ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МОТИВТЕРІ.
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез-келгеніне икемділік пен шыдамдылық қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет ететін дүние». (Жүсіпбек Аймауытов)
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдаған «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Мемлекеттің басты міндеті халық үшін шешім шығару емес, өскелең жас ұрпаққа құндылықтардың жаңа жүйесін бойына сіңіруге және мемлекеттің дамуына, болашағын қалыптастыруға жол ашу» қажет екендігін мықтап көрсеткен болатын. Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдауы оңай жұмыс емес. Осы себептен әр мектептің алдында оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру және болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету міндеттері тұр.
Бүгінгі күнде қоғамның алға қойған негізгі мақсат міндеттерінің бірі бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі дамыған кезеңде ғылым саласында, кәсіби іс-әрекет пен мамандық таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастырудың әдіснамалық және теориялық өңдеулерін жүзеге асыру оңды сұрақтардың бірі.
Қазіргі қоғамда жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби іс-әрекеттері мен мамандық таңдауға саналы түрде дайындығының ішкі субьективті факторын зерттеу қажеттілігі психология ғылымы үшін әрдайым маңыздылығы жоғары болып табылады. Дегенмен, кәсіби бағдарлану жүйесінің білім беру сферасында жетіспей тұрған тұстарының бірі, оқушылардың ішкі әлемін, олардың қызығушылықтарын, мамандық таңдауға деген психологиялық дайындықтарын зерттеу әлі күнге дейін өзінің нақты жаубын таппай тұр.
Оқушылардың мамандық таңдаудағы негізгі себептерін алғашқылардың бірі болып зерттеген Петербург университетінің профессоры Н.И. Кареев болды. Н.И. Кареев өзінің зерттеу жұмыстарында жастардың мамандық таңдаудағы түсініктерінің төмен екендігін, және олар болашақ мамандықтарын айналасындағы адамдардың ықпалымен таңдайтындығын көрсеткен. Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдау себептерін жан-жақты зерттеген Н.А. Рыбников болды. Ол мамандық таңдау себептерін дифференциалды тұрғыда қарастырды. Яғни, жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ата-анасының мамандығына байланысты деп қарастырды.
Жалпы білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағыт бағдар беру, оқушылардың ой-өрісінің қалыптасуына, жаңа тәжірибелерді игеруге ықпал етеді. Оқушының мамандық таңдауына кәсіби бағдар беруде әрбір оқушының психофизиологиялық және жеке қасиеттері мен мамандық таңдаудағы басты себептері назардан тыс қалмауы қажет.
Жеке тұлғаның қабілеттерімен бағаланатын өмірдің әдістері, бағдарламалары мен нақты мақсаттары тұлға мотивтерінің негізгі жүйесі болып табылады. Ерекше беделді қабылдау негізінде мақсатты қолдаудың құпия эффектісі өзі туралы «күрделі жүйені» ойға салатын мотивациялық саланың қалыптасуымен тікелей байланысты.
Л.Н. Божович жоғарғы сынып оқушыларының білімі мен олардың оқу процесін әлеуметтік мотивтерін зерттеуін қорытындылауы қажеттіліктерді теориялық тұрғыда түсіну мен мотивтердің дамуына қатысты кейбір жүйелерді алға тартады. Белгілі бір әрекетке деген талпыныс қажеттіліктерден туындайды. Ал оны қанағаттандыруға ниетті обьекті қызметінің мінезі мен негізгі бағытын анықтайды.
Сыртқы обьектілер жеке тұлғаның белсенділігін ынталандырады. Обьектілердің өзгеруіне байланысты қажеттіліктердің даму мазмұны дамудың негізгі көрсеткіштері болып табылады. Адаммен қойылған мақсаттар, осы бойынша қабылданған саналы түрдегі шешімдер адамның тәртібінде көрініс табуы шарт.
