: Сисенова Светлана Табылдиевна, Жаңбырбайқызы Айгерім

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасындағы тәрбиенің көзі».

Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік беріп, бала тәрбиесінде қолдану.

Міндеттері:

  1. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастыру.

  2. «Өзін – өзі тану» пәні арқылы жетілген мінез-құлықты адамның қалыптасатындығын түсіндіру.

  3. Баланың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды бірлесе отырып, жарыққа шығарта білу керектігін түсіндіру.

Ресурстары: (слайд,плакаттар,видео)


1.«Сіздер білесіздер және білмейсіздер!» танысу жаттығуы

2. Топқа бөлу: «Молекула» ойыны. Ойын шарты бойынша ата- аналарды топқа бөлеміз.


Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға да тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға да бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, достарыңызға, мұғалімдеріңізге,таныстарың- ызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарыңызға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның түкпір-түкпіріне Нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашыңыз, күлімсіреңіз. Рахмет!


Жоспары:

1. “Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері.

2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері (бес құндылық).

3. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, міндеттері.(видеоролик көрсету)


Талдау



1.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері.

Өмірдің өкінбейтін бар айласы,

Ол айла – қиянатсыз ой тазасы.

Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек,

Таза жүрек , тату дос – сол шарасы

Қ.Шәкәрім

- Өлең шумақтарын қалай түсінесіздер?

- Таза жүрек дегеніміз?

- Жүрегі таза адам қандай әрекет жасайды?

Гадецкий «Сыртқы дүниенің көптігі сонша…»

Әдемі үйлеріміз көп, бірақ іші бос.

Жағдайымыз бар, бірақ уақытымыз жоқ.

Жоғары дәрежелі ғалымдар көп, пайдасы жоқ.

Мамандардың саны бар да, сапасы жоқ.

Дәрі-дәрмек көп, денсаулық жоқ.

Айға да ұштық, бірақ көшенің арғы бетіне өтіп көршіміздің кім екенін білмейміз.

Ақпараттарды өңдеп, сақтайтын компьютерлер ойлап таптық, бірақ бір-бірімізбен сөйлесетін уақытымыз жоқ.Тез тамақ ішеміз, бірақ ол бойымызға толығымен сіңбейді.

«Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек» деп Сократ айтқандай бала көзін ашқаннан бері жан-жағындағы барлық жаратылыстың адамға қызмет етіп тұрғанын және айналасындағы әр түрлі ғажайып істердің атқарылып жатқанын таза жүрекпен, кірленбеген ар-ожданмен сезінуі тәрбие бастауының дұрыстығынан. Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адам баласы өзінің таза жүрегінде, бұзылмаған ар-ожданына бір сәт назар аударса, оның бастауы тәрбиеге деген бейімділік екенін ұғады.

Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.күнделікті өмірде тыныштық, жауап кершілік,үйлесімділік,шыдамдылық,жанашырлықжетіспейді.Адамзаттың бұл жаһанданудың басты мәселесі.Неге әлемде экологиялық төнкерістер, әлеуметтік-нарықтық дағдарыстар, суицидттер, нашақорлық, маскүнемдік, ұлтаралық қақтығыстар, террористік шабуылдар болып жатыр? Осының барлығы адамдардың рухани –адамгершілік құндылықтарының жоғалтуының зардабы. Сондықтанда әр азамат рухани кемелденуі қажет.Әр адам өзінен бастау керек. Ең бірінші адамның жан дүниесі өзгеруі керек.


2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері (бес құндылық).

Барлық жалпыадамзаттық құндылықтар бір адамдықтың қыры. Дұрыс әрекет – бұл іс – әрекеттегеі сүйіспеншілік, сүйіспеншілік барлық құндылықтар арқылы өтеді.

Іс – әрекеттегі сүйіспеншілік – дұрыс әрекет.

Сезімдегі сүйіспеншілік – ішкі тыныштық.

Ойдағы, сөздегі сүйіспеншілік – қиянат жасамау.

Ақиқат – бұл өзгермейтін өмірдің негізгі қағидасы: барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, бірыңғай мән. Ол уақытқа: өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес.

Дұрыс әрекет – бұл борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар – ұждан дауысына сәйкес мінез – құлық.

Сүйіспеншілік – бұл таза, риясыз және сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат, таусылмайтын күннің нұрындай.

Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты.

Қиянат жасамау – ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау.

Белгілі педагог С.Соловейчик келтірілген статистика бойынша ата-аналар баласының тәрбиесіне күніне он жеті минут қана арнайды екен.

Осы он жеті минутта қандай тәрбие бере аламыз?


3. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, міндеттері.

Баланың бас ұстазы –ата-ана. Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Бала дүниеге келген бастап, ата-ананың ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Бала-ата-насының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет.

«Отбасы адамның өте маңызды , өте жауапты ісі. Отбасы бақыт әкеледі,өмірді кемеліне келтіреді, бірақ әрбір отбасы ең алдымен мемлекеттік маңызы бар зор іс болып табылады», - деп анықтама берген А.С Макаренко болатын.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Бала өміріндегі ананың рөлі. Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Ана – үйдің берекесі. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, "адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған"-деген құламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндеті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.

Бала өміріндегі әкенің рөлі. Әке отбасында ең басты орынды иеленеді.Әке–білімнің даналықтың, тәртіптің іске асырушысы.Әке- әйелін, балаларын қорғаушы, отбасының барлық мұқтаждығын өтуші, олардың денсаулығына, білім алуына кепілдік беретін адам. Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ең негізгі міндет дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. Бала тәрбиесінде барлығы өз шекарасынан шықпауы тиіс. Әркезеде сүйіспеншілік пен тәртіп болуы тиіс.

Видео: «Ата-ана мен бала»

Сұрақтар:

1. Видеороликтен не түсіндіңіздер?

2. Бала ата-ананың айнасы деген рас па?

3. Бұл ата-аналарда қандай құндылықтар аз деп ойлайсыздар?

(видеоролик көрсету)

















4. Шығармашылық жұмыс (2 топқа бөлу)

І топқа материалдық құндылықтар туралы ойларына кластер жасау.

ІІ топ рухани құндылықтар туралы ойларына кластер жасау.


5.Үйге тапсырма:

«Звездочки на земле» фильмін көру.


6. Топпен ән айту

Сәби болғым келеді

Сөзі: М.Мақатаев

Әні: Т.Рахимовтікі


Құс та болғым келмейді қанатым бар
Қанатым бар күмістен жаратылған

Сәби болғым келеді, сәби болғым
Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған


Тар бесігі кең жаһан тарылмаған
Біреуге бар біреуге табылмаған

Сәби болғым келеді сәби болғым
Ана сүті аузынан арылмаған
Сәби болғым келеді-ay сәби болғым
Ана сүті аузынан арылмаған


Отта болғым келмейді жылуым бар
Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар

Сәби болғым келеді, сәби болғым
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда


Қанат қағып өмірге ұшарымда
Кесілмесе бәрібір тұсауым да

Сәби болғым келеді, сәби болғым
Сәбиі жоқ ананың құшағында
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Сәбиі жоқ ананың құшағында


Жиналыстың қорытынды сәті:

Бүгінгі жиналыстан алған әсерлеріңізді стикерге жазамыз.

Барлық ізгілікті қасиеттер мен іс - әрекеттерді жүректеріңізге түйіп, сүйіспеншілікке толы нұр әлеміне айналыңыз..

Бүгінгі керемет жиналыс үшін сіздерге көп рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!