Материалдар / Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өзін-өзі жетілдіру

Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өзін-өзі жетілдіру

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1100
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Раздольный жалпы білім беретін орта мектеп» КММ













Облыстық семинардың негізгі тақырыптық бағыты:

Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде

тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі















Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ахметжанова Замзагуль Талгатовна



Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде

тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі



«Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді.

«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!» (3 слайд)

С.А.Назарбаева 

деп айтқандай жүректен жүрекке жеткен сөз біздің болашағымызға, жас ұрпағымызға үлкен үлесі тиері сөзсіз.


Жалпыадамзаттық құндылықтар мақсаты адамгершілік мұраларды, рухани ағартушылық қасиеттерді қазіргі жеткіншектердің меншігіне айналдыру, ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен тәжірибелерін үйрену, ұлттық рухымызды, жеке тұлғаның бойына имандылық нұрын ұялатуға, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету.

Жалпыадамзаттық құндылықтар міндеті жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне риясыз сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлғаны тәрбиелеу.


Жалпыадамзаттық құндылықтар негізгі қағидасы болып жан тыныштығы, дұрыс іс- әрекет, қиянат жасамау, ақиқат, сүйіспеншілік табылады:

1.СҮЙІСПЕНШІЛІК

Сүйіспеншілік – бұл «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының қағидасы, құралы, шарты, мазмұны, үдерісі, мақсаты мен міндеттері деп саналады,

дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия.

Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар. деп айтқандай Абай Құнанбаев, сыныптармен төмендегідей жұмыстар жүргізілді.

«Өзіңді тану – өмірді тану» 9 сынып оқушыларымен өмірге деген көз қарасын, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ортаға салып жылы лебіздерін білдірді.

«Махаббат – өмір нәрі» атты сабақта 11 сыныптар өздерінің Отанға, туған жерге, ата-анасына, достарына, мектепке, мұғалімдеріне сүйіспеншілігін жүрек стикеріне жазып, постерге жабыстырып, өздерінің сезімдерін білдірді.

«Сүйіспеншілік – жолындағы өмір» сабағында өзімшіл сүйіспеншілік, құмарлық, өзара сүйіспеншіліктің таза, риясыз сүйіспеншіліктен айырмашылықтарын тауып, өз ойларын стикерге жазып «Даналық ағашына» ілді.

«Іздегенде табылатын қасынан» атты сабақта 8 сынып оқушылары құттықтау сөздерін буклетке жазып, пән мұғалімдеріне арнады.

Жарасымды қарым-қатынас арқылы оқушылардың бір-біріне деген сыйластығы.

Достар арасындағы рухани жақындық арқылы сынып ортасында жағымды қарым-қатынас орнату.

Дұрыс іс –әрекет – жүректен шығып, сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық. Осы құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту үшін бір шама жұмыстар жүргізілді.


  1. Ақиқат деп – адамның объективтік өмір шы

  2. ндығын дұрыс, дәл бейнелеуін, оны санаға өмірде қандай болса, сондай күйінде түсіруін айтады.

3. ДҰРЫС ӘРЕКЕТ

Дұрыс әрекет - жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс-жүзінде қолданылатын құндылық.

4. ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ

Адам ақиқатты, сүйіспеншілік пен дұрыс әрекет істегенде ғана жан тыныштығын табады.

5.ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ

Қиянат жасамау – басқаларға зиян келтірмей өмір сүру.


Осы құндылықтар арқылы тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі, өзіне сенімділік арттырып дұрыс іс-әрекет жасау, қоршаған ортаға қиянат жасамау, туған-туыстарын, достарын ақиқатқа талпындыру, әр уақытта жан тыныштығын сақтау және де әрбір өмірдің қуанышына, жалпыадамзаттың ішкі жан дүниесіне үңіліп, адамгершілік қасиетімізге сыйластықпен қарап сүйіспеншілік орнату. (4 слайд)

Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп  көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады. Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.  Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -  бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.  Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.



Жалпыадамзаттық құндылықтар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір - біріне етене еніп, адам руханияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.
Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.

«Өзін- өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз  тілін, өз  отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз.

Адам дұрыс жолды таңдай білуі үшін дұрыс жол —  ақиқатты дұрыс түсіну, дұрыс шешім—ақиқатқа сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер, дұрыс сөз — өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау, дұрыс іс-әрекет— ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу, дұрыс тұрмыс қалпы — адал еңбек етуді әдетке айналдыру, дұрыс күш жұмсау — құмарлықпен, жаман оймен күресу, дұрыс ой бағыты— дүниенің жалған, уақытша екенін түсіну.

Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың мүмкін.Бірақ қиындықтан қашып, өтіріктің жолына түсуге болмайды. Өтірік айтып, қиындықтан құтылуыңыз мүмкін, бірақ мезгілі келген кезде, сіз ауыр сынаққа кезігесіз.

Барлығы қарапайым, ақиқатты өзіңнен табуың керек, өзіңнен іздеуің керек, барлығы біртұтас, бөлінбейтін бүтін екенін түсінуің қажет. Тек бір-бірімізге қол созып, жақсылық пен әділеттілікті, мейірімділік пен сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен татулықты асқақтатуымыз керек.Дұрыс әрекет ақиқат жолын ұстау болып табылады.

Ішкі тыныштық дегеніміз - ол адамның рухани жан дүниесінің тыныштығы. Ал жан дүниенің тыныш болуы ол тікелей ақиқатқа, сүйіспеншілікке, дұрыс әрекетке және адамның ар-ұяты мен сеніміне байланысты. Мысалы өмірде  адамдардың көпшілігінің бойында  тыныштық жоқ. Себебі олар ақиқатқа жүгінбей өтірік айтуы, дұрыс әрекет жасаудың орнына өзіне және өзгелерге қиянат жасауы мүмкін, яғни ондай жағдайда адамға ар-ұяты маза бермейді.


Адам баласы дүниеге келіп, ес жиып, есейіп, оң мен солын айыра бастаған соң , ең алдымен бүкіл әлемді жаратқан құдіретті күштің иесі – Алла тағаланы барынша жан-тәнімен сүйіп, осы сүйіспеншілігімен өмірден өтуі керек. Жалпы сүйіспеншілік ұғымы – бүкіл жарық диниені сүю. 
Сүйіспеншілік – тіршіліктің тірегі.Риясыз сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп, көре бастайды. 
Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. 


   Қиянат жасамау әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу,ешкімді ренжітпеу,

Жан-жануарларға қамқорлық жасау, қауіпті заттармен ойна мау, топпен жұмыс істеу, бірлік. Басқа мәдениеттің құндылығын түсіну,  толеранттылық, ақжарқындылық, татулық. Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау,  қоршаған ортаны қорғау.

  Дін мен мәдениетті құрметтеу, оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу. Әлеуметтік, әділеттілік, жақсы азамат болу.


Сондықтан мектепте өзін-өзі тану пәні бойынша жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өзін-өзі жетілдіру үшін жүргізілген жұмыстар оқушылардың қарт адамдарға қол ұшын беріп, мектепшілік «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын жасап, көпбалалы, тұрмысы нашар отбасыларына көмек көрсетті. Сыныптан тыс тәрбие сағаттарын жүргізіліп, ашық сабақтар, ата-аналармен бірлесіп мерекелер өткізілді. Табиғатты қорғау, саябақта демалу, серуенге шығу, таза ауада қыдыру, жан тыныштығына баулу үшін көп жұмыстар атқарылуда.

Білекке сенген заманда,

Ешкімге есе бермедік.

Білімге сенер заманда

Қапы қалып жүрмелік


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