жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жалпыұлттық педагогиканың қанат жаюы және Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер
Жалпыұлттық педагогиканың қанат жаюы және
Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер
Ақнұр Алпысбай Мейіржанқызы
Тараз қаласы, Әлихан Бөкейханов атындағы
№1 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
АННОТАЦИЯ
Бұл мақалада педагогиканың бір түрі жалпыұлттық педагогика жайлы, негізін қалаушы, ағартушы Ы.Алтынсарин жайында, оның ашқан мектептері, ағартушылық істері жайлы жазылған. Мақалада тың мәселелер қамтылған. Өзіндік пікірмен үйлескен мақала жаңашыл көзқарас айтылады.
АННОТАЦИЯ
В этой статье рассказывается об одном из видов педагогики-об общенациональной педагогике, об основателе, просветителе И. Алтынсарине, об открытых им школах, о просветительских делах. В статье освещены новые вопросы. Статья в сочетании с собственным мнением говорит о новаторском подходе.
ABSTRACT
This article tells about one of the types of pedagogy-about national pedagogy, about the founder, educator I. Altynsarin, about the schools he opened, about educational affairs. The article highlights new issues. The article, combined with his own opinion, speaks of an innovative approach.
Түйін сөздер: Мектеп, тіл, педагогика, жалпыұлттық, тәрбие, ұстаз, білім.
Ключевые слова: Школа, язык, педагогика, общенациональный, воспитание, учитель, образование.
Key words: School, language, pedagogy, nationwide, education, teacher, education.
«Мектеп – қазақтарға білім берудің басты тұтқасы.
Үміт – мектепте. Халықтың келешегі – мектеппен байланысты»
Ы. Алтынсарин
Жалпыұлттық педагогика дегенде есімізге педагогиканың атасы Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин еңбектері еске түседі. Сонау бастауы Сократтан, Аристотелден басталса да ұлттық педагогика өзімізден бастау алады.
Педагогика – тәрбие туралы ғылым болса, ол әр түрлі салаларға бөлініп кете береді. Этнопедагогика, халықтық педагогика деген секілді. Ал енді жалпыұлттық педагогиканы сөз етсек, бұл менің пікірімше – төл және ортақ педагогтардың еңбектерін айтып отыр. Баршаға ортақ педагогикада тәрбие негіздері, оқушы, жасөспірім тәрбиесі қандай болу керек, не нәрсеге жіті көңіл бөлуіміз керек соған тоқаталады. Әрбір ұлттың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы арқылы тәрбие беруге болады. Балаға немесе студентке бірнәрсені жасап көрсету арқылы үлгі болып, өзіңнің жүріс-тұрысың, киім киісің арқылы, мәдениетті сөйлеу, өзгемен жақсы қарым-қатынасың арқылы тәлім беруге болады. Осы жалпыұлттық педагогиканың дамуы ертеден ақ басталған. Яғни оның қанат жаюы ыбырай заманында басталды деп айта аламыз. Оқу тәрбие үрдісі, әдістері мен тәсілдері, бай педагогиканың түп атасы осы – Ыбырай атамыз. Мәселен, Ыбырай Алтынсарин атамыз қазақ балаларына арнап мектеп ашып, жастардың көкірегіне үміт отын жандыра білді. Әсіресе қазақ даласында бірінші болып қызбалаларға білім беруі, Ырғызда қыздарға арнап мектеп ашуы- ұлы ұстаздың нағыз тәлім-тәрбиеге үлес қосқаны. Жалпыұлттық педагогика дегенде Ы.