Мотивациялық саланың иерархиялық құрылысы жеке тұлғаның бағытын анықтайды. Жоғарғы сынып оқушысының (9-11 сынып) тұрақты бағыты қалыптасады. Осы және басқа бағыттың болуы жасөспірімнің жалпы тұлға ретінде қалыптасуында маңызды орын алады. Бұл оның тұлғасындағы адамгершілік жағын, сонымен қатар оның тәртібі мен қызметіндегі ерекшеліктер жүйесін анықтайды.
Мотивтер адами болмыстың ерекше қоздырғышын танытады. Сыртқы әлем, олар туралы негізгі көзқарастар, ойлар мен сезімдер, жан құбылыстары мотивтер ретінде болуы мүмкін.
Моральдік сезім күйлер, саналы түрде қойылған мақсаттар, қалыптасқан ниет, адам тәртібінің типтік мотивтері болып есептелінеді. Мұндай мотивтер мақсат, міндет сияқты қажеттіліктер есебінен өзінің қоздырғыш күшін табады.
Адам тәртібінде екі өзара байланысқан жүйе бар. Олар: қоздыру және реттеу. Қоздыру – тәртіптің белсенділігі мен бағыттылығын қамтамасыз етеді. Ал реттеу оның басынан аяғына дейін қалыптасуына жауап береді. Қабылдау, сезу, жады, назар, қабілет, ойлау, темперамент, эмоциялар, мінез – осылардың барлығы тәртіптің реттелуін қамтамасыз етеді.
Ынталандыру және қоздыруға тоқталатын болсақ, мотив пен мотивация түсінігімен байланысты. Бұл түсініктер жүйесі өздеріне адамдарда бар қажеттіліктер мен мүдделер, мақсаттар мен ниеттер, ұмтылыстар туралы көзқарастарды қарастырады.
«Мотивация» терминінің мәні «мотив» терминіне қарағанда ауқымдырақ.
Мотивация – адамның тәртібін, бастауын, бағыт бағдары мен белсенділігін түсіндіретін, психологиялық мінездер мен себептердің жиынтығы. Тәртіптің басқа да нысаны ішкі және сыртқы себептерімен түсіндіріледі. Бірінші жағдайда субьект тәртібінің психологиялық сипатының негізінде бастапқы және соңғы түсінігі ретінде болады. Ал екінші жағдайда сыртқы жағдайлар мен оның қызметінің міндеттері қарастырылады.
Бірінші жағдайда мотивтер, қажеттіліктер, мақсаттар мен ынталар, ниеттер мен мүдделер және тағыда басқа жағдайлар, ал екінші жағдайда қалыптасқан жағдайдан туындаған стимулдар туралы айтылады.
Мотивация нақты мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттің басты бағытын, жалпы қызметтің тұрақтылығы мен ұйымдастырушылық қабілетін түсіндіреді. Мотив мотивацияға қарағанда тәртіптің субьектісіне жатады. Мотив адамның тәртібін анықтайтын ішкі психологиялық тәртіпті жалпылама көрсететін түсінік ретінде қарастыруға болады. Қажеттілік түсінігі осылардың ішіндегі ең маңыздысы болып есептеледі. Нақты жағдайда қажеттілік организмді белсендірек етеді, ізденіске бағытталған тәртібін ынталандырады, сонымен қатар, жеке психологиялық үрдістер мен органның жоғары қозу жағдайына әкеліп соғады.
Адамның мотивациялық түсінігі қажеттіліктен кейінгісі – мақсат. Қажеттілікті белсендірек ету қызметіне байланысты, сол уақыттағы іс-әрекетке бағытталған тікелей нәтежиені мақсат деп айтады. Адамның тәртібінің мотивациясы саналы және саналы емес деп екіге бөлінеді. Бұл адамдардың тәртібін басқаратын қажеттіліктер мен мақсаттарға тікелей байланысты.
Жоғарғы сынып оқушысы үшін мамандық таңдау – өз кезегінде моральді мәселе. Таңдау аясы кең болған сайын психологиялық тұрғыда күрделі болып келеді.
Кәсіби өзіндік анықтау – көп қырлы.
Біріншіден, қоғамның дамуы мен қалыптасуындағы тұлға алдында қоятын міндеттер сериясы.
Екіншіден, қабылданған шешімдердің үрдісі.
Үшіншіден, өмірдің жеке стильінің қалыптасу үрдісі.
Жас ерекшелік психологиясы бойынша (И.С. Кон) кәсіби өзіндік анықталу кезеңдерге бөлінеді.
Бірінші кезең – балалық ойын кезеңі. Бала әр түрлі кәсіби рөлдерді өзіне қабылдап, сол мамандыққа қатысты элементтерді ойнап көрсетеді.
Екінші кезең – жеткіншектік қиял кезеңі, бұл жағдайда жеткіншек өзіне ұнайтын мамандықты таңдап, сол мамандықтың иесімін деп армандайды.
Үшінші кезеңге барлық жасөспірім шақтағы жастардың барлығы жатады. Бұл кезең мамандықты алдын-ала таңдау кезеңі. Мамандықтың әр түрі ең алдымен жасөспірім қызығушылығына, оның қабілеттіліктерінің көзқарасына, және құндылықтар жүйесінің көзқарасына сүйене отырып іріктелінеді. Пәнге деген қызығушылық оны осы пәнді оқуға ынталандырады.
Төртінші кезең – тәжірибе жүзінде шешім қабылдай алу. Мамандықты өзі таңдау. Бұл кезең екі басты компоненттен құралған олар: болашақ мамандығының біліктілік деңгейін, көлемін және соған сәйкес келетін даярлықтың уақытын анықтау және мамандықты таңдау.
Мамандық таңдау бірнеше сатыдан өтумен сипатталады. 9 сыныптың соңында оқушы үш әлеуметтік бағыт бойынша таңдау жасауға тура келеді. Олар: жалпы білім, кәсіби білім және жұмыс. Қызығушылықтар, қабілеттер және құндылықтардан басқа шешім қабылдауда өзіндік мүмкіншіліктерін, отбасының әлеуметтік-материалдық жағдайын, оқуға дайындалу деңгейін, денсаулық жағдайын әділ бағалау маңызды. Мамандық таңдау барысында оқушы екі түрлі ақпараттан хабардар болуы қажет. Мамандықтар жайлы жалпылама түсінік және олардың мүмкіндіктері мен талаптары. Қазіргі күнде өкінішке орай жоғары сынып оқушылары бұл негізгі ақпараттың екеуіменде қаруланбаған. В.Н. Шубин өз еңбегінде: жасөспірімнің 17 жасында мамандық әлеміне деген қатынастар жүйесінің негізінде алынған тәжірибе бар – ата-анадан, достарынан, құрбы-құрдастарынан, оқулықтар мен кітаптардан алынған жайттармен тікелей байланыста болады. Бұл негізгі тәжірибе әдетте абстрактілі, іс жүзінде орындалмаған, қолданылмаған.
Болашақ мамандықты таңдау негізі – тұлғаның мотивациялық қажеттілік саласының негізі ретінде ішкі факторларды интерпрезациялау нәтежиесінде туындайтын психологиялық белсенділік.
Мамандық таңдау туралы мәселе бойынша бірқатар психологиялық себептер бар. Мамандық таңдау – болашақта қалай өмір сүремін және өз өмірімді қалай тиімді қалыптастырамын деген сұраққа жауап береді.
Жасөспірімдердің мамандық таңдауда өзіндік анықталуына ықпал ететін күштер бойынша бірінші кезекте достық қатынастар тұрады.
Екінші кезекте бұқаралық ақпарат құралдары (газет, кітап, телебағдарламалар)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жалпыадамзаттық құндылықтар адамгершілік қасиеттердің негізгі тірегі

шағым қалдыра аласыз