Алтынсариннің тәрбие жұмысының ең озық әдістерін пайдалана жазған «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарды орыс тіліне оқытуға арналған бастапқы оқулық» атты еңбектерін атап көрсете аламыз. Баршамызға белгілісі Ыбырай атамыз алдына екі мақсат қойды. Бірі – мектеп ашып, халықты ағарту ісімен шұғылдану болса, екіншісі – халық санасын жаңаға бейімдеу еді. Осы мақсатта мектеп ашып, мектеп деген ұғымға былай тоқталды. Мектеп – жаңа өмір үшін күресушілерді дайындайды деді. Қарап отсақ қандай мағынасы терең сөз. «Жаңа өмір үшін күресушілер» дегені, өз өмірін өзгерткісі келетін, ескішіліктен арылып, жаңаны қабылдайтын көзі ашық, көкірегі ояу адамдарды айтып тұр. Бүгінгі күні де бұл тақырып өзекті. Дәл қазір де қаншама адам өзімді өзгертем деп орта, мектеп яғни алдыға жоспар құрып, мотивациялық кітаптар оқып өзгеруге алпынып жүрген жоқ па? Екіншіден мектеп деген – халық үшін орыс мәдениетін, білімі мен ғылымын оқып үйренудің ошағы болуы тиіс деді. Тағы мектептің өз бау-бақшасы, арнайы учаскесі болу керек деп сол кезден ақ айқындап бағыт-бағдар беріп кеткен. Бұл күндері ойлап отсам Ыбырай атамыз өте көреген кемеңгер, қазіргі заманның тілімен айтсақ «экстрасенс» болған ба дейсің. Себебі, өз өлеңінде тастан сарай салғызатынымызды, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар келетініні, яғни смс, ұшақ,сымсыз телефон болатынын алдын ала болжап білгендей көрінеді. «Аты жоқ құр арбаны күн жарымда барғызды» деп көліктің болатынын, «Отынсыз тамақ пісірді» деп табиғи газдың болатынынын да сезгенін түсінеміз.
Бүгінде, Ыбырай Алтынсарин ашқан Торғайдағы ең алғашқы мектеп мұражайға айналған. Кезінде Ыбырайға атасы Балқожа би «Үміт еткен көзімнің нұры балам» деп сенім артса, ұлы ұстаз «Біз болмасақ сіз барсыз, үміт еткен достарым, сіздерге бердім батамды» деп болашақтан, жастардан, яғни біздерден зор үміт күтті. Сол үмітті біздер ақтау керекпіз.
Ыбырай Алтынсарин – ұлттық мектептің қалыптасуына терең із салған ағартушы. Өз өмірін мектеп ашу, оқыту, тәрбиелеу, оқулықтар, әдістемелік құралдар жазу секілді игі істерге сарп етті. Қарап отсақ, 1864 пен 1889 жылдарда өмірінің жиырма жылын мектептер ашу, оқыту, білім беру, оқулықтар жазуға арнапты. Бас аяғы санасақ1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арнап мектеп ашты. Ол бір. Екіншіден, Интернаты бар қыздар мектебі, жыл санап Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде, жалпы саны бес қыздар мектебі ашылыпты. Сол кездегі мектептерде сабақ орыс тілінде жүргізіліп, қазақ білім алушыларының орыс тілін білуі міндеттелген. Бүгінде ағылшын тілін білу маңызды болса, сол заманда орыс тілін білу – аса маңызды болған. Бүгінде де бұл ресми тіл әлі де өзіндік орны бар тіл. Қарап отсақ, өз заманының прогрессшіл, озық ойлы азаматы бола білді. Жалпыұлттық педагогиканың негізін қалаған деп даланың дара да, дана ұстазы Ыбырай Алтынсаринді толық айта аламыз.
Ыбырай Алтынсарин – халықтың көкірек көзін ашқан ел перзенті ғой. Торғай даласына, Қостанай жаққа бара қалсаңыздар Ыбырай ашқан мектептерді көруге болады. Ол кісінің ұрпақтары ел арасында әлі де бар. Оның әңгімелері, балалар әдебиетінің атасы болғандығы жайлы халық ауыздан ауызға таратып айтып береді. Биылғы жыл – балалар әдебиеті жылы болғандықтан Ыбырай атамыздың балаларға арналған шығармалары хит болғалы тұр. Және мерейтойы да қат-қабат келіп тұр. Жер-жерде Ыбырай атымен аталған мектептер, колледждер бар. Ұл балалардың есімдерін солай қоюда. Мұның бәрі ұлы дала ұстазына деген сыйластық деп білемін. Мұғалімнің еңбегін түсініп, оның даралығын айшықтап кеткен атамызды қашанда құрметтейміз. Оның ашқан мектептері жайлы баршамыз білуіміз шарт. Қыз балалардың санасына сәуле құям деп көптеп қыздарға арналған училище, мектеп ашқан жоқ па? Мақала барысында айтып кеткенімдей қыз балалар тек үйде отыруы шарт емес, оқуы, ғылым білім үйренуі керек деп оларға арнайы жеке мектеп ашқан атамыз батыр ғой. Алтынсарин Торғай облысы бойынша орыс-қазақ учищелерінің инспекторы болып тағайындалғанда оның қолы ұзарды. Торғай, Жітіқара, Обаған, Қарабалық, Әуликөл болыстарында және Қостанай қаласында тағы он бес мектеп салынды. Ең алғаш болып Ыбырай Алтынсарин барлық мектепке ән-күй сабақтарын енгізді. Және жергілікті, ауқатты ел азаматтарынан ақша жинап, кітапхана ашты. Қазақ балаларын тек біліммен сусындатпай, еңбекке баулуды көздеп Торғай қолөнер мектебін ашты. Жоғарыда айтқанымыздай Алтынсарин қазақ қыздарын оқытуға да көп күш салды. Ырғыз қыздар училищесінің негізін қалады.
Қорыта келе айтарым, Ыбырай Алтынсарин –
ғасырлар толғатып сирек туылатын тау тұлға, көрнекті ағартушы,
жаңашыл ұстаз, орыс графикасының негізінде қазақ алфавитін
құрастырушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі,
дарынды жазушы, тамаша ақын, публицист, аудармашы, қоғам
қайраткері. 1972 жылдан мектеп Ыбырай Алтынсариннің
атымен аталады. Алтынсарин мектебі бүгінгі таңда Ақтөбе облыс
көлеміндегі тарихы мол, іргелі білім шаңырағы болып
саналады.
Мектеп ұлттық тәрбиедегі білім, экономика
негізіндегі бағыттар бойынша жұмыс жасайды. Мектепте мультимедиа
қондырғысымен жабдықталған компьютер сыныбы, халықаралық интернет
жүйесі іске қосылған. Мектеп оқушылары жылма-жыл, облыс көлеміндегі
түрлі білім бәсекесінде топ жарып, аудандық пәндік олимпиадаларда
жеңімпаз атанады. Шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде
мектептің педагогикалық ұжымы Білім Заңын басшылыққа ала отырып,
жаңашылдықпен, шығармашылықпен жұмыс жасайтыны
көрінеді.
Соңғы мәліметтер бойынша Ыбырай Алтынсарин
мектебінің түлектері әр жылдары «Алтын» және «Күміс» медальдарымен
марапатталып, «ерекше үздік» атестатпен бітіргендер де аз емес
екен. Осындай жетістіктермен қатар әр жылы мектеп табалдырығынан
үлкен өмір жолына шыққан түлектер қазірде түрлі салада жұмыс жасап,
атақ-абыройға, ғылыми атақтарға ие болған көптен-көп азаматтар
баршылық. Мектеп түлектері оқуға деген ынталарымен көп
бағдарламалар бойынша Ұлыбритания, Қытай елдерінен білім алуда
екен.
Қарап отырсақ, Ыбырай ашқан мектептерден түлеп ұшқан шәкірттер шет елдерде қызмет етуде. Сол кісінің арқасында мектеп дегенді білдік, оқыдық, әріп таныдық. Орысша сауат аштық. Мұның бәрі алғысқа апарар жол емес пе? Алғыс арқалаған жан Ыбырай атамыздың биыл 180 жыл. Мерейтойың құтты болсын атажан.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Бижанова Ғ.Қ. «Ыбырай танымының: кешегісі мен бүгінгісі». Арқалық.2010
-
Қадыржан Сейталиев. «Педагогика тарихы». «Білім» баспасы, 2008
-
Әсет Ламашев. «Ыбырай Алтынсарин». Алматы. «Ана тілі» 1991

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